7
кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚР-
ның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары
туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік
декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰ-
ның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз
ету бойынша стандартты
ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында
қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар
тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан
декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж.
ратифицикациялаған
БҰҰ-ның
«Мүгедектердің
құқықтары
туралы»
Конвенциясы (2006 ж.) бар.
Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру
ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты
жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету –
Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық
базасының негізгі
постулаттарына негізделген. Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті
саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе
деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз
мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді
инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін
тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу
ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Жоғарыда аты аталған халықаралық құқықтық актілер адамның жынысы,
нәсілі, діни, мәдени-этникалық
немесе тілдік белгілері, денсаулық жағдайы,
әлеуметтік шығу тегі,
қашқын мәртебесі болуы және т.б. сипаттары бойынша
кемсітушілікті болдырмайтын білім алуға құқықтарын белгілейді. Осыдан
ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген
инклюзивті білім
берудің анықтамасы туындайды: инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз –
барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да
ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты
жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы
білім беру мектебінде білім
алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер
білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы
қолдауды жүзеге асырады.
Инклюзивті білім беру мынадай нақты
құндылықтар
мен ұстанымдарға
негізделеді:
-
әр адам білім алуға құқылы;
-
білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет,
бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;
-
барлық балалар білім алуы керек;
-
әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту
бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;
8
-
әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
-
мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға
ықпал етуге жауапты;
-
әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып
отырады;
-
біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі
бұндай мінез-құлық таныту
сынға түсу керек. Балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты
жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;
-
мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға
мұқтаж.
Кіріктіре оқыту сегіз қағидаға негізделеді:
-
адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты
емес;
-
әр адам сезіну мен ойлауға қабілетті;
-
әр адам қарым-қатынасқа әрі сөзінің тыңдалуына құқылы;
-
адамдардың барлығы бір-біріне мұқтаж;
-
білім алу нақты өзара қарым-қатынас мазмұнында болуы мүмкін;
-
барлық адамдар құрбыларының қолдауы мен достығына мұқтаж;
-
білім алып отырған тұлғаларға жетістік ретінде өздері жасай алмайтын
емес, жасауға қабілетті әрекеттер саналады;
-
әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейте түседі [3].
Инклюзивті білім берудің қағидалары мен құндылықтарын терең түсіну
және қабылдау Қазақстанның педагогтары қауымдастығы мен жалпы қоғамнан
тұжырымдарды және мінез-құлық рөлдерін едәуір қайта бағалау үшін белгілі
бір уақыт пен күшті талап етеді.
Еліміздің арнайы мектептерінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың
13,9%-ы оқиды (Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңестің мәліметтері бойынша). Қарастырылып отырған
балалардың көпшілігі
табысты түрде білім алуға қажетті жағдайлар жасалмаған жалпы білім беру
жүйесіне қосылған. Құрамына мүмкіндіктері шектеулі балалар енген жалпы
білім беру мектептерінде арнайы мектептердегідей қолдау түрлеріне барлығын
ұйымдастыру қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасау
тәжірибесі арнайы білім беру жүйесінен жалпы білім беру жүйесіне өткені
дұрыс. Бұл жұмыс елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бағыттарының
бірі болуы тиіс. Ол әдетте бөлек қызмет етіп жүрген арнайы және жалпы білім
беру жүйелерінің жақындасуын, жалпы білім беру жүйесінің
педагогтары мен
дефектологтардың ынтымақтастығы, арнайы білім беру ұйымдарына жалпы
білім беру жүйесінде инклюзивті үдерістерді дамыту бойынша ресурс
орталықтарының қызметін жүктеу сияқты жағдайларды белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: