8 – сыныпқа қазақ тілінен ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша тест
І нұсқа
Құрмалас сөйлемді тап:
а/ Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды. в/ Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер.
с/ Адал болу – әр адамға тән қасиет. д/ Жел саябырлаған сияқты, - екпіні әлі қатты.
Салалас құрмалас сөйлемді тап:
а/ Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп қабатты үйлер сирек.
в/ Кеме жылдам жүзіп келеді. с/ Сен жақсы жігітсің, бірақ оңай лапылдайсың.
д/ Өзінің анасын, ана тілін ардақтаған азамат қана басқа аналарды, тілдерді, халықтарды сүйе алады.
Шартты бағыныңқылы сабақтасты тауып белгіле:
а/ Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.
в/ Егер халқың бақытты болса, сен де бақыттысың.
с/ Сәуле жұмыстан келсе, көптен көрмеген ағасы машинадан түсіп жатыр екен.
д/ Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады.
Үтірдің қойылу себебін белгіле: Сөз жоқ, бүкіл әлемдік деңгейде көрінеміз.
а/ қаратпа сөз в/ қыстырма сөз с/ одағай д/ жалпылауыш сөз
Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсет:
а/ Саған қарағым келмейді. в/ Қарағымды көруге жазсын.
с/ Неге сонша жүдеусің, қарағым? д/ Қарағымның ибалылығы ерекше.
Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлем?
а/ Қар суы да, жаңбыр суы да – жер ырысы. в/ Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде аяң.
с/ Зор денелі адам ең алдымен үйге кірді. д/ Қайың, терек, тал – бәрі біздің жерде өседі.
Қосарлы айқындауышы бар сөйлем?
а/ Пайда, мақтан – бәрі тұл. в/ Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш келеді.
с/ Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойды. д/ Қызыл, жасыл жапырақтар түсіп жатыр.
Сабақтас құрмалас сөйлемді тап:
а/ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. в/ Істің аяғы тәтті болу үшін, басы қатты болу керек.
с/ Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
д/ Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты.
Салаластың қай түріне жатады? Күн батты, қараңғы түсті.
а/ себеп - салдар в/ қарсылықты с/ талғаулы д/ ыңғайлас
Сөйлемнің түрін тап: Бұл өңірде ат та көп, ас та көп.
а/ түсіндірмелі в/ ыңғайлас с/ қарсылықты д/ кезектес
Қандай сөйлем? Бірде әсем ән естіледі, бірде тәтті күй шалқиды.
а/ талғаулы в/ ыңғайлас с/ кезектес д/ себеп - салдар
Себеп - салдар салаластың жай сөйлемдерін байланыстыратын шылауды тап
а/ немес в/ сонда да с/ әрі д/ өйткені
Атаулы сөйлемді тауып белгіле
а/ Ашуланғанда тіпті сөйлей алмайды. в/ Жаныңда жүр жақсы адам.
с/ Ағасы бардың жағасы бар. д/ Күз. Ымырт жабылған кез.
Жайылма сөйлемді тап:
а/ Айнадай тұнық сулы көл. в/ Асқар – білімді инженер.
с/ Балалар – болашағымыз. д/ Мал өрістеді.
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемдері қалай аталады?
а/ басыңқы в/ бағыныңқы с/ шартты д/ тиянақсыз
«Ол жалғыз, біз екеуміз» сөйлемдеріндегі жалғыз, екеуміз сөздері сөйлемнің қай мүшесі?
а/ бастауыш в/ баяндауыш с/ анықтауыш д/ толықтауыш
«Қазір екеуі бір – біріне күле қарады» - сөйлемдегі «күле» сөзі қай сөйлем мүшесі?
а/ толықтауыш в/ баяндауыш с/ пысықтауыш д/ анықтауыш
Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
а/ үш в/ бес с/ алты д/ жеті
Жасырын тұрған табыс септік жалғаулы толықтауышты тап:
а/ Ана сүтін ардақта. в/ Қызмет ету с/ Кітап алу д/ Кітаптан оқу
«Әр адымы айлық жолдай болып, Қалиша үйіне зорға келді» - сабақтас құрмаластың қай түрі?
а/ шартты бағыныңқылы в/ қимыл – сын бағыныңқылы
с/ мақсат бағыныңқылы д/ мезгіл бағыныңқылы
Мақсат бағыныңқылы сабақтасты тап:
а/ Келген қонақты көру үшін, есік алдына көп жұрт жиналып қалды.
в/ Еңбексіз ауырса, емі табылмайды. с/ Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.
д/ Ғылым өзін – өзі сызғылай отырып, талассыз ілгері жылжи береді.
Салаластың қай түрі? Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба?
а/ ыңғайлас в/ талғаулы с/ себеп-салдыр д/ қарсылықты
Салаластың басты ерекшелігін тауып белгіле
а/ Тек жалғаулықтар арқылы жасалады. в/ Құрамындағы жай сөйлемдер бағына байланысады.
с/ Құрамындағы жай сөйлемдер тең дәрежеде байланысады.
д/ Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді тауып белгіле
а/ Мен оқыған кітап қызық-ақ! в/ Ол қарсы болған соң, келісуге мәжбүр болдым.
с/ Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.
д/ Әдейі танытпайын деп, бет – аузын таңып алыпты.
Қимыл – сын бағыныңқылы сабқтастың ережесін тап.
а/ басыңқы сөйлемдегі іс – қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.
в/ басыңқы сөйлемдегі іс – қимылдың себебін білдіреді.
с/ басыңқы сөйлемдегі іс – қимылдың мақсатын білдіреді.
д/ басыңқы сөйлемдегі іс – қимылдың жүзеге асу, аспауын білдіреді.
8 – сыныпқа қазақ тілінен ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша тест
ІІ нұсқа
Құрмалас сөйлемді тап:
а/ Балбыраған жерге күн нұрын төгіп тұр. в/ Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
с/ Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты. д/ Сыныпқа мұғалім, директор кірді.
Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас сөйлемді көрсет:
а/ Кәсіпкерлікті таңдаған жастар заводқа көптеп келіп жатыр.
в/ Бұл көшенің атын өзгерткен жоқ, сол себепті бұрынғы атауын қалдырды.
с/ Біздің жерге егін шықпай қоймайды, біз агротехниканы ойдағыдай пайдаланамыз.
д/ Жаз айларында бұл жердің суы тартылып қалады, сондықтан мұнда ел болмайды.
Жай сөйлемді тап:
а/ Жазда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. в/ Оны танығанымен, Сәуле сыр бермеді.
с/ Ретін келтіретін де, орындайтын да осы жігіттер ғой.
д/ Ауыл қыстауға көшкенде, ол ауылға кетіп еді.
Кезектес салаласты тап:
а/ Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
в/ Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты. с/ Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі.
д/ Дәметкен жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
Сөйлемдер ішінен жақты сөйлемді тап:
а/ Енді қорықпаймын в/ Бәрібір менің кетуім керек. с/ Сонша шырқап не керек?
д/ Қорықпасқа болмайды.
Қарсылықты салаласты тап:
а/ Түн ортасы ауып кеткендіктен, берілген жұмыс шала орындалды. в/ Ойлай берсең, басың ауырады.
с/ Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. д/ Мен келдім, - уәде берген досым жоқ.
Жай сөйлемнің түрін анықта: Ысқырып соққан жел.
а/ толымды в/ жалаң с/ жақсыз д/ атаулы
Мақсат бағыныңқылы сабақтасты тап:
а/ Ойын аяқталған соң, Саматтар қайтуға кірісті. в/Жаз келді, қысқа дайындықтар жүргізу керек.
с/ Келгендердің бәрі риза болсын деп, жан- тәні қалмай қалбалақтауда.
д/ Бала, Абай өлеңге кетті- ау!
Тұрақты сөз тіркесінен болып тұрған баяндауышты тап:
а/ Училище нағыз адамды тәрбиелеген. в/ Жердің буы аспанға ұшып жатыр.
с/ Ол – барлаушы. д/ Ол шошынғанынан жұмған аузын ашпады.
Салаластың қай түрі?
«Оның өлеңінің балаларға әсер еткені сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдында шын көріп
тұрғандай болды».
а/ себеп- салдар в/ түсіндірмелі с/ қарсылықты д/ ыңғайлас
Жайылма сөйлемді көрсет:
а/ Қызық оқиға. в/ Түн іші. с/ Біздің кәсіпорында жаңалық көп. д/ Құлап қала жаздады.
Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін тап.
а/ Сізден сұрайтынымыз мынау - бізге қамқоршы болыңыз.
в/ Сыздық - етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.
с/ Жанат орнын ұсынып еді, - отырған жоқ
д/ Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегені.
Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.
а/ Ақыл жастан, асыл тастан шығады. в/ Бір мезгілде қойлар дүр ете қалды.
с/ Малшылар Асан мен Үсенді ауылға әкелді. д/ Тілден қасиетті ештеңе жоқ.
Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсет:
а/ Айман ойнап жатыр. в/ Теңіз тынышталды, бірақ ештеңе көрінбейді.
с/ Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындармайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
д/ Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып- жанып лапылдайды.
Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап.
а/ Ия, айтары жоқ, өте сүйкімді балалар. в/ Білем, е, білем.
с/ - Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба? д/ Байқаймын, ол мені танитын адамға ұқсайды.
Себеп бағыныңқылы сабақтасты тап.
а/ Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. в/ Мен оқыған кітап қызық- ай!
с/ Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
д/ Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
Сөйлемнің айтылу мақсаты мен сазына қарай түрін көрсет:
а/ хабарлы, сұраулы в/ жалаң, жайылма с/ жақты, жақсыз д/ толымды, толымсыз
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты тап.
а/ Ділдәні Абайға айттырған уақытта, Алшынбай ауылы күміс тартқан.
в/ Жапырағы судырлап, тал таранды сұлуша.
с/ Ақжан Алматыдан қаймығып қайтқанмен, Мағрипадан күдерін үзген жоқ.
д/ Осы жолдан таймай адал жүрсең, жетпейтін мақсат жоқ.
Жалпылауыш сөз қатысқан сөйлемді тап.
а/ Талапты бала - талпынған құстай. в/ Бүгін ұлыстың ұлы күні.
с/ Көрмес - түйені де көрмес. д/ Пайда, мақтан - бәрі тұл.
Талғаулы салаласты көрсет.
а/ Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады. в/ Сайра да, зарла, қызыл тіл.
с/ Асқар онша әнші емес, дегенмен музыкалық сауаттылығы жоғары еді.
д/ Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, не болмаса жылы көңілді суытады.
Жақсыз сөйлемді көрсет.
а/ Оқыған бала озар. в/ Аяжан үн қатпады. с/ Самал жел соғып тұр.
д/ Оның тілді жылдам үйренгісі келеді.
Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтасты тап.
а/ Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты. в/ Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.
с/ Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық. д/ Жауын жауса - жер ырысы.
«Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, мен де сеніп жүрмін». - үтірдің қойылу себебін тап.
а/ Оқшау сөз в/ Қаратпа сөз с/ Қыстырма сөз д/ Оңашаланған айқындауыш
Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты тап.
а/ Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл жүні бар. в/ Әні әлемді шарлап, Роза өз еліне оралады.
с/ Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.
д/ Олар кеткен соң, әңгімені Жақыпбек бастады.
Анықтауыштың сұрақтарын көрсет.
а/ қайда? қалай? қашан ? қайдан? в/ кімді? нені? кімге? неге? кімнен? немен?
с/ кімнің? ненің? қандай? неше? нешінші? д/ кім? не? кімі? несі?
Достарыңызбен бөлісу: |