Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз 

алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды 

байқап  отырады  және  де  өз  мінез-құлқын  қадағалап  отырады»,  -  деген 

қағидасын  әр  мұғалімге  маңызды.  [14].  Оқушының  тіл  үйренудегі 

қиыншылықтарға  тап  болуының  себептерін  олардың  зейіндерінің 

жеткіліксіздігінен, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі зейінінің әлсіздігінен 

екенін  білу  керек.  Психолог  Қ.Сейталиев  зейінді  тиімді  тәрбиелеу  мынандай 

негізгі шарттарға байланысты екендігін жазады:  

1. Бала әр уақытта кез келген іс-әрекетте, кез келген жұмысты орындауда 

зейінді болуға тиісті. Әр уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеуі қажет.  

2. Мектеп оқушыларын кез келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді 

жаттықтыру.  

3. Баланы сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетке зейін қоюға үйрету.  

4.  Зейінді  болу  әдетіне  тәрбиелеу,  зейінділік  мінез-құлықтың  үйреншікті 

түрі  болу  тиіс  [12].  Оқушы  зейінінің  тұрақты  болуы  сабақтың  қызықты, 

мазмұнды өтуіне де байланысты. Бұл ретте тіл үйренушінің зейінінің тұрақты 

болуына қатысты тапсырмалар түрлерін жүйелі ұйымдастыра білу де маңызды. 

Ойлау  мен  қабылдау,  зейін  мен  ес  оқушының  зеректігіне  әсер  етеді.  Орыс 

мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту  барысында  оқушының  ойлау,  қабылдау, 

зейіндік қабілеттері анықталады, оқу үдерісінің мазмұны, мағыналы өтуі, онда 

қолданылатын  түрлі  интерактивті  әдіс-тәсілдердің  барлығы  оқушының  жеке 

психикалық күйімен, оның дамуымен тығыз байланысты.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

16 



 




Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

лингвистикалық негіздері  

 

Тіл  –  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауының  құралы, 



сондықтан  адамдар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау  үшін  алдымен  сөзді, 

сонан  соң  сөздерді  қалай  қолдануды  білуі  керек.  Міне,  сондықтан  да  тілді 

үйретуде  оқушының  сөздік  қорын  байыту  мен  сөздердің  қалай 

қолданылатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады. Екінші 

тілді  оқытуда  оқушының  сөзді  білуі,  сөздік  қорының  мол  болуы  оның  тілді 

меңгеру  дәрежесінің  негізгі  көрсеткішінің  бірі  болып  табылады.  Оқушының 

сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық 

жеткізуге  мүмкіндігі  мол  болады.  Бұлардың  әрқайсысы  өте  өзекті  мәселелер, 

олар  қазақ  тілін  орыс  мектептерінде  оқыту  әдістемесінің  негізгі  объектісі. 

Оқушыларға  қазақ  тілін  үйрету  барысында  қазақ  тілінің  дыбыстық 

ерекшеліктерін үйретудің маңызы үлкен. Оқушы дыбыстарды дұрыс айта білу 

арқылы түсінікті сөйлеуге үйренеді. Зерттеушілер бұл туралы: «Қазақ тіліндегі 

дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің шеберлігін ғана емес, 

бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта 

мұғалім  тек  дыбыстардың  айтылуымен  ғана  шектелсе,  сөйлеуді  үйрету 

мақсатына  жетпейді.  Сондықтан  ұстаз  дыбыстардың  ерекшелігін  сөз  ішінде, 

буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың 

қағидаларын  естен  шығармайды  және  тілді  үйретудің  жинақтық  әдісін 

пайдаланады»  [15].  Демек,  оқушы  дыбыстардың  дұрыс  айтылуын,  жазылуын 

меңгере  отырып  оны  тұрақты  дағдыға  айналдыруы  тиіс.  Сондай-ақ  мұғалім 

оқушылардың фонетикалық дағдыларын тұрақты дамытып отыруы қажет.  

Оқушының  сөйлеу  әрекетін  дамыту,  біріншіден  тілдің  лексикалық, 

грамматикалық  білім  нормаларын  меңгертуге  байланысты  болса,  екіншіден, 

сөйлеу  дағдылары  сөйлеу  әрекетінің  оқылым,  тыңдалым,  айтылым  жазылым 

түрлерімен  байланысты  болады.  Қазақ  тілінің  сөздік  құрамын  меңгеру, 

лексикалық  қор  арқылы  тілді  үйреніп,  еркін  сөйлеу  мектепте  лексика  курсын 

оқыту  барысында  жүзге  асырылады.  Тіл  үйренуші  оқушыға  жаңа  сөздерді 

меңгертудің  жолдары  көп  десек,  профессор  З.С.  Күзекова  оларды  былай 

топтастырады:  

1. 


Сөздерді көрнекі құралдар арқылы меңгерту;  

2. 


Жаңа сөздерді контекст арқылы түсіндіру;  

3. 


Синонимдер арқылы түсіндіру;  

4. 


Антонимдер арқылы түсіндіру;  

5. 


Туынды сөздердің жасалуын талдау арқылы түсіндіру;  

6. 


Сөздерді олардың мағынасына сипаттама беру арқылы түсіндіру;  

7. 


Жаңа сөзді санақ (перечисление) арқылы түсіндіру;  

8. 


Сөзді ана тіліне аудару арқылы түсіндіру [16].  

Осы айтылған әдістерді оқушыға меңгертудегі интерактивті әдістердің бірі 

кластер,  диаграмма,  мақсатты  оқылым,  сурет,  сызба,  қозғалыстағы  көріністар 

және  басқалар.  Кластер  тәсілін  қолдану  оқушының  танымдық  түсінігін 

кеңейтіп,  ойлау  мен  есте  сақтау  қабілетін  дамытады.  Мұғалім  тақтаға  белгілі 

17 


 


бір  тақырыпты  (кілт  сөзді)  жазады.  Оқушылардың  да  дәптерлеріне  осылай 

жазып, осы сөздің төңірегінде ойланып, сөйлемдер жазуын сұрайды. Одан әрі 

оқушылар  топтық  жұмыс  арқылы  бір-бірлерімен  пікір  алысып,  берілген 

тақырыпты  талқылап,  тақырыптың  мазмұнын  ашады.  Оқушы  сөздерді  түсіну 

арқылы  тілдің  орфографиялық,  орфоэпиялық  нормаларын  түсінеді,  сөздерді 

орнымен қолдана білуге дағдыланады. Интерактивті тапсырмалар түрі өте көп, 

оның  барлығы  мұғалімнің  шығармашылық  қабілетіне  байланысты 

қолданылады.  Әдіскерлер  дидактикалық  ойындардың  да  балалардың  қазақша 

сөйлеп,  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастыруға  жәрдемдесетінін  айтады: 

«Дидактикалық  ойындар  барысында  оқушылар  диалог  және  монолог  арқылы 

бір-бірімен  қарым-қатынас  жасайды.  Қазақ  тілін  дидактикалық  ойындар 

арқылы  қатысымдық  тұрғыдан  меңгертудің  негізгі  мақсаты  –  сөйлесім 

әрекетінің  түрлері  арқылы  әдеби  нормада  өз  ойын  түсінікті,  сауатты,  дұрыс 

жеткізуге  үйрету.  Сөйлесім  әрекетінің  түрлері  арқылы  оқушыны,  біріншіден 

қазақ  тілінен  игерген  білімдері  мен  біліктерін  тәжірибеде  қолдана  алуға, 

екіншіден,  өзіндік  пікірі,  көзқарасы  бар  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға, 

үшіншіден,  тілдік  қарым-қатынаста  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіріп,  сөйлеу 

нормаларын  сақтауға  дағдыландыруға  болады»  [10].  Демек,  бұл  тәсілдер 

арқылы  оқушыларды  диалогты  және  монологты  сөйлеуге  үйрете  отырып 

олардың тілдік қатынаста өзінің дауыс ырғағына, сөйлеу мәнеріне көңіл бөліп, 

жұптағы  серіктесінің  сөйлеген  сөзіне  мән  беріп,  сөйлеу  тілін  жетілдіруіне 

көмектеседі.  Лексикалық  материалдарды  меңгеру  оқушылардан  оларды 

бірнеше  рет  қайталауды  талап  етеді.  Ал  бұл  бір  сарындылықтан  оқушылар 

жалығып кетеді.  

Әдіскер-ғалымдардың пікірінше: «Применение игрового метода обучения 

способствует выполнению важных задач по обучению иноязычной лексики: 1) 

Создание  психологической  готовности  учащихся  к  речевому  общению.  2) 

Обеспечение  естественной  необходимости  многократного  повторения  ими 

лексического  материала  3)  Тренировку  учащихся  в  выборе  нужного  речевого 

варианта,  что  является  подготовкой  к  спонтанной  речи»  [17].  Оқушылардың 

лексикалық  дағдыларын  қалыптастырудың  бір  жолы  қиындығы  шектеулі 

жаттығуларды  пайдалану болып табылады. Бұл жаттығулар оқушылардың тіл 

үйренудегі  қызығушылығын  туғызу  мақсатында  ойын  жаттығулары  түрінде 

немесе  жағдаяттық  тапсырмалар  түрінде  болуы  мүмкін.  Оқушылар 

тапсырмалардың  барлығын  топпен  немесе  ұжымдық  жұмыс  түрінде  іске 

асырады.  «Тіл  үйренудің  ұжымдық  формасы  дегеніміз  –  үйренушінің  бүкіл 

топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеу ара 

бірін-бірі  үйретуі,  оқытуы,  адамдардың  бірінен  екіншісінің  үйренуі,  пікір 

алысуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым 

мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге 

асуы»  [18].  Мысалы:  1)  «Жарыс»  ойыны.  Сипаттамасы:  екі  кезеңнен  тұрады. 

Оқушылар  екі-екіден  жұппен  ойнайды.  Бірінші  кезеңде  оқушылар  берілген 

тақырып бойынша қаншалықты жаза алғанынша сөздер жазады. Екінші кезеңде 

осы  берілген  сөздермен  диалог  құрастырады.  Мұғалім  оқушылардың 

лексикалық  қорын  дамыту  мақсатындағы  жүргізетін  жаттығулар  түрін 

18 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау