Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата23.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#16655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

білуі.  Бұл  сыныптағы  үлгерімі  нашар  оқушыға  да  әсер  етеді.  Олар  өз 

бойындағы  қорқақтықты,  ұялшақтықты  жеңіп,  сенімсіздік  күйінен  арылып, 

ризашылықпен  топтық  жұмысқа  қатыса  отырып,  үздік  оқушылардан 

қалыспауға,  түсінбеген  тапсырмаларын  сұрауға  тырысады.  Осыған  орай, 

топтық  жұмыс  барысында  ынтымақтастыққа  тәрбиелеуге  бағытталған  түрлі 

психологиялық  ойындар  мен  жаттығулар  түрлерін  пайдалануға  болады.  Бұл 

ретте психолог ғалым Қ.Жарықбаев: «Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. 

Ойын  арқылы  адам  баласының  белгілі  бір  буыны  қоғамдық  тәжірибені 

меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында 

да  қоғамдық,  ұжымдық  сипат  болады.  Мәселен,  кез  келген  бала  ешуақытта 

жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-

бірімен  өзара  қарым-қатынас  жасайды.  Осындай  ойындарда  баланың 

қабілеттері  жақсы  жетіле  бастайды.  Ұжымдық  ойындар  баланың  моральдық, 

эстетикалық  сезімдерінің  қалыптасуына  әсер  етеді»,  -  дейді.  [9].  Демек,  тілді 

оқыту барысында шығармашылықты талап ететін күрделі емес ситуацияларды 

ойнау, коммуникативтік қабілетін дамытатын ойынға арналған тапсырмаларды 

орындау баланың бейімі мен қабілетін дамытуға көмектеседі. Ойын оқушының 

тіл  үйренуге  деген  қызығушылығы  ғана  арттырып  қоймайды,  олардың 

қабілетін,  ой-өрісін,  танымын,  шығармашылық  дербестігін,  тілін  дамытады. 

«Оқыту  барысында  дидактикалық  ойындар  оқушылардың  мақсатқа  жету 

жолындағы  мотивтерін  қанағаттандырып,  оның  басқа  психикалық 

қабілеттерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Себебі  оқушылардың  мақсатқа  жету 

тілегін  ішкі  және  сыртқа  түйсіктер  туғызады,  ал  орындалатын  іс  әрекеттер 

қимыл  түйсіктері  арқылы  реттеліп  отырады.  Түйсіктер  оқушылардың  көру, 

қабылдау,  есту,  эмоциялық  жай-күйімен  тығыз  байланысты».  [10].  Сондай-ақ 

оқушылар  ойын  арқылы  ұжыммен  жұмыс  істеуге  үйренеді.  Сол  сияқты 

ойталқы,  ойбөліс,  іскерлік  ойындар  арқылы  белгілі  бір  тақырып  аясында 

мәселеге өз пікірін білдіруге, қарсы жақпен бейбіт түрде пікір таластыра білуге, 

дұрыс  ойлана  білуге  дағдыланады.  Осы  тұрғыдан  психолог-ғалым  Л.С. 

Выготскийдің: «... это указывает на то, что игра является естественной формой 

труда ребенка, присущей ему формой деятельности, приготовлением к будущей 

жизни», - деген пікірімен келісуге болады. [11]. Оқу түрінің осындай мақсатта 

ұйымдастырылуы  белгілі  әлеуметтік-психологиялық  заңдылықтарға  сәйкес 

әлеуметтік орта арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.  

Орыс  мектептеріндегі  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде,  жалпы  тілдерді 

үйрету  барысында  ойлау,  қабылдау,  түсіну,  ес,  дағды  сияқты  психикалық 

құбылыстарды  зерттеп,  берудің  маңызы  зор.  Осы  құбылыстарды  білмейінше, 

орыс  сыныптарында  қазақ  тілін  жүйелі,  сапалы  түрде  меңгерту  мүмкін  емес. 

Халқымыздың: «Сөз – ойдың көрінісі, ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр» деген 

нақыл  сөзінен  ақыл-ойдың  тілден  көрінетіндігі  байқалады.  Ойлау  мен  сөйлеу 

бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, тілдік қатынастың психологиялық негізі 

адамның  ойлау  жүйесіне  байланысты.  Әр  сабақта  жаңа  сөздерді  меңгеру, 

оқушының  логикасын  дамыту,  ұғымдарын  кеңейту  жұмыстары  тұрақты 

жүргізілуі  тиіс.  Ол  әрбір  сабақ  үстінде,  мектептегі  барлық  тәлім-тәрбие 

үдерісінің  барысында  ұдайы  жүргізілетін  жұмыс.  Ол  үшін  орындалатын 

12 


 


жаттығулар мен тапсырмалар қызықты, мақсатты, дұрыс таңдалуы қажет. Адам 

ойлау  арқылы  сыртқы  дүниені  бейнелесе,  сөз  арқылы  өз  ойын  басқа  біреуге 

жеткізеді. Яғни, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғарғы формасы. 

Демек, мұғалім оқушыны ойлана білуге баулуы керек. Оқушының қазақша өз 

ойын басқаға түсінікті етіп жеткізуі үшін оның белгілі бір лекикалық минимум 

деңгейінде сөздік қоры болуы тиіс. Оқушы өзінің сыныптастарымен пікірлесе 

отырып,  өзінің  күнделікті  сөйлеу  тәжірибесінде  тілдің  мағыналық  жағын 

меңгереді,  біртіндеп  сөздік  қоры  молаяды.  Оқушының  сөздік  қоры  көбейген 

сайын ойын тура, нақты жеткізуге мүмкіндігі туады. Осы орайда интерактивті 

оқытудың  проблемалық  оқыту  тәсілін  қолдануға  болады.  Бұл  туралы: 

«Шәкірттердің  ойлау  қабілетін  дамытуға,  оқытуға  оқытудың  проблемалы 

сипатта болуы ерекше әсер етеді. Проблемалық оқу – оқушыға беретін білімнің 

бәрін  мұғалімнің  өзі  баяндап  бермей,  олардың  алдына  сұрау  салып,  мәселе 

қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау», - делінген. [9]. Демек, педагог сабақ 

барысында  проблемалық  сұрақтар  туғыза  отырып  оқушының  пікірін  еркін 

жеткізуге бағыт береді.  

Ал ойлаудың алғашқы формасы – ұғым. Сөзді қабылдау және ұғыну бір-

бірімен  тығыз  байланысты.  Сөзді  дұрыс  қабылдамай  тұрып  оны  ұғынуға 

болмайды.  Жеке  сөздерді  қабылдаудың  өзі  оны  ұғынуды  қажет  етеді.  Ұғым 

қалыптастырудың  тиімді  жолдарын  анықтау  үшін  де  мұғалімнің 

психологиялық білімі қажет. Сонда ғана оқушының сөздік қорын тақырыптық 

сөздер  арқылы  байыта  отырып,  оларды  сөйлем  құрауға,  ойын  жүйелі, 

бірізділікпен  айтуға  үйретуге  болады.  Сондай-ақ  жаңа  сөздер,  деректер, 

хабарлар  арқылы  баланың  танымы  қалыптасады,  ұғымы  кеңейеді.  Сабақта 

аудиомәтіндерді  тыңдату,  сол  мәтіндерге  қатысты  түрлі  жаттығулар,  тест 

тапсырмаларын,  басқа  да  шығармашылық  тапсырмалар  беру,  интерактивті 

тақта арқылы түрлі слайдтар, видеофильмдер көрсету баланың қазақша ойлап, 

өз  ойын  жинақтап,  байланыстырып,  сөйлеуіне,  сауатты  жазуды  меңгеруіне 

көмектеседі.  

Орыс  мектептерінде  оқытылатын  қазақ  тілі  пәнінің  алдына  қойылатын 

басты  мақсаты  –  оқушылардың  оқу  стандартына  сәйкес  орта  мектепке 

негізделген  грамматиканы  меңгеріп,  белгілі  бір  дәрежеде  қазақша  сөйлеп,  өз 

ойын  екінші  адамға  жеткізе  алатындай  және  өзге  адамның  ойын  түсіне 

алатындай  деңгейге  жеткізу.  Сөз  қоршаған  ортаны  нақты  мағынамен  көрсете 

келіп,  адам  ойының  сөйлем  арқылы  сыртқа  шығуына  негіз  болады.  Сонымен 

қатар  қатысымдық  тұлға  ретінде  қолданғанда  ішкі  мән-мағынасымен  бірге 

басқа  сөздермен  тіркесу  ерекшелігі  жағынан  да,  айтылымы  мен  жазылымы 

тарапынан да, дауыс ырғағына байланысты қосымша реңімен де тіл үйренуші-

оқушының  назарын  аудартады.  Сөйтіп,  сөз  сөйлемнің  жасалуына  әсер  етсе, 

сөйлем  мәтіннің  ұйтқысы  болады.  «Адамға  тән  сөйлеу  әрекетінде  екі  сипат 

болуы  шарт.  Бұларсыз  сөйлеу  өзінің  қызметін  дұрыстап  атқара  алмайды. 

Мұның  біріншісі  сөйлеудің  мазмұндылығы,  екіншісі  –  оның  мәнерлілігі 

делінеді.  Сөйлейтін  сөзде  мазмұн  болмаса,  ол  өзіндік  сөздік  мәнін  жояды. 

Сөздің  мазмұндылығы  дегеніміз  –  екінші  біреуге  жеткізілетін  ойдың 

айқындығы.  Сөздің  мәнерлілігі  дегеніміз  –  адамның  сөйлеу  кезіндегі 

13 


 


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау