67
Түсінік хат
Əдебиетті оқыту əдістемесі пəнінің мақсаты - əдебиеттің сөз өнері əрі ғылым
ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып,оны халқымыздың көркем тарихы, өмір
оқулығы дəрежесінде оқып-үйрету. Бұл пəн оқушы бойында биік эстетикалық талғамды
дамытады, өнер туындысындағы табиғатты, жарасымдылық пен сұлулықты, имандылық
пен ізгілікті, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен əсемдікті танып ұға білуге, оны
ой көзімен қарап, терең пайымдауға жол ашады. Сонымен бірге əдебиетті өмірмен
байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тəлім алуға, шəкірттердің оқырмандық
мəдениетін, қызығушылығын қалыптастырып, олардың əдеби қабілетін дамытуда қажетті
біліммен, біліктілік дағдыларымен қаруландырып жеке тұлғаның жан-жақты дамуына зор
үлес қосады.
Пəннің мақсаты мен міндеттері
Əдебиеттің сөз өнері əрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйеніп, оны
халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дəрежесінде оқып-үйрету «Қазақ əдебиетін
оқыту əдістемесі» пəнінің мақсаты болып табылады.
«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнінің негізгі міндеттері: оқушы бойында
эстетикалық талғамды дамытып, көркем туындыдағы имандлық пен ізгілікті ой көзімен
қарап терең пайымдауға жол ашады.
«Қазақ əдебиетін оқытудың əдістемесі» пəнін оқу арқылы студенттер əдебиет
пəнінің өзіндік ерекшеліктерімен, əдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұ
станымдармен,
өмір талабына сай оқыту əдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық
негіздерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алады.
Əдебиетші мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын
өлшемдерді бойға сіңіріп, əдебиетті ғылым жəне сөз өнері ретінде меңгеруі керек.
Пəн пререквизиттері: Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ІХ сыныбында
оқытылатын қазақ əдебиеті пəні, жалпы білім беретін басқа ұлт мектептерінің ІХ
сыныбында оқытылатын қазақ əдебиеті пəні
Пəн постреквизиттері: Мəдениеттану, тіл біліміне кіріспе, əдебиеттану ғылымына
кіріспе, қазақ əдебиеті тарихы (1-4 курстарда), əдебиет теориясы, сын тарихы (4-курс)
пəндері
Пəнді игеру нəтижелеріне талаптар:
Пəнді оқып-үйрену үдерісі кəсіптік құзыреттіліктің қалыптасуы мен дамуына
бағдарланған:
1. Қазақ əдебиетін оқытудың соңғы бір жарым ғасырдан астам кезеңге созылған пайда
болу, даму, қалыптасу үдерісін жəне содан бергі уақыттағы əдебиетті оқыту əдістемесі
ғылымы аясындағы зерттеу нəтижелерінің педагогикалық, психологиялық, оқу-
əдістемелік талаптарға сəйкес жан-жақты меңгерілуі негізгі бағдар болып саналады.
2. «Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнінің негізін құрайтын оқу материалдарын
педагогикалық-психологиялық кəсіптік құзыреттілік бойынша меңгеру арқылы студенттер
əдебиетті оқыту саласындағы білімдік жəне ғылыми тəжірибемізді дүниежүзілік
деңгейдегі яғни жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыра меңгеру арқылы
адамзаттық гуманизм ұстанымы тұрғысында қалыптасады.
Пəндік құзыреттілігі:
«Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі» пəнін оқып-үйрену үдерісі пəндік құзыреттіліктің
қалыптасуы мен дамуына бағдарланған:
1. Студенттер əдебиетті оқытудың ғылыми-əдістемелік сипаттағы білімдік қорын
оқыту əдістемесі ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып талдау, бағалау тұрғысында
əдебиеттің сөз өнері ретіндегі пайда болу, даму, қалыптасу үдерісін, туыстас ғылым
салаларымен байланысын,теориялық жəне əдістемелік сипаттарын тану арқылы пəн
маманына тиісті құзыреттілікке ие болады.
68
2. Оқыту əдістемесі ғылымының əлемдік тəжірибесін, оқыту саласындағы теориялық
бағыттар мен мектептер, теориялық, методологиялық ортақтастық мəселелері, қазақ
əдебиетін оқыту əдістемесі ғылымының даму, қалыптасу жүйесіне тəн кезеңдік
тəжірибелерді терең əрі жан-жақты тануға негізделген пəндік құзыреттілік меңгеріледі.
Пəнді оқып-үйрену нəтижесінде студент міндетті:
білу: əдебиетті оқытудағы жалпы ерекшеліктерді олардың негізгі сипаттарын əдебиетті
оқыту əдістемесі ғылымының жетістіктерін пайдалана білу;
игеру: əдебиетті оқыту əдістемесі пəніне қатысты ғылыми əдебиеттердегі ғылыми-
əдістемелік тəжірибені игеру;
меңгеру: мектеп бағдарламасына енген көркем туындылардың барлық жанрдағы
үлгілерін оқушының жас ерекшеліктеріне жəне көркемдік ерекшеліктеріне сай талдап-
таразылау.
Пəннің мазмұны
Кіріспе
Əдебиетті оқыту əдістемесі пəні
Əдебиетті оқыту əдістемесінің ғылыми пəн екендігі. Əдебиет пəнінің мектептік
пəндер жүйесіндегі орны жəне өзіндік ерекшіліктері. Қазақ əдебиеті пəнін мектепке
оқытудың мақсат-міндеттерін, əдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұстанымдар жəне
өмір талабына сай оқыту əдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері.
Оқушылардың қазақ əдебиеті пəнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға
негізделіп философия, тарих, əдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология
т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы.
Мұғалім жəне оның əдеби білім берудегі орны. Əдебиетті оқытудың шығармашылық
сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу
еңбегіндегі ой дербестігін, оқу əрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып,
ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Əдебиетші мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен адамдық,
азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.
Əдебиетті ғылым жəне сөз өнері ретінде оқыту əдістемесінің дидактика, əдебиеттану,
тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту
əдістемесінің тоғысар тұстары.
Əдебиетті оқыту əдістемесінің қысқаша тарихы
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі.
Қадым мектебі: оның өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы
мен кемшіліктері.
Жəдит мектебі: оның қадымша оқытудан айырмашылықтары, білім берудегі
артықшылықтары мен жетімсіз жақтары.
Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары.
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы ұстаз, тарихи тұлға. Оның халық ағарту саласындағы
тарихи тəжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза қазақ
мектептерін ашудағы еңбегі. Əдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының»
(1879) алатын орны, хрестоматиядағы материалдардың тəрбиелік-өнегелік жақтары. Өз
халқының əдебиетін мəдени мұра ретінде тани білуі, оны жинап бастыруы. Оның əлемдік
үздік туындылардың қазақ халқының рухани игілігіне айналуына өз үлесін қосып,
жасөспірімдерді
адамгершілік
рухта
тəрбиелейтін
шығармалардан
аудармалар
жасағандығы. (Л.Н.Толстой, К.К.Ушинский, И.Паульсон т.б. еңбектерін). Ыбырайдың
ағартушылық көзқарастарының қазақтың дəстүрлі мəдениетімен жəне орыс педагогтары
К.К.Ушинский, Н.А. Корф, Л.Н.Толстой т.б. тəжірибелерімен байланыстылығы.
Ыбырайдың оқыту əдістемесіне қосқан жаңалықтары.