толтыруға, қол қоюға жəне аталған істердің барлығын менсіз-ақ сенімхат
арқылы жүзеге асыруға құқы бар.
Сенім білдіруші _____________ Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы
қолы
Мөр басылады.
40-тапсырма. Сенімхаттың екінші үлгісімен танысыңыздар.
С Е Н І М Х А Т
Ү л г і:
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы
Жиырма бесінші мамыр, екі мың он бірінші жыл
Мен,
Монтаева Ажархан Молдаханқызы, Алматы қаласы, Тілендиев
көшесі 211 үй, 5 пəтерінің тұрғыны, Алматы қаласы, Ақсай-1 шағын
ықшамауданы, 12 үй, 62 пəтерде тұратын Сауытбеков Дəулет Жақсыбайұлына
жеке куəлігі №012480193, 1995 ж. 14 сəуірде ҚР ІІМ-ігі берген, жүргізуші
куəлігі АА № 1026115, «Toyota» маркілі автокөлікті, двигателі IW 813772,
шасси IMЗ – hv123807, мемлекеттік № phg 02113, түсі – ақ, маған тиесілі
көлікті, уақытша жүргізуіне сенім білдіремін.
Сенімхат 25 мамыр 2014 жылға дейін берілді.
қолы ___________
Мөр басылады. А. Монтаеваның
қолын растаймын
41-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
Предоставляю ему право заключить договор купли-продажи жилого дома.
Предоставляю ему право получать необходимые справки связанные с данным
поручением. Предоставляю ему право получить следуемые мне деньги.
Предоставляю право выполнить все действия связанные с данным поручением.
Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.
42-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар
1. Сатуға \аталған пəтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар. 2. Аталған пəтерді
\М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге. 3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйға
тартуға\ аталған пəтерді. 4. Аталған пəтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұра
етіп қалдыруға. 5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пəтерді. 6.
Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\
М.С. Қайырбеков.
43-тапсырма. Өз атыңызға пошта арқылы жіберілген 30 мың теңгені
алу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз.
44-тапсырма. Университет кассасынан сіздің шəкіртақыңызды алу
үшін досыңыздың атына сенімхат жазыңыз.
45-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.
сенімхат – доверенность сенім – доверие
сенім білдіру – доверять сену – верить
сенім білдіремін – доверяю сенім беруші – доверитель
сенім алушы – доверенное лицо əрекет – действие
менің көзімше – в моем присутствии жеке тұлға – физическое лицо
əрекетке қабілеттілік – дееспособность
46-тапсырма. Сенімхатқа байланысты берілген тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... растайды.
А) өмірбаянын
Ə) өкілеттігі мен құқын
Б) мекен-жайын
В) сенімхаттың жарамдылығын
2. Сенімхатқа ................... қолы қойылады.
А) хатшының
Ə) сенім
алушының
Б) сенім білдірушінің жəне нотариустың
В) ата-анасының
3. Сенімхаттағы мəлімет ................ баяндалады.
А) бірінші жақта
Ə) екінші жақта
Б) үшінші жақта
В) жасырын формада
Қ О Л Х А Т
47-тапсырма. Қолхат іс қағазы қалай жазылады, оның құрылымына
не кіреді, оның тарихы қай кезден бастау алады деген тұрғыда берілген
ақпаратпен танысып, мəтінді мазмұндаңыздар.
Қолхат – қағаз иесінің
біреуден, не мекемеден бір затты (бағалы зат,
құжат) алғандығын жəне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін
міндеттеп көрсететін құжат.
Мұнда алынған заттың атауы, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның
аты-жөні, қызметі жəне заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық
белгілер жақша ішінде жазумен жазылады.
Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы,
жылы, қолы қойылады.
* * * * *
Көне түркі Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде іс қағаздарының жеке
түрлері кездеспегенімен, оларға тəн тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктер
кездеседі. Ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік
дəуірге тəн іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады. Оған көне түркі
жазба ескерткіштерінен алынған материалдар дəлел бола алады.
Онда (ол ескерткіштерде): Қавсыду деген адамның бір күріні (күрі –
өлшем атауы) алғандығы, оны күзде екі күрі етіп беретіндігі, ал бере алмай
кешіктірсе, өсіммен беретіндігін, берешек адам қайтыс болған жағдайда, оның
інісі Қасұқ туыстарымен бірлесе отырып қайтаратындығы жазылған. Мəтін
соңында Қабан жəне Бөдөк есімді екі куəнің аты жазылып, мұны Қавсыдудың
өзі жазғандығы жəне өзінің белгісін қойғандығы жазылады.
Бұл мəтінде жазылған қолхаттың қазіргі іс қағазының бір түрі ретінде
қолданылып жүрген қолхаттан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті белгісін (мөрін)
соғып, өз қолымен жазғандығына дейін көрсетілгендігіне, куəлардың
аттарына дейін жазылғандығына қарап, сонау түркі дəуірінің өзінде іс
қағаздарына тəн – заңдылық, дəлдік, құрылымдық, стильдік элементтердің
бəрі бойынан табылатын құжаттардың болғандығына көз жеткізуге болады.
Құжатта егер қолхат иесі өзіне алынып отырған жауапкершілікті орындай
алмай, қайтыс болған жағдайда бұл жауапкершілікті кімнің орындайтығына
дейін көрсетілген. Құжатта
куə, белгі, мөр, өзім жаздым деген мағынадағы
сөздер қолданылған.
48-тапсырма. Мəтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап
құрастырыңыздар.
49-тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп
беріңіздер.
50-тапсырма. Сөз
жəне
сөз
тіркестерімен
сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Қолхат беру, кепілақы, мерзімінде қайтару, қарызға алу, жауапкершілік, іс
қағаздарының үлгілері, стильдік элементтер.
51-тапсырма. Қолхаттың үлгісімен танысыңыздар.
Қ О Л Х А Т
Ү л г і:
Мен, Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Машина жасау институтының МФ-
01-2қ. тобының студенті Досаев Абзал Қаржаубайұлы, Алматы қаласындағы
Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай
шығармаларының алғашқы
басылымын 08.01.11 күні уақытша пайдалану үшін алдым. Кітапты бір айдың
көлемінде 18.02.11 күні қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке
куəлігімнің № 136459896.
18.01.11 қолы_____________
А.Қ.Досаевтың қолын
Мөр басылады. растаймын