7. Талап арыздың шағым мен арыздан айырмашылығы неде?
8.
Өмірбаян, оның құрылымы.
9. Қызметтік хаттар, олардың түрлері.
10. Түйіндеме қандай
жағдайға, неге байланысты жазылады?
11. Түйіндеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?
12. Аттестациялық мінездеме.
13. Қызметтік мінездеме.
14. Сенімхат қандай жағдайларда жазылады, оны кім куəландырады?
15. Сенімхат қандай мерзімге беріледі?
16. Телефонхат. Жеделхат.
17. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?
18. Анықтама құрылымына қандай мəліметтер кіреді?
19. Анықтама не үшін беріледі?
20. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
21. Хаттаманың құрылымына қандай мəліметтер кіреді?
22. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда дайындалады?
23. Хаттаманың үзіндісіне қандай мəліметтер кіреді?
24. Бұйрық құжаттың қай түріне жатады?
25. Бұйрықтың түрлері.
26. Жеке іс парағының құрылымына қандай мəліметтер кіреді?
27. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады?
28. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мəліметтерді жазбаша
дайындау.
29. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады?
30. Бұрыштама. Танысқы. Танысқы дегеніміз не?
1.11.Курстың
саясаты
мен
процедурасы
оқытушылардың
студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша
уақытында есеп беру, қатыспаған күндерін қайта тапсыру тəртібін талап етуден
тұрады.
Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пəннің бірізділігін
сақтау қажет.
2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
Академиялық сағат саны
Тақырып атауы
Тəжіри-
белік са-
бақтар
СОӨЖ СӨЖ
1. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тəн
тілдік элементтер.
2
2
2
2. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің
2
2
2
тарихы.
3. Қазіргі іс
қағаздары құрылымының негізгі
бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау
алады.
2
2
4. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің
зерттелуі.
2
2
2
5. XVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздары.
2
2
2
6. Ресми іс
қағаздарындағы тілдік норма
2
2
2
7. Мінездеме. Факс арқылы жіберілетін
құжаттар.
2
2
2
8. Ресми іс қағаздары терминдерінің
қалыптасуы.
2
2
2
9. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары.
2
2
2
10. Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары.
2
2
2
11. Ресми іс қағаздары тілінің стилі.
2
2
2
12. Іс қағаздары жəне олардың түрлері.
2
2
2
13. Жеке іс парағы. Еңбек келісімі.
2
2
2
14. Бұйрықтың тарихы. Хабарландыру.
2
2
2
15. Анықтама. Акт.
2
2
2
Барлығы:
30
30 30
Қазақ ресми іс қағаздары тілінің
қалыптасу тарихы
1-апта. 1-сабақ
1-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары үлгілерінің көне түркі
ескерткіштерінде жатқандығы туралы мəлімет алып, есте сақтаңыздар.
2-тапсырма. Мəтіннің
мазмұнына
сұрақ-жауап
құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп,
мазмұндаңыздар.
VI -VIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына
тəн тілдік элементтер
VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері тілінде
қазіргі қазақ іс қағаздары тіліне тəн элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар,
ресми іс қағаздары стилінің өзіндік белгілері, қазіргі іс қағаздары тілінде
қолданылатын кейбір реквизиттер бар. Қазіргі қолданылып жүрген іс
қағаздарының аттары аталмаса да құрылымдық, мағыналық тұрғыдан
қарастырғанда, қазіргі іс қағаздары үлгілерінің тамыры VI –VIII ғасырлардағы
көне түркі жазба ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады.
Қазақ іс
қағаздары тілінің тарихы VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба
ескерткіштерінен басталады. Ə. Қайдаров қазақ тілінің тарихи даму сатысы
сонау хун, көне түркі дəуірінен басталғандығын айтады.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде іс қағаздарының жеке
түрлері кездеспегенімен, оларға тəн тілдік бірліктер мен стильдік
ерекшеліктерді, ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне
түркілік дəуірге тəн іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады.
Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын
халық тарихымен, қоғам тарихымен тығыз байланысты. Өйткені ол тілдің
дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық өміріндегі өзгерістерге
байланысты болады. Қоғам өміріндегі өзгерістер тілге əсерін тигізбей
қоймайды. Ресми іс қағаздары тілінің тарихын қоғам тарихымен
байланыстыра қараудың қажеттілігі осыдан келіп шығады.
Қазақ іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде екі принцип
басшылыққа алынады.
Бірінші принцип – қазақ іс қағаздары тілінің тарихын
оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз
байланыста, бірлікте қарау принципі.
Екінші принцип – қазақ іс қағаздары
тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді,
тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.
4-тапсырма. Құжат көшірмесіне берілген анықтаманың
мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.