Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тəртібі бар. Ол тəртіп
қашанда сақталуы керек. Хат мынандай бөліктерден тұрады:
1.
Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың
аты-жөні. Алдымен жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға
адресаттың лауазымы, аты-жөні жазылады. Ер адамға
мырзаға, əйел адамға
ханымға деп жазуға болады немесе лауазымын ғана көрсетуге болады.
Мысалы:
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакторына;
Алматы қаласының №54 орта мектебінің директорына, т.б.
2. Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің көпшілікке қабылданған
стандарт формалары бар. Кіріспе сөзді жұмсартып қолданған жөн. Кіріспе сөз
мекеме,
ұйымға да, ұйым басшысына да жеке дара айтыла береді.
Мысалы:
Құрметті Т.Т.Садақбаев мырзаға!
Егер сіз мекемеге хат жаза отырып, хатқа сол мекемедегі нақты бір
тұлғаның назар аударғанын қаласаңыз, оң жақ бұрышына, жеке жолға
Аспандияр Өмірбеков мырзаның назарына, В.М. Сағымбаева ханымға, т.б.
деп жазуға болады.
3.
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлігі. Кей
жағдайда негізгі мəтіннен бұрын хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын білдіру
үшін қысқаша мəлімет жазылады. Мысалы:
№ 20 тапсырманың орындалуы
жайлы; К.Т. Садықовтың ісіне байланысты; Жазғы сессияның
қорытындысы жайлы, т.б. Сілтемелер қысқа, əрі нақты болуы керек.
4. Негізгі мəтін. Негізгі мəтінді үш бөлікке бөледі. Бірінші –
кіріспе бөлім, екінші – негізгі фактілер берілетін бөлім, үшінші – қорытынды.
Қорытындыда негізгі ұсыныс, шешім, нұсқаулар айтылады.
5. Жіберушінің қызметі, қолы, аты-жөні.
Хаттың бұл бөлігінде
жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады жəне қолы қойылады. Егер қол
қоятын адам бірнешеу болса, ол лауазым дəрежесіне қарай тəртіппен
жазылады. Мысалы:
№ 26 гимназияның
директоры ___________
К.Б.Жақсылықова
қолы
№ 32 гимназияның меңгерушісі ___________ Г.А.Аужанова
қолы
6. Қосымшаларға сілтеме (егер бар болса). Егер құжатта қосымша
болса, ол хаттың соңында ескертіледі. Мысалы:
Көлемі 6 беттен тұратын
қосымша бөлек жіберіліп отыр немесе бұл құжаттан бөлек 10 беттік
қосымшаны қоса жіберіп отырмыз, т.б. Қосымшаларды міндетті түрде
қосымша деп жазу керек. Мысалы: қосымша – 1, қосымша – 2, қосымша – 2а,
т.б.
7. Құжатты дайындаушы туралы мəлімет. Бұл мəлімет
қосымшалар туралы мəліметтен кейін көрсетіледі. Мысалы: 1.
Орындаушы;
Құжатты дайындаушы. 2. Құжатты дайындаушының аты-жөні; 3. Жұмыс
телефоны; 4. Құжаттың дайындалған мерзімі.
Құжатты дайындаушы туралы
мəлімет, мысалы:
Орындаушы: Аяулым Аңламасова
Құжатты
дайындаған:
Тел. 284-30-56
Əлия Қалықова
15.02.2011 тел. 371-05-42
14.04.2011
Компьютерде терген:
Қосымшаларды
дайындаған:
Əсел Абилмажинова
Айгүл Бакиева
тел. 369-21-80 тел: 292-65-58
25.05.2011 10.06.2011
Қызметтік хаттың мəтіні жеңіл, қысқа, нақты, сауатты жазылып,
оңай оқылатындай болуы керек.
91-тапсырма. Қызметтік хатқа берілген мəтін бойынша сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Қызметтік хат қандай мақсаттарда жазылатын іс қағазы? 2. Қызметтік
хаттар не үшін қолданылады? 3. Оның негізгі мақсаты не? 4. Хат қандай
құрылымдардан тұрады? 5. Хаттың кіріспе бөлімінде не жазылады? 6. Жеке
тұлғаның назарын аудару керек болғанда не жазылады? 7. Хаттың нақты
мазмұнын, мақсатын білдіру үшін не жазылады? 8. Мəтінді неше бөлікке
бөледі? 9. Қосымшалар қандай тəртіппен жазылады? 10. Құжатты дайындаушы
туралы айтып беріңіздер.
92-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі?
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Анықтауыш
Д) Толықтауыш
Е) Пысықтауыш
2. Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының
арасына сызықша қойылады?
А) Көп оқу білім алудың негізгі шарты.
В) Мынау өзі аттатар емес.
С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
Д) Екі күймек бір жанға əділет пе?
Е) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар.
А) Аққу, əкел
В) Аспан, анар
С) Қарақұс, шекара
Д) Өмірзақ
Е) Бегəлі
4.
Сөйлемнен іс қағазының қай түрін анықтауға болады?
Мені қазақ тілі курсына тыңдаушы етіп
қабылдауыңызды сұраймын.
А) Сенімхат
В) Қолхат
С) Өтініш
Д) Хаттама
Е) Мінездеме
6-апта 12-сабақ
93-тапсырма. Қызметтік хаттың қанша түрін білесіздер? Берілген
мəтіннен мəлімет алыңыздар.
94-тапсырма. Əр қызметтік хаттың қызметімен танысып, олардың
жасалу формаларын біліп алыңыздар.
95-тапсырма. Қызметтік
хаттардың түрлеріне
берілген
түсініктемелерді меңгеріп, есте сақтаңыздар.
Қызметтік хаттардың түрлері
Жазылу мақсатына, хатта қамтылатын мəселенің ерекшелігіне
байланысты қызметтік хаттардың бірнеше түрлері болады:
1.
Ресми хат – официальное письмо. Менің атыма ресми хат келді – на
мое имя поступило официальное письмо.
Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмысына байланысты
мəселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан
жазылады жəне қызметтен тыс мəселені қозғамайды.
2. Қызметтік жеке хаттар – официальные личные письма. Мекеме
жетекшісі қызметтік жеке хат алды – руководитель учереждения получил
официальное личное письмо.
Қызметтік жеке хаттар қызметтен тыс мəселелерге арналады.
Қызметтен тыс мəселелер адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын
қызметімен шеше алатын мəселелерімен тікелей байланыста болады. Бұл
хаттар тұлға атынан жазылады.
3. Ұсыныс хат – письмо-предложение. Мен ұсыныс хатпен таныстым. –
я ознакомился с письмом- предложением.
Ұсыныс хаттар. Бұл хатта қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке
ұсыну туралы басшыға ұсыныс жасайды. Аталған қызметкердің сол орынға
лайық екендігіне кепілдеме береді. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол
қояды.
4. Шағым хат – письмо-жалоба. Жасалған қылмыстық іске шағым хат
келіп түсті – Поступило письмо-жалоба за совершенное уголовное дело.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің,
жеке тұлғалардың заңсыз іс-əрекеттерін көрсетіп, соған орай шара қолдануды
сұрау мақсатында жазады. Хат мазмұнының құндылығы хатта көрсетілген
нақты, заңды, дəл фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағымданушы адам,