10
рефлекторлық əрекеттің жас ерекшеліктері. Жоғары дəрежелі шартты
рефлекстер.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Шартсыз тежелу жəне олардың жас
ерекшеліктері. Тежелудің қорғаныстық сипаты. Шартты тежелу. Шартты
тежелудің түрлері жəне балалардағы ерекшеліктері. Шартты тежелудің
дамуы - тəрбиенің физиологиялық негізі.
Бірінші жəне екінші сигналдар жүйесі, олардың өзара əрекеттесуінің жас
ерекшеліктері. Баланың даму барысында сөздің сенсорлық жəне моторлық
механизмінің тұрақтануі. Стереотиптердің сөйлеудің дамуы үшін маңызы.
Жоғары жүйке əрекетінің типтері, олардың пластикалығы. Балалардың
жоғары жүйке əрекетінің типологиялық ерекшеліктері.
Əртүрлі жүйке орталықтарының əрекеттесуі нəтижесі ретінде мидың
интеграциялаушы
қызметі.
Функциональдық
жүйе
туралы
түсінік.
Организмнің
іс-əрекеттік
реакцияларын
жүзеге
асыруды
кері
афферентацияның маңызы. Жеке даму барысында ОЖЖ қызметін жүйелі
ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. ОЖЖ үйлестіру үрдістері -
психикалық қызметтердің негізі. А.А.Ухтомскийдің доминанта туралы ілімі
жəне оның адамның танымдық əрекетін басқарудағы маңызы. Динамикалық
стереотип - əдет жəне дағды, күн кестесінің физиологиялық негізі.
Оқыту мен еске сақтаудың физиологиялық негіздері. Еске сақтаудың
компоненттері. Қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді еске сақтау, онтогенездің
əртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктері.
Мотивация, эмоция жəне іс-əрекеттік реакциялары. Бұлардың жүзеге
асуындағы мидың əртүрлі бөлімдерінің ролі. Эмоцияның тəрбиелеу мен
оқытудағы ролі. Ұйқы мен сергектіктің нейрофизиологиялық негіздері. Ұйқы
гигиенасы.
5. СЕНСОРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ
Сыртқы ақпаратты қабылдауды ұйымдастырудың жүйесі. Организмнің
сенсорлық жүйелері, олардың топтамасы. Сенсорлық жүйелердің құрылымы
мен функциональдық жетілуі. Сенсорлық стимулдардың қарапайым
белгілерін қабылдау жəне өмір сүрудің алғашқы жылдарындағы сыртқы
стимулдарды қабылдаудың күрделенуі.
Көру
талдағышы.
Көздің
құрылысы
мен
оптикалық
қасиеті.
Аккомодация жəне оның жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан
көру жəне жақыннан көргіштік. Кеңістікті көрудің жас ерекшеліктері. Əр
түрлі жаста жарықты жəне түсті сезгіштік. Балалар мен жасөспірімдердің
көру қабілетінің бұзылыстарының алдын алу. Көру өткірлігін анықтау.
Есту талдағышы. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері. Есту
талдағышының жас ерекшеліктері. Балалардағы естудің бұзылыстарының
алдын алу.
11
Қозғалыс, иіс, дəм, вестибулярлы жəне тері сенсорлық жүйелердің
маңызы мен жалпы құрылыс жоспары жəне оқушылардағы функциялық
ерекшеліктері.
6. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ
Организм тіршілігін гуморальдық реттеу. Ішкі секреция бездері.
Гормондар. Гормондардың қасиеттері. Гипоталамус-гипофизарлық жүйе,
оның ішкі секреция бездерінің қызметін реттеудегі маңызы. Шеткі
эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметі. Стресстік əсерлерге
организмнің бейімделуі. Мектеп жасында ішкі секреция бездері қызметінің
бұзылыстары. Балалар мен жасөспірімдер арасында тараған йодтапшылығы
жəне қант диабеті, олардың алдын алу.
Жыныс бездері мен олардың организмнің дамуы, өсуі жəне жыныстық
жетілуі үрдістеріндегі маңызы. Жыныстық жетілуідің кезеңдері. Екінші
реттік жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілу: физиологиялық
жəне əлеуметтік. Жыныстық тəрбиелеу - жастарды отбасылық өмірге
дайындаудың маңызды бөлімі. Медициналық-гигиеналық жəне жыныстық
тəрбиелеудің қағидалары, түрлері, амалдары мен əдістері. Аборт жасаудың
зияны. Жыныстық тəрбиелеуді педагогтар, ата-аналар мен медициналық
қызметкерлердің бірлесе жүргізуі.
7. ҚАННЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ЖҮРЕК-ҚАН
ТАМЫРЛАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Организмнің ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қызметтері. Қанның
ұюы. Қан топтары. Қан аздылық жəне оның мектеп жасындағы балалардың
арасында таралуының алдын алу.
Қан айналу жүйесі. Жүректің құрылысы мен жұмысының жас
ерекшеліктері. Жүректегі электрлік құбылыстар. Қанның тамырлармен
қозғалысы. Қан қысымы жəне оның жас ерекшеліктері. Жүрек пен қан
тамырларына жағымсыз əсер ететін факторлар. Жүрек-қан тамырлары
ауруларының алдын алу.
8. ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Тыныс алу үрдісі мен механизмі. Тыныс алу ағзаларының құрылысы
мен қызметінің жас ерекшеліктері. Тыныс алудың реттелуі мен оның жас
ерекшеліктері. Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Тыныс алу ағзаларының
қызметтерінің бүзылуы, себептері жəне алдын алу.
9. АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАСҚА САЙ АНАТОМИЯЛЫҚ-
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Ауыз қуысындағы ас
қорыту. Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің қызметі. Тістер.
Тістің алмасуы. Ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу.
12
Қарындағы ас қорыту. Ас қорыту бездері. Астың қорытылуындағы
бауыр мен ұйқы безінің маңызы. Ішектің сіңіру жəне моторлық қызметтері.
Қорғаныс ас қорыту рефлекстері. Бала жасындағы асқорыту ағзаларының
аурулары мен ішек құрттарымен күресу жəне алдын алу.
10. ЗАТ ПЕН ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫНЫҢ ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Заттар пен энергияның алмасуы - организм тіршілігінің негізі. Негізгі
алмасу туралы түсінік. Анаболизм мен катаболизм. Заттардың алмасуындағы
ферменттердің рөлі.
Балалар мен жасөспірімдердегі ақуыздың, май жəне көмірсулардың
алмасуының ерекшеліктері. Баланың өсуі мен дамуындағы судың,
минеральдық тұздардың, микроэлементтердің жəне витаминдердің маңызы.
Тағамдық азық-түлік, олардың құрамы жəне энергиялық құндылығы.
Үйлесімді тамақтанудың өсу мен дамудағы, денсаулықты нығайтудағы
маңызы. Дұрыс тамақтанбаумен байланысты аурулар - анемия, семіздік жəне
гиповитаминоз, олардың алдын алу. Тағамдық уланулардың себептері,
олардың алдын алу.
11. СЫРТҚА ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ТЕРІНІҢ ЖАСТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы. Сыртқа шығару ағзалары.
Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Зəр шығару жүйесі
ауруларының алдын алу. Кіші мектеп жасындағы балаларда түнгі зəр ұстай
алмау дерті, оның себептері. Терінің құрылысы мен қызметтерінің жас
ерекшеліктері. Терінің қызметі. Терінің туындылары.
12. БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРЫ.
МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУ
Баланың əлеуметтік дамуы. Балалардың дамуындағы əлеуметтік
факторлардың ролі. Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтаушы
факторлар. Мектепке бейімделу жəне оның кезеңдері. Баланың мектепке
бейімделуінің негізгі көрсеткіштері. Мектепке бейімделуге əсер етуші
факторлар.
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
1.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру
жағдайларының əсері.
2.
Оқушылардың қимыл белсенділігі жəне гиподинамияның зияны.
3.
Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері
жəне олардың бір бірімен əрекеттесуі.
4.
Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы.
5.
Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.
6.
Оқушыларда көру жəне есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |