Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


7.5 Оқу орнының жұмысын жоспарлау мен үйлестіру



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет79/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113

240
7.5 Оқу орнының жұмысын жоспарлау мен үйлестіру
7.5.1 Ұйымдастыру-басқару іс-əрекетіндегі ақпараттандыру 
құралдары
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының да-
муы мен білімнің əр саласына кең ауқымда енгізілуі жалпы орта 
білім беру жүйесінде оқу орындарын басқаруды автоматтан-
дырудың компьютерлік кешендерін кең ауқымда енгізілуге негіз жа-
сайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде оқу орындарын 
басқаруды автоматтандыру үдерісін іске асыруға арналған бірнеше 
бағдарламалық жүйелер мəлім. Мұндай жүйелердің көптеген бөлігі 
оқу орындарын басқарумен байланысты, көлденең (бір мекемеден 
басқаға) жəне тік (қала жəне аудан деңгейіндегі оқу басқарма орган-
дарына арналған ақпарат) мəліметтермен айырбас жасауға мүмкіндік 
бермейтін өзіндік берілгендер құрылымына ие қызметтің шектелген 
бөлігін қолдайды.  
Сонымен қатар жалпы орта білім беру жүйесінің оқу орында-
рының қызметін ұйымдастыру мен жобалау кезінде ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын қолдану көптеген артық-
шылықтарға жетуге мүмкіндік береді, оның қатарында: 
-   орындалған əрекет нəижелерінің жедел есебімен басқару 
мүмкіндігі;
-   көптеген тиімді басқару шешімдерінің қабылдануы;
-   оқытушылар мен оқушылар əрекеті бағасында объективтіліктің 
жоғарылауы;
-   оқушылардың танымдық əрекетін тиімді басқару;
-   білім нəтижелілігінің жоғарылауына бағытталған қисынды 
жəне өлшемді шараларды қабылдау мүмкіндігі;
-   оқу мекемесінің ұйымдық ақпаратына жедел адресті 
қолжетімділік; 
-    материалдық жəне адами ресурстардың үнемділігі;
-   бос уақыттың босатылуы;
-   ескі жұмыс көлемінің қысқартылуы.
Соңғы уақытқа дейін түрлі технологиялық үдерістермен 
басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолданудың үлкен 
практикалық тəжірибесі жиналған. Қазіргі уақытта оқу үдерісін 
басқару жүйесі оқу орындарында да пайда бола бастады. 


241
Басында жалпы орта білім беру жүйесіндегі ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдары мен басқарудың 
автоматтандырылған жүйесі оқушылар құрамы бойынша 
берілгендер қоры, кадрлар, оқу жоспары мен басқа да ақпараттар 
сияқты жасалған. Орта білім мекемелерін басқаруда жұмыс жасай-
тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары мынадай 
ішкі жүйелерден құралуы керек:
-   ақпараттық қамтамасыз ету;
-   техникалық қамтамасыз ету;
-   математикалық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету;
-   əдістемелік қамтамасыз ету;
-   ұйымдық қамтамасыз ету.
Бұндай ішкі жүйелердің бар болуы оқу орындары (мектеп), 
оқудың аумақтық бөлімдері жəне басқармалары деңгейіндегі 
мамандардың өзара байланысқан автоматтандырылған жұмыс 
орындарының жиынтығын құрастыруға мүмкіндік береді.
Оқу орындарының ұйымдастыру-басқару əрекетін ақпарат-
тандыру үдерісінде бірнеше негізгі құрылымдық құрауыштардын 
тұратын «басқару мінезі» ақпараты маңызды рөл атқаруы тиіс. 
Олардың құрамына кіретіндер:
-   мектеп əрекетінің материалдық жəне əлеуметтік параметрлерін 
көрсететін хабарлар;
-   оқу, əлеуметтік, мəдени жəне басқа мектеп əрекетін 
қадағалайтын нормалар, нормативтер, қызықтырушылықтар 
жайлы мəліметтер; 
-   оқу орыны əрекетінің барлық аясын анықтайтын ақпараттық 
материалдар мен іс-қағаздар, оның ішінде заң шығарушы, басқа 
да заңдық нормативтік актлер жəне шартты міндеттемелер, 
жоғарғы органдардың жобасы,  бақылау актілерінің мəліметтері 
жəне т.б.; 
-   сапалық жəне сандық құрылым, кадрлық потенциалды сипа-
тайтын педагогикалық ұжымның дайындық жəне біліктілігінің 
өсу деңгейі  туралы мəліметтер; 
-   оқу жоспары мен сабақты үлестіру туралы мəліметтер;
-   мектеп өміріндегі оқиғалар жайлы ақпарат (сабақ кестесі, түрлі 
мерекелік шаралар);
-   оқушылар үлгерімі жайлы мəліметтер;
-   оқу мекемесінің сыртқы байланыстары жайлы мəліметтер;


242
-   оқу мекемесінің оқу-əдістемелік, техникалық жəне қаржылық 
қамтамасыз ету жайлы мəліметтер;
-   оқу мекемелерінің ғылыми-əдістемелік əдістемелік жəне 
инновациялық əрекеті туралы мəліметтер. 
Білімді ақпараттандырү жүйесі аясында мемлекеттік ауқымда 
өткізілетін жұмыстар оқу мекемесінің ұйымдастыру-басқару 
əрекетін ақпараттандыруда қолданылатын ақпараттық-қатынастық 
технологиялар құралдарының негізгі түрлерін топтауға мүмкіндік 
береді. Бұндай құралдардың құрамына кіретіндер:
-   «Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту» – балалардың мектепке 
дейінгі ұйымдарының дамуы туралы мəліметтер жүйесі; 
-   «Мектептегі білім» – мектеп жəне мектеп-интернаттар, мек-
тептен тыс ұйымдар, балалар үйі, жетім балаларға арналған 
мектеп-интернаттардағы күндізгі жалпы білім туралы 
мəліметтер жүйесі;
-   «Кəсіби білім беру» – инженер-педагогтық қызметкерлердің 
құрылымы санатындағы оқу мекемесінің бастапқы 
мамандандырылған білімінің оқу-материалдық жəне жұмыс 
нəтижесінің  қоры;
-   «Кадрлармен қамтамасыз ету» – педагогикалық кадрлардың 
сапалық құрамы, педагогикалық кадрлардың жоғарғы жəне 
мамандандырылған білімінің бар болуының талдануы туралы 
мəліметтер қоры;
-   «Іс-қағаздардың орындалуын бақылау» – жоғарғы органдардың 
іс-қағаздарын талдау жүйесі, төменгі органдардың жəне басқа 
ұйымдар іс-қағаздарын талдау, іс-қағаздарды орындауды 
бақылауды автоматтандыру
-   «Лицензиялау жəне аттестациялау» – орта білім мекемелерін 
лицензиялау мониторингі жəне педагогикалық кадрлардың ат-
тестациялануы; 
-   «Есеп берушілік» – жалпы орта білім беру жүйесі, жоғарғы 
органдардағы жалдық есептің негізгі көрсеткіштерінің 
құрылымына арналған автоматтандыру жүйесі;
-   «Қаржылар» – оқу мекемесінің қаржы-иелік əрекеті туралы 
ақпарат;
-   «Ақапараттандыру» – оқу орындарын компьютерлік техника-
мен қамтамасыз ету туралы ақпарат; 
-   «Оқулықтармен қамтамасыз ету» – оқулықтармен қамтамасыз 
ету туралы ақпарат.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау