Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет36/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81

113
 
Диоксиндер жəне басқа ПГК-тер өнімдерде, əсіресе майда 
жинақталуы мүмкін, кулинарлық əдіспен жəне жылумен өңдегенде 
уытты əсерін сақтап, бұзылмайды. ПГК үлкен қашықтықтарға орын 
ауыстыруы мүмкін болғандықтан, диоксин жəне диоксинге ұқсас 
қосылыстардың проблемасы ғаламдық сипатқа ие, оның шешімін 
табуға барлық елдер жұмылдырылуы тиіс. Диоксиндердің балалар 
ағзасына сүт жəне сүт өнімдері, соның ішінде ана сүтімен түсуіне жəне 
жинақталу қаупіне байланысты Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымы 
осы проблеманы шешу бойынша халықаралық бағдарлама əзірледі.
Қазіргі уақытта тағам өнімдері, ауа жəне ауыз суда диоксиндердің 
болуына рұқсат етілмейді. Бірақ бұл мақсатқа жету мүмкін емес, 
сондықтан көптеген дамыған елдерде əртүрлі бақылау жəне адам 
денсаулығы жəне қоршаған ортаны қорғау қызметтері адам ағзасына 
диоксиннің рұқсат етілетін нормасын, сонымен қатар олардың 
əртүрлі ортадағы мөлшерінің РЕШК-сын немесе деңгейін бекіткен 
(ауа, су, топырақ жəне т.б.).
БДСҰ-ның ұсынымдарына сəйкес адам үшін диоксиннің РЕТД-
сы 10 нг/кг-ды құрайды.
3.4.3. Тағам өнімдері жəне қоршаған орта объектілеріндегі по-
лигалогенделген көмірсутегілерді талдау əдістері
ПГК-ді, соның ішінде диоксиндерді анықтаудың негізгі 
қиыншылығы, бұл қосылыстардың қоршаған ортада өте аз 
кездесуінде. Олар із деңгейіндегі өте аз мөлшерде кездеседі. 
Химиялық құрамы көп жағдайда күрделі болып келетіндіктен 
оларды қоршаған орта объектілерінде анықтау бір мая пішендегі 
инені іздеумен тең, жəне арнайы аналитикалық əдістер мен күрделі 
жабдық қолдануды талап етеді. Бұл заттарды 10
-12 
г мөлшерде зертте-
уге мүмкіндік беретін қуатты аналитикалық базаның пайда болуына 
байланысты ПГК-ны талдау мүмкін бола бастады.
Полигалогенделген көмірсутегілердің құрылымында əртүрлі 
химиялық қосылыстар болатындықтан оларды анықтау қиындығы ту-
ындайды. Мысалы, өте уытты диоксиндер 2,3,7,8-тетрахлордибенз-
n-диоксин (2,3,7,8-ТХДД) жəне 2,3,7,8-тетрахлордибензофуранмен 
(2,3,7,8-ТХДФ) қатар уыттылығы өте жоғары ТХДД-ның 22 изомері 
жəне ТХДФ-ның 38 изомері бар. 
Біртекті орнын басатын полихлор- жəне полибромдибенз-
n-диоксиндер жəне дибензофурандардың жиынтығы 420 жеке 


114
қосылыстардан тұрады. Осыған ұқсас əртүрлілік полигалоген-
делген бифенилдер арасында да байқалады. Біртекті орын баса-
тын ПХБ-дер 209 гомолог жəне изомерлерден тұрады. Осыншама 
қосылыстар полибромфенилдер (ПББ), біртекті орын басатын га-
логенделген азобензолдар жəне олардың азоксианалогтары топ-
тарына кіреді. Қоршаған ортада айналатын қауіптілігі өте жоғары 
қосылыстардың осыншама мөлшері оларды идентификациялауды, 
анықтау жəне анықтау əдісін таңдауды қиындатады.
Аналитикалық əдістер жəне аспаптар біршама жақын ара-
да пайда болды. Полигалогенделген көмірсутектер арасында 
қоршаған орта жəне тағам өнімдерінде полихлорланған бифе-
нилдер ең бірінші табылды. ПХБ-ді анықтаудың аналитикалық 
əдістері 1970 жылдары табылған хлорорганикалық пестицидтерді 
анықтауға арналған əдістерге негізделген. Бұл əдіс: талданатын 
үлгіден ПХБ-ді бөліп алу, алынған сығындыны тазалау, фрак-
циялау жəне газдық хроматографиялық анықтау кезеңдерінен 
тұрады.
Экстракция (бөліп алу). ПХБ липофильді заттар болғандықтан, 
талданатын матрицадан ПХБ-ді экстракциялау (бөліп алу) əдісінде 
өнімдегі қалған заттар липидті заттардан бөлініп алынады. Бұл 
липидтік фракцияны Сокслет əдісімен бөліп алу арқылы жүргізеді, 
еріткіштер ретінде пентан жəне гексан тəрізді полярлы емес 
еріткіштер жəне ацетонмен дихлорметан тəрізді полярлығы жоғары 
еріткіштер комбинациясын қолданады. ПХБ жəне диоксиндерді 
бөліп алу əдістері əзірленген, бұл əдіс ПХБ-дің экстрактке жылдам 
жəне толығымен өтуіне мүмкіндік туғызатын ультрадыбысты жəне 
жоғары жиілікті толқындарды қолдануға негізделген.
ПХБ-мен бірге липидтерді өнімнен бөліп алғаннан кейін, ПХБ-
ді липидтерден бөліп алу мақсатында 
экстрактті тазалайды
Тазалаудың екі негізгі əдісі: біріншіден, липидтерді сілтілік сабын-
данудан өткізуі мүмкін, екіншіден, экстрактті тазалауды концентрлі 
күкірт қышқылымен жүргізуі болуы мүмкін.
Фракциялау. Полихлорланған бифенилдерді, экстрактта бо-
латын пестицидтер сияқты басқа хлорланған көмірсутегілерден 
бөліп алуды тəртіп бойынша қатты фазалы экстракция немесе гель-
хроматография көмегімен жүргізеді. Тазаланған экстрактті арнайы 
сорбентке қондырады, онда ПХБ жəне басқа көмірсутегілердің 
сорбциясы жүреді. Полярлығы əртүрлі еріткіштерді кезегімен 
қолдана отырып, жеке ПХБ жəне пестицидтер сияқты басқа да поли-


115
 
галогенделген көмірсутегілердің фракциясын жинап, фракционды 
элюирлеуді жүргізеді.
Газохроматографиялық анықтау. ПХБ – диоксиндер жəне 
хлорорганикалық пестицидтер тəрізді ұшқыш заттар болып та-
былады,
  оларды анықтау үшін газсұйықтық хроматографияны 
қолданған дұрыс. Бастапқыда детектирлеуді электронұстағыш де-
тектор көмегімен жүргізді, алайда, детектрленетін компоненттерді 
идентификациялау жөнінде қиындықтар туындаған, себебі тал-
данатын сынамада болатын туыс қосылыстардың түрлері көп 
болғандықтан ПХБ-дің стандартты қоспалары болмады. ПХБ-дің 
стандартты қоспаларында ПХБ-дің барлық белгілі изомерлері 
жəне гомологтары болады. Бұдан басқа бір хромотографта ПХБ-
дің барлық 209 изомерін бөлетін хроматографиялық колонка бол-
майды.
Бірнеше колонкасы бар циркуляциялық хроматография техно-
логиясы əзірленген. Циркуляциялық хроматографияның мақсаты 
келесіден тұрады: бастапқыда талданатын ПХБ қоспасы бірінші 
колонкадағы зоналарға бөлінеді, бұл зоналар екінші колонкада 
тағы да бөлінеді, содан кейін қоспа компоненттері детекторға 
түседі.
Соңғы уақытта капиллярлық немесе циркуляциялық хроматогра-
фия көмегімен бөлінетін қоспа компоненттерін идентификациялау 
құралы ретінде органикалық қосылыстардың масс-спектрометрия 
əдісі кең қолданысқа ие болуда. Газдық хроматография көмегімен 
бөлінетін қосылыстардың құрылымын зерттеу құралы ретінде 
масс-спектрометрияның үлкен мүмкіндіктері екі əдістің 
артықшылықтарын біріктіретін, құрама аспаптардың көп түрлі 
конструкциясында қолданылған. Осы бағытты дамыту хромато-
масс-спектрометрияны құруға алып келді, бұл – заттардың күрделі 
қоспасының құрамын зерттеуде анағұрлым жетілдірілген əдіс, бұл 
əдісте бөлу қабілеті өте жоғары капиллярлы хроматографиямен 
масс-спектрометрияның жоғары сезімталдығы үйлескен жəне тал-
данатын қосылыстың құрылымы жəне құрамы жөнінде ақпаратты 
алу мүмкіндігі зор.
Берілген əдістің негізгі мазмұны бойынша тиісті зонаның капил-
лярлы колонкадан шығатын уақытымен салыстырғанда, идентифи-
кацияланатын қосылыстың масс-спектрін аз уақытта тіркеу қажет. 
Колонкада бөлінген қосылыстар масс-спектрометрге түседі, онда 
қосылыстардың молекуласы ионданады, түзілген иондар салмағы, 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау