Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


3.1- кесте Полигалогенделген көмірсутегілердің (ПГК) жіктелуі



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет33/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81

104
3.1- кесте
Полигалогенделген көмірсутегілердің (ПГК) жіктелуі
Қосылыс атауы
Аббреви -
ату расы
Құрылымдық 
формуласы
Қолдану 
саласы, көзі
Полихлорланған 
бифенилдер
Полихлорланған 
дибенз-n-
диоксиндер
Полихлорланған 
дибензофурандар
Полихлорланған 
нафталиндер
Полибромдалған 
бифенилдер
ПХБ
ПХДД
ПХДФ
ПХН
ПББ
Трансформатор - 
дағы диэлектрик
Гербицид –
дефолианттағы 
қоспа
Гербицид –
дефолианттағы 
қоспа
Резеңке 
өнімдерді қорғау 
құралдары
Жануды 
баяулатқыштар
Полигалогенделген көмірсутегілердің ішінде 2,3,7,8-тетрахлор-
дибенз-
n-диоксин жəне 2,3,7,8-тетра хлордибензофуран өте уыт-
ты болып саналады. Бұл диоксин туындыларының ЛД
50
 мəні 1 
кг дене массасында 10
-6
 г-ға дейін жетеді, ол зоман жəне зарин 
сияқты кейбір соғыста қолданылатын улы заттардың ЛД
50
 мəнінен 
едəуір жоғары.
3.4.1. Диоксиндер жəне диоксинге ұқсас қосы  лыс тардың уыт-
ты əсері
Диоксиндер бактериядан бастап, жылықандыларға дейін тірі 
материяның барлық тірі формаларын зақымдайды. Диоксиндер 
металоферменттермен мықты кешен түзеді, металоферменттер 
функциясының бұзылуы себебінен қарапайым ағзаға диоксиндер 
уытты əсер көрсетеді. Əсіресе, жылықанды, ең бастысы адамның 
диоксиндермен зақымдануы өте күрделі болады. Бұл қосылыс 


105
 
топтарының адамға жəне тірі ағзаға əсер етуінің кешенді сипаты 
иммунитетті төмендетуге, ішкі органдардың зақымдалуына жəне 
ағзаның жүдеуіне алып келеді.
Зерттеушілер диоксиндердің əрекеті біртипті белсенді 
орталықтары бар рецепторлық белоктар жіберетін, эволюция ба-
рысында тірі жасушаның таңдалған реттеуші механизмдеріне 
бағытталған деген қорытындыға келді. Мұндай орталыққа пор-
фириндер тобының құрамында темірі бар қосылыстар – гемді 
жатқызуға болады, себебі өзінің геометриялық жəне электрондық 
параметрлерінің күші арқылы ол құрылымы бойынша 
планар-
лы диоксиндермен байланысуға қабілетті. Ал порфириндер тірі 
ағзада ауаны тасымалдауға жауапты екені белгілі Осылайша, ағзаға 
түсе отырып, диоксиндер ұзақ жəне жалған биожауаптардың ин-
дукторы рөлін атқарады, сонымен қатар жасуша жəне барлық 
ағзаның қызмет етуіне қауіпті мөлшерде бірқатар биокатализа-
тор – гемопротеидтердің жинақталуына мүмкіндік туғызады. 
Нəтижесінде сыртқы ортаға бейімделудің реттеуші механизмдері 
қозғалады. Сондықтан диоксинмен əлсіз ғана зақымдалу тез шар-
шау, физикалық жəне ақыл-ой, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, 
биологиялық инфекцияларға жəне басқа да химиялық ксенобиотик-
терге сезімталдықтың жоғарылауымен байқалып, қосымша жəне 
жеңіл өткерілетін стрестер жағдайында теріс зардаптарға алып келуі 
мүмкін.
Диоксиндердің ағзаға екіншілік əсерлері диоксиндер индуцирлейтін 
биокатализатор – гемопротеиндермен байланысты. Соңғыларының 
жинақталуы қауіпті, себебі диоксинмен кешен (комплекс) құрғанда олар 
жасушаның энергетикалық ресурстарын шығындау механизмін іске 
қосады, бұл мутагенезді, тотығуға сезімтал гормон, дəрумендер жəне 
липидтердің биодеградациясын тудырады, сонымен қатар биомембра-
наларды бұзады жəне жасушаның жұмысын анықтайтын металдардың 
органикалық лигандалармен мембранабайланыстық кешенінің функци-
ясын бұзады. Мұндай жағымсыз əсерлерге əсіресе, иммундық жасуша-
лар сезімтал болады. Көрсетілген процестер бір жағынан кейбір төмен 
молекулалы гормондардың, нейромедиаторлардың, дəрумендердің, аро-
матты аминқышқылдардың, дəрілік қосылыстардың биоде градациясы 
жылдамдығының жоғарылауына, екінші жағынан бөгде қоспалардың 
биоактивтенуіне алып келеді, олардың ішінде өте қауіптілеріне В

афлатоксині, канцерогендер, нейротоксиндер жəне күшті жүйке улары 
жатады.


106
Бұл – ағзаға диоксиннің түсуінен туындайтын молекула дең-
гейіндегі жасуша жұмысының кері өзгерістерінің қысқаша тізімі. 
Нəтижесінде екіншілік əсерлер біріншілік əсерлерді күшейтеді, бұл 
иммунитетті төмендетіп, адам жəне жануардың экологиялық ау-
руын тудырады. Қазіргі уақытта канцероген ретіндегі диоксиннің 
қауіптілігі дəлелденген, алайда, алдыңғы екі онжылдықта бұл сұрақ 
бойынша толық анықтылық болмаған.
Жылықандылардың ағзасында диоксин ең бірінші май 
тіндеріне түседі, содан кейін қайта бөлінеді, көпшілігі бауыр-
да, қалғандары басқа органдарда жиналады. Ағзада диоксин көп 
жағдайда бұзылмайды, негізінен ағзадан өзгертілмеген, табиғатта 
анықталмаған кешен (комплекс) түрінде шығады. Жартылай шығу 
кезеңі бірнеше он күндерден (тышқан) бір жылға дейін, одан да көп 
(приматтар) жылдарды құрайды жəне əдетте, ағзаға баяу түсу бары-
сында өседі. Ағзада тұрып қалуы жəне бауырда іріктеліп жиналуы 
жоғарылаған сайын өз бетімен өмір сүруші ағзалардың диоксинге 
сезімталдығы өседі.
Жануарлар жедел уланғанда диоксиннің жалпытоксикалық 
əсерінің белгілеріне тəбеттің төмендеуі, физикалық жəне жыныс 
əлсіздігі, созылмалы шаршағыштық, депрессия, салмақтың аса 
жоғары дəрежеде төмендеуі жатады. Удың дозасы жəне ағзаға түсу 
жылдамдығына байланысты бірнеше күннен немесе бірнеше он 
күндерден кейін өлімге алып келуі мүмкін.
Диоксиннің өлімге алып келмейтін дозасы ауыр спецификалық 
ауруларды тудырады. Бастапқыда сезімталдығы өте жоғары өз 
бетімен өмір сүруші ағзаларда тері аурулары – хлоракне (дерма-
тит жəне ұзақ жазылмайтын жаралардың түзілуімен кездесетін 
май бездерінің зақымдалуы), емделіп болғаннан соң көп жылдар-
дан кейін де адамдарда хлоракне бірнеше рет қайталануы мүмкін. 
Диоксиннің аса күшті зақымдауы порфирияға алып келеді: гемогла-
бин жəне темірқұрамдас ферменттердің (цитохром) простетикалық 
топтарының негізін салушылар – порфириндердің алмасуын бұзады. 
Порфирия терінің жоғары фотосезімталдығымен байқалады: ол 
сынғыш болып, көптеген микрокөпіршіктермен жабылады. Диок-
синмен созылмалы уланғанда бауырдың, иммундық жүйенің жəне 
орталық жүйке жүйесінің зақымдалуын тудыратын əртүрлі аурулар 
дамиды.
Диоксин маңызды темірқұрамдас фермент цитохром – Р-448-
ді дереу активтендірген жағдайда жоғарыда көрсетілген ауру-


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау