Төмені сынып оқушыларын оқытуда сын тұРҒысынан ойлау элементтерін қолдану



жүктеу 57,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.03.2018
өлшемі57,35 Kb.
#11916


 

143


 

УДК  371.2  

 

ТӨМЕНІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА СЫН 

ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 

 

Бектемісова А.Ө. 

(Бастауыш жəне мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен əдістемесі 

кафедрасының аға оқытушысы ) 

Сексембаева З.Б. 

(сБОПƏ-ж-07 тобының студенті) 

 

 



 

Бүгінгі  қоғамның  ұстаздар  алдына  қойып  отырған  басты  міндетті,  артар  жүгі  – 

сапалы  білім  берумен  қатар  жан  –  жақты  дамыған,  өзіндік  ой  –  пікірі  қалыптасқан, 

өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. 

Тұлға ретінде қалыптасу – оқушының оқу процесіндегі басты мақсат болып табылады. 

Тұлға – тұтастық күйде дамыған, қалыптасқан адам.  

“Сын  тұрғысынан  ойлау”  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның 

неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу, 

салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға 

сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. 

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек 

ересек  адамдарға,  жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тəн  деп  ойлау  аса  дұрыс  емес. 

Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне 

сəйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Оған  осы  жобамен 

жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. 

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  əлемнің  түкпірінен  жиылған 

білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тəжірибені  жүйеге  келтірген  Джинни  Л.Стил, 

Куртис  С.Мередит,  Ч.  Тэмпл.  Жобаның  негізі  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский  теорияларын 

басшылыққа  алады.  Қазақстан  авторларынан  сын  тұрғысынан  ойлау  технологияларын 

Нағымжанова Қ.М. Сейтахметова Ж.М., Саданова Ж.К. зерттеген [1, 125 б.].  

Педагогикада  оқу  үрдісін  "технологияландыру"  мəселесі  көп  қарастырылып  жүр. 

Бүгінгі таңда одан бірнеше ірі бағыттар сұрыпталады. Олар мыналар: 

-

 

Оқу үрдісінің іс-əрекеттері (Т. Т. Тальзина, П. Гальперин). 



-

 

Концептуалды  негізде  (негізгі  жəне  қосымша  сабақ,  курстік  жалпы  идеясын 



анықтап алу, қайшылық тудырмайтын пəнаралық байланысты қалыптастыру). 

-

 



Ірі блоктік жүйе (В.Ф. Шаталов). 

-

 



Алдын-ала дайындау (опережения). 

-

 



Мəселелік жағдай (А.М. Матюшкин). 

-

 



Жеке  мəндік  негізде  теориялық  материалды  өтпес  бұрын  оқушы  санасына 

эмоциялық психологиялық əсер ету [2, 214 б.]. 

Педагогикалық  технологияны  құрудың  алғашқы  сатысы  мынандай  баптардан 

тұрады: 


-

 

мұғалімді əдістемелік қамтамасыз ету. 



-

 

мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі. 



-

 

мұғалімнің кəсіпкерлік дайындық жүйесі. 



-

 

оқушының жалпы жəне оқу жүктемелері. 



Педагогикалық  технологиялау  дегеніміз  -  оқу  процесін  жобалаудың  жүйелік  ісі, 

оқытудың  тиімді  түрлеріне  жету  мақсатында,  адам  мен  техналогиялық  ресурстарды, 




 

144


 

олардың  ара-қатынасып  ескере  отырып  бүкіл  оқу  мен  білімді  меңгеру  үрдісін  жүргізу, 

оны бағалау [2, 421 б.]. 

Педагогикалақ  технологияны  дұрыс  жобалау  үшін  мынандай  5  элемент  қамтылу 

керек: 

1.

 



Мақсат  қою. (курс, тарау, т.б.). 

2.

 



Болжау.  Оқушылар  еңбегін  болжау  дегеніміз:  деңгейлік  оқытуға  бағытталып 

құрылған өздік жұмысы. 

3.

 

Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. 



4.

 

Логикалық      құрылым.      Шағын      мақсаттың      мазмұны      мен      саны 



оқушылардың  даму  аймағын  жəне  уақыт  бойынша  əр  аймақтың  ұзақтығын 

анықтайды. 

5.

 

Түзету.  Қарастырып  отырған  сұрақтағы  мүмкін  болатын  қиындықтар: 



оқушылардың  көп  жіберетін  қателері,  оқушының  оқу  стандартты  деңгейіне 

көтерудің педагогикаға тəн шаралар жүйесі. 

Кеңес  дəуірінде  білім  беруде  бұл  ұғым  ашық,  нақты  айтылмағанмен,  оның 

астарында жалпы білім берудің мемлекеттік нормалары болды. Ал қазір заман талабына 

сай сол нормаларды нақтылап жүйелеу қажеттігі тұр. Мемлекеттік стандарт дегеніміз - 

мемлекеттік  норма  ретінде  қабылданатын  параметрлер  жүйесі.  Параметрге  білім 

мазмұны  құрамы,  құрылым,  оқу  жүктемесі  көлемі,  оқушылық  дайындық  деңгейі,  оқу 

нəтижесі  көрсеткіші,  оқу  нəтижесі  өлшемдері,  т.б.  жатады.  Жалпы  стандарт  білім 

алудың  көп  нұсқалы  жағдайында  білім  беру  кеңістігінде  бірыңғайлықты  сақтауға 

мүмкіндік береді. 

Мемлекеттік  норма  (стандарт)  бірнеше  деңгейде  тұжырымдылады.  Базистік  оқу 

жоспары  -  білім  стандартының  басты  деңгейі.  Базистік  оқу  жоспарын  жасауда  үш 

аспекті  назарда  ұсталады.  Олар:  шешуді  қажет  ететін  келелі  мəселелер,  өткен 

тəжірибедегі жетістіктер, сол саланың əлемдік деңгейдегі даму тенденциясы. 

"Ғылыми  салада"  білім  мазмұны,  құрамы  мен  құрылымы  толық  мəнді  болу  үшін 

алты  бөлік  міндетті  түрде  болуы  шарт.  Олар:  ақыл-ой,  адамгершілік,  тіл-қатынас, 

эстетикалық, еңбек ету, дене шынықтыру. 

Сонымен жаңа оқу үрдісі технологиясы мынандай мақсатқа жетуі тиіс. 

 

оқушыны  илеуге  көне  қоятын  объект  деп  қарамай,  табиғат  берген  қасиетін, 



күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау; 

 



жеке тұлғаның мемлекеттік жəне жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы; 

 



оқушылардың 

танымдық 

мүмкіндіктеріне, 

бейімділігіне, 

қабілетіне 

қарай  білім  мазмұнын  міндетті  түрде  игеретін  жəне  өз  еркімен  игеретін 

деңгейлерін анықтау; 

 



оқушыға   "Білім   туралы"   Заңға  сəйкес   өз   бағасын   таңдауға мүмкіндік 

беру; 


 

жалпы  білім  беру  мекемелерінің  көп  түрлігін  қамтамасыз  ететін  білім 



мазмұнының құрылымын нақтылау. 

Сонда ғана өткен XX ғасырда үстем болып келген "ғылым-өндіріс-білім" мəдени 

макромоделі "мəдениет-білім-тарих" макромоделімен ауыспақ. 

“Сын  тұрғысынан  ойлау”  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның 

неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу, 

салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға 

сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар [3, 81 б.]. 

Сабақ  барысында  оқушылардың  бұрынғы  білетінін  жаңа  біліммен  ұштастыра 

отырып,  белгілі  бір  идеяны  қабылдап,  оның  неге  қатысты  екенін  зерттеп,  салыстыра 

отырып,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  зерттеуге  бағытталған 

оқыту технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы [4, 7 б]. 



 

145


 

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша 

ол: 



 



шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мəселелерге сыни 

көзбен қарау; 

 

күрделі мəселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға 



құштарлық; 

 



үйрету  мен  үйрену  бірлігінен,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын, 

үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. 

Соның ішінде толғануды тиімді  етуге  лайықталған “Венн  кестесі”, “Бес жолды 

өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты  стратегиялар   əр 

сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр  жеңілдігіне  қарай  лайықтала    қолданылады.  Мəселен:  

“Венн  кестесі”  арқылы  өз  ойынан  қорытып  сөз  шығару,  екі  затты  салыстырып 

айырмашылығы,  ұқсастығы  туралы    сөз  ойлап  табу    оқушы  үшін  үлкен    ойды  қажет 

етеді. 


Бұл 

стратегиялардың 

қай-қайсысы 

болмасын 

оқушының 

ізденісін, 

қызығушылығын  дамытады.  Пəнге  деген  өзгеше  көзқарас  қалыптасады.  Əр  сабақты 

оқушымен  санаса  отырып,  жүйелі  жүргізуде  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының 

стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді. 

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек 

ересек  адамдарға,  жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тəн  деп  ойлау  аса  дұрыс  емес. 

Жас  балалардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне 

сəйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Оған  осы  жобамен 

жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой 

толғаныс кезеңдерінен түзіледі. 

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. 

Қызығушылықты ояту. 

Үйрену  процесі  –  бұрынғы  білетін  жəне  жаңа  білімді  ұштастырудан  тұрады. 

Үйренуші  жаңа  ұғымдарды,  түсініктерді,  өзінің  бұрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен 

толықтырады,  кеңейте  түседі.  Сондықтан  да,  сабақ  қарастырылғалы  тұрған  мəселе 

жайлы  оқушы  не  біледі,  не  айта  алатындығын  анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы 

ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  əсер  ету  жүзеге  асады.  Осы 

кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, 

“Əлемді шарлау” т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған.  

Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты  –  үйренушінің  белсенділігін 

арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені 

даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында 

талқылайды.  Яғни  айту,  бөлісу,  ортаға  салу  арқылы  оның  ойы  ашылады,  тазарады. 

Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде 

жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.  

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану 

(түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша 

жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік 

көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауына 

көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, 

тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін 

жаңа  ақпарат”,  ?  –  “мені  таң  қалдырады”  белгілерін  қойып  отырып оқу  тапсырылады. 

INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін 

ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну 

–  күрделі  жұмыс.  Сондықтан  да,  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау 

салдарынан  түсіне  алмау,  өмірмен  ұштастыра  алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді 




 

146


 

жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі 

[5, 20 б]. 

Қазіргі  білім  саласындағы  оқытудың    озық  технологияларын  меңгермейінше 

сауатты,  жан-жақты  маман    болуы  мүмкін  емес.  СТО  технологиясының    оқушы 

бойында  коммуникативтік  құзыреттілікті  арттырудың  бірден  –  бір  қайнар  көзі. 

Біріншіден,  сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, əркім өз ойлары 

мен пікірлерін жəне бағалауларын тəуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу  сыни 

ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан 

ойлаудың  соңғы  емес,  жіберілген  пункті  болып  табылады.  Үшіншіден,  сыни  тұрғыдан 

ойлау    сұрақтар  қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мəселені  анықтаудан  басталады. 

Төртіншіден,  сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дəлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан 

ойлайтын  адам  мəселені  шешудің  жолын  іздеп  табады  да,  сол  шешімдерді  негізі  бар, 

саналы  дəлелдермен  нақтылай  түседі.  Сонымен  қатар,  ол  сол  мəселені  шешудің  басқа 

да  жолдарының    бар  екендігін  мойындайды  да,  өзі  таңдап  алған  жолдың  басқаларына 

қарағанда  ақылға  қонымды  екендігін  дəлелдеуге  тырысады.  Бесіншіден,    сыни 

тұрғыдан ойлау əлеуметтік ойлау болып табылады. 

Оқытудың  осындай  жаңа  педагогикалық  технологияларын  сабаққа  ендіру  бүгінгі 

таңда əрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай 

қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шұғыл  шешімдер  қабылдай  білетін,  белсенді, 

шығармашыл  азаматтар  қажет.  Сабақта  тек  білімділік  мақсаттарды  шешіп  қоймай, 

балалардың  жекелік  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытудың  жолдарын  қарастыруда 

дəстүрлі  оқыту  мен  дамыта  оқытудың  айырмашылығын  салыстыру  кестесі  арқылы 

көрсетуге болады.  

 

 

 



Əдебиеттер: 

1.

 



Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 250 

б. 

2.

 

Педагогика жəне психология сөздігі. – Алматы: Жеті Жарғы, 2002. – 550 б. 



3.

 

Айтмамбетова  Б.  Жаңашыл  педагогтар  идеялары  мен  тəжірибелері.  –Алматы:  Жеті  Жарғы, 



1991. – 300 б. 

4.

 



Абдрахманова.М.М. Дүниетану сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану //  

Бастауыш мектеп, –2005, –№6. – Б. 7 –9. 



5.

 

Илясова Н.С. Мектепте сын тұрғысынан оқытуды ұйымдастыру //  Бастауыш мектеп, – 2007, –



№6. – Б. 19 –21. 

жүктеу 57,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау