Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет80/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113

243
Басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау мен 
қолдану аясындағы жалпы орта білімді ақпараттандырудың 
қазіргі жағдайы бөлек мектептердегі оқу үдерісін басқарумен 
бөлек жергілікті автоматтандырылған жұмыс орындарымен сипат-
талады. 
Оқу мекемелерімен басқарылатын ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдары келесі мəліметтерді сандық жəне сапалық 
жағынан жасау керек:
-   оқу үдерісі туралы мəліметтермен қоса оқушылар құрамыны-
ның тізімдік құрылымы: өткізілетін пəн бойынша əрбір 
оқушының оқу нəтижесі туралы мəліметтер (қорытынды жəне 
ағымдық белгілер, келесі сатыға өту туралы), оқу сапасының 
диагностикасы бойынша мəліметтер (білім, білік, дағдының) 
тесттік бақылауы;
-   оқу үдерісінің негізгі параметрі ретінде қарастыруға 
болатын мəліметтер: оқу үдерісінің ұйымдастырылуы 
(организация учебного үрдісса (пəннің өткізілу сағаты, 
ерекшелігі, сыныптардың саны жəне т.б.), оқытушы-
лардың кадрлық құрамы мен бағалануы, оқу үдерісінің 
материалдық, дидактикалық жəне əдістемелік қамтамасыз 
етілуі жəне т.б.  
Жалпы орта білім беру мекемесінің ұйымдастыру-басқару 
əрекетінде ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдану көптеген артықшылықтардың пайда болуына əкеліп соғады, 
атап айтқанда: 
Мектеп əкімшілігі үшін:
-   басқару шешімін қабылдауға арналған оқу үдерісі туралы 
ақпараттың жалпылануы мен жедел қабылдануы;
-   əліпбилік кітаптар, қызметкерлер, оқушылар, ата-аналардың 
жедел есеп жүргізуге арналған жеке жұмыстарынң жүргізілуі;
-   оқушылардың қозғалыс мониторингі;
-   мектептік іс-қағаз айналымын жасау;
-   білімді басқаруға арналған есептің автоматты құрылуы;
оқу ісінің меңгерушісі, оқытушылар, оқушылар мен ата-аналар 
үшін:
-   үлгерім мен сабаққа қатысу туралы қорытынды жəне аралық 
есептің алынуы, оның ішінде меншікті есептің құрылуы;
-   сабақ бойынша алған бағалар жəне қарыздар автоматты түрде 
қойылатын күнделікке қолжетімділік;


244
пəнді жүргізуші ұстаздар үшін: 
-   сынып журналы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың 
жүргізілуі, есептің қаралуы;
-   мұғалімдер мен оқушылардың жеке портфолиосының 
жүргізілуі, сонымен қатар қолжетімділік құқығының иілгіш 
мүмкіндігі бар жобалар портфолиосының жүргізілуі; 
оқу-тəрбие үдерісінің барлық қатысушылары үшін:
-   оқу үдерісінде барлық қатысушылардың арасындағы түсіністік 
пен ынтымақтастықты жақсартатын мектеп аясында ақпарат 
алмасудың біртұтас ортасының құрылуы.
Оқу мекемелерін басқаруда қолданылатын ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары басқарманың білім 
аумағындағы жаңа əдістемелерін қолдануға, жалпы орта білім беру 
жүйесінің тиіміділігін көтеруде жаңа сапаларға қол жеткізуге бо-
латын компьютерлік техника жəне байланыс құралдары негізіндегі 
ақпараттық қор құру мен осы үдерісте математикалық модель мен 
əдістерді қолданудың  негізделген  жүйесін жинақталған түрде 
көрсетуі тиіс. 
Жалпы орта білім беру мекемесінің əрекетінде жаңа ақпараттық 
жəне қатынастық технологияларды қолданудың маңызды облы-
сы оқытушылар мен оқушылар қолданатын мектеп  жəне басқа да 
кітапханалар болып табылады. 
Кітапханалық ресурстар мен олардың оқу орны əрекетінің басқа 
саласымен қоса ақпараттық интеграциясының дəрежесі ақпараттық 
жəне телекомуникациялық қамтамасыз ету сапасына орындалған 
оқу үдерісінің саласы байланысты, сондай-ақ қорытынды бақылауда 
бітіруші мамандардың сапасы. 
Кез келген оқу мекемелерінің құрамына кіретін кітапхана ақпарат 
пен білімнің тізімделмеген қоймасы жəне келесі негізгі міндеттерді 
шешуге арналған: 
-   білім қоры – əр түрлі материалдық тасушыларда ақпараттың 
жинақталуы жəне өңделуі;
-   білімнің архивтелуі – ақпараттың ұзақ уақыт сақталуы;
-   білімнің кіап қорында реттелуі – ақпарат көздерінің си-
паттамасы жəне қажетті мəліметтерді іздеудің тез жəне көп 
аспектілігін қамтамасыз ету;
-   білімнің кеңістікте таралуы – ақпараттың таратылуы;
-   білімнің өз уақытында жүргізілуі – ақпарат көздерін сақтау 
арқылы білімнің басқа ұрпаққа берілуі.


245
Соңғы уақытқа дейін көптеген мектеп кітапханасының 
жұмысы қағаз түрінде сақтау технологиясына негізделген: 
кітаптар, кітапшалар, ғылыми мерзімді басылымдар түрінде. 
Ал қазіргі жағдайда жаңа ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының оқу мекемесінің кітапхана жұмысының сапа-
сын жоғары деңгейге шығаруға мүмкіндігі бар. Сəйкестендірілген 
ақпараттық ресурстардың жасалуы: 
-   кешендік қағидасы, мектептің ақпараттық аумағын əлеуметтік-
мəдени контексте жəне басқа ғылыми пəндер шеңберінде 
зерттеуді қарастырады: əлеуметтаны, педагогика, кітапхана-
тану, информатика, мəдениеттану, деректі жəне ақпараттық 
ағындар теориялары;
-   гуманитарлық қағида, кітапхана-қоғам, кітапхана-мектеп, 
кітапхана-оқырман қоғамдық серіктестігінің мəселелерін ше-
шуге мүмкіндік береді; 
-   адам құндылығы бағыттарының оңтайлы қарым-қатынасы 
мен нақты ұлттық, мəдениеттік жəне білім ортасының 
қағидасы  қоғам, мектеп жəне жеке тұлғаның зияткерлік 
потенциалының өсуіне маңызды əсерін тиізуші аумақтар 
сияқты əдістемелік қағидаларды қанағаттандыруы керек.
Кітапхана əрекетін ақпараттандыруға мүмкіндік беретін негізгі 
екі технологиялық кезеңді бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең, теориялық, кітапхананың сыртқы жəне ішкі 
ақпараттық байланыстарын жəне нақты оқу мекемелерінің дамуына 
бағытталған жүйелік талдау, құрылымның концептуалды мағынасын 
білдіреді. 
Екінші кезең, техникалық, ақпаратты сақтау, таңдалған теориялық 
қосымшаларға сəкестендірілген бөлек ішкі жүйелерді іздеу мен 
байланыстыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-кітапханалық 
жүйесінің құрылуына негізделген. 
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі кітапханамен қамтамасыз 
етудің дамуы мен сəйкестендірілген Ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдарының құрылуы мектеп оқу үдерісінің барлық 
ерекшеліктері есебінде іске асырылуы керек екендігі анық.
Ақпараттық-қатынастық технологияларының құралдары кез 
келген кітапхананың ақпараттық қорын барынша кеңейте ала-
ды.  Кітапхананың ақпараттық электрондық қоры мəтіндердің 
электрондық тасымалдауыштарда жинақталуын білдіреді. Бұл оқу 
мекемелері сатып алған жəне кітапханада CD-ROM, серверде, дис-


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау