25.12.2010 қолы_____________Ж.Қасымова.
Кандидаттық диссертацияны қабылдау
туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым
Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының директоры,
профессор Шерубай Құрманбаев мырзаға,
диссертациялық кеңестің төрайымы
Нұржамал Оңғарбаева ханымға
Ө Т І Н І Ш
Ү л г і:
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 10.02.02 қазақ тілі
мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін
алу үшін диссертация қорғайтын Д.14.05.04 диссертациялық кеңесіне
«В.В.Радловтың «Түркі тілдер сөздігін жасау тəжірибесі» еңбегіндегі қазақ
лексикасының құрамы мен құрылымы» тақырыбына жазған кандидаттық
диссертациямды қабылдауыңызды сұраймын.
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінің
аға оқытушысы ______________ Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызы
қолы
20-тапсырма. Төмендегі мəселелерге байланысты өтініш жазыңыздар:
1. Кезекті ақылы еңбек демалысын беру туралы;
2. Жалақыны көтеру туралы;
3. ҚазҰТУ ректорының атына I курсқа түсу үшін құжатын қабылдау
туралы;
4. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шығу туралы.
21-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын; отбасы жағдайыма байланысты;
материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын; нұсқау беруіңізді сұраймын;
өтінішімді орындауыңызды сұраймын; шешім қабылдауыңызды сұраймын.
22-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.
Очередной отпуск; прошу вашего разрешения; внеочередной отпуск;
прошу включить; просим выслать; содержание заявления; просим подтвердить;
просим выслать необходимую нам документацию; прошу разрешить.
23-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өтініштің құрылымына не кіреді? 2. Өтініш қандай мəселелерге
байланысты жазылады? 3. Өтініш кімнің атына жазылады? 4. Өтінішке кім қол
қояды? 5. Өтініштің мəтінінде қандай сөздер жиі қолданылады? 6. Өтініште
қандай негізгі мəліметтер көрсетіледі? 7. Өтініш негізінен қандай мақсатта
жазылады?
24-тапсырма. Талап арыз қандай іс қағазы? Мəлімет алып, талап арыз
жазыңыздар.
Т А Л А П А Р Ы З
Талап арыз – даулы құқықтық қарым-қатынасты шешу мақсатында
аудандық не болмаса қалалық сот төрағасының атына жеке азаматтардың
немесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Талап арызда көрсетілген деректер бойынша сот өкілдері іс қозғайды.
Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай іс жүзінде дəлелденген
жағдайда заң бойынша шара қолданылады. Талап арызды жазушы, яғни сотқа
шағымданушы тұлға талапкер деп аталады. Талапкер жеке тұлға да, заңды
тұлға да болуы мүмкін. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша жауап
беретін азамат немесе заңды тұлға жауапкер деп аталады.
Талап арыз негізінен төмендегідей мақсаттарда жазылады:
· Заңға қайшы іс-əрекетті тоқтату;
· Мүлікті қайтару;
· Шығындарды өтеу;
· Қоғамдық немесе ортақ мүліктерді пайдалануға кедергілерді жою;
· Алимент төлету;
· Келісімшартты жарамсыз деп табу;
· Ортақ меншікті бөлу;
· Некені бұзу, т.б.
Талап арызда көрсетілетін негізгі мəліметтер;
· Талап арыз жолданатын соттың аты;
· Талапкер мен жауапкердің аттары мен мекен-жайлары;
· Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай;
· Оларды растайтын дəлелдемелер;
· Талапкердің қойып отырған талабы;
· Егер талап арыз материалдық-құқықтық мəселеге қатысты болса, онда
талаптың бағасы;
· Қосымша тіркелетін құжаттар тізбесі.
Талап арыздың құрылымы:
1. Талап арыз жолданатын соттың аты;
2. Талапкердің аты мен мекен-жайы;
3. Жауапкердің аты мен мекен-жайы;
4. Құжат аты;
5. Талап арыз мəтіні;
6. Талап арыз берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
7. Талап арыз берілген күні, айы, жылы;
8. Қосымша (егер бар болса).
25-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады? 2. Талап арыз кімнің атына
жазылады? 3. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай? 4. Талап арыз
беруші қалай аталады? 5. Жауапкер деген кім? 6. Талап арызға кімнің қолы
қойылады?
26-тапсырма. Өмірде болған жағдайлармен байланыстырып, үш талап
арыз жазыңыздар.
27-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Арыс иесі, қабылдау бөлімі, жұмыстан шығару, демалыс алу, келісім беру,
талап арыз жазу, өтініш білдіру, қол қою.
28-тапсырма. Мұнай-газ компаниясы басшысының заңсыз іс-əрекеті
туралы арыз жазыңыздар.
29-тапсырма. Талап арыздың үлгісімен танысып, оның қалай
жазылатынын есте сақтаңыздар.
Алматы қаласы Бостандық аудандық
сотының төрайымы Рысқұлбекова
Күнəркүл Сейітқазықызына
талапкер (истец) – Алматы қаласы
Наурызбай батыр көшесі 65 үй,
23 пəтер тұрғыны К.С.Əміровтен
жауапкер (ответчик) – Алматы қаласы
Сейфуллин даңғылы № 98 ғимаратта
орналасқан «Жігер» Ашық
акционерлік қоғамы
Жалақыны өндіріп алу туралы
Т А Л А П А Р Ы З
Ү л г і:
Мен, Əміров Қайрат Сабырханұлы, «Жігер» Ашық акционерлік қоғамында
2007 жылдың 13 наурызынан бастап құрылысшы болып жұмыс істеймін. Мен
жұмыс істеген төрт жыл аралығында ешқандай ескертусіз өзіме міндеттелген
тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап келемін. Бірақ аталған қоғам
2009 жылдың қаңтарынан бері менің жалақымды төлемей, күнде ертеңмен
Достарыңызбен бөлісу: |