Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы


ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет7/37
Дата25.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#44039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
1638940762302 (3)

 
ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ 
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін 
мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, 
икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу 
жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру 
мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі 
калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету. 
Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін 
кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім 
беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық 
немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы 
ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді. 
Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу 
үшін бір-қатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар: 

калған есту қабілетін дамыту және қалдык естуін пайдалануға үйрету; 

сөйлеуші адамның сөзін ерін кимылы аркылы сөйлеу тілін кабылдауға 
үйрету; 

түзетушілік 
гпедагогикалық 
қолдау 
көрсету 
арқылы 
бұрын 
қалыптасқан сөздік қорын жоғалтпауын қадағалау; 

дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету. 
Баланың есту, көру, қозғалыс, т.б даму мүмкіндіктерінің шектеулігі 
сапалы сипатта екенін ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу 
толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажет 
етеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламасын меңгеруімен тоқтамай, жеке 
өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған 
ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым- қатынас 
жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-қүлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру 
және болашақ өмірге деген позигивті көз қарасын қалыптастырады. 
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан 
арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім 
беру жағдайлары: 

арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, соның ішінде 
жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары. 
Арнайы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 
психологиялық-медициналық-педагогтік-консультациялар ұсыныстарын ескере 


14 
отырып айқындалатын психикалық және дене кемістіктерін, сонымен катар 
танымдық мүмкіндіктерін ескереді. Ұзақ уақыт бойы емделуді қажет ететін 
адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен 
жасөсірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзету оқу бағдарламалары 
әзірленеді және енгізіледі; 

әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету 
құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану аркылы түзетушілік- 
педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру; 

толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету; 

түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін 
талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және 
арнайы психологтардың психологиялық колдау көрсетуі; психологиялық, 
медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. 
Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндікгеріне сәйкес және білім 
алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін 
меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу 
бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі 
білім беру деңгейлерін қамтиды: 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 

бастауыш білім беру; 

негізгі орта білім беру; 

орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім 
беру); 

орта білімнен кейінгі білім беру; 

жоғары білім беру; 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 
Ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау 
көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере 
алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтін, көрмейтін, нашар көретін және тірек-
қимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар 
тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу 
орнында оқи алады. 
Арнайы білім беру мазмұнын жетілдірудің негізгі жолы қазіргі 
психологикалық және педагогикалық, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді 
тиімді пайдалану. Олар оқушылардың дене және психикалық дамуының зор 
мүмкіндіктерін, оларды түзетіп, дамытуды жүзеге асырудың жолдарын 
көрсетеді. 
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады: 

оқытудың түзету-дамыту бағыты; 

оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы 
тиіс, 

оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық 
ерекшеліктерін ескеру; 


15 

оқытудың ғылымилығы; 

оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып 
орналасуы; 

білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы; 

оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз 
ету; 

білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу
көптүрлі нұсқаларын ұсыну (мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар 
үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға 
бөлек). 
Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі 
олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен 
оқулықтар. 
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы 
кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол 
денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік 
стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта 
білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол 
көрсеткіштер келесідей, коғамның аталмыш тұлғаларға кажетті білім деңгейі 
туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынайы сол білім деңгейін 
меңгеру мүмкіндіктерін ескереді. 
Арнайы білім беру стандарты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар 
тұлғалардың барлық топтарына ортақ жалпы білім беру деңгейіне, түзету- 
дамыту жұмысына, сауықтыру және кәсіби еңбекке даярлауға деген талаптарын 
белгілейді. Стандарт талаптарын әзірлеуде мүмкіндіктері шектеулі түлғалардың 
барлығына тән даму кемістіктер есепке алынады. Мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың барлығына ортақ кемістіктер: 

қабылдаудың баяу және шектеулі сипаты; 

тірек-қимыл-қозғалысындағы кемістіктер; 

сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар; 

ойлау процесіндегі кемістіктер; 

таным әрекетінің жетілмеуі; 

қоршаған орта мен тұлғаралық қарым-қатынастар туралы түсініктердің 
толық жетілмеуі; 

жеке дара тұлғалық дамуындағы кемістіктер (сенімсіздік, қоршаған 
адамдарға себепсіз тәуелдену, өзімшіл болу, өз әрекетіне барабар баға бере 
алмауы, тәртіп сақтай алмауы т.б.). 
Аталмыш кемістіктерді жою, түзету үшін білім мазмұнына өзгерістер 
енгізіледі. Сонымен бірге оқу пәндердің құрамы да өзгертілуі мүмкін, мысалы, 
оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру үшін арнайы 
пропедевтикалық оқу кезеңі енгізіледі. Ал зиятында ауытқушылықтары бар 
балалар үшін білім беру мазмұны жалпы жеңілдетіледі. 


16 
Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің 
енгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептің жалпы мектептен айырмашылығын 
нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау 
сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша 
сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сиякты сабақтарды 
арнайы педагогтар өткізеді. 
Арнайы білім беру мазмұны математика, ана тілі, табиғаттану, әдебиет 
және өнерден оқушыларға ғылыми білімдерін қамтиды. Бұл білімдер берік 
игерілуі керек. 
Оқу жоспары білім беру органдары, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің 
міндетті түрде орындайтын, білім беру министрлігі оқыту деңгейіне сәйкес оқу 
пәндерінің тізімін, көлемін, оларды оқу ретін және бақылау жолын бекітетін 
мемлекеттік кұжат. 
Оқу жоспары жалпы орта білім беру кұрылымына сәйкес келеді және әр 
сыныпта оқылатын пәндердің санын анықтайды. Оқу жоспарында пәндер оқу 
жылдарына байланысты орналасады. 
Пәндерді оқу реті оқушылардың танымдық мүмкіндігін, үйлесімділікті 
сақтауды, оқу пәндерінің өзара байланысын есепке алып, оқу пәндерінің 
мазмұнын жүйелі меңгеруді қамтамасыз етеді. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау