45
қиын балалардың пайда болу себептері;
олардың ерекшеліктері;
әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету;
қиын балаларды тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогикалық тұрғыда отбасы
және мектептің өзара байланысын арттыру;
құқық бұзушы балаларға профилактикалық жіне диагностикалық көмек;
қиын баланы қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс жүзіне
асыру;
Жұмыстың нысаны:
қиын балалар және олардың әлеуметтік ортасы;
қиын бала мәселесін ғылыми методологиялық тұрғыда зерттеу.
Осы орайда қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жүргізетін жұмысы
мынадай болмақ. Яғни: Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын
айқындау,
оның
ішіндегі
адамгершілік
типтегі
қасиетін
іріктеп
алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде
тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын
қалыптастыруды
ұйымдастыру.
3)Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап
– тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым –
қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны
туғызатын әрекеттерді жою.Әңгімелесу оқу – тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал.
Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда
мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді
[3].
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет.
Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, баланың бейім қабілетіне, мінез –
құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын
балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың көшедегі жолдастарымен
жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іске асырудың бірнеше жолы бар. Соның бірі
тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, сондай–ақ ата- ана, мектеп
инспекторы қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшедегі жолдастарының теріс
ықпалдарынан бөліп әкету қажет
[4].
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде
моральдық тұрғыдан әсер ету керек.. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін,
тәртіпсіздігін т.б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл
әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсінеді, өзін - өзі тәрбиелейді. Мектептегі
нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген
қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар,
сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Бұл шараларды жүргізіп жатқан
Әлеуметтік педагог тек бірінші тараптың мәселесімен шектеліп қана қоймай, онымен
қоса екінші тараппен де әлеуметтік педагогикалық-психологиялық шараларды немесе
тренингтерді қатар алып жүруге мәжбүр. Екі тарапты араластырып іс жүргізгенде ғана
жұмыс өз жемісін бермек. Демек, осы орайда, екінші тарап ата-аналармен жұмыстың
өзектілігіне тоқталсақ. Жасөспірімнің мінез-құлқы - отбасындағы қарым-қатынас
қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы
өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Сынып жетекшісі әрбір отбасы ерекшелігіне
байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін сәтсіз отбасының пайда болу
46
себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес
түрге бөлуге болады [5].
1.Толық емес отбасы.
2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.
3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын
отбасы.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кез десетін отбасы.
Бұл отбасылармен іс жүргізу әдістемесі де отбасы құндылықтарына сәкес өңін
ауыстырып отыруы қажет. Бұл назарда әлеуметтік педагогтың тың тәжірибелілігі және
ұқыптылығы маңызыды рөлге ие. Жоғарыда айтылған бес отбасыны назарға ала
отырып, жүргізілетін жұмыс қарқыны әр отбасының моральдық тыныс -тіршілігіне
қарама қайшы болмауына да баса назар аудару қажет. Қиын балалары бар
отбасылардың ата-аналарына мынадай әлеуметтік педагог мынадай жұмыстарды
жүргізеді:
1.Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек.
2.Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала
тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру.
3. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі,
педагогикалық іс-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен
өзара қарым-қатынасын өзгертеді
[6].
Сөз соңында, тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін
басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы
маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды.
Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді.
Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып
жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан
жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің
балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қалады. «Не ексең, соны
орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани
қажеттілікті толықтыру керек деп ойлаймын. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде
айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен
байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс
істегенде
ғана
жұмысымыз
тиімді
болатынына
еш
күмәнім
жоқ.
Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды
тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады
және ол бәрімізге ортақ мүдде деп есептеймін.
Қолданылған әдебиеттер:
1.http://www.akorda.kz/kz/addresses
Жолдау 2018
2.Ғ. Сапарова. «Қиын» бала деп қырын қарамау керек. //Мектептегі психология. Шымкент.,№ 4.,
2009.
3.Усманова «Трудный подросток» Алматы – 1996 г
4.Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры» //Ұлағат 2000ж.№2
5.Серкебаев Қ. «Қиын» балаларға көмек» //Ұлағат 2005 ж. №4-5
6.Ахметжанова «Мінез-құлқы қиын балалар» // Ұлағат 2001 ж. №1
Достарыңызбен бөлісу: |