Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша студенттің
пəндік оқу-əдістемелік кешені
Құрастырғандар: Тұрсынова Г.Т., Шүленбаева Ұ.Р, Айтжанова С.С.,
Рысқұлбекова К.С.
Алматы: ҚазҰТУ, 2011, 113 бет.
Аңдатпа
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша жазылған
студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені жоғары техникалық оқу
орындарында оқитын барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына
арналған. Кешенде іс қағаздарын жүргізуге негізделген сан алуан лексикалық
тақырыптар, оның дамуы жолынан тарихи деректер, жан-жақты қамтылған
жаттығулар, құжаттың бірнешеден үлгілері беріліп, одан басқа да көптеген
жұмыстың түрлері қамтылған.
Кешенде қолданылған жаңа технологиялық əдіс-тəсілдердің түрлерін
меңгеріп, пайдалану арқылы, студенттер іс қағаздарының тілін, сауатты
жазылуын,
оның стилін, тарихын, өз тараптарынан мемлекеттік тілде іс
қағаздарын толтыруды үйреніп, меңгереді, білімін тереңдетіп, толықтырады.
© Қ.И.Сəтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық
университеті, 2011
1. ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушылар туралы мəліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – профессор
тегі, аты, əкесінің аты
Шүленбаева Ұ.Р. – профессор, Айтжанова С.С. – ф.ғ.к., доцент,
Рысқұлбекова К.С. – аға оқытушы
Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70
.
телефон, E-mail
Кафедрада болатын уақыты
БОҒ, кафедра 610, 612
.
аудитория, уақыты
1.2 Пəн туралы мəліметтер:
Пəн атауы Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
.
Кредит саны 2
.
Өткізу орны Бас оқу ғимараты
Оқу жоспарының көшірмесі
1 аптадағы академиялық сағаттар
Курс
Семестр
Кредитт
ер
Тəжірибелік/
семин. сабақт.
СӨЖ
*
СОӨЖ
*
Барлығы,
1 аптадағы
академ. сағаттар
Бақылау
түрі
1 1-2
2
2
2
2
6
Емтихан
1.3. Перереквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді
оқыту» пəні студенттердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл бойынша
игерген білімін, білік дағдыларын одан əрі толықтырып, дамытады. Іс-
қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйретеді.
1.4. Постреквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді
оқыту» студенттердің алған білімін болашақ еңбек жолында кəсіби-іскери,
кəсіби-ресми бағытта толық пайдалана алады.
1.5. Пəннің мазмұны: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын
оқытудың тақырыптары модульдерге бөлініп қарастырылады.
Ресми іс қағаздарындағы тақырыптардың əрқайсысын тиісті дəрежеде
меңгертумен қатар, құжаттардың жазылу стилі де қоса үйретіліп отырылады.
Пəн бағдарламасы студенттердің оқытушымен өзара жəне өздік жұмысы
бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара
сабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.
1.6. Пəннің мақсаттары мен міндеттері
Пəнді оқытудың мақсаты:
Ресми іс қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқару
қызметін
құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Қазіргі заманда
оның түрлері де өте көп. Оны курс барысында жүйелеп оқытатындықтан, санын
тізбелемей, тек оқыту мақсатына тоқталамыз. Əрбір ресми құжат басқару
қызметіне қатысты көлемде заң күшіне ие. Сондықтан да олардың нысаны мен
құрамы жағынан бірізділігі жəне стандартты болуы талап етіледі. Нысаны мен
үлгісі жағынан сауатты жазылған қажетті мəліметтерді толық қамтыған ресми
құжаттың заң күші де нақты болады. Олай болса курстың мақсаты – қазақ
тілінде ресми құжаттарды əзірлейтін жəне ресми құжаттарды ұйымдастыру,
реттеу, құжаттау ісімен айналысатын маманның тілді жақсы біліп шығуын да
көздеу.
1.7. Пəнді оқытудың міндеті:
Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар
мен кəсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру,
құжат айналымын іске асыру басты міндеттердің бірі болып отыр.
Бұл пəннің міндеті: іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік,
əлеуметтік маңыздылығын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің
алғы шарттарының бірі екендігін
ұғындыру;
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін білдіру;
Іс қағаздарын жүргізудің тарих; саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі,
педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету. Болашақ
мамандық иелерін іс қағаздарын толтыру əдістері мен оның мемлекеттік
стандарттары, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен
қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың
септігі тиюін қамтамасыз ету.
Ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманның кəсіби
біліктілігі, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі талап етілетіндігін түсіндіру.
1.8. Тапсырмалардың түрлері жəне олардың орындау мерзімі.
№
Бақылау
түрі
Жұмыс
түрі
Жұмыстың
тақырыбы
Əдебиеттер
тізімі
Тапсыру
уақыты
1 Ағымдық
бақылау
Құжат
түрлерін
жазу.
Баяндама
Өтініш. Арыз. Талап
арыз
Сенімхат. Қолхат
Телефонхат
1-апта
2-апта
3-апта