Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің
2014 жылғы жұмысы туралы ақпарат
Ауданымызда 46 мектеп бар. Оның ішінде - 28 орта, 15 негізгі орта, 3 бастауыш мектеп. 5 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары бар: 2 музыка мектебі (Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында), Үлкен Нарында орналасқан 1 шығармашылық үйі, Катонқарағай ауылындағы 1 жас туристер бекеті және 1 БЖСМ. Үлкен Нарын ауылындағы музыка мектебінде 125, Катонқарағай ауылындағы музыка мектебінде 65, балалар - жасөспірім спорт мектебінде 686, жас туристер бекетінде 105, ал шығармашылық үйінде 450 бала қамтылған.
46 мектепке дейінгі ұйымдар бар. Оның ішінде 10 балабақша (781 бала), 34 мектеп жанындағы шағын орталықтар (822 бала) бар. Балабақшаға кезекте тұрған балалар жоқ. Мектепке дейінгі білім беру 100% қамтылған.
Аршаты орта мектебіндегі сомасы 35млн. 489 мың теңге көлеміндегі қосалқы ғимарат құрылысы аяқталды, Сенное негізгі орта мектебіне 35млн 118 мың теңге, Аршаты орта мектебіне 77 млн. 801 мың теңгеге спорт залдары салынды. Ағымдағы жылы аудан орталығында 500 орындық қазақ тілінде оқытатын Қ.Дамитов атындағы орта мектеп құрылысы басталды.
Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – шағын кешенді мектептер санының өсуі. Осындай жағдай біздің ауданымызда да қалыптасқан. Өткен жылы аудандағы 46 мектептің 41-і, яғни 89%-ы шағын кешенді мектеп.
Сапалы мектептік білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін шешу жолының бірі - оқушыларды білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру болып табылады. 4 мектепке бекітілген 2 автобус (Қ.Дамитов атындағы орта мектебі, Рыков атындағы орта мектебі), 4 микроавтобуспен (Новополяковка Белқарағай, Ново-Хайрузовка, Чернова орта мектептері ) 493 оқушы тасымалданады.
Ауданда 3 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді, оның ішінде Ақсу орта мектебінде 20 орындық, Жамбыл орта мектебінде 40 орындық, Ленин атындағы орта мектепте (Катон) 50 орындық. Интернат санитарлық-гигиеналық талаптарға сай төсек-орын, жиһаздармен жабдықталған. Жергілікті бюджеттен 4 уақыт тамақтану ұйымдастырылған.
2014-2015 оқу жылында аудандағы 45 мектепте 1-11-сыныптардағы барлығы 3950 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Соның 1-4 сыныптарындағы 1473 оқушы, аз қамтылған, көп балалы, жайсыз жанұяның, жетім және ата-анасынан айрылған – 356 бала, барлығы 1829 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Осы шараларды ұйымдастыруға 2014 жылы аудандық бюджеттен 51 млн 319 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 6 млн 927мың теңге қапталған бал алу үшін бөлінді.
Оқушылардың ас мәзіріне әр балаға күнделікті қапталған 1-4-сынып оқушыларына 10 грамм, 5-11-сыныптағы тегін тамақтандырылатын аз қамтылған отбасылардың балаларына 20 граммнан бал беріліп отыр.
Білім сапасын сырттай бағалаудың қазіргі тетігі – мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруы. Аудан бойынша ҰБТ тапсыруға өтініш берген 197 оқушының 195-і (61,51%) тестілеуге қатысты. Катонқарағай ауданы бойынша орта балл 75,7, 2013 жылмен салыстырғанда 2,9 балға көтерілді. 2 оқушы: Қ.Дамитов атындағы орта мектептің оқушысы Айкебаева Арайлым Рашидқызы, Үлкен Нарын ауылдық лицейінің түлегі Құнанбаев Азат Ризабекұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №172 бұйрығы" Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары мен қатысушыларының тізімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес босатылды.
«Алтын белгі» белгісіне үміткер 10 оқушының 7-уі (70%) өз білімдерін дәледеді. 2014-2015 оқу жылында 221 оқушы 11-сыныпта оқиды, қазіргі уақытта ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сынама тесттер өткізіліп, нәтижесі педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналыстарында қаралады. Психологтар түлектермен жұмыс жасап отырады.
Қазіргі уақытта ауданның білім беру ұйымдарында барлығы 837 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 689 жоғары, 139 арнаулы орта, 9 жалпы арнаулы орта білімді. 124 жоғары санатты, 264 бірінші санатты, 246 екінші санатты және 202 санаты жоқ мұғалімдер. Ағымдағы жылы ұстаздар ұжымы 20 жас маманмен толықты.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ойлау өрісі дамыған, сонымен қатар, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан интеллектуалды ұлтты қалыптастыру болып табылады. Келер ұрпақты патриоттық сезімге, туған елін, жерін қорғауға тәрбилеп өсіру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Әскери Даңқ бұрыштарын, бөлмелерін, мұражайларын қайта қалпына келтіру, ескерткіштердің маңайын тазалау, көгалдандыру, көркейту жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 70 жылдығына орай осы жұмыстар жалғастырылады.
Аудан бойынша жалпыға бірдей білім беретін мектептердің 1-10 сыныптарда барлығы 3901 оқушы бар, соның ішінен 3889-ы жазғы сауықтыру демалыс лагерлерінде қамтылды. Бұл жалпы алғанда 99,7% құрайды.
1- шілдеден бастап «Сұңқар» сауықтыру орталығында үш ауысымда 60 оқушыдан барлығы жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 180 балаға жолдамалар алуға жалпыға бірдей орта білім беру қорынан 3 млн 518 мың тенге және А.Матросов атындағы лагерге 23 балаға 974 мың тенге бөлінді. Аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан бөлінген 408 мың тенге 12 оқушы демалып қайтты.
Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктерін және денсаулығын ескере отырып, таза ауада қоғамдық жұмыспен белсенді демалысын сәйкестендіріп ұйымдастырды. Мектеп жанындағы лагерьде тамақпен қамтамасыз ететін 30 мектепте 460 бала қамтылып, оған жалпы оқу қорынан 1млн 082 мың тенге бөлінді. 30 мектепте 460 оқушы тамақсыз күндізгі лагерьде демалады, ал 440 оқушы 420 мың тенгенің көлемінде демеушілер тарапынан тамақтандырылды. Мектеп жанындағы лагерьлерді Қ.Дамитов, Ленин (Ү), Рыков, Новоберезовка, Өрел, Аксу, Топкайын, Малонарымка, Жамбыл, Солоновка орта мектептері ұйымдастырды, және ауданымыздың белгілі азаматтармен кездесулер, мерекелік іс-шаралар өткізілді. «Жас туристер бекеті» ұйымдастыруымен шатырлы лагерде 225 оқушы дем алды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалыс уақытын қызықты өткізу мақсатында әр түрлі іс-шаралар және бір күндік, көп күндік жорықтар ұйымдастырылды. Жоспар бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала «Сұңқар» лагеріне, 7 бала А.Матросов атындағы лагерьге, 10 бала «Бөбек» сауықтыру орталығына демалды, 15 бала Астана қаласына туристік сапарға, 7 бала Семей қаласындағы тарихи жерлерді аралап қайтты, облыс басшысының тапсырмасымен 7 бала Өскемен қаласының көрікті жерлерін, соның ішінде этно ауылды аралап қайтты.Жазғы демалыс лагерімен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың барлығы қамтамасыз етілді.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 50 оқушы ауланы көгалдандыру мен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына тартылып, 1 млн 200тенге ақшалай еңбекақы алды.
31 мектеп орманшылығында 312 оқушы, мектеп жанындағы үлескідегі көгалдандыру бригадаларында 568 оқушы, барлығы 2294 оқушы қамтылды. Олар «Жас биолог» үйірмесіне қатысып, шағын зерттеу жұмыстарымен айналысты. Аудан оқушылары «Мың бала» жобасына қатысты. Ақсу орта мектептерінде көктемгі –жазғы мезгілдерде дәрілік шөптерді жинаумен және зерттеумен айналысып және одан ары қарай өңдеуге Ақсу ауылындағы ЖШС «Ақсу ДЭН» фармацевтикалық зауатына жіберілді.
Оқушыларды салауатты өмір салтына, патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, танымдылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беретін орындарға туристік жорықтар мен саяхат жасау маңызды болып табылады. Бір күндік жорыққа 2030 оқушы, көп күндік жорыққа 1770 оқушылар қатысты, аудан бойынша барлығы 3800 оқушы көп күндік жорыққа «Рахман қайнарына» 540, «Берел корғанына» 670, «О.Бөкей» мұражайына 420 оқушы барып қайтты. Абай ауданының Жидебай ауылына 60 оқушы жазғы демалыста демалып қайты, Өскемен қаласына облыстық сәулет- этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай қорығына 80 оқушы туристік жорықтарға барды. «Жас турист бекеті» мамандары Өскемен, Күршім,Зырян,Семей аудандарымен байланыса отырып, оқушылар мен жастарға топтық саяхаттар ұйымдастырды. Ауылдық лицей мектебінен Италия еліне «Дарын» орталығы арқылы аз қамтылған отбасынан 1 оқушы дем алды.
Астана қаласына туристік жорыққа жолдамамен 127 оқушы барды. Жазғы демалыста мектеп жанындағы үлескісінде 2481 оқушы бақылау жүргізіп, 64,07 гектар жерге картоп пен көкөніс отырғызды. Шыққан өнімдер мектеп асханаларына тапсырылды.
Жазғы уақытта аудан мектептерінде «Жас қалам», «Шебер қолдар», «Домбыра», «Алтын оймақ», «Жасыл дәріхана», «Қуыршақ театры» үйірмелер мен спорт секциялары ұйымдастырылды.
Оқушылардың сауықтыруы мен жазғы демалысын ұйымдастыруға барлығы жалпыға бірдей орта білім беру қорынан 6 млн 897 мың тенге, демеушілер және ата-аналар көмегімен 2 млн 800 мың тенге, 408мың тенге кәсіподақ ұйымынан бөлінді. Оқушылардың жазғы уақыттағы денсаулық жағдайын жақсарту мен демалуына 10 млн 105 мың тенге жұмсалды.
Достарыңызбен бөлісу: |