Қолжазба құқында



жүктеу 274,46 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата25.05.2018
өлшемі274,46 Kb.
#17556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ӘОЖ  316. 344.34 :378.2(574)

                         

                           Қолжазба құқында 

 

 

 

 

 

ТАҒАЕВА СӘУЛЕ БАЗАРБЕКҚЫЗЫ 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді мамандар: 

 білім сапасы мен сұраныс (әлеуметтанулық талдау) 

 

 



22.00.04- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер  

 

 



 

 

 



әлеуметтану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 

дайындалған диссертациясының  



авторефераты 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы 

Астана, 2010 



 



 

Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

әлеуметтану кафедрасында орындалды 

 

 

 



Ғылыми жетекші: 

әлеуметтану 

ғылымдарының 

докторы, профессор Қ.Ғ.Ғабдуллина 

Ресми оппоненттер: 

 

 



 

Жетекші ұйым: 

 

 

 



Диссертацияны қорғау   ____ жылдың «___ » _________ сағат __  «23.00.02 – 

Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер 

мен  технологиялар»  және  «22.00.04  -  әлеуметтік  құрылым,  әлеуметтік 

институттар  мен  процестер»  мамандығы  бойынша  ғылым  докторы  ғылыми 

дәрежесін  алу  үшін  диссертация  қорғау  бойынша  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінің  Д  14.20.03  диссертациялық  кеңесінде 

қорғалады.  Мекен-жайы:  010010,  Астана  қаласы,  Мұңайтпасов  көшесі  5,  № 

302 дәрісхана. 

 

 

Диссертациямен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық         университетінің 



мына  мекен-жай  бойынша  орналасқан  кітапханасында  танысуға  болады: 

010010, Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі 6. 

 

 

 



 

Автореферат ______ жылы  «___» __________ таратылды 

 

 

 



 

 

 



Диссертациялық кеңестің 

ғалым хатшысы, 

саясаттану ғылымдарының докторы                              М.Ш.Қалиева 

 

 



 

 

 




 



КІРІСПЕ 



 

     Жұмыстың  жалпы  сипаты.  Диссертациялық  жұмыста  жоғары  білімді 

мамандарды  даярлау  мен  олардың    отандық  еңбек  нарығындағы    

қажеттілікті  жақын  болашаққа,  орта  мерзімге  және  алыс  болашаққа  болжау 

саласын дамытудың маңыздылығы талданып,  Қазақстандағы жоғары білімді 

мамандарға  деген  сұраныс  мониторингі  әдістемесі  және  зерттеу  нәтижелері 

бойынша нақты практикалық ұсыныстар жасалынады. 



Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазақстанда  қолданылып  отырған 

мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  қабылдаудың  бақылау  сандарын 

орналастыру  тәжірибесі  аса  нәтижелі  болмай  шыққанын  мойындау  қажет, 

оның  нақты  әдіснамалық  базасы  мен  іріктеу  критерийлері,  «гранттық» 

мамандықтар  тізімін  құрастырудың  әдістемесі  жоқ.  Егер  «мұндай»  ұсыныс 

(ҚР  БҒМ  «гранттық»  мамандықтарының  тізімі)  пен  еңбек  нарығындағы 

түлектерге  деген  шынайы  сұраныстың  арақатынасы  дерегін  назарға  алатын 

болсақ,  осы  әдістің  нәтижесіздігі  айқын  байқалады,  себебі  іс  жүзінде 

қазақстандық  жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түлектердің  ең  көп  дегенде 

жартысы  ғана  жоғары  оқу  орнын  бітіргеннен  кейін  мамандық  бойынша 

жұмысқа орналасады.     

          Қазақстан 

Республикасында  жоғары  оқу  орындарын  бітірген 

түлектердің жұмысқа орналасуы туралы эмпириялық мәліметтерді жинаумен 

айналысатын  мемлекеттік органдар мен   білім беру мекемелерінен тәуелсіз 

агенттіктердің  болмауы -  зерттеуді қиындатады. Осының барлығына  өтпелі  

кезең, өтпелі экономика мен онымен қатар жүретін  еңбек нарығының қайта 

құрылуы  кінәлі  деп  айтар  едік.  Еңбек  нарығында  сұраныстың  өзгеруі  мен 

ұсынысқа  нәтижелі  ыңғайлану  мүмкіндіктері  үшін  жеткілікті  уақыт  өтті. 

Дегенмен табысты икемделу тек экономикалық, заңгерлік, ІТ және басқа да 

қызмет көрсету  саласының мамандықтарында ғана   байқалады. Жоғары  оқу 

орындарында  заманауи  еңбек  нарығымен  талап  етілмеген  мамандықтарға 

қабылдау  әлі  де  жүріп  жатыр,  тіпті  талап  етілетін  диплом  иелерінің  басым 

бөлігі  (заңгерлер  мен  экономистер)  алған  мамандығы  бойынша  жұмыс 

істемейді. 

      Білім  беру  жүйесі,  әсіресе  оның  бюджет  қаражатының  есебінен  қызмет 

атқаратын  бөлігінің  мақсатты  атқаратын  функциясы  бар  –  ұлттық 

экономиканың  қажетті  кәсіби-біліктілік  тұрғысынан  мамандарға  деген 

қажеттіліктерін қамтамасыз ету.  Бұл аспект Қазақстанның білім берудің үш 

деңгейлік  –  бакалавриат,  магистратура  және  Ph.D.  (докторантура)  жүйесіне 

ауысу  жағдайында  да  ерекше  өзектілікке  ие,  және  қазақстандық  еңбек 

нарығындағы  жаңа  әлеуметтік  топтардың  қалыптасып  келе  жатқанын 

көрсетеді.  

     Еңбек нарығының жоғары білімді мамандарға деген қажеттіліктері туралы 

ақпараттар  жоғары  білім  беру  мекемелерінің  білім  беру  саясатын 

қалыптастыруындағы қажетті негізге айналуда. Экономика мен жоғары білім 

беру  жүйесінің  өзара  үйлесімде  дамуы  тек  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың 

жұмыс  күшін  алу  мүдделерінің  есебін  жүргізу  міндеті  болып  қана  қоймай, 




жүктеу 274,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау