249
Егер бұрында адам компьютерлік техника мен интернет желі-
сінің ресурстарына толық қолжеткізе алмаса, жыл өткен сайын
ол өзінің кəсіби міндеттерін атқару барысында немесе компьютер
мен бағдарламалық қамтамасыз етуді үйінде жұмыс істеу үшін
орнатса, осындай қолжетімділікке ие бола алады. Бұл айғақты
ақпараттық жəне коммуникацялық технологияларды қолданатын
оқушылар ата-аналарының санын көбейту ретінде қарастыруға
болады. Мысалы, оқушылар, ақпараттық ресустар мен интернет
желісіне қол жеткізе алатын бір немесе екі ата-ана саны геометриялық
прогрессияда өсетіні анық.
Сонымен бірге ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу кезіндегі ата-аналар мен
мектептегі педагогикалық ұжымның қарым-қатынасын тиімді түрде
жоғарылатуға қабілетті.
Бірінші кезекте телекоммуникацияның қолданылуы, оның
ішінде электрондық поштаны қолдану оқытушылар əрбір оқушының
білімі мен тəрбиесі жайлы ата-аналармен жеке диалог ұйымдастыру
арқылы ақпарат бере алады. Ата-аналар да оқытушыларға əрбір
оқушының білімін қуаттандыру мүмкіндіктерін айтуға мүмкін-
діктері бар.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының күрделі
түрлері ата-аналармен виртуалды жиналыстар өткізуге мүмкіндік
береді. Осындай мақсатта сілтемелер мен телеконференциялар
тізімін қолдану мектепке ата-ана келмей-ақ, жиналыстарға қатыспай-
ақ көптеген мерекелік шаралар мен ақпарат алмасуға мүмкіндік
береді.
Мектептің интернет желісінде жеке сайтының болуы ата-
аналарға мектеп өмірі, сынып, параллельдер, сабақ кестесі, өткізіл-
ген оқу жəне оқудан тыс шаралар туралы ақпарат бере алады.
Мұндай режим конфиденциал жəне жеке (индивидуал) ақпарат
алмасуға кедергі келтірмейді. Əрбір жеке тұлғаның мектептің ар-
найы жеке сайтында кіруге құқы болу керек, ал ата-аналардың
сайтқа ену үшін жеке «кілті» болуы тиіс.
Сонымен қатар, мектеп сайты немесе басқа да білім беру
орталары ата-аналар үшін баланың сабағын қадағалауда жəне
мектептің оқу əдістемелік құралдарымен танысуда немесе
тəрбиелілік мақсатымен танысудағы негізгі ақпарат көзі болып та-
была алады. Мұндай сайт беттерінен ата-ана баланың денсаулығы
жайлы, қауіпсіздігі, отбасында немесе қоғамда өзін-өзі қалай ұстау
250
керектігін, тəрбиелік мақсатта жəне оқуға арнайы кеңестер жайлы
ақпараттар ала алады.
Телекомуникациялар ата-аналарға өз балаларының оқу үлге-
рімін қадағалауда, мектепте туындаған қиындықтар жайлы,
мұғаліммен кеңесе отырып бала оқуына жəне тəрбиесімен жұмыс
жасауға мүмкіндік ашты. Ақпараттық-қатынастық техноло-
гияларды қолдана отырып, ата-аналар оқытудағы бағытты жəне
баланың үй тапсырмасын қадағалауына болады. Мобильдік ақпарат
алмасудың пайда болуы, мобильдік телефондар, қалталы интер-
неттер немесе бүкіл əлемдік желіге қосылған интернет тораптары
мұғалім мен ата-ана арасында қосымша ақпарат алмасуға кеңінен
мүмкіндік ашты.
Қазіргі кезеңде көптеген оқу орындарында ата-аналарға мек-
теп жайлы, оқу əдістемелік құралдар жайлы жəне т.б көптеген
ақпараттардан хабардар болып отыруын қамтамасыз ететін интер-
нет сервистері ашылып жатыр. Осы мақсатта мобильдік пошта жəне
СМС-хат алмасу сервистері де пайда болды. Көптеген жағдайда
оқушының тəрбиесі мен оқу үлгерімінің нəтижелілігіне ата-ана мен
педагог арасындағы өзара қарым-қатынас əсер етеді.
Ереже бойынша оқытушы мен ата-ана арасындағы, ата-ана
мен мектеп арасындағы мұндай виртуалды қарым-қатынас жасау
оқушының үй мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуіне де
үлкен əсерін тигізеді.
7-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ақпараттық жəне телекомуникациялық құралдарды қолдану қолайлы
болатын оқу əрекетінің негізгі түрлерін атаңыз.
2. Тест деген не?
3. Тесттік тапсырмалардың қандай түрлерін білесіз?
4.
Оқу мекемесінің ғылыми-зерттеу əрекетінде ақпараттандыру
құралдарын қолданудың ерекшеліктері қандай?
5. Оқу мекемесінің оқудан тыс əрекетінде ақпараттандыру құралдарын
қолданудың ерекшеліктері қандай?
6. Электрондық басылым деген не?
7. Білім беруші электрондық басылым деген не?
8. Оқуды тағайындаудың қандай компьютерлік құралдарын білім
берудегі электрондық басылымның негізгі құрамдас бөлігі ретінде
қарастыруға болады.
251
9. Білім беретін электрондық басылымдар түрлерінің негізінде қандай
белгілер болуы мүмкін?
10. Білім беретін электрондық басылымдардың түрлеріне мысал
келтіріңіз.
11. Білім беретін электрондық басылымдарына талаптардың қандай
түрлерін қолдану керек?
12. Білім беретін электрондық басылымдардың дəстүрлі дидактикалық
талаптарын атаңыз жəне сипаттаңыз.
13. Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың
құралдарын қолдануға негізделген білім беретін электрондық
басылымдарға қойылатын ерекше дидактикалық талаптарды атаңыз
жəне сипаттаңыз.
14. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын əдістемелік та-
лаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
15. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын психология-
лық талаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
16. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын техникалық
жəне технологиялық талаптарды атаңыз жəне сипаттаңыз.
17. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын денсаулық
сақтау жəне эргономикалық мінездегі талаптарды атаңыз жəне
сипаттаңыз.
18. Білім беретін электрондық басылымдарда жүргізілетін іс-қағаздарға
қандай талаптар қойылады?
19. Білім беретін электрондық басылымдарға қойылатын талаптар
жүйесінде оқу үдерісінің деңгейі мен түрі қалай көрінеді?
20. Өмір сүру мүмкіндігі шектелген адамдарды оқытуда қолданылатын
білім беруші электрондық басылымдар қандай ерекшеліктерге ие
болу керек?
21. Білім беру жүйесінде қолданылатын электрондық басылымдар
қандай ерекшеліктерге ие болу керек?
22. Білім беретін электрондық басылымдардың альфа-, бета- жəне гам-
маверсиялар деген не?
23. Білім беретін электрондық басылымдардың «апробация» жəне «са-
раптама» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. Олардың бір-бірінен
айырмашылықтары қандай?
24. Білім беретін электрондық басылымдарды апробацияны тағайындау
мен технологиясын сипаттаңыз.
25.
Білім беретін электрондық басылымдарды сараптаудың
тағайындалуы, кезеңдері мен технологиясын сипаттаңыз.
26. Ашық жəне қашықтан оқыту деген не? Дəстүрлі ішкі оқу түрінен
ашық жəне қашықтан оқытудың ерекшеліктерін көрсететін негізгі
белгілерін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |