16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА
Ped 2202 Педагогика
«Білім» тобындағы мамандықтар үшін
3 кредит
Алматы, 2016
17
Алғы сөз
1. Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары жəне жоғары оқу
орнынан кейінгі білім берудің РОƏК «Білім» тобы мамандықтары бойынша
Оқу-əдістемелік бірлестігінде ДАЙЫНДАЛҒАН жəне ҰСЫНЫЛҒАН
2.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен
БЕКІТІЛГЕН
жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3. Типтік оқу бағдарлама 2016 жылғы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ
30.06.2016 ж., № 2 хаттамасымен бекітілген)
4. Пікір берушілер:
Ұзақбаева С.А. - п.ғ.д., профессор, Абылайхан атындағы ҚазХҚ жəне ƏТУ
Манкеш А.Е. - п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ
5.
ҚР
БҒМ
Републикалық
Оқу-əдістемелік
Кеңесі
мəжілісінде
ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
30.06.2016
ж., Хаттама №
2
.
Осы типтік бағдарламаны Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ РОƏК «Білім»
тобындағы мамандықтары бойынша ОƏБ рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға
болмайды.
18
Түсінік хат
«Педагогика» базалық пəнінің типтік бағдарламасы 5В010000 «Білім»
тобындағы бакалавриат мамандықтарына арналған.
Пəнді оқытудың мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық
іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кəсіби-
педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Пəнді оқытудың міндеттері:
1. Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі
мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің мəні мен өзгешелігі жəне кəсіби-
педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
2. Болашақ мұғалімдерде өзіндік кəсіби іс-əрекет пен қазіргі заман
мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
3. Үздіксіз кəсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру,
4. Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту жəне
теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері
ретінде түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық,
тəрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық жəне т.б.) қалыптастыру.
5.
Студенттерде
өздігінен
білім
алу,
инновациялық
жəне
шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-əрекеттеріне дайындығын дамыту.
6. Болашақ мұғалімнің кəсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік,
педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық əдеп,
толеранттылық жəне т.б.) дамыту.
Осы типтік оқу бағдарламасында жаңа ұғымдар мен анықтамалар
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007ж.), 2015 жылы
енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасының Білім
беруді дамытуға арналған 2016-2019 жж.
Мемлекеттік бағдарламасына,
Болон декларациясына жəне білім беру саласындағы басқа да халықаралық
құжаттарға сəйкес қолданылады.
Оқу курсының негізіне білім берудің қазіргі парадигмасына сəйкес
жүйелілік,
тұлғалық-бағдарлық,
тұлғалық-іс-əрекеттік,
құзыреттілік,
сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тəрбиеге тарихи-
педагогикалық, тарихи-жүйелілік жəне аксиологиялық тұрғыдағы жетекші
идеялар алынады.
Типтік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны бірегей жүйе
ретінде тұтас педагогикалық үдерістің логикасы мен өзара байланысты
компоненттеріне сəйкес құрастырылған.
Оқу пəні мазмұнының құрылымында төмендегі ірі дидактикалық
бірліктер (бөлімдер) бөліп көрсетіледі: педагогикалық мамандыққа кіріспе;
педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері; тұтас педагогикалық
үдерістің теориясы мен практикасы.
Бағдарламалық материалдардың ерекшеліктері тақырыптарда жаңа
тұрғылар мен анықтамалар, педагогикалық теория мен практиканың əлемдік
дамуының жаңа тенденцияларының ашып көрсетілуі, нəтижесінде белсенді
19
дүниетанымдық ұстанымы бар болашақ мұғалімнің құзыретті, мобильді жəне
креативті тұлғасына бағытталуы болып табылады. Пəн мазмұнының
құзыретті-тұлғалық
сипаты
дəрістік
жəне
семинар
сабақтарының
тақырыптарынан
ғана
емес,
СӨЖ
мен
СОӨЖ
тапсырмаларында
интербелсенді оқыту əдістерін, мультимедиялық құралдарды, интернет-
ресурстарды жəне т.б. қолданудан; білім беру мекемелерінде типтік кəсіби
міндеттерді шешу үшін жағдай жасаудан көрінеді.
Пəннің тақырыптық жоспары
№
Тақырыптары
І бөлім. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
1
Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
2
Педагогикалық кəсіп пен іс-əрекеттің жалпы сипаттамасы
3
Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
4
Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары
ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-əдіснамалық негіздері
1
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
2
Педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері мен əдістері
3
Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы
мен қалыптасуының факторы
ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
1-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістің жүйе құрушы компоненттері
1
Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні жəне құрылымы
2
Тəрбиенің мақсаты, оның əлеуметтік тұрғыдан негізделуі
3
Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбие
1
Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің мəні мен мазмұны
2
Тəрбиенің құралдары мен формалары
3
Тəрбиенің əдістері
4
Отбасы тəрбиесінің негіздері
3-тарау. Оқыту -- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
1
Оқыту үдерісінің маңызы
2
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері
3
Оқыту формалары, əдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы
механизмі ретінде
4
Сабақ – оқытудың негізгі формасы
5
Оқыту əдістері
6
Оқытудағы диагностика жəне бақылау
7
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-əрекетін
Достарыңызбен бөлісу: |