Баспасөз хабарламасы дубай халықаралық қаржы орталығы Сотының өкілдері ахқО-ға келді 8 маусым 2017 жыл Астана қ



жүктеу 29,49 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі29,49 Kb.
#6473


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дубай халықаралық қаржы орталығы Сотының өкілдері АХҚО-ға келді

8 маусым 2017 жыл Астана қ.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Сотының өкілдерімен кездесті.

Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Сотының өкілдері, дәлірегінде Сот Төрағасының орынбасары Дэвид Стил, Сот Али Ал Мадхани, Сот Тіркеушісі Марк Бир, Сот дауларды шешу Орталығының Консультанты Михаэла Корнелия АХҚО Соты мен Арбитраждық Орталығы концепциясын, үлгісімен таныстырды.

Елбасының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін Тәуелсіз Сот пен Халықаралық Арбитраждық Орталығын Дубай Халықаралық Қаржы Орталығының үлгісі бойынша құру көзделген.

Кездесу кезінде АХҚО-ның екі институтының 2018 жылдың қаңтарына дейін құрылуы бойынша концептуалдық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.


Ақпарат үшін
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

АХҚО Тәуелсіз Соты. «Астана» халықаралық қаржы орталығы» (АХҚО) туралы ҚР Конституциялық Заңының 13 бабына сәйкес, АХҚО Тәуелсіз Соты АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және (немесе) олардың шетел қызметкерлері арасындағы азаматтық, коммерциялық дауды, АХҚО-да АХҚО құқығына тиесілі кез-келген операцияға қатысты дауды, тараптардың келісіміне сай АХҚО сотына берілген дауларды қарастырады.
АХҚО сотымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығы» (АХҚО) туралы ҚР Конституциялық Заңының 14-бабына сәйкес, Халықаралық арбитраждық орталық ашылып, ол тараптар арасындағы арбитраждық келісім бар болған жағдайда ең мықты арбитраждық тәжірбие мен тәжірбиелі халықаралық арбитрлардың қатысуымен дауларды қарастыратын болады.
Дубай Халықаралық Қаржы орталығы Тәуелсіз Соты. Дубай Заңына сәйкес Дубай Халықаралық Қаржы орталығы Тәуелсіз Соты 2004 жылы құрылған. БАӘ сот жүйесіне кіретін Дубай Халықаралық Қаржы орталығы Соты өз жұмысында ағылшын тіліндегі Англия мен Уэльстің принциптері мен нормаларын қолданады.

Дубай Халықаралық Қаржы орталығы Соты қатысушылары мен органдары арасындағы азаматтық және коммерциялық дау, қаржы орталығы аумағындағы операциялар, және тараптардың келісіміне сәйкес берілген коммерциялық және азаматтық дауларды қарастырады.
жүктеу 29,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау