Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

қағаз  иелеріне  қағаздағы  сөздер  бойынша  бір-бірімен  қатысым  арқылы 

логикалық  тізбек  құрастыруға  тапсырма  береді.  Тізбек  құрастырылып  болған 

соң топтағы қатысушылар әрқайсысы сөйлемдерін оқып, толық әңгіме мәтінін 

құрайды. Жоғарыдағы аталған әдістерден басқа рөлдік ойындар мен драмалау 

әдістерін  қолдану  да  пайдалы.  «Рөлдік  ойындар  нақты  қатысым  әрекеттерін 

дамытуға,  мотивация  туғызуға  түрткі  болуға,  ынтымақтастықты  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  Ойын-драмалау  оқушылардың  бейнелі,  мәнерлеп  сөйлеуін 

дамытуға  көмектеседі»  [22].  Оқушыларды  оқылымға  үйрете  отырып  мәтінге 

дейінгі, мәтінмен, мәтіннен кейінгі жұмыс түрлерін тиімді пайдалану нәтижеге 

қол  жеткізеді.  Оқушының  тілдік  қатысым  мен  ептілігін  дамытып  қана 

қоймайды,  олардың  қиялын,  есте  сақтау,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  де 

ұштайды.  Сөйлесім  әрекетінің  оқылым  бөлігінде  мәтінді  меңгергенін  тексеру 

мақсатында  тест  тапсырмалары  түрлерін  де  беруге  болады.  Бұл  мәтінді  оқу 

арқылы қабылдауға, түсінуге, оқу жылдамдығын дамытуға, таныс емес сөздер 

мен  сөз  тіркестерінің  мағынасын  әртүрлі  белгілеріне  қарай  таба  білуге, 

контекстік, логикалық түсінуге төселдіреді.  



Жазылым – тіл үйренудің лингвистикалық ерекшеліктерін игеруді қажет 

ететін, күрделі тілдік құбылыс. «Жазылым әріптің, сөздің графикалық таңбасы 

арқылы іске асады, жазылымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады, тіл 

үйренуші  сөйлемнің  мазмұн-мағынасына  ғана  емес,  формасына  да  көңіл 

аударады,  қағаз  бетіне  түскен  материалдың  түсінікті,  жүйелі  болуына  тікелей 

байланысты  жүзеге  асады»,  -  деп  тұжырымдалған  [15].  Демек,  оқушының  өз 

пікірін  толық  жаза  білуі,  тілдің  графикалық,  орфографиялық  дағдыларын 

қалыптастыруы,  сауатты  жазуға  машықтану.  Жазылымды  меңгертудегі 

интерактивті әдістердің бірі – тілдік жаттығулар болып табылады. Зерттеушілер 

тілдік  жаттығуларды  тілдік  және  қатысымдық  деп  бөліп  көрсетеді:  «Тілдік 

жаттығулар  тілдік  бірліктерді  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық 

заңдылықтарға  сәйкес  меңгертуге  бағытталады.  Қатысымдық  жаттығуларде 

берілген сурет бойынша сөйлем, мәтін құрастыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтап 

жазу, сөздерді басқа сөздермен алмастыру, орны алмасқан сөздерді жүйелі құру 

сияқта тапсырмалар қамтылады» [23]. Тіл үйрету барысындағы жаттығулар бір-

бірімен  байланысты  жеңілден  ауырға  қарай  сатылап  орындалғаны  жөн. 

Жазылымды  дамытуға  арналған  тапсырмалар  жүйелі  етіп  берілсе,  оқушының 

ойын  дәлелдей  жеткізіп,  сауатты  жазуға  төселдіреді.  Сондай-ақ  жазылымды 

дамытуға  арналған  жұмыс  түрлеріне  берілген  тақырыпқа  шығарма  жазу,  хат 

жазу,  оқыған  материалынан  қысқаша  резюме  жазу,  эссе  жазу  сияқтылары 

кіреді.  Қазіргі  уақытта  күнделікті  сабақта  аудио,  бейне  құрылымдарды 

пайдалану  айтарлықтай  нәтижелер  беріп  келеді.  Эссе  бір  тақырыпқа 

байланысты өз ойын пайымдап жазу болса, түрлі аудио, бейне таспалар арқылы 

бейнефильмдер үзіндісіне пікірін жазғызу, диктордың оқыған мәтінінен негізгі 

ойды  тауып  жазу  сияқты  тапсырмалар  арқылы  жазылым  дағдысын  дамытуға 

болады. Эсседе оқушы белгілі тақырып немесе проблемалық сұрақ төңірегінде 

ойлануға,  өз  пікірін,  қорытындысын  сауатты  жазып  шығуға  дағдыланады. 

36 


 


Жазылымда  оқушының  тілді  білу  деңгейіне  сәйкес  мынандай  тапсырма 

түрлерін беруге болады:  



1-

тапсырма.  Коммуникативтік  талапқа  сай  аудиомәтін  тыңдау 

арқылы шығармашылық диктант жазыңыз.  

Қабанбай  жастайынан  жаудың  қатыгездігін  көзімен  көрді.  Жеті  жасқа 

келгенде әкесі Қожағұл батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа толғанда 

ағасы  Есенбайды  да  қалмақтар  далада  өлтіріп  кетеді.  Жастайынан  жаудан 

көрген  жауыздық  қайсар  баланың  жүрегіне  кек  болып  қатты.  Соған  шыдай 

алмай  жауға  аттанбақ  болғанда,  қасына  ешкім  ермейді.  Еліне  өкпелеп, 

ызаланған  жас  батыр  жауға  жалғыз  барады.  Тұтқында  түйе  бағып  жүрген 

қырғыз баласының көмегімен қалмақтың ел шапқыш батырлары Олже Жырғыл 

мен  Арсаланды  өлтіріп,  кегін  қайтарады.  Бала  кезінде  денесі  ірі,  тұлғалы 

Ерасылды  жеңгелері  «нар  бала»  атайды.  Жездесі  батылдығына  сүйсініп, 

«Қабан»  атап  кетеді.  Ержете  келе  жойқын  күшімен,  қайтпас  қайсарлығымен 

танылған батырға Қабанбай есімі беріледі (Н. Толыбаев) (95 сөз).  



2-

тапсырма.  Диктант  мәтініндегі  мәселеге  байланысты  берілген 

сұрақтарға  сүйене  және  байланыстыра  отырып,  жазбаша  түрде  өз 

пікіріңізді  баяндаңыз.  Мәтіндегі  сөйлемдерді  сөзбе-сөз  жазуға  болмайды. 

Сөздердің баламасын тауып, дұрыс байланыстыра жазу талап етіледі.  

1. 


Қабанбай деп кім атаған?  

2. 


Қабанбай жастайынан нені көреді?  

3. 


Қабанбай жаудан кегін қалай қайтарады?  

Сонымен,  оқушыларды  сөйлем  әрекеттерінің  түрлері  арқылы  тілді  еркін 

түсініп,  сөйлеуге,  сауатты  жазуға,  өз  пікірін,  көзқарасын  жеткізе  білуге 

төселдіреміз.  Тілші-әдіскерлер  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  (айтылым, 

тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) кешенді түрде қолданғанда ғана тілді 

оқытудың тиімділігі артатынын, жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін екендігін 

көрсетеді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

37 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау