Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 23,57 Kb.
Pdf просмотр
бет7/35
Дата14.05.2018
өлшемі23,57 Kb.
#12467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

22 
 
Республикасындағы 
шағын 
комплектілі 
мектептер. 
Қазақстан 
Республикасындағы    инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы.  12-жылдық 
орта  білім  беру  моделі.  Педагогтың  жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы  жəне 
қазіргі уақытта орта білім міндеттерін шешудегі рөлі.   
Негізгі  ұғымдар:  білім  беру,  білім  беру  парадигмасы,  əлемдік  білім 
беру  кеңістігі,  білім  берудің  дамуындағы  тенденциялар,  білім  беру  жүйесі, 
жалпы  орта  білім  беру,  инклюзивті  білім  беру,  тұлғаның  зияткерлік  əлеуеті, 
функционалдық сауаттылық. 
 
2  -  тақырып.  Педагогикалық  кəсіп  пен  іс-əрекеттің  жалпы 
сипаттамасы 
Кəсіп  жəне  мамандық  туралы  түсінік.  Педагогикалық  мамандықтың 
пайда  болуы  жəне  қалыптасуы.  Педагогикалық  мамандықтың  өзгешелігі, 
оның  гуманистік  сипаты.  Мұғалім  еңбегінің  профессиограммасы  –  мұғалім 
тұлғасының  моделі  ретінде.  Білім  беру  деңгейлері  бойынша  педагог 
қызметінің квалификациялық сипаттамасы.  
Педагогикалық іс-əрекеттің кəсіби стандарты  педагогтың білімі, білігі, 
іскерлігі  жəне  тұлғалық    қасиеттеріне  қойылатын  минималды  талаптар 
жүйесі  ретінде.  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құжаттарында 
анықталған  қазіргі  заман  мұғаліміне  қойылатын  кəсіби  талаптар  жəне  оның 
құқықтары мен міндеттері.  
Педагогикалық іс-əрекет – əлеуметтік іс-əрекеттің ерекше түрі. Кəсіби-
педагогикалық  іс-əрекеттің  мəні,  құрылымы  мен  мазмұны.  Мұғалім  іс-
əрекетінің объектісі – педагогикалық үдеріс. Педагог-мұғалім жəне тəрбиеші 
іс-əрекетінің  ерекшеліктері.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  функциялары. 
Педагогикалық 
іс-əрекеттің 
ұжымдық, 
шығармашылық, 
ізгілік, 
көпфункционалдық   сипаты.  Педагогикалық үдерістегі  мұғалім  іс-əрекетінің 
функционалды  түрлері.  Мұғалімнің  кəсіби  іс-əрекетінің  тұтастығы. 
Мұғалімнің педагогикалық іс-əрекетінің стилі.  
         Негізгі  ұғымдар:  педагогикалық  кəсіп,  квалификациялық  сипаттама, 
профессиограмма,  кəсіби  стандарт,  педагогикалық  іс-əрекет,  түрлері, 
функциялары, кəсіби-педагогикалық біліктіліктер, кəсіби маңызды қасиеттер, 
педагогикалық шығармашылық. 
 
3 тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі  
Жеке тұлға ғылыми категория ретінде. Жеке тұлғаның психологиялық-
педагогикалық  сипаттамасы,  жеке  тұлға  компоненттері.  Жеке  тұлғаның 
қалыптасу кезеңдері. Жеке тұлға - іс-əрекет объектісі жəне субъектісі. Қазіргі 
əлеуметтік-мəдени  жағдайлар  жəне  олардың  жеке  тұлғаға  əсері.  Тұлғалық-
бағдарлық білім беру тұжырымдамасы. 
Мұғалім  тұлғасына  қойылатын  қазіргі  талаптар.  Педагогтық  кəсіпке 
деген  қызығушылық,  оның  қоғамдағы  рөлін  түсіну  болашақ    мұғалімнің 
кəсіби  жолды  таңдауындағы  жəне    кəсіби  өзін-өзі  жетілдіруіндегі  жетекші 


23 
 
мотивтер  ретінде.  Педагогикалық  бейімділік  пен  педагогикалық  қабілеттілік 
педагог  тұлғасының  кəсіби  маңызды  қасиеттерін  қалыптастырудың 
психологиялық 
негізі. 
Педагогикалық 
қабілеттілік 
пен 
педагогтың 
авторитеті.  Бағыттылық  -  педагог  тұлғасының  кəсіби  маңызды  қасиеттері 
жəне оның ерекшеліктері.  
Тұтас 
педагогикалық 
үдерістегі 
тұлғалық 
қатынас 
мəселесі. 
Педагогикалық  этика  жəне  мұғалім  əдебі  –  педагогикалық  үдеріс 
субъектілері  арасындағы  өзара  қатынастың  негізі.  Педагогтың  жалпы  жəне 
кəсіби мəдениеті: мəні, өзгешелігі, өзара байланысы. 
Педагогикалық  білім  беруді  жаңғыртудың  əлемдік  тенденциялары. 
Педагогикалық білім беруді құзыреттілік негізінде жаңғырту.  
«Құзыреттілік»,  «құзырет»,  «құзыреттілік  тəсілі»,  «мұғалімнің  кəсіби-
педагогикалық  құзыреттілігі»  ұғымдарының  мəні.  Кəсіби  құзыреттілік  жəне 
педагогикалық  шеберлік.  Педагогикалық  шеберлікті  қалыптастырудың 
шарттары  жəне  негізгі  психологиялық-педагогикалық  алғышарттары. 
Мұғалімнің  кəсіби-педагогикалық  өсуінің  қазіргі  заманғы  формалары.  ХХІ 
ғасырдағы ұстаз моделі.  
Негізгі  ұғымдар:    тұлға,    тұлғалық  қатынастар,  тұлғалық-бағдарлық 
білім  беру,  болашақ  мұғалім  тұлғасы,  іс-əрекет  объектісі  жəне  субъектісі, 
мұғалім  тұлғасының  кəсіби-маңызды  қасиеттері,  құзыреттілік,  құзырет
құзыреттілік тəсілі, кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктер.  
 
4 - тақырып. Педагогтың үздіксіз кəсіби өсуінің факторлары 
«Үздіксіз  білім  беру»  ұғымының  мəні.  Тұлғаға  үздіксіз  білім  беру  – 
қоғамның  тұрақты  дамуының  шарты.  Тұлғаның  үздіксіз  білім  алуға 
даярлығы.  Үздіксіз  білім  алу  -  тұлғаның  кəсіби  сұранысқа  ие  болу  жəне 
болашақ  маманды  дайындаудағы  құзыреттілік  тұрғыда  оқытуды  іске  асыру 
факторы.  Педагогтың  кəсіби  іс-əрекетіндегі  үздіксіз  білім  алудың  мəні. 
Үздіксіз  педагогикалық  білім  –  мұғалімнің  кəсіби-тұлғалық  дамуындағы 
жəне өзін-өзі танытуындағы жетістігінің шарты.  
Педагогикалық  қарым-қатынас  –  педагогикалық  үдеріс  субъектілерінің 
өзара  əрекеттестігінің  негізі.  Педагогикалық  қарым-қатынас  стильдері. 
Əртүрлі 
жастағы 
оқушылармен 
педагогикалық 
қарым-қатынастың 
ерекшеліктері.  Педагогикалық  қарым-қатынасты  орнатуға  қойылатын 
талаптар. Қазіргі жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігі.  
Педагогтың  сөйлеу  мəдениеті  –  кəсіби  іс-əрекет  жетістігінің  шарты. 
Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын этикалық талаптар. Мұғалімнің сөйлеуінің  
тəрбиелік жəне  білім берушілік əсері.  
Кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеу  қазіргі  мұғалім  тұлғасын  дамыту  факторы 
ретінде,  оның  ерекшеліктері.  Педагогтың  кəсіби  өзін-өзі  тəрбиелеуін 
ұйымдастыру, оның құралдары, формалары, əдістері.  
Педагогикалық  рефлексия  -  өзін-өзі  тəрбиелеудің  негізі.  Педагогикалық 
ұжымның  педагог  тұлғасының  өзін-өзі  тəрбиелеуіндегі  рөлі.  Өзін-өзі 


жүктеу 23,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау