Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
тапсырма. Алгоритмнің қасиеттерінің біреуі бұзылған жағдайына мысал келтіріңіз (сөзбен сипаттау) (13.3-кесте).
13.3-кесте
Дискреттілігі
|
Дəлдігі
|
Жалпылығы
|
Нəтижелілігі
|
|
|
|
|
тапсырма. Ортада жұмыс істейтін оқу орындаушыларына салыстырмалы талдау жасаңыз.
ІІ. Жағдаяттық есептер.
жағдаят. Зертханалық сабақтың қорытындысы бойынша оқушылардың қызметтерінің нəтижелерін бағалау үшін мұғалім бір қатар талаптарды дайындау (13.4-кесте).
13.4-кесте
№
|
Алгоритмге (программаға)
қойылатын талаптар
|
Иə
|
Жоқ
|
1
|
Синтаксистік қателер жоқ
|
|
|
2
|
Логикалық қателер жоқ
|
|
|
3
|
Нақты нəтиже алынды
|
|
|
4
|
Программа листингі дұрыс (эстетикалық
түрде) рəсімделген
|
|
|
5
|
Нəтиже қорытындысы сауатты
рəсімделген
|
|
|
6
|
Ішкі программалар қолданылған
|
|
|
7
|
Шешімдердің ерекшелігі жəне
шығармашылық тапқырлық
|
|
|
Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға «Қорытынды шығаратын уақыт келді. Барлығымыз бірге қарайық, кімді қалай орындалғанын. Сендерге барлығынан ерекше ұнаған қандай жұмыстар жəне неліктен? Орындалған жұмыстың сапасын анықтау үшін мына талаптарға сүйенейік», – дейді. Оқушылар үздік
жұмыстарды таңдайды жəне талқылайды. Мұғалім оқушылардың назарын шығармашылық тапқырлықтарына, типтік қателерге, тəсілдің тиімділігіне аударды, əрбір оқушының қызметі бағалайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мұғалім жұмыстарды бағалау критерийін алдын ала дайындаған болса, ол сабақты қалай ұстау керек еді? Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қандай қателіктер жіберді?
Сабақты қорытындылау кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің өзара əрекеттестіктерінің вариативтілігі қамтамасыз етілген бе? Өз жауабыңызды дəлелдеңіз.
Вариативті тəжірибелік тапсырмаларды ұсыныңыз. Күрделіліктің əртүрлі деңгейінене 1 тапсырма орындаңыз ( өзіңізді “күшті”, “орташа” жəне “əлсіз” оқушы ретінде санай отырып), кри- терийлерге сəйкес нəтижелерді бағалаңыз.
Аталған талаптарды есепке ала отырып, программаны бағалау критерийін əзірлеңіз.
жағдаят. Мұғалім: “Балалар, бүгін бізде кірістірілген сабақ. Сендерге информатика жəне тіл сабағынан білімдеріңді қолдану керек болады”. Бірақ ең алдымен сендерге сауатты жазу үшін не көмектеседі жəне əрекеттерге жетекшілік ететін не? Информатика сабақтарында қолданатын ережелер қалай аталады? Қазір қолдарыңа кестеде шифрланған түрде жазылған мақал бар таратпа қағазын аласыңдар. Сендердің міндеттерін 13.5-кестеде жасырылған мақалды табу жəне оны ашу үшін қолданған алгоритмді жазу.
13.5-кесте
Ко
|
к,
|
за
|
Ре
|
То
|
Ре
|
го
|
Пл
|
Од
|
Ия
|
нь
|
Сл
|
Ен
|
Ад
|
ок
|
Уч
|
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кіріктірілген сабақты ұйымдастырудағы мұғалімнің мақсаты?
Орыс тілінен білімдерін өзекті ету үшін оқушыларға тапсыр- маны орындап болған соң қандай сұрақтар қоюға болады?
Өзіндік тəжірибелік топтық жұмысқа алгоритмдер құруға тап- сырмалар құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |