Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар
Компьютерде есептеулерді ұйымдастыру үшін программа- лау тілдерінен басқа əртүрлі жоғары деңгейдегі құралдар да қолданылады. Олардың қатарына электрондық кестелер, сондай- ақ математикалық пакеттер (MathCaad, Maple жəне т.б.) жатады. Информатиканың негізгі курсында оқушылар электрондық кестелер жұмысты меңгереді (7-қосымша).
Электрондық кесте пайда болуы дербес компьютерлердің та- ратыла бастауымен сəйкес келеді. Электрондық кестелермен жұмыстың алғашқы бағдарламасы – кестелік процессор 1979 жылы жасалды, ол Apple ІІ типті компьютерлеріне арналған, VisiCalc деп аталды. 1982 жылы IBM PC компьютерлеріне арналған Lotus 1-2-3 атақты кестелік процессор пайда болады. Lotus өзіне электрондық кестелердің есептеуіш мүмкіндіктерін, іскерлік графиканы жəне реляциялық МҚБЖ функцияларын біріктірді. Кестелік процессор- лар өте жылдам дамыды. Оның жаңа программалық өнімдері пай- да болды: Multiplan, Quattro Pro, SuperCalc жəне т.б. Бүгінгі күні кеңінен таралған кестелік процессор – MS office пакетінің құрамына кіретін МS Excel программасы.
Сонымен электрондық кесте дегеніміз не? Бұл есептер кешенін шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың құралы.
-
Ең алдымен есептеулерді орындау. Көптеген есептеулер кестелік түрде орындалатындығы белгілі, əсіресе іс-қағаздарын жүргізу саласында: көптеген есептеу тізімдемелері, табуляцаграм-
малар, шығындар сметасы жəне т.б. Сонымен қатар, математикалық есептерді сандық əдістермен шешу кестелік түрде орындау ыңғайлы. Электрондық кестелер осындай есептеулерді автомат- тандыруда ыңғайлы аспап бұрын тек бағдарламалау жолымен ғана жүзеге асырылатын. Көптеген есептеуіш есептерін ЭЕМ-да шешуді электрондық кестелерде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.
-
Математикалық модельдеу. ЭК-де математикалық формула- ларды қолдану қандай да бір нақты жүйенің əртүрлі параметрлері арасындағы өзара байланысты көрсетуге мүмкіндік береді. ЭК- дің негізгі қасиеті – операндалардың құрамындағы мəндерді өзгерту барысында формуланың жылдам қайта есептелуі. Кесте осы қасиетімен сандық тəжірибені ұйымдастыруда ыңғайлы аспап екендігін көрсетеді: параметрлерді таңдау, модельденетін жүйенің тəртібін болжау, тəуелділіктерді талдау, жоспарлау. Модельдеу үшін қосымша ыңғайлылық мəліметтердің графиктік көрсетіліміне мүмкіндік береді.
-
Электрондық кестені мəліметтер қоры ретінде қолдану. Əрине, МҚБЖ-сімен салыстырғанда ЭК-лердің бұл салада аздаған мүмкіндіктері бар. Дегенмен реляциялық МҚБЖ-сіне сəйкес мəліметтерді басқарудың кейбір операциялары электрондық кес- телерде де жүзеге асырылған. Мысалы, берілген шарт бойынша ақпаратты іздеу жəне ақпаратты сұрыптау.
Сабақтарда оқушыларға нақты кестелік процессорды меңгеру керек. Ақпараттық технологияларды қарастыратын алдыңғы тақырыптардағыдай виртуалды орындаушының əдістемелік сызба- сын ұстану керек, элементтері ортаны оқып-үйрену, жұмыстардың режимдерін, командалар, мəліметтердің жүйелері болып табылады [3].
Достарыңызбен бөлісу: |