Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

жауапкершілік  қасиеті,  шығармашылық  қабілеттері  дамиды.  Интерактивті 

тақтамен жұмыс сабақ материалының толық, келісімді, сабақтастықта берілуін 

және оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.  

Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-

қатынасқа даярлау  міндеті  қойылады. Ол  баланың  тілін дамыта  оқыту,  сөздік 

қорын молайту, сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны 

арқылы  оқушылардың  ойында  ұлттық  танымды  қалыптастыру.  Интерактивті 

оқыту әдісінің өзі мұғалім мен оқушының  арасындағы өзара байланыс дейтін 

болсақ,  ол  әрекеттер  пікір  алмасу,  талқылау,  сұрақ-жауап  әрекеті  және  тіл 

үйренушілердің  сөйлеуіне  көмектесетін  тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы 

іске  асады.  Мұғалім  бұл  тапсырмалар  түрін  өзінің  шығармашылық  қабілетіне 

сәйкес түрлендіріп қолдануына болады.  

Сонымен, қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыту, 

сөздік  қорын  молайту  сияқты  мәселелер  бір-бірімен  байланыста  жүргізіледі. 

Оқушының  танымын,  ойын,  тілін  дамытып  қатысымдық  әрекетін  жүйелі  де 

нәтижелі  жүргізу  үшін  алдымен  сөз  бен  ойдың  мағынасын  меңгерту  және 

сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып  сөйлем  құрастыруға  төселдіру  қажет. 

Соның  негізінде  оқушының  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  әрекеті, 

икемділіктері мен дағдылары қалыптасып, нәтижесінде сөздік қоры дамып, өз 

ойын  белгілі  жағдайда  жеткізуіне  мүмкіндік  туады.  Қорыта  келгенде, 

оқушылардың  қатысымдық  әрекет  арқылы  қазақша  сөздік  қорын  молайтып, 

сөйлеуге,  сауатты  жазуға  дағдыландыру  лингвистикалық  білім  негізінде 

жүргізіледі.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

21 



 


4  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  оқыту  технологиясының 

құрылымдық-жүйелік моделі  

 

4.1 

Оқытудың интерактивті әдістерінің топтастырылуы  

 

Қазіргі  педагогика  баланың  оқуға,  өзінің  танымдық  қуатын  ашуға,  жаңа 

білімді алуға үнемі талпынуға үйренуіне бағытталған. Оқу процесінің табысты 

болуы мұғалімнің балалармен, балалардың бір-бірімен, әр баланың мұғаліммен, 

оқушының ұжыммен өзара қарым - қатынасына байланысты.  

Оқыту  әдістемесі  деп  біз  нені  түсінеміз?  Бұл  -  оқушының  өзіндік  ойлау 

қабілеттері  мен  қызығушылықтарын  арттыруға  мүмкіндік  беретін  мұғалімнің 

оқушылармен  жүйелі  жұмыс  тәсілі,  білімді  және  ептілікті  меңгеруі,  оны 

тәжірибеде  қолдана  білуі.  Педагогикада  оқыту  әдістерін  топтастырудың 

бірнеше  түрі  бар.  Дәстүрлі  түрде  оларды  пассивті,  активті  және  интерактивті 

деп үш топқа бөледі.  

Пассивті  –  бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекет  ету  формасы. 

Мұнда мұғалім негізгі әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал 

оқушылар  мұғалім  нұсқауына  бағынатын  пассивті  тыңдаушылар  рөлін 

атқарады.  Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  байланыс  түрлі  сұрақтар,  өзіндік 

бақылау  жұмыстары,  тест  жұмыстары  арқылы  іске  асады.  Заманауи 

педагогикалық  технология  тұрғысынан  алғанда,  оқушылардың  оқу 

материалдарын меңгеруінде пассивті әдіс тиімсіз болып саналады. Бірақ өзіндік 

артықшылықтары  да  жоқ  емес.  Ол  мұғалімнің  сабаққа  оңай  дайындалуына 

және  шектеулі  уақыт  аясында  оқу  материалдарын  көбірек  беруге  мүмкіндік 

береді. Осы артықшылықтарды есепке ала отырып, көптеген мұғалімдер басқа 

әдістерге қарағанда пассивті әдісті жөн көреді.  

Активті  –  бұл  оқушы  мен  мұғалімнің  сабақ  барысындағы  өзара  әрекеті, 

мұнда оқушылар пассивті тыңдаушы емес, сабақтың белсенді қатысушылары. 

Пассивті  сабақта  негізгі  әрекет  етуші  тұлға  мұғалім  болса,  мұнда  оқушы  мен 

мұғалім  тең  құқылы  болады.  Активті  тәсіл  демократиялық  стилді  қалайды. 

Негізгі  әдістері  –  бұл  шығармашылық  тапсырмалар,  оқушылардың  мұғалімге, 

мұғалімнің оқушыларға сұрақтар қоюы.  



Интерактивті  оқытудың  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекеттесуі 

арқылы  жүзеге  асатындығын  біз  білеміз.  Мұнда  мұғалім  мен  оқушы  оқу 

үрдісінің  субьектісі  болып  табылады.  Мұғалім  ұйымдастырушы,  топтың 

көшбасшысы, ақыл-кеңес беруші, оқушы әрекетіне жағдай жасаушы қызметін 

атқарады. Білімді меңгеруде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмысын 

бағалауда, талдауда оқушылар өздері жетекшілік етеді, өздерінің тәжірибесіне 

сүйенеді.  Мұғалім  шығармашылық  жұмыстарды  орындау  барысында  тың 

мәселелерді  туғыза  отырып,  оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыруды 

көздейді.  Туындаған  мәселе  төңірегінде  оқушылар  өз  пікірін,  көзқарасын 

білдіреді, оның дұрыстығын дәлелдейді. Оқушылардың жаңа білімі, шеберлігі 

осындай  тәжірибе  негізінде  қалыптасады.  Интерактивті  оқыту  оқушының 

22 


 


санасына  ғана  әсер  етіп  қоймайды,  олардың  сезіміне,  еркіне  (әрекетіне, 

дағдысына)  жағымды  әсер  етеді.  Ғалымдардың  зерттеуі  де  интерактивті 

тәсілдер  арқылы  оқушының  оқу  материалдарын  жылдам  меңгеретіндігін 

дәлелдеген.  Оқытудың  интерактивті  тәсілдері  мынандай  міндеттерді  шешуге 

көмектеседі:  

 

Әрбір оқушының оқу материалын меңгеру үрдісіне белсенді араласуы;  

 

Танымдық мотивациясын арттыру;  

– 

Табысты  қатынас  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  (бірін-бірі  тыңдай 



білу, сөйлесім құра білу, түсіністікпен сұрақтар қоя білу);  

– 

Өзіндік  оқу  қызметінде  дағдыларын  дамыту:  жетекші  және  аралық 



тапсырмаларды анықтау, өз таңдауының нәтижесін алдын-ала қарастыра білу, 

оны объективті бағалау;  

– 

Лидерлік қасиетін тәрбиелеу;  



– 

Топпен және топ ішінде жұмыс істей алу;  

– 

Біріккен  және  жеке  қызметте  жетістіктерге  жету  үшін  жауапкершілікті 



сезіну.  

Оқытудың интерактивті әдістерінің көпшілігі бірнеше тәсілдердің күрделі 

өрілуі  болып  табылатындықтан  оларды  топтастыру  өте  қиын.  Қай  әдісті 

қолдану  түрлі  себептерге:  сабақтың  мақсатына,  қатысушылар  мен  мұғалімнің 

тәжірибесіне,  олардың  талғамына  байланысты.  Көптеген  әдістердің  атауының 

шартты  түрде  екендігін  де  айта  кеткен  жөн.  Бір  ғана  атау  бірнеше  мазмұнды 

белгілеу  үшін  жиі  қолданылса,  керісінше  бір  ғана  әдіс  түрлі  атаулармен 

кездеседі.  

– 

Шығармашылық тапсырмалар.  



– 

Шағын топтармен жұмыс.  

– 

Ойындар (рөлдік, іскери, білімдік).  



– 

Сергітулер (разминки различного рода).  

– 

Мәселелерді шешу және талқылау (жобалау әдісі, пікірсайыс, зерттеу).  



– 

Жаңа материалды үйрену және бекіту (оқушы мұғалім рөлінде, көрнекі 

құралдармен жұмыс, практикалық сабақтар).  

– 

Әлеуметтік жобалар (жарыстар, спектакльдер, қойылымдар, көрмелер).  



– 

Қоғамдық ресурстарды пайдалану (мамандарды шақыру, саяхаттар).  



Оқушыларды топқа бөлу тәсілдері. Оқушыларды оқу топтарына бөлудің 

бірнеше тәсілдері бар. Топ мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға 

болады.  Оқушыларды  топқа  бөлудің  ең  қарапайым  жолы  –  «бір»,  «екі» 

сандарымен  санату.  Бір  санын  атағандар  бірінші  топты,  екі  санын  атағандар 

екінші топты құрайды. Сандардың орнына түстерді немесе жыл мезгілдерін т.б. 

атауға  болады.  Енді  бір  жолы  оқушылардың  көзқарастары  мен  ұстанымдары 

бойынша (өз қалауымен) құрауға болады. Қажетті уақыт бойы топ құрамының 

тұрақты  сақталуы  оқушылардың  топпен  жұмыс  істеуде  жетістікке  жету 

шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті  оқытуда тұрақты топ болмайды, олар 

үнемі ауысып отырады. Ал топ құрамының ауысуы барлық оқушыларға әртүрлі 

адамдармен жұмыс  істеуге және оларды тануға мүмкіндік береді. Топты құра 

23 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау