27
Негізгі ұғымдар: тəрбиенің мақсаты, əлемдік мəдениет, ұлттық
мəдениет, жалпыадамзаттылық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты
үйлесімді дамыған тұлға.
3-тақырып. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды
дамуының негізі
Оқушылардың дүниетанымының мəні мен қызметтері. Дүниетанымның
құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның
іс-əрекеті – оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.
Дүниетанымды қалыптастырудың əдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның
құндылық
бағдары,
оның
интеллектуалды
дамуы
–
оқушылар
дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші. Оқушылардың дүниетанымын
қалыптастыру құралдары: оқыту мен тəрбиенің мазмұны, формасы, əдістері,
пəнаралық байланыс, оқушыларды əр алуан іс-əрекет түрлеріне қатыстыру;
отбасы мен мектептің өзара əрекеттестігі, ТПҮ жобалау жəне т.б.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мəселелері. Жеке
тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кəсіби-
педагогикалық құзыреттілігінің маңызы.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас жиынтығы, əлеуметтік
орта, дүниетанымның компоненттері, тұлғаның құндылық бағдары,
дүниетанымды қалыптастыру құралдары.
2-тарау. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбие
1-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тəрбиенің мəні мен
мазмұны
Тəрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Адамзат тарихындағы
тəрбие
жүйелері.
Заманауи
тəрбие
концепциялар
мен
моделдері.
Демократиялық қоғамының тəрбиелеу идеологиясы.
Тəрбие
мазмұны
ұғымы.
Тəрбиенің
мақсаты,
міндеттері
мен
мазмұнының өзара байланысы. Тəрбие мазмұнының қоғамдық сана мен
құндылық ұстанымға тəуелділігі. Тəрбиенің түрлері жəне оларға сипаттама.
Тəрбиенің дəстүрлі түрлері. Тəрбие мазмұнының əлеуметтік-экономикалық
негізделуі. Тəрбие мазмұнын көкейкестендіру жəне жаңарту: адамгершілік-
рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көпмəденилік, экологиялық,
денсаулыққа
жəне
салауатты
өмір
салтына
құндылық
қатынасты
қалыптастыру жəне т.б. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кəсіптік бағдар
беру жұмысының ерекшеліктері.
Ұлттық тəрбиелік əлеует. Ұлттық мəдениетке ұлттық сана мен
құндылық
қатынасты
қалыптастыру,
этникааралық
толеранттылыққа
тəрбиелеу, ұлтаралық қатынас мəдениеті – ҚР тəрбие үдерісінің басымды
бағыты.
ТПҮ-тегі тəрбие түрлерінің өзара байланысы. Тəрбие мазмұнындағы
тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
28
тəрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, əлеуметтік белсенділігі.
Əлеуметтену контекстіндегі тəрбие. Əлеуметтендірудің педагогикалық
сипаттамасының компоненттері. Мектеп жағдайында əлеуметтенудің
түрлері, кезеңдері. Оқушының əлеуметтенуінің негізгі басқыштары:
бірегейлік, даралық, жекелік. Тəрбиелік кеңістік – оқушыны əлеуметтендіру
факторы.
Негізгі ұғымдар: тəрбиенің мазмұны, тəрбиенің түрлері, тəрбиелік
үдеріс, ұлттық тəрбиелік идеал, əлеуметтендіру, əлеметтенудің түрлері, өзін-
өзі дамыту.
2-тақырып. Тəрбиенің формалары мен құралдары
ТПҮ-нің қозғаушы тетіктері ретінде тəрбиенің құралдары, формалары,
əдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тəуелділігі.
Оқушылармен тəрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік
өмірді басқару жəне өзін-өзі басқару формалары; танымдық формалары;
қызықтырушылық формалары жəне т.б.
Тəрбие құралдары: тəбиғат, қарым-қатынас, материалдық жəне рухтық
құндылықтар, жарыс, ұжым, іс-əрекет т.б.
Тəрбиелік іс-əрекетті тиімді ұйымдастыру шарты ретінде құрал, форма,
əдістердің өзара байланысы. Тəрбие құралдарын, формаларын жəне əдістерін
анықтаудағы мұғалімнің кəсіптік құзыреттілігі.
Негізгі ұғымдар:
педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар,
формалар, əдістер
3-тақырып. Тəрбие əдістері
Тəрбие əдістері туралы түсінік. Тəрбие əдістерінің психологиялық
негізі.Тəрбие əдістерін жіктеу жəне оларды дайндаудың өлшемдері.
Тұлғаның санасын қалыптастыру əдістері. Тұлғаның тəжірибесі мен мінез-
құлық мəдениетін қалыптастыру əдістері. Мінез-құлық пен іс-əрекетті
ынталандыру əдістері. Бақылау жəне өзін-өзі бақылау əдістері. Тəрбиенің
инновациялық интербелсенді əдістері жəне тəрбие технологиясы Тəрбие
əдістерін
қолданудың
педагогикалық
шарттары.
Педагогикалық
шығармашылықты
көрсету
ретінде
тəрбиенің
əдістерін
сұрыптау.
Оқушының тəрбиелігінің диагностикасы жəне тəрбиелілік көрсеткіштері.
Негізгі ұғымдар: əдіс, тəрбие əдістерін жіктеу,тəрбие технологиясы,
инновация, оқушының тəрбиелігінің диагностикасы.
4-тақырып. Отбасы тəрбиесінің негіздері
Отбасы – бала тұлғасын əлеуметтендірудің факторы жəне белсенді
субъектісі. Отбасы тəрбиесінің нормативтік-құқықтық негіздері. Отбасы
тəрбиесінің ізгіліктік жəне этнопедагогикалық аспектісі. Отбасының
қызметтері, типтері. Қазіргі отбасының ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |