Филология 2,10. indd



жүктеу 47,35 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.02.2018
өлшемі47,35 Kb.
#10761


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

25

текстов, формы коммуникации текста, функциональные стили, 

жанровые особенности. 

Resume

In clause the text tasks of a various stylistic orientation and their 

features are considered. The types of the text, in particular, distinction of 

an oral and written kind of the texts, form of the communications of the 

text, functional styles, genre features are analyzed.

ƏӨЖ 81,38



МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Л.П. Ақтанова

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты 

белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді 

ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз 

байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік 

құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді [1,73].

Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа 

қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне 

бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда 

мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың 

мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; 

лексико-грамматикалық  материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің 

қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық 

шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы 

мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және 

жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады.  Сондықтан, 

тілді оқытып, үйретудің  кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның 

құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп 

тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның 

ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты [2,126].

Әрбір тақырыптық мәтіндердің соңында сөздік материалы берілуі 

тиіс. Және де бұл сөздер талданып, магистранттардың арнайы дәптерлеріне 

жазылуы қажет. Қандай мәтін болса да, алдымен оның мазмұнын түсіну 



Вестник ПГУ №2, 2010

26

қажет. Сөздің мағынасын түсіну магистранттардың алдында игерген білім 

көлеміне байланысты. Сөздің нақты мағынасын сөйлем контекстінде ғана 

байқауға болады. Себебі жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем 

ішінде кейде басқа мағына береді. Сөз мағынасының бұлай өзгеруі оның 

сөйлемдегі тұрған орнына байланысты. Сонымен қатар,  сөз өзінің бастапқы 

мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылуы мүмкін. 

Мәтінді таңдау барысында көптеген оқытушылардың мәтіннің 

тақырыптық мазмұнына көңілді көбірек аударып, өз мойнына пән 

оқытушысының міндетін алып кететін жағдайлары да кездеседі. Мұндай 

жағдайда, пән бойынша тақырыпты жан-жақты талдап беретін екінші 

оқытушының рөліне еніп кетуі мүмкін. 

Мәселен, әр мәтіндердің түріне байланысты («Қазақстан экономикасы», 

«Қылмыс», «Қазақстандағы саясат» деген мәтіндерді оқығанда біздің 

мақсатымыз «Экономика дегеніміз не ? Оның даму тарихы қандай ?» 

«Қылмыс деген не? Қылмыстың қандай түрлері бар ? Қылмыстық кодекс 

бойынша қандай жазалар белгіленген?» «Ішкі саясат ұғымы» деген сұрақтарға 

жауап іздеу емес, «Экономика», «Қылмыс» т.б.) тақырыптар бойынша 

коммуникативті жаттығулар көмегімен магистранттың ойын логикалық 

жүйелеу арқылы сөйлету. 

Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқытушы алдына төмендегідей 

мақсаттар қойғаны дұрыс.:

- Магистрантты берілген мәтіндер бойынша қазақша тілдесуге үйрету. 

- Тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі ситуациялар құру арқылы тілдік 

қатынастың қажеттілігін арттыру. 

- Дұрыс сөйлеу, жазу нормаларын үйрету. 

Мәтіндер ғылыми тұрғыда сұрыпталынып алынады. Мәтінмен 

жүргізілетін жұмысты мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады: 

1) мәтінмен жұмыстың алдыңғы кезеңі; 

2) мәтінмен жұмыс кезеңі; 

3) мәтін соңындағы жұмыс кезеңі. 

Бірінші кезең бойынша, мәтінді оқығанға дейін, мәтінге байланысты 

немесе басқаша логикалық сұрақтар берілуі арқылы жасалады.

Мәтінді оқымай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою 

дұрыс емес. Тыңдарманның алдында сабақтарына байланысты мәтін жатуы 

қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, 

оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз 

тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, 

айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көмегі тиеді. 

Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны 

дұрыс. Өткен сабақта берілген сөздерді қатыстырып, байланыстырып отыру 

керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады. 




серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

27

Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы 

мен құрылымын трансформациялау жаттығулары орындалады. Сондай-

ақ мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру 

жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындауға болады. Мәтінмен жұмыс кезеңі 

былайша ұйымдастырылады: 

- шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап 

салыстыру;

- мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну;

- мәтінге тақырып беру;

- мәтінді тақырыпшаларға бөлу;

- мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау; 

- мәтінге жоспар жасап, ол бойынша тараушаларды анықтау;

- мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу; 

- жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу;

- мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру;

Осы әдіс-тәсілдердің бәрі оқыған мәтіннің мағынасын магистранттар 

толық түсінуіне арналған жұмыстар. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз 

не? Жалпы алғанда, магистранттар мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі 

өз мамандығына байланысты жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер 

түсінікті болса, тұтас мәтін де түсінікті болады деген жалпы пайымдау. Мәтінде 

әр түрлі (бейімделген, бейімделмеген) болады. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы 

кейде мәтін контекстіндегі мағынасымен бір бола бермейтінін жоғарыда айтып 

кеткенбіз. Сондықтан мәтіндегі ойды түсіну үшін онда берілген сөздердің тура 

мағынасымен қатар ауыспалы мағынасын да білу қажет [3,45 ].

Келесі мәтін соңынан жүргізілетін жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтін 

мазмұнының негізгі элементтерін, танымдық құндылығын айқындауға, 

мәтінге түсініктеме беруді үйретуге (интерпретация) бағытталған жұмыстар 

жүргізіледі. Мәтінде берілген мамандығына байланысты мәліметті 

магистранттар болашаққа қызмет барысында қолдануы тиіс. Тілді оқытып  

үйрету талабы да – осы. Сондықтан бұл жаттығулар мәтінмен жұмыс 

барысында меңгерген кәсіби тілдік құрылымдарды тілдік құрылымдарды 

тілдік қатынаста магистранттардың еркін қолдану дағдысын қалыптастыруға 

бағытталады. 

Бірақ мәтінмен жұмыс осы кезеңдермен шектеліп қалмайды. Ол тілді 

оқытып үйретудің басқа тәсілдерімен бірлікте, тығыз байланыста ұштастыра 

жүргізілуі тиіс. 

Мәтінді меңгертуде осындай амал-тәсілдерді қолданғанда тиімділігін 

байқау қиын емес. Мұндай жағдайда магистранттарға төл сөздерімізді 

дұрыс айтуға дағдыландыру, сөздік қорын дамыту, сөздікпен жұмыс арқылы 

есте сақтау қабілетін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі 

сұрақ-жауап жұмыстары арқылы тілін дамыту мәнерлеп оқытуды үйрету, 




Вестник ПГУ №2, 2010

28

т.б.көптеген мәселелерді қамтимыз.  Ерекше дыбыстар кездесетін сөздерден 

бастап үйретіп, біртіндеп күрделендіріп отыру принципі туып отыр. Мәтіндегі 

жаңа сөздерді жекелеп үйрету арқылы, оны дұрыс дыбыстау арқылы 

магистранттардың сөздік қорын дамытамыз. Неғұрлым көп сөз білсе соғұрлым 

сөйлеу дағдысы тез қалыптасып, тіл байлығы арта түседі. Сондықтан мәтінді 

меңгертуде жаңа сөздерді, сөз тіркесін алдын ала беріп отырған жөн.[4,54].  

Магистранттардың мәтін мазмұнын толық түсінуге сөздік жұмысының еш 

кедергісі болмайды. Яғни мәтінді меңгертуде сөздікпен жұмыс істеуге сол 

арқылы сөздік қорын молайтуға болатындығын ескергеніміз жөн. Сұраққа 

өзге ұлт өкілдерінен жауап алу күрделі мәселе. Сондықтан ол біртіндеп, 

қысқа-қысқа сұрақтарға жауап алу арқылы үйретіледі. 

Тыңдаушыларға мәтінді оқыту барысында қолданылатын 

тапсырмалардың түрлерімен танысып кетсек.

1.Мәтіннің тақырыптарына қарап, мәтіннің негізгі мазмұнын бағдарлау 

бағытындағы тапсырма:

- Тақырыпты оқып шығып, мәтіннің негізгі мағынасы не туралы екенін 

айтыңыздар.

- Мәтіндегі оқиғаның қалай өрбитінін болжаңыздар. 

- Тақырыптың аты мәтін мазмұнын бере ала ма деген сұрақтар 

төңірегінде өз ойларыңызды білдіріңіздер. 

2. Мәтіннің мағыналық жағын ашатын негізгі сөздерді, сөз тіркестерін, 

т.б. бөліп көрсету мақсатындағы тапсырма:

- Мәтінді оқып шығып, ерекше көрсетілген сөздерге назар аударыңыздар. 

Ол сөздер сіздерге мәтін не туралы айтылатындығын анықтауға 

көмектеседі. 

- Бөліп көрсетілген сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді оқыңыздар. 

Мәтіндегі қамтылатын негізгі мәселелерді анықтаңыздар. 

3. Мәтінді санаулы уақыт аралығында игеру мақсатында жүргізілетін 

тапсырма:

- «...» атты мәтінді ... минутта оқыңыздар. Мәтіннің негізгі мазмұнын 

түсінуге тырысыңыздар. 

- Мәтінді уақытты үнемдей отырып, шапшаң оқып шығыңыздар. 

- Мәтінде не туралы айтылғандығын 2-3 атаулы сөйлем арқылы 

білдіріңіздер. 

Мәтінді игергеннен кейінгі кезеңнің алдына қойған міндеті – мәтін 

мазмұнын толықтай игеру. 

Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну мақсатындағы тапсырма:

Сұрақтарды оқыңыздар. Қойылған сұрақтарға «Иә» не «Жоқ» деген бір 

ауыз сөзбен жауап қайтарыңыздар. 1... 2... 3...

- Мәтінді қарай отырып, мәтін ішінде қойылған сұрақтарға жауап 

беретін үзінділерді дауыстап оқыңыздар. 1... 2... 3...




серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

29

- Мәтінді өздеріңіз іштей бір рет оқыңыздар. Мәтін не туралы 

айтылатындығын бір сөйлеммен жеткізіңіздер.

- Берілген сөйлемдерді оқыңыздар. Бұл сөйлемдердің қайсысы мәтіннің 

негізгі мазмұынын айқындайтынын айтыңыздар. 

- Мәтіннің бірінші бөлігін  ... минутта оқыңыздар және бұл абзацта 

қандай ақпарат айтылатынын анықтаңыздар. 

- Мәтінді ... уақыт аралығында іштей оқыңыздар.

4. Мәтіндегі фактілік мазмұндағы оқиғаларды түсіну мақсатындағы  

тапсырма.

- Мәтіннен ... туралы айтылатын сөйлемдерді табыңыздар. Мәтінде ол 

туралы не себепті айтылған және қалай? 

- Мәтіндегі оқиғаларды мазмұндау логикасына назар аударыңыздар. 

- «...» тақырыптағы мәтіннің жоспарын оқыңыздар. Жоспар мәтін 

мазмұнын толық көлемде бере ала ма деген сұрақтар төңірегінде ой 

жүргіңіздер. 

- Мәтінді өздіктеріңізден дауыстап оқыңыздар. Мәтіндегі басты 

ақпараттарды беретін негізгі сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтап, 

жазып алыңыздар. 

- Мәтін жоспарымен танысыңыздар. Мәтінді оқи отырып, мәтіндегі 

оқиғалардың өрбу желісімен жоспар тармақтарын айқындаңыздар. 

5. Алынған ақпаратты мағыналық өңдеу мақсатындағы тапсырма: 

- Көркем мәтіндегі сөйлемдерді оқыңыздар. 1... 2... 3... Бұл сөйлемдердің 

әрқайсысында эмоционалды көңіл-күй қалай берілетіндігін айтыңыздар.

- Мәтіндегі ақпараттарды жеткізуде маңызды рөл атқаратын сөздерді 

көшіріп жазыңыз: 1/...туралы; 2/...туралы; 3/...туралы;

- Мәтінді оқыңыздар. Бөліп көрсетілген сөздерге, сөз тіркестеріне, 

сөйлемдерге назар аударыңыздар. Автор кейіпкерлерін қалай атайды? 

Қандай сөздермен оқиға болған жерді суреттейді? Табиғат құбылыстарын 

қалай бейнелейді?

- Сіздер өз сөздеріңізбен мәтіннің көркемдік – идеялық мазмұнын қалай 

жеткізер едіңіздер?   

6. Мәтін мазмұнын сөйлеу актілері арқылы сыртқа шығару мақсатындағы 

тапсырма:

- Мәтіндегі басты оқиғаларды тезис немесе атаулы сөйлем түрінде 

жазыңыздар. 

- Өздерің оқыған мәтіндер арқылы «...» тақырыпта жарыс сөз 

ұйымдастырыңыздар. 

- Мәтінді оқыңыздар. Мәтіннен алынған ақпаратты пайдалана отырып, 

«...» тақырыпта хабарлама жасаңыздар. 

- Өздерңіз оқыған мәтіннің мазмұнын баяндама, хабарлама түрінде 

жеткізіңіздер. 




Вестник ПГУ №2, 2010

30

- Оқыған мәтіннің мазмұны туралы не айта аласыздар?

- Оқыған мәтіндер сізге қандай әсер қалдырды? т.б.

Қорыта келгенде айтарымыз, әр мәтіннің мазмұнын ашатын 

түрлі тапсырмалар (тілді үйренушінің сөздік қорын байыту, стильдік 

ерекшеліктерді білу, сөзді дұрыс қолдана білу, ресми сөйлеу және жаза 

білу т.б.) мәтіннің соңындағы сөздікте сөздің жалаң өзін ғана бермей, оны 

өзі тіркесетін сөздерімен қатысты, сөйлемдегі қолданысқа дайын күйінде 

берілетін тапсырмалар үйренушілердің сөздердің байланысын дұрыс 

аңғаруына, дайын үлгілерді жиі пайдалану нәтижесінде сауатты сөйлей және 

жаза білуіне мәтіндерді оқытудың орны ерекше деп атап өтуге болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Т.М. Әбдікәрімова. Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін 

құраудың теориясы. - Павлодар, 2007: - 73 б.

2. А. Жапбаров. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-

әдістемелік негіздері. - Алматы, 2007: - 120б.

3. З.С. Күзекова. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының 

лингвистикалық негіздері. - Алматы, 2005: - 45б.

4. Г.Т. Бейсенбекова. Оқылым процессі: Теориясы мен әдістемесі. - 

Алматы, 2003: - 54б.



Резюме

В статье исследуется методика работы с текстом.

Рассматриваются цели и задачи, преследуемые при работе с текстом 

и анализируются различные виды текстовых заданий.

Resume

Methods of the work are researched In article with text. They are 

considered purposes and problems persecuted when work with text and 

are analyzed different types of the text tasks.

жүктеу 47,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау