Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

асырылады.  Тілді  меңгертуде  оқытудың  жүйелілік  ұстанымы  міндетті  түрде 

басшылыққа  алынады.  Сонда  оқушылардың  сөздік  қоры  молайып 

интерактивтік қарым-қатынаста еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады.  

О

қушылардың 



психикалық 

дара 

ерекшеліктерін 

ескеру 

ұстанымдары.  Интерактивті  оқыту  барысында  оқушылардың  психикалық 

қасиеттері,  оқуға  бейімділігі  мен  икемділігі  ескеріледі.  Оқушылардың  жеке 

тұлға ретіндегі субьектілік ерекшеліктері де (жасы, жынысы, интеллектуалдық 

дамуы,  қабілеттері,  жеке  адам  талабының  дәрежесі,  өзін-өзі  бағалауы,  басқа 

оқушылармен  өзара  қарым-қатынасы)  ескерілуі  тиіс.  Мұғалім  тілдік 

тапсырмаларды  олардың  психикалық  дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

деңгейіне байланысты саралап беруі қажет.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

психологиялық негіздері  

 

Қоғамымызда  болып  жатқан  оң  өзгерістер  орта  мектептердегі  білім  беру 



жүйесінде  де  білімді,  саналы,  қоғамда  өз  орнын  таба  білетін  тұлға 

қалыптастыру  ісіне  деген  қатаң  талап  қойып  отыр.  Әлемдік  аренада 

бәсекелестікке қабілетті мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, бүгінгі жас ұрпақ 

зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетті, озық технологияларды 

жетік  меңгерген,  жеке  тұлға  ретінде  толық  қалыптасқан  мәдениетті  азамат 

болуы  тиіс.  Сапалы  білім,  саналы  тәрбие  бере  отырып,  осындай  тұлға 

қалыптастыру  үшін  алдымен  әр  мұғалім  психолог  болуы  шарт.  Өйткені,  әр 

баланың психологиясын жақсы білмейінше, оларға білім беру де, дұрыс тәрбие 

беру  де  мүмкін  емес.  Яғни,  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  мінезіне, 

психологиялық  ерекшеліктеріне,  тұлғалық  қасиеттеріне,  сана-сезіміне,  ой-

өрісіне де көңіл аударылады.  

Дүниедегі ең тамаша туында – тамаша білім мен тәрбие алып шыққан адам 

болып  табылады.  Мектепке  алғаш  келген  балаға  дұрыс  тәрбие,  терең  білім 

беру,  ауытқушылықтан  сақтап  қалу  мұғалімнің  міндеті  болып  табылады. 

Жақсы  тәрбиемен  ержеткен  баланың  болашағы  қашанда  зор.  Психология 

ғылымы  ешнәрсеге  бейімі,  ынтасы  жоқ,  қабілеті  жоқ  адам  болмайтынын 

баяғыда  дәлелдеген.  Сондықтан  да  баланың  бойындағы  қабілетін  ашып,  оны 

дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.  

Қазақ  психология  ғылымының  негізін  салушылардың  бірі  Ж. 

Аймауытұлының  баланы  оқытып-тәрбиелеуде,  оның  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуындағы  мұғалімнің  еңбегінің  өлшеусіз  екенін  мына  айтылған 

пікірлерінен байқаймыз: «Мұғалімнің кіндік қазығы – шәкірттің жаратылысына 

біткен  икемдерді  танып-біліп,  сол  арқанның  бойымен  шәкіртінің  білімін 

шырғаға тартып, молайта беру. Оқытушының сөйлегенінен де істегені баланың 

ынтасын  көбірек  аударады.  Жақсы  оқытушы  болу  үшін  ілтипатты,  тұрақты, 

кең, мінезі ауыр, сөзі жатық, ойына берік, ұстамды болуы керек. Шәкірттерінің 

қалт еткен қылығын байқап, сұрағына әзір тұру керек» [6]. Ұлы әдіскер-педагог 

А.Байтұрсынұлы: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала 

оқытуын  жақсы  білейін  деген  адам  әуелі  балаларға  үйрететін  нәрселерін  өзі 

жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын 

адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен 

қатар  ақылы  қалай  кіретіні  білерге  керек.  Баланың  ісіне,  түсіне  қарап,  ішкі 

халынан хабар аларлық болуы керек», - деген пікірінде де оқытушының білімді, 

білікті болуымен қатар, баланың психологиясын жақсы білуі керектігін айтқан. 

[7].  

Бүгінгі  білім  жүйесінде  аталған  мәселені  шешуде  педагогтар  мен 



әдіскерлер  оқыту  үдерісіне  оқытудың  белсенді  түрлерін  қолдану  қажеттігіне 

назар  аударуда.  Осы  орайда,  орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқытуда 

қолданылатын, 

оқушылардың 

мемлекеттік 

тілді 


үйренуге 

деген 


қызығушылығын  туғызып,  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін 

әдістердің  бірі  –  интерактивті  әдістер.  Ғылыми  әдебиеттер  мен 

10 

 



энциклопедияларда  «интерактивтік»  деген  сөз  –  «бірлесіп  әрекет  ету»  деген 

түсінікті  білдіреді.  Жалпы  тіл  үйрету  әдістемесінде  интерактивті  оқытудың 

психологиялық негізін анықтаудың алатын орны ерекше.  

Бүгінгі заман талабы – білімді, парасатты, адамдармен тіл табыса білетін, 

жауапкершілігі  мол  тұлға  қалыптастыру.  Жеке  тұлға  дегеніміз  –адамның 

рухани  мәдениеті.  Мұғалімнің  ақыл-ойы,  жүріс-тұрысы,  іс-қимылы,  сөйлеген 

сөзі,  шеберлігі  оқушының  психологиясына  әсер  етпей  қоймайды.  Мұғалімнің 

жеке  басының  қасиеттерінен  бөлек,  оқушының  білімге  ынтасы, 

қызығушылығы, қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері маңызды 

орын  алады.  Сондықтан  тілді  оқыту  әдістемесінде  де  оқушының 

психологиялық  сипаттары  ескерілуі  қажет.  Оқушының  тілді  үйренуге  деген 

ынта-жігері, қызығушылықтары, тілді оқу мақсаттары мен міндеттерін анықтай 

алуы,  оны  орындаудың  тиімді  тәсілдері  мен  амалдарын  белгілеуі,  өз 

жұмысының барысын өзі бақылап отыруы және оның нәтижесін бағалап, тиісті 

қорытындылар  жасай  білуі  қалыптасуы  тиіс.  Тек  осылай  саналы  түрде 

ұйымдасқан  іс-әрекет,  еңбек  негізінде  ғана  оқушының  тіл  үйрену  әрекеті 

мақсатты  түрде  дамиды.  Оқушының  бойындағы  осындай  ерекшеліктерді  дәл 

көре білу және дамыту оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда қозғаушы күш 

болып  табылады.  Интерактивті  оқытуды  тіл  үйренудің  психологиялық 

моделімен  салыстыруға  болады.  Адам  басқалармен  қарым-қатынас  жасай 

отырып  ойлануға  үйренеді.  Оқушы  тіл  үйрену  кезінде  үш  кезеңнен  өтеді.  1. 

Обьектіні  басқару.  Мұнда  оқушы  айтатын  сөзін  қалай  дұрыс  құрастыруды 

ойлайды.  2.  Басқаларды  басқару.  Жұптағы  серіктесінің  бірінің  сөзін  екіншісі 

түзетіп,  дұрыс  айтылуын  қадағалайды.  3.  Өзін-өзі  басқару.  Оқушы  өзінің 

ойындағы  сөзін  емін-еркін  жеткізуге  тырысады.  Оқушының  өзін-өзі 

басқаруының осы үш түрі қатысымдағы негізгі үш элементті біріктіреді. Олар: 



Мұғалім,  оқушы,  оқылатын  тіл.  Қазіргі  әдістеметанудағы  педагог-

психологтардың  қолданып  жүрген  интерактивті  оқыту  тәсілдерінің  бірі  – 

ынтымақтастықта  оқыту  әдісі.  Бұл  туралы  психолог  ғалымдар  еңбегінде: 

«Сотрудничество  –  это  гуманистическая  идея  совместной  развивающей 

деятельности  детей  и  взрослых,  скрепленной  взаимопониманием, 

проникновением  в  духовный  мир  друг  друга,  коллективным  анализом  хода  и 

результатов этой деятельности. В основе стратегии сотрудничества лежат идеи 

стимулирования  и  направления  педагогом  познавательных  интересов 

учащихся»,  -  деп  көрсетілген.  [8].  Мұндай  «мұғалім-оқушы»  арасындағы 

ынтымақтаса  оқу  баланың  жеке  тұлғалық  және  зияткерлік-танымдық  дамуын 

қамтамасыз  етеді.  Оқу  үдерісінде  ұжымдық  жұмыс  жасау  оқушыларға 

мұғалімнің  немесе  басқа  ересек  адамның  көмегінсіз  өз  бетінше  ұжыммен 

бірлесе, татулықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде оқушы 

топтық,  ұжымдық  жұмысқа  мұғалімнің  ұйымдастыруынсыз  кірісе  алмауы 

мүмкін,  алайда  олар  тапсырмаларды  бірлесе  орындай  отырып,  түрлі 

сұрақтардың  жауабын  айтуға,  бірінің  қатесін  екіншісі  көрсете  отырып  оны 

түзетуге  үйренері  сөзсіз.  Топта  ынтымақтаса  жұмыс  істеудің  тиімділігі  – 

оқушылардың  қасындағы  серіктесіне  назар  аударуы,  өзінің  іс-әрекетінде 

басқалардың  жұмысына  көңіл  бөлуі,  бір-бірімен  санасып,  бірін-бірі  тыңдай 

11 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау