43
төмен көп балалы отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды
ұйымдастыруда және осы аурудың алдын-алуда келесі мәселелерді бөлуге
болады:
- Біріншіден, ата-аналардың педагогикалық төлем қабілетсіздігінің алдын алу жүйесі
қазіргі кезде жұмыс істемейді. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуге жастарды дайындау
жүйесі жоқ;
- Екіншіден, ол осындай балалардың әлеуметтік жетімдік, зорлық-зомбылық,
қадағалаусыз және панасыз қалуының ретінде ең девиантты нысандарын қабылдайды,
егер -екіншіден, әдетте, әлеуметтік тәжірибеде ата-аналар педагогикалық
жеткіліксіздігі және т.б., сарапшылар назарының объектісі болып саналады. Біз
балаларды тәрбиелеу, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етілген отбасыларда тәрбиелеу
мәселелерін талқыламаймыз [3].
Алайда, бүгінгі күні әлеуметтік педагогикада осы мәселені шешудің бірқатар
жетістіктері бар. Практикалық әлеуметтік-педагогикалық жұмыста проблемалық
отбасылармен жағдайға байланысты педагогикалық әдістердің толық арсеналы
қолданылады. Бұл әлеуметтік тәжірибеде ата-аналардың педагогикалық төлем
қабілетсіздігінің проблемасын шешуге деген қажеттілік туралы хабардар екендігін
көрсетеді.
Біздің зерттеуіміз бойынша, отбасының көп балалы отбасыларын ата-аналарды
тәрбиелеу мәселелерінде білікті көмекпен қамтамасыз ету қажет, демек, заманауи
жағдайларда отбасына балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік
отбасылық саясат қажет деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
http://www.akorda.kz/kz/addresses
Жолдау 2018.
2. Вертанянина Л.Ф. Көпбалалы отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. // SOS-ның
әлеуметтік оқытушысы. -2012ж.
3. Мустаева Ф.А. Әлеуметтік педагогтың отбасымен кәсіби байланысының ерекшеліктері //
Әлеуметтік мәселелерді қазіргі заманғы зерттеу. – 2015. -№5
УДК 37.035
«ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН» ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Достемес Ұ.Б.
(«Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» мамандығының 4 курс студенті)
Черниязова А.Ж
(СҚМУ-дың «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы)
Қазіргі XXI ғасырда қиын балалар мәселесі өрбіп, өршіп келеді. Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан
болсын. Сол себепті біз әуелі өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Кейбір тәрбиесі, мәдениеті
өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр
садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді.
Сонда оның тағдыры,болашағы қандай болмақ. Тәрбие отбасынан басталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа
бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының
жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін
қоғам құрамыз», деген
[1].
Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты
44
тәрбиелей білуіміз керектігі. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші
отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты
ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке
тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап тастанды қатарын көбейтіп
жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Мен осы орайда, өзім
болашақта әлеуметтік ұстаз болғандықтан “Қиын балалармен” және олардың ата-
аналарымен әлеуметтік педагог жұмысының ерекшеліктері мәселесін қарастыруды жөн
көрдім. Мәселенің өзектілігі – қазіргі таңда мемлекетімізде жас балалар және
жасөспірімдер арасында ұрлық, бұзықшылық, зорлық – зомбылықтың саны
артуда.Үлкендер жасөспірімдердің арасындағы тәрбиесі қиын балармен қалай жұмыс
істеу керектігі жайлы жан – жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің ғана емес, бүкіл
Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам
дертінің алдын алуымыз қажет.
Әль-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»,
дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым.
Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек
кездесетіні белгілі. Сонымен «Қиын балалар» дегеніміз кімдер? Бұл сұраққа былай
жауап беруге болады: Қиын балалар – мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды
талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар. Ағылшын психологы Хевитта
және
Дженкинс
қиын
балаларды
екі
үлкен
категорияға
бөлген:
1.
Әлеуметтік
формадағы
антиқоғамдық
мінез-құлқы
тән
балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың
жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған,
агрессивті,
қатыгез
әрі
кекшіл
балалар.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және
әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды. Ал И.А. Невский қиын
баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан
жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін
деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу
себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі
оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың
зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың
пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын
анықтады:
1)отбасының
әлеуметтік
және
экономикалық
жағдайы;
2)ата-ананың
баласына
немқұрайлы
қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлар есебінде осындай қиын
балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамымыздың алға басуына өз кесірін
тигізетіні де белгілі. Жоғарыда атап өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау
бүгінгі күннің қажетті және өзекті мәселесі болып табылады. Әлеуметтік педагогтың
екі тараптық жұмыс кезеңінен ұйымдастыра отырып әдіс ерекшеліктеріне тоқталайық.
Бірінші тарап қиын балалармен жұмыс, екінші тарап олардың ата-аналарымен жұмыс.
Сонымен, әлеуметтік педагогтың қиын балалармен ғылыми жұмыс ерекшеліктеріне
тоқтала кетейк. Бұл бүгінгі таңдағы өзекті және елеулі мәселелердің бірі де бірегейі.
Бұл ретте мен бастысы төменгі критерийлерді назарға алдым. Олар: Әлеуметтік педагог
жұмысының мақсаты: Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
[2].
.
Жұмыстың міндеттері:
Достарыңызбен бөлісу: |