Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
1.Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін анықтайды.
Жалпы білім беретін мектеп мектепалды даярлық, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Жалпы білім беретін мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты шегінде орта білімді тегін алу құқығы мен мүмкіндігіне мемлекеттік кепілдік береді.
Жалпы білім беретін мектептердің қызметі білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт аясында: тегін білім беру, білім беру процесінде: үздіксіз, меншік түрлеріне қарай: мекемелердің әр түрлілігі және қызмет бағытына қарай: демократиялық, ғылымилық және зиялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектеп өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен қарарларын, Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы орталық атқарушы орган мен білім беруді басқару органдарының шешімдерін және осы Ережелерді басшылыққа алады.
Жалпы білім беретін мектептің мақсаты- жалпы білім бағдарламаларындағы білім мазмұнының міндетті деңгейін игерту негізінде оқушылардың жалпы ғылыми, жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру, оқушыларды қоғамдық өмірге әлеуметтік жағынан бейімдеу, кәсіпті еңбек түрін саналы түрде таңдауға, меңгеруге негіз қалау, азаматтыққа, елжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептер оқыту мен тәрбиелеуді жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесін көздей отырып жүргізеді, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлары, оқушылардың өздігінен қосымша білім алуына қажетті мүмкіндіктерді жасайды.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп қосымша білім беру қызметтерінің түрлері мен нысандарын, оның ішінде ақылыларын Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған тәртіпке сай жүргізеді.
Жалпы білім беретін мектептерде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстардың ұйымдық құрылымдарын ашуға жол берілмейді.
Жалпы білім беретін мектептер мектепалды даярлығының, жалпы білімнің сапасына, оның білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартымен сәйкестігіне, білім беру процесіндегі ұйымдастыру түрлерінің, әдістері мен құралдарының оқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімдеріне, қабілеттеріне, мүдделеріне, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарына сәйкес болуына заңды түрде жауап береді.
Жалпы орта білімнің түсініктілігі мен көпнұсқалылығын қамтамасыз ету және азаматтарды бейіміне, қабілетіне, қызығушылығына, денсаулық жағдайына қарай оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу мақсаттарында Қазақстан Республикасы заңында белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жұмыс істейтін әр түрлі білім беру мектептері құрылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептің түрлері нақты міндеттердің, білім мазмұнына қойылатын талаптардың, білім беру процесіндегі, қызмет ету тәртібі ерекшеліктері мен қаржыландыру жағдайларына қарай құрылады.
Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру төмендегідей нысандарда жүргізіледі: күндізгі, күндізгі-сырттай (кешкі), отбасында білім алу, өздігінен білім алу, экстернатта. Жалпы білім беретін мектепте білім алудың әр түрлі нысандарын ұштастыруға жол беріледі.
Нақты негізгі жалпы білім беру бағдарламалары шегінде барлық түрде білім алу үшін білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты іске асырылады. Отбасында білім алу нысанында 18 жасқа дейінгі денсаулығының жағдайына байланысты мектепте сабаққа қатыса алмайтын 1-11 сыныптарындағы науқас балаларды жеке оқытуды жүзеге асырады.
Оқыту жағдайларына қарай шағын комплектілі, интернат типтес, ерекше тәрбие беретін арнаулы мектептер, ақыл-ойы мен дене бітімі дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға арналған түзету ұйымдары, аурухана жанындағы мектептер, мектеп- балалар бақшасы құрылады.
Жалпы білім беретін мектептер торабын қалыптастыру халықтың білім алу қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында осы қызметті реттеп отыратын білім беру басқармалары мен жергілікті органдар нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру
Жергілікті орынға бағынышты мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерді тиісті облыс, Астана, Алматы қалаларының әкімдері құрады. Республикаға бағынышты мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы, салалық министрліктер мен ведомстволардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі құрады.
Ведомстволарға бағынышты мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерді жергілікті әкімшіліктер мен білім беру органдарының келісімімен кәсіпорындар мен ұйымдар құрады.
Мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептерді олардың құрылтайшылары құрады, қайта құрады және өз Жарғысына сәйкес таратады.
Жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесін дайындауға бағытталған қаржы-шаруашылық қызметінде заңды құқыққа ие болуы облыстық, Астана, Алматы қаласы әкімдерінің тиісті шешім қабылдауы мен оның тіркелген сәтінен басталады.
Жалпы білім беретін мектептің білім беру қызметіне құқы оған лицензия берілген сәттен басталады.
Жалпы білім беретін мектеп Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке және тиісті Ережелерге сәйкес аттестациядан өтеді.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта құрылады немесе таратылады.
Жалпы білім беретін мектептер жоғары оқу орындарымен келісімдер жасап, олармен оқу-тәрбие кешендеріне бірігуге және басқа да ғылыми, өндірістік мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен оқу ғылыми-өндірістік бірлестіктер (ассоциация) құруға құқылы. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету штаттағы немесе жалпы білім беретін мектепке денсаулық сақтау органдары арнайы бекіткен медицина қызметкеріне жүктеледі. Ол әкімшілікпен және педагогикалық қызметкерлермен бірге оқушылардың денсаулығына, өсіп дамуына, емдеу-профилактикалық шараларының өткізілуіне, санитарлық-гигиеналық нормалардың, күн тәртібінің сақталуына, оқушылардың тамақтануының сапасына жауап береді.
Жалпы білім беретін мектептерде тамақандыруды ұйымдастыру жергілікті өкіметке жүктеледі. Жалпы білім беретін мектепте тамақтану орны болуы тиіс.
Сыныптағы немесе топтағы оқушылар саны бастауыш мектепте 25 адамнан, ал негізгі және орта мектепте 30 адамнан, компенсациялық оқыту сыныптарында – 20 адамнан аспауы керек. Тиісті жағдайлар мен қаражат бар болса, ұзартылған күн тобындағы балалар саны жергілікті басқару органдарының шешімімен одан да азаюы мүмкін.
Оқу орыс тілі немесе басқа да ұлт тілдерінде жүретін 1-11 сыныптарында қазақ тілін, оқу қазақ тілі және басқа да ұлт тілдерінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сыныптарында, орыс тілін ,жалпы білім беретін мектептердің барлық типтеріндегі шет тілдерін 2-11 сыныптарында, еңбекке баулу пәнін 5-11 сыныптарда, дене шынықтыруды 10-11 сыныптарда, информатика мен есептеу техникасы пәндерін 7-11 сыныптарда оқыту балаларды екі топқа бөлу қарастырылады: жалпы білім беретін қалалық мектепте бала саны-25, ал ауылдық жерде 20-дан асқан жағдайда бөлінеді. Аз контингентті неміс, поляк, корей және басқа ұлт өкілдері оқушыларының ана тілінде оқуына мүмкіндік беру үшін 1-9 сыныптарда 10 адамнан кем емес топтар құруға болады.
Ата-аналардың ( олардың орнындағы адамдардың) тілегін ескере отырып жергілікті білім беруді басқару органдарының келісімімен жалпы білім беретін мектептерде теңгеру сыныптарын (теңгеру сыныптары- балалардың жалпы білім беретін бағдарламаларды игеруде кездесетін қиындықтарды жоюға, олардың ерекшеліктеріне барабар, білім беру мекемесі жағдайында бейімделуден тыс қалмауын ескеретін, тәрбиелеуге және оқытуға тиісті жағдай жасау болып табылады), сондай-ақ дамуында ауытқуы бар балаларға арналған арнаулы түзету (коррекциялық) сыныптары ашылады. Балалар бұл сыныптарға ата-аналарының және өзге де заңды өкілдердің келісімімен ғана психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар берген қорытынды негізінде жіберіледі.
3.Білім беру процесі
Жалпы білім беретін мектептер оқыту процесін білім берудің үш сатылы деңгейлі жалпы білім беру бағдарламаларымен жүзеге асырады: 1 саты - жалпы бастауыш білім (игерудің кесімді мерзімі – 4 жыл); 2 саты - жалпы негізгі білім (игерудің кесімді мерзімі- 5 жыл); 3 саты - жалпы орта (толық) білім ( игерудің кесімді мерзімі 2-3 жыл).
Емдік-әлеуметтік олқылықты толықтыратын, білім мен кәсіптік дайындықты қамтамасыз ететін мектептердің оқушылары үшін жалпы білім бағдарламаларын игерудің кесімді мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептерде біржылдық мектепалды даярлығы сыныптары ашылуы мүмкін. Бес (алты) жастағы балалардың мектепалды даярлығы сыныптарының негізгі міндеттері мыналар: балаларды мектепке даярлау; балалардың дене және психикалық саулығын қорғау және нығайту; балалардың интелектуалды және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, олардың көңіл күйінің жайлы болуына қамқорлық жасау; балалардың дамуындағы кемістігін түзету, мұқтаждарына жәрдем көрсету; балалардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасыларымен қарым-қатынас орнату.
Жалпы бастауыш білім (1 саты) оқушының оқу, жазу, есептеу, оқу әрекетінің негізгі іскерліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекетінде өзін-өзі бақылаудың, сөйлеу мен жүріс-тұрыс мәдениетінің қарапайым дағдыларын, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін игертуді қамтамасыз етеді.
Жалпы негізгі білім (2 саты) арнаулы пәндік білім негіздерін қалайды, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның қызығушылығын, қабілетін әлеуметтік бейімделуіне қарай дамытуға, базалық білім алуына жағдай жасайды.
Білім беру ұйымдарында өндірістен қол үзіп оқу, жалпы негізгі білімді алу мерзімі 18 жаспен шектеледі. Жалпы негізгі білім беру жалпы орта (толық), кәсіптік бастауыш және орта білім алудың базасы болып саналады.
Жалпы орта (толық) білім ғылым негіздері бойынша жалпы білім дайындығының қорытындылаушы кезеңі болып саналады, оқушылардың тұрақты танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, саралап оқыту негізінде өз бетінше оқу әрекеттері дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Жалпы білім берудің бұл сатысында оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталған, оқушының өз таңдауы бойынша бағдарлы оқыту жүзеге асырылады.
Жалпы бастауыш және жалпы негізгі білім сатыларындағы әрбір оқу жылындағы үш не одан да көп пәндер бойынша білім беру бағдарламасын игере алмаған 1 сынып оқушыларынан басқа оқушылар сыныпта қайта оқуға қалдырылады, не ата-аналарының қалауына қарай теңгеру сыныптарына ауыстырылады немесе оқуын отбасында білім алу түрінде жалғастырады. 1-2 пән бойынша оқу жылы қорытындысында академиялық «қарызы» бар бастауыш сатыдағы оқушылар келесі сыныпқа жазғы тапсырмаларды орындап, емтихан тапсырған жағдайда ғана көшіріледі.
Жалпы негізгі, жалпы орта (толық) білімнің бағдарламаларын игеру Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен өткізілетін міндетті қорытынды аттестациямен аяқталады.
Жалпы білім беретін мектептер оқытудың түрлерін, құралдары мен әдістерін Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңы мен өзінің Жарғысына сәйкес өзі таңдайды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқыту процесін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие процесінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі.
Нақты жалпы білім беретін мектептегі білім мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты ескеріліп жасалған бағдарламалар мен оқу жоспарлары негізінде анықталады.
Мемлекеттік базистік оқу жоспарындағы пәндер бойынша бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар жасауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган қамтамасыз етеді.
Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігі құрамына кіретін, нақты жалпы білім беретін мектептің ерекшеліктерін айқындайтын оқу пәндері бойынша бағдарламаларды сол мектептің өзі жасауына құқығы бар.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы: мектепалды даярлығы сыныпта – 32 оқу аптасы, бірінші сыныпта 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасы. Оқу жылы бойында 1-11 сыныптарда күзгі демалыс – 8 күн (5-12 қараша), қысқы демалыс – 10 күн (30 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса), көктемгі демалыс – 12 күн (21 наурыздан 1 сәуірді қоса) болып бөлінеді. Мектепалды сыныптарда күзгі демалыс – 8 күн, (5-12 қараша), қысқы демалыс – 14 күн (28- желтоқсаннан –10 қаңта), көктемгі демалысы – 15 күн, (21 наурыздан- 4 сәуірді қоса) болып белгіленеді. Бірінші сыныпқа 3-ші тоқсанның ортасында қосымша демалыс аптасы беріледі, оның басталуы мен аяқталу мерзімін жергілікті білім басқармалары анықтайды.
Тиісті білім басқармаларының шешімімен лицей, гимназия т.с.с. нақты мектептерде оқу жылы ішіндегі демалыс мерзімдері жарты жылдық циклмен оқытуға немесе басқа да себептерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдерін тек Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
Мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердегі жылдық күнтізбелік кестесі сол ұйымның, не сол оқу орнының Жарғысымен анықталады. Жалпы білім беретін мектептердегі сабақ кестесін сол мектептің өзі жасап, бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
Мектептерде сабақтың ұзақтығы 45 минут (компенсациялық оқыту сыныптарында 40- минуттан артық емес). 1 сынып оқушыларының мектеп талабына бейімделу процесін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін біртіндеп өсіру арқылы оқу сабақтарында “сатылы” режимді қолдану қажет: қыркүйекте 3 сабақ, әрқайсысының ұзақтығы 45 минуттан, екінші тоқсаннан – 4 сабақ, әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан.
Сабақтардың арасындағы үзілістің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысының ұйымдастырылуы мен ыстық тамақтың берілуі ескеріле отырып белгіленеді, бірақ ол 10 минуттен кем болмауы керек.
Мектептерде оқу сабақтары сағат 8.00-ден ерте басталмауы қажет. Бірнеше ауысымда жұмыс істейтін жалпы білім беретін ұйымдарда бастауыш мектептің 1 сынып оқушылары, бітіруші және компенсациялық оқыту сыныптары бірінші кезеңде оқуы қажет. Оқу апталығының ұзақтығы (5-6 күн) тиісті білім басқармасы органдарының келісімімен мектептің педагогикалық кеңесінде белгіленеді және Жарғыда бекітіледі.
Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды дайындық сыныптарындағы сабақтар бес (алты) жастағы балаларға тән әрекеттер ерекшеліктерін ескере жүргізіледі: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыка, театрландыру, тағы басқа, сонымен қатар әрбір баламен жеке жұмыс жүргізу, балалардың жасы мен психологиялық ерекшеліктері ескерілген әр түрлі топтармен жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Мемлекеттік Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту тілін ( тілдерін) білім беру жүйесі көрсеткен мүмкіндіктер шеңберінде, халықтың сұранысы мен оқытуды ана тілінде немесе басқа тілдерде жүргізілуін таңдау құқығына сай құрылған мектеп топтары бойынша білім беруді басқару органдарының ұсыныстары негізінде жергілікті әкімшіліктер анықтайды.
Жалпы білім беретін мектептер қай тілде оқытуды таңдаса да мемлекеттік тілді үйренуді міндетті түрде қамтамасыз етуі тиіс.
Жалпы білім беретін мектептер келісім-шарт негізінде кәсіпорындармен, мекемелер мен ұйымдармен бірлесіп немесе өз бетінше, қосалқы білім беру қызметі ретінде, оның ішінде ақылы түрде кәсіптік дайындықтарды өз бетінше жүргізе алады.
Жалпы білім беретін мектептер өзінің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес негізгі жалпы білімдік бағдарламаларынан тыс, оның мәртебесінің шеңберінен де асатын қосымша білім қызметін көрсете алады.
Ақылы білім беру қызметтері бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына, не оның аясына енгізілмейді. Қалай болғанда да қосымша ақылы қызметтер балалардың денсаулығы мен психикалық жағдайына ешқандай кері әсерін тигізбеуі тиіс.
4.Білім беру процесіне қатысушылар
Білім беру процесіне қатысушыларға : оқушылар, мектептің педагогикалық қызметкерлері, оқушылардың ата-аналары (олардың орнындағы адамдар ) жатады.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мекемелерге азаматтарды қабылдау тәртібіндегі осы ережеде немесе осы үлгідегі мектептің ережесінде реттеліп көрсетілмеген жағдайларды Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру органдары анықтайды және оны ұйым Жарғысында бекітеді.
Азаматтарды жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерде, лицейде, гимназияда жалпы орта білім алуға қабылдау олардың өз өтініші бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.
Азаматтардың жалпы орта білім алу құқығының сақталуына жергілікті білім басқармалары мен мектеп басшысы жауапты болады.
Жалпы білім беретін мектептердің басшылары азаматтарды қабылдау кезінде оны және оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін ұйымның Жарғысымен, оқу-тәрбие процесін ұйыдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
Жалпы білім беретін мектептің мектепалды сыныбына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бес/алтыға толған балалар қабылданады, бірінші сыныпқа ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін – алты (жеті) жасқа толған балалар қабылданады.
Баланың мектепке (жалпы білім беретін, немесе мемлекеттік емес мекемелерге) оқуға даярлығын анықтау кезінде, оның әріптерді тани білуі, жаза білуі талап етілмейді. Өйткені баланы оқуға, жазуға үйрету мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің тікелей міндеті болып есептеледі.
Қабылдау ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдердің жазбаша өтініші, медициналық анықтама, тууы туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептерге өтініштерді қабылдау 1-сәуірден басталады, оқушыларды қабылдау 31 тамызға дейін мектеп бұйрығымен бекітіледі, әр бала кез келген жалпы білім беретін мектептерге оқуға түсіп, оқу жылы ішінде басқа мектептерге ауысуға құқылы.
Оқушылардың ата-аналардың құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен, сонда қаралған нақты актілермен белгіленеді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары құқылы:
білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сай тегін жалпы ( бастауыш, негізгі, толық орта) білім алуға;
жарғылық талаптары мен білім деңгейіне сәйкес болған жағдайларды таңдаған жалпы білім беретін ұйымға оқуға түсуге және басқасына ауысуға;
медициналық қызметті пайдалануға, таксиден басқа қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруге;
білім алу түрін таңдауға ( оқушылар жалпы білім бағдарламаларын жалпы білім беретін мектепте, сонымен қатар отбасында, өз бетімен білім алуға, экстернаттарды игеруге);
білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты шеңберінде жеке оқу жоспары бойынша оқуға; жедел курспен оқуға; жеке оқу жоспары бойынша оқу шарттары сол ұйым қабылдаған Жарғымен не басқа да актілермен реттеледі;
басқа да қосымша (оның ішінде ақылы) білім алуға;
мектеп Жарғысына сай жалпы білім беретін мектептерді басқару ісіне қатысуға;
адамдық абыройын сыйлату, ақпарат алу еркіндігін өз көзқарастары мен сенімін білдіру еркіндігіне.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды олардың келісімінсіз, оқу бағдарламалары, жоспары мен Жарғыларында көрсетілмеген жұмыстарға қатыстыруға , қоғамдық, қоғамдық-саяси, діни ұйымдарға, партия мен қозғалыстарға зорлықпен кіргізуге және осы ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеуге, үгіт-насихат компаниялары мен саяси акцияларға тартуға рұқсат етілмейді.
Жалпы білім беретін мектеп қауымдық білім беру мен діни білім берудегі арақашықтық принципін сақтауға міндетті. Жалпы білім беретін мектепте діни тәрбиенің ешқандай түрін қолдануға болмайды.
Қорытынды аттестациядан сәтті өткен жалпы білім беретін мектепті бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі, ол құжатқа бітірушінің тиісті білім дәрежесі көрсетіліп, мектептің мөрі басылады. Жалпы негізгі және жалпы орта (толық) білім бағдарламасын игеруде ерекше жетістіктер көрсеткен бітірушілерге ерекше үлгідегі құжаттар беріледі.
Мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептерде оқығандар, отбасында білім алушылар және өздігінен білім алғандардың мемлекеттік аттестациядан өтуге құқықтары бар.
Оқушылар жалпы білім беретін мектептің Жарғысын орындауға құқылы; оқуға, мекеме мүлкіне адал қарауға, басқа оқушылар мен қызмекткерлердің намысы мен абыройын сақтауға, ұйым қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелері мен Жарғыда қойылған талаптарын орындауға міндетті.
Жалпы білім беретін мектептің кеңесінің шешімімен Заңға қайшы келетін әрекеттері үшін, Ережені бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін педагогикалық ықпал етудің соңғы шарасы ретінде он алтыға толған оқушы мектептен шығарылады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғанышы және қамқоршы органдардың келісімімен шығарылады. Жалпы білім беретін мектеп оқушының шығарылғандығы туралы үш күннің ішінде жергілікті білім мекемелеріне хабарлауы тиіс. Олар бір ай мерзімінде оқушыны жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді.
Ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің құқықтары:
білім беру жүйесі ұсынған мүмкіндіктер шегіндегі оқыту түрін таңдау;
балаларының заңды құқығы мен мүддесін қорғау;
жалпы білім беретін мектептің Жарғысында белгіленген түрде мектепті басқару ісіне қатысу;
Ата-аналар немесе олардың заңды өкілдерінің балаға мектепалды даярлығы, жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта (толық) және отбасындағы білімді беруге құқығы бар.
Ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері жалпы білім беретін мектептің Жарғысын орындауға, өз балаларының оқуы мен тәрбиесіне, балаларының оқуға қатысуына жауап береді.
Ата- аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің басқа да құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысына сай олардың ұйыммен жасасқан келісім-шарттарында бекітіледі.
Жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейтін адамдарды іріктеп жинақтау тәртібі сол мектептің Жарғысына және білім беруді басқару органдарының құжаттарына сәйкес реттеледі.
Педагогикалық жұмысқа қажетті кәсіптік-педагогикалық мамандығы бар , білімі туралы құжаттармен расталған сол мамандыққа қойылатын талаптарға сай білікті адамдар қабылданады. Арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдарға жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істеуге Кеңес шешімі бойынша тек қажет мамандар болмаған жағдайда рұқсат етіледі.
Соттың үкімі немесе медициналық көрсеткіштер бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарға жалпы білім беретін мектепте жұмыс істеуге тыйым салынады.
Жалпы білім беретін мектептердегі қызметкерлердің құқықтары: -мектепті басқару ісіне қатысу; кәсіби қадір-қасиетін және абыройын қорғау.
Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің құқығы:
1)кәсіби қызметін атқаруға қажетті жағдайды талап ету;
2)педагогикалық қызметті ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін таңдау еркіндігі;
3)бекітілген тәртіп бойынша біліктілігін көтеру, аттестациядан ойдағыдай өткен жағдайда өзіне тиесілі санатты алу;
4)жыл сайынғы ұзартылған еңбек демалысын алу, 56 күннен кем емес.
5)Жеке педагогикалық қызмет жасау;
6)Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тұрғын үй алуға;
7)білім беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық (ғылыми,әдістемелік еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпараттық технологиялары және басқалары) нысанындағы интеллектуалдық меншігін меншіктің басқа түрлері мен бірдей қорғау.
8)педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермелеуге, ордендермен, құрметті атақтармен, белгілермен және грамоталармен марапатталуға қүқықты.
9)Ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істейтіндер жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттердің қаражат есебінен жергілікті өкілді органдар белгілейтін мөлшерде коммуналдық қызмет көрсету мен отын шығындары бойынша жеңілдіктер ( ақшалай өтемдер) алу.
10)Ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер осы қызмет түрімен қала жағдайында айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалардың кемінде 25 пайызы артық алуға.
Білім берудің екі және үшінші сатысындағы мұғалімдердің нормативтік оқу жүктемесі аптасына 18 сағаттан, 1 сатыдағылар үшін 20 сағаттан, мектеп алды даярлық сыныптарының тәрбиешілері үшін 24 сағаттан аспайды.
Жылға бекітілген оқу жүктемесін жылдың соңына дейін әкімшілік тарапынан ешқандай азайтуға жол берілмейді. Оқу жоспарымен бағдарламаларындағы сағат санын азайған топтағы, сағат саны қысқарған жағдайлардан басқа кезде жүктемені 1 ставкаға дейін азайтуға болады.
Жүктемесінің кемитіні туралы педагогикалық қызметкер 2 ай бұрын хабардар болуы керек.
Мұғалімнің жалпы білім беретін мектептегі жұмыс уақыты сабақ кестесіне және сол мектептегі өткізілетін іс-шаралар жоспарларына сай анықталады. Сабақтан және мектеп жоспары бойынша өткізілетін іс-шаралардан ( педагогикалық кеңес, ата-аналар жиналысы т.б.) тыс уақытын мұғалім өз қалауынша пайдалануға құқылы.
Қызметкерлер жалпы білім беретін мектептің Жарғысын және кәсіптік сипатқа тән талаптарды орындауға міндетті.
5.Жалпы білім беретін мектептерді басқару
Жалпы білім беретін мектепті басқару Қазақстан Республикасы « Білім туралы» Заңына және мектептің Жарғысына сәйкес, демократиялық, жариялылық, жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамдардың өмірі мен денсаулығын құрметтеу, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерін ұстана отырып жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектепті жалпы сайланбалы өкілетті орган-мектеп Кеңесі жүргізеді. Кеңесті сайлау тәртібі мен оның құзіреттілігі жөніндегі мәселелер білім беретін мектеп Жарғысында анықталады.
Жалпы білім беретін мектепті тікелей басқару ісін білім басқару органы тағайындаған мектеп директоры жүргізеді.
Жалпы білім беретін мектептің диркеторы Қазақстан Республикасы
« Білім туралы» заңында және басқа да нормативтік актілерде белгіленген міндеттеріне сәйкес келетін қызметті атқаруға жауапты болады.
Мектеп Кеңесі мен директордың арасындағы өкілеттіліктердің шекарасы мектептің Жарғысында айқындалып белгіленеді.
Жалпы білім беретін мектептің директоры Өкілетті басқару органдарымен келісе отырып, өзінің орынбасарларын сайлап, жұмыстан босата алады. Оларды сайлау мен жұмыстан босатудың тәртібі білім беру ұйымының Жарғысында анықталады.
6.Жалпы білім беретін мектептің қызметін қаржы- шаруашылық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету
Жалпы білім беретін мектеп тіркелген сәтінен бастап заңды ұйым болып саналады, өзінің Жарғысы , атауы, жазылған мөрі, банкіде бюджеттік және басқа да есепшоттар болады.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер Қазақстан Республикасының қаржыландыру заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес жалпы білім беретін ұйымдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмаған білім беру қызметін көрсетуден, құрылтайшылардан және басқа да түскен қаржылардың есебінен жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектеп қызметкерлерінің еңбек ақысы ( қызмет жалақысы) аттестациялау комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, бірыңғай кесте негізіндегі тарифтік-біліктілік талаптарына сай, еңбек ақы төлеміндегі бөлінген бюджеттік қаржы шеңберінде белгіленеді.
Мемлекеттік емес білім беретін ұйымдарын қолдау мақсатында оларға мемлекеттік ұйымдардың босатылған үйлері материалдық базасы заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасын білім беру саласындағы орталық атқарушы органдарымен келісе отырып, жекешелендіру жолымен берілуі мүмкін.
Білім беру ұйымдарының мүлікті өз жарлығында белгіленген тәртіппен иеленуе және пайдалануға құқығы бар.
Мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік білім беру ұйымдарының босаған ғимараттарымен қажетті материалдық базалары, Қазақстан Республикасы білім саласындағы орталық атқарушы органдармен келісе отырып, бекітілген заңды тәртіппен жекешелендіріліп беріліп отырады.
Білім беру ұйымдары өздерінің Жарғысына сәйкес білім беру мен өзге де ақылы қызмет көрсету есебінен кіріс келтіретін қызметпен айналыса алады.
Жалпы білім беретін мектептер, әдеттегідей оқу жылының соңына қарай таратылған немесе жойылған жағдайда оқушыларды олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен басқа мектептерге ауыстырып орналастыруды құрылтайшы өз мойнына алады.
Білім ұйымдары өз жұмысының ерекшеліктеріне байланысты шетелдік білім ұйымдарымен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен (ассоциациялар) және қорлар мен ынтымақтастық жөнінде екі жақты және көп жақты келісім-шарттар құрады.
Лауазымдық нұсқаулар
Жалпы бiлiм беру мекемелелерiнiң директоры (мектеп, мектеп – интернаты, гимназия, лицей, т.б.)
Қызметтiк мiндеттерi: Бiлiм мекемесiнiң жарғысы мен басқа да нормативтi құқықтық актiлерге сәйкес, мекеменiң барлық қызмет түрлерiн басқару. Оқу мекемесiнiң кеңесiмен, қоғамдық ұйымдармен бiрiге отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үрдiсiнiң күнтiзбелiк графигiн, iшкi тәртiп ережелерi мен басқа да нормативтiк актiлердi жасайды және бекiтедi.Сонымен қатар бiлiм мекемесi қызметкерлерiнiң қызметтiк нұсқауларын, басқару құрылымын, штаттық кестесiн бекiтедi.Бiлiм берi саласын жүргiзу құқығының лицензиясына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жағдайын қалыптастырады және оларды әлеуметтiк қамқорлыққа алады.Бекiтiлген әкiмшiлiк ауданындағы балаларды жалпыға бiрдей мiндеттi олқумен қамтамассыз етедi. Әдiстемелiк бiрлестiктер мен мұғалiмдер ұйымының қызметтерiне басшылық жасай отырып, олардың балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарын заңдылықтарға сәйкес бағыттап отыруын қамтамасыз етедi. Оқу мекемесiн қоғамдық тамақ және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етедi, оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және қызметкерлердiң денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатындағы жұмыстарды бақылайды. Оқу тәрбие үрдiсiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады. Мекеменiң құралдары мен құрылғыларын бөледi, құрылтайшыларға мекеменiң ақшалай және заттай кiрiсi – шығысының жылдық есебiн бередi.
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды құқықтарын қорғайды, туысқандық байланыс жағдайларын жасау шараларын жасайды. Оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң тұрмыстық жағдайының белгiленген нормадан төмен болмауын қамтамасыз етедi.
Оқу-материалдық базасының нормативтiк талапқа сай толықтырылуы мен сақталуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбiнiң, санитарлық-гигеналық талаптың, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiнiң сақталуына жауап бередi.
Педагог кадрлар мен қосалқы қызметкерлердi таңдау және орналастыруды жүзеге асырады және олардың еңбек заңына сәйкес кәсiби шеберлiктерiн арттыруға жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Бiлiм беру ұйымының мұғалiмдерi мен басқа да қызметкерлерiнiң еңбектерiн мадақтау мен марапаттау және айыптау шараларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының орындалуын, мектеп бiтiрушiлердiң бiлiм сапасын, оқу жүйесi уақытында мекеме жұмысшылары мен оқушылардың өмiрi мен денсаулығын және олардың құқық бұзушылықтарын жауапкершiлiгiне алады.
Қоғаммен, ата-аналармен байланыс жұмыстарын жүзеге асырады.
Бiлуi керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ” заңдарын, басқа да бiлiм берудегi нормативтiк құқықтық актiлердi (педагогикадағы, педагогикалық психологиядағы, жасөспiрiмдер физиологиясының, мектеп гигенасының ); қазiргi психолого-педагогикалық ғылыми және практикалық жетiстiктердi, социалогия негiздерiн, экономиканы, еңбек туралы заңдарды, бiлiм ұйымындағы қаржы-шаруашылық жағдайын, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, өндiрiстiк тазалық және өртке қарсы шаралар ережесiн.
Мамандыққа қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi немесе бiлiм беру ұйымында 5 жылдан кем емес басқарушылық қызметi болуы тиiс.
Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының ғылыми, оқу, оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
Қызметтiк мiндеттерi: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастыру. Оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуында мұғалiмдерге бағдар берiп отыру, сонымен қатар керектi оқу-әдiстемелiк құжаттарды жүргiзу. Бiлiм беру үрдiсiнiң сапасына және оқушылардың бiлiм сапасының қорытындысына үйiрмелер мен факультативтiк жұмыстарға бақылау жүргiзедi. Емтиханға дайындық жұмыстары мен өтiлуiн ұйымдастырады. Оқушылардың оқу жүктемелерiне бақылау жасайды. Сабақ кестесiн және басқа оқу iсi жөнiндегi кестелердi құрастырады. Уақытылы өзiне тиiстi құжаттардың есебiн берiп отырады. Педагог кадрларды таңдауға және орналастыруға қатысады, олардың кәсiби бiлiктiлiктерi мен шеберлiктерiн арттыруды ұйымдастырады. Әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырады, әдiстемелiк бiрлестiк жұмыстарына бағыт бередi. Оқу-әдiстемелiк жұмыстың жағдайына талдау жасайды. Тәжiрибе жұмыстарының нәтижелерiне талдау жүргiзедi. Озат тәжiрибелi мұғалiмдердiң жұмыс нәтижелерiн таратудың iс-шараларын жүргiзедi.Педагогтардың аттестациядан өту дайындықтарына және өтуiне қатысады.Оқу лабораториялары мен кабинеттерiнiң көрнекiлiктермен техникалық құрылғылармен жабдықталуына, кiтапхана мен әдiстемелiк кабинеттi оқу-әдiстемелiк және көркем әдебиетермен толықтыруға басшылық жасайды.Оқушыларға медициналық көмек көрсету жағдайына бақылау жүргiзедi.
Бiлуi керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ” заңдарын, басқа да бiлiм берудегi нормативтiк құқықтық актiлердi (педагогикадағы, педагогикалық психологиядағы, жасөспiрiмдер физиологиясының, мектеп гигенасының ); қазiргi психолого-педагогикалық ғылыми және практикалық жетiстiктердi, социалогия негiздерiн, экономиканы, еңбек туралы заңдарды, бiлiм ұйымындағы қаржы-шаруашылық жағдайын, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, өндiрiстiк тазалық және өртке қарсы шаралар ережесiн.
Мамандыққа қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi 3 жылдан кем болмауы керек.
Жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң директорларының оқу-тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары
Қызметтiк мiндеттерi: Оқу мекемесiндегi барлық тәрбие үрдiсiнiң ұйымдастырылуына жауап бередi, тәрбие бағдарламасын жасайды, ұйымдастырудың жаңа тәсiлдерiмен қамтамасыз етедi. Тәрбие үрдiсiндегi мәселелерге және олардың жүзеге асырылуына, мектептегi тәрбие жұмыстарының қазiргi жағдайы мен алдағы мүмкiндiктерiне талдау жасайды. Оқу мекемесiндегi тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, аға тәлiмгердiң, ұзартылған топ тәрбиешiлерiнiң, сынып жетекшiлерi мен дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-әстетикалық бағыттағы педагогтардың қазiргi және алдағы жұмыс жоспарларына басшылық жасайды.Тәрбие жұмысы бойынша керектi әдiстемелiк құжаттарды өңдеуге, жалпы мектептiк мәдени-тәрбиелiк iс-шараларды дайындауға және өткiзуге басшылық етедi; мектепте жүргiзiлетiн үйiрме жұмыстары, бiрлестiк және басқа да тәрбие жұмыстарының сапасына жүйелi бақылау жүргiзедi; қиын балалармен жүргiзiлетiн жеке тәрбие жұмыстарын бақылайды.Тәрбие жұмыстарымен айналысатын қызметшiлердiң кәсiптiк шеберлiктерi мен бiлiктiлiктерiн артыру жұмыстарын ұйымдастырады.Әкiмшiлiктегi, қызметтегi және оқу үрдiсiндегi қызметшiлердiң, қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналар кеңесiнiң өзара қарым-қатынасын бақылайды. Бiлiм мекемесiнде моралды-психологиялық ахуалдың жақсы болуына басшылық жасайдвы. Тәрбие үрдiсiнде қолданылатын құралдардың, құрылғылардың техникалық және көрнекiлiк заттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Бiлуi керек. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ” заңдарын, басқа да бiлiм берудегi нормативтiк құқықтық актiлердi (педагогикадағы, педагогикалық психологиядағы, жасөспiрiмдер физиологиясының, мектеп гигенасының ); қазiргi психолого-педагогикалық ғылыми және практикалық жетiстiктердi, социалогия негiздерiн, экономиканы, еңбек туралы заңдарды, бiлiм ұйымындағы қаржы-шаруашылық жағдайын, еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, өндiрiстiк тазалық және өртке қарсы шаралар ережесiн.
Мамандыққа қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiм және педагогикалық жұмыс өтiлi 3 жылдан кем болмауы керек.
Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 28 қараша 2001 жылғы №908 бұйрығымен бекiтiлдi
Мектептің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі
Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасының орындалуын, сабақтың берілу сапасын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жүйесін, оқушының сабаққа қатысуы мен үлгірімін бақылайды, мұғалімнің сағат жүктемелерін, сабақ кестесін жасайды.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және оқу-тәрбие жұмысының есебін береді.
Директормен бірлесіп сыныптарды жасақтайды.
Тоқсандық және жылдық мектептің жұмыс жоспарын жасайды.
Мұғалімдердің тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға басшылық етеді және бекітеді. Мұғалімдердің сабақ жоспарының сапалы жасалуын бақылайды және оқу үдерісін жоспарлауды үйретеді.
Мектеп оқушылары үшін сабақтың және сабақтан тыс жұмыстардың ( кеңес беру және қосымша сабақтар) кестесін жасайды.
Жұмысқа келмеген мұғалімдердің орнын алмастырады, келмеген мұғалімдердің орнына сабақ бергендердің есебін жасап отырады. Айлықтың табелін жасайды.
Сабаққа, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысып, сараптайды, әдістемелік көмек береді. Бір аптада 10-12 (бақылау) сабақтар мен іс-шараларға қатысуға тиісті.
Сабақта техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануын бақылайды және ұйымдастырады.
Директормен бірлесіп мектепішілік бақылаудың кестесін жасайды. Оған оқушылардың білімін жан-жақты бақылауды, тексеру мерзімін, бақылауға жауапты адамды, тексеру қорытындысын ендіреді.
Оқу бағдарламасының орындалуын бақылайды.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды, мұғалімдердің озат тәжірибесін қорытады және таратуды ұйымдастырады.
Мектеп оқушыларының дәптерін, күнделігін, сынып журналының толтырылуын тексереді.
Оқушылардың мінезі мен үлгірімін бақылайды.
Оқу ісінің меңгерушісіне қатысты шешімдермен қаулылардың орындалуын қадағалайды.
Нашар оқитын және мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылар тобына жеке бақылау жасайды.
Жергілікті комитеттің өндірістік комиссиясының жұмысына көмек береді.
Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруін ұйымдастырады.
Сырттан келушілерді қабылдайды.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының құжаттары
I.Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Мектептің жұмыс жоспары оның ішінде мектепішілік оқу жүйесінің кестесі.
Сабақ кестесі.
Бақылау жұмысының кестесі.
Пән бірлестігінің жұмыс жоспары.
Үйірме жұмысының кестесі
Күн тәртібі.
Оқушылардың мектепішілік тәртіп ережесі.
Орфографиялық бірыңғай тәртіп.
Ата-аналар лекториясының жұмыс жоспары.
Дәстүрлі іс-шаралар жоспары.
Тақырыптық жоспарлар.
12.Сынып жетекшілерінің жоспары.
13.Оқушылардың сабаққа қатысу журналы.
II. Графиктік жоспарлар
Сабақ кестесі.
Үйірме жұмыстарының кестесі.
Бақылау жұмыстарының кестесі.
Аудандық (қала), мектепішілік семинар-кеңестің жұмыс кестесі.
ОКБААТИ-де педагогтардың біліктілігін арттыру кестесі.
Папкалар:
- мектептің жұмыс жоспары;
- апталық, айлық, жылдық жоспарлар;
- пән әдіс бірлестігінің жоспары,
- айлық ведомосінің көшірмесі;
- алмастыруды тіркеу;
- бұйрықтар, нұсқаулар (оның картотекасы);
- жылдық үлгірім жайлы мәлімет;
- әдістемелік жұмыс: жоспарлар, хаттамалар;
- журналдар: қатыспаған сабақтар мен алмастырылған сабақтар жайлы журналы (номерленген және директордың қолы мен мектеп мөрімен куәландырылған).
Дәптерлер
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының айлық жұмыс жоспары;
- сабаққа енуі жайлы жазба, мұғалімдермен жеке әңгімелесу;
- біліктілікті арттыру және өзіндік білімін көтеру жайлы есебі;
- аудандағы, мектептегі жиналыстар;
- әкімшілік тарапынан алынатын тестілер мен сараптамалар;
- аудандық (қалалық) бақылау жұмысы;
- оқушылар тізімі, сынып бойынша үйірме, секция тізімі;
- сынып журналын тексеру, бағдарламалардың орындалуы;
- бақылау және практикалық сабақтар, экскурссия;
- үй тапсырмасының саны мен сапасы, сабақтан тыс оқу;
- оқушылардан және сабақты нашар үлгіретін оушылардан сауалнама алу;
- оқу жоспарын, күнделікті, дәптерді тексеру;
- нашар оқитын және қиын оқушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылау;
- оқушылар қозғалысы, оқушыларды алғаш рет есепке алу;
- тәжірибені қорыту; озат тәжірибе мектебі.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
Мектеп әкімшілігінің өкілі, тәрбиеші – педагог, тәжірибелі шығармашыл маман, ол мектептегі: балалар мен ересектерді тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, басқарушы, бағыттаушы – Бас педагог.
Мектеп жұмысын жоспарлау мақсатын дұрыс белгілеу оларды маңызына байланысты реттеу, кадрларды орналастыру, міндеттерін бөлу, жүйенің буындарын байланыстыру,оларды үйлестіру. Мектепшілік информацияның жүйесін жасау, кері байланыс қалыптастыру, кемшіліктерді тез жою мақсатында педагогикалық тексерудің және талдаудың тереңдігі мен жан-жақтылығын көздеу, материалдық-техникалық базаны түзеу, қажетті педагогикалық ахуал құру, мектеп басшылары мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау.
Міндеттері:
- спорттық шараларды ұйымдастырады;
үйірме жұмыстарын бақылайды;
қоғамдық-пайдалы еңбекке баулуды реттейді;
салауатты өмір салты бағдарламасын жүзеге асырады мүдделері мен құқықтарын қорғайды;
сынып жетекшілерінің, әдіс бірлестігінің жұмысын қадағалайды, талдайды;
жолда жүру ережесінің орындалуын қадағалайды;
қоғамдық пәндердің стандартқа сай берілуін қадағалайды;
мектепте шығармашыл педагогтардың зертханасын құрады;
сынып жетекшілері мен тәрбиешілер және оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының жүйесін жасайды (оқушыларды әртүрлі үйірмелерге, клубтарға, орталықтарға тарту);
сынып жетекшілерінің өз бетімен білімін жетілдіруін бақылайды, ақыл-кеңес береді;
озат тәжірибелі сынып жетекшілері мен тәрбиешілерді анықтайды, зерттейді, қорытады, жинақтап таратады;
жас сынып жетекшілерімен жұмыс істейді;
сынып жетекшілеріне, бастауыш сынып мұғалімдері не, ұзартылған күн тобындағы тәрбиешілерге,балалар ұйым дарының белсенді жетекшілеріне әдістемелік көме беру;
тәрбие ісіне барлық жұртшылықты ұйымдастырады;
тәрбие жұмысын белгіленген мақсатқа сәйкес жоспарлау, ұйымдастыру, тексеру, талдау, түзету жұмыстарын мектептің жағдайына сәйкестендіреді;
оқушыны биоәлеуметтік біртұтас жүйе – «Адам» ретінде абсолюттік құндылық деп қабылдауға тәрбиелейді;
- тәрбиелік ортаны айқындау;
тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығын пайдалану:
жалпы мектеп ұжымының әрекетін ұйымдастыру, өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс;
оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындайды, диагностикалайды;
жоғары басқару органдарының шығарған барлық нормативтік нұсқау- құжаттарын білу;
басқару негіздерін, экономика мен социологияны, педагогика мен педагогикалық технологияны, психологияны, гигиена мен балалар физиологиясын түзетеді. Тәрбие теориясы мен әдістемесін, қауіпсіздікті сақтау ережелері мен нормаларын оқыту;
оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, кәсіпорындардың шығармашылық ұжымдардың қарым-қатынасын, байланысын дамыту;
мектепте қолайлы моральдық психологиялық ахуал және мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарына ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
оқушыларды қолдау кеңесінің әрекетін үйлестіру бағыттау;
-кәмелетке толмаған жасөспірімдермен қызмет істейтін ұйымдардың мектеппен байланысын ұйымдастырады;
5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс ұйымдастырады;
мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмысын үйлестіреді, қосымша білім беретін және мәдениет ошақтарымен мектептің байланысын орнатады, жергілікті жердің іс-шараларына мектептің қатысуын қамтамасыз етеді;
клубтарда, балалар бірлестігінің, өзін-өзі басқару органдарының, мектеп прессасының жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды;
сынып ұжымын дамытуда, тәрбиелік іс-шараларды өткізуде, сыныптан тыс тәрбиелік шараларды дайындауда, мектептен тыс тәрбие жұмысы материалдарын жинақтау;
оқушыларға кәсіби бағдар беру бағытында әдістемелік жұмыстар жүргізу;
оқушылардың мектеп бойынша кезекшілік және асханада тамақтану графигін жасайды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының құжаттары
І. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру құжаттары
Мектептің жұмыс жоспары оның ішінде мектепшілік тәрбие жұмысы жүйесінің жоспары, хаттамалары.
Үйірме жұмыстарының жоспары, сабақ кестесі, оқушылар саны.
3.Сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыс жоспары, хаттамалары мүшелерінің тізімі
4.Оқушылардың мектепшілік тәртіп ережесі
5.Дәстүрлі іс-шаралар жоспары
6.Тақырыптық жоспарлар
7.Сынып жетекшілерінің жоспары жас мұғалімдермен жұмыс
8. Оқушылардың сабаққа қатысу журналы
(сынып бойынша балалар тізімінің болуы) орфографиялық бірыңғай тәртіп.
Мектептегі ақыл-есі кем және денсаулығында ахауы бар балаларды арнайы мектепке жіберу есебі.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайы, олардың мектепке қатысу мүмкіндігінің есебі
Сабақтан көп қалатын, мектепке тартылмай жүрген жұмыс есебі
Оқушылардың жеке іс-қағаздарының жүргізілу , ата-анасының арызы, дәрігердің анықтамасы, жыл көлемінде берілген мақтау қағаздары, табельдері. 9-шы сыныпты бітіргені жайлы куәлігі, оқушының жеке іс-қағазындағы номердің альфавиттік номерге сәйкестігі, мектеп бітірген оқушының іс-қағаздарының 3 жыл сақталуы. 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың жасының куәлік не көшірмесіне сәйкес дәрігерлік анықтамасы.
Тұрмысы төмен отбасылардың балаларының мектепте тамақтануын ұйымдастыруының жайы.
Үйірме жұмыстарының айлықтарды өткізудегі іс-шаралары, ашық сабақтардың кестелері
Озат тәжірибені анықтау, жинақтау, қорыту, тарату
Тәрбиелік іс-шараларда техникалық құралдарды пайдалану және ақпараттардың жарамды, жарамсыздарының есебі.
Тәрбиешілер мен сынып жетекшілерінің өздігінен білім көтеру жоспары. Өз біліктілігін арттыру курсына бару реттілігі, курстан өту және тіркеу журналы оның кестесі
Шығармашылықпен жұмыс істейтін топтардың құжаттары. Жаңа технологияны пайдаланып жұмыс істейтін топтардың құжаттары
Мектеп әкімшілігінің жас мамандармен жұмысы (ақылшы ұстаздар бекіту, әдістемелік көмектің берілуі)
Мектеп бойынша оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі (оқулықтың әр пәнге байланысты нақты есебін алу, оқулықты ұстаудағы ынталандыру жұмысы.
Мектептің ата-аналармен байланысы, ата-аналар комитетінің жоспары, комитет мүшелері, тізімі, хаттамалар.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыс жоспары.
ІІ Папкалар
- Мектептің жұмыс жоспары соның ішінде мектепшілік тәрбие жұмысы жүйесінің жоспары хаттамалары
Апталық, айлық, жылдық жоспар:
«Сынып жетекшілер» бірлестігінің жұмыс жоспары, бірлестік мүшелерінің тізімі, отырыс хаттамалары;
Денсаулығында ахауы бар балаларды арнайы мектептерге жіберу есебі;
Оқушылардың жеке іс-қағаздары
Озат тәжірибелерді анықтау,қорыту, тарату;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін топтардың құжаттары
Мектептің ата-аналар комитетінің жоспары, тізімі, хаттамалар;
ІІІ Журналдар, Дәптерлер
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының айлық жұмыс жоспары;
Сабаққа енуі жайлы жазба;
Біліктілікті арттыру және өзіндік білім көтеру жайлы есебі;
Аудандағы, мектептегі жиналыстар;
Сынып бойынша үйірме, секция;
Бағдарламалардың, жоспарлардың орындалуы;
Экскурссия
Сабақтан тыс оқу;
Нашар оқитын және қиын оқушылардың, тұрмысы төмен оқушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылау және көмек ұйымдастыру
Тәжірибені қорыту , озат тәжірибе мектебі;
Техникалық қауіпсіздік журналы;
Басшыларға жазылу есебі.
ІV Графиктік жоспарлар
Үйірме жұмыстарының кестесі
Аудандық (қала) , мектепшілік семинар-кеңестің жұмыс кестесі
ОКБААТИ-де, ББЖКБАРИ-де педагогикалық біліктілігін арттыру кестесі.
Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” заңынан
3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi.
I.Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
ҚР барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
әрбiр азаматтың интелектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi;
бiлiм берудiң зайырлы сипаты;
жеке адамның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiнбiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;
бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандығы уәкiлеттiгiн кеңейту;
бiлiм берудiң iзгiлiктiгi мен дамытушы сипаты;
бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы;
оқушыларды кәсiптiк бағдарлау;
бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.
ІІ.Бiлiм беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестiктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.
4-бап.Азаматтардың бiлiм беру саласындағы құқықтарының мемлекеттiк кепiлдiктерi.
6-бап. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей стандарттары.
Қ.Р. әрбiр бiлiм беру деңгейi бойынша:
бiлiм мазмұнына;
оқып және тәрбиеленiп жатқандардың оқу жүктемесiнiң ең көп көлемiне;
бiлiм сапасын мемлекеттiк бақылаудың ережелерi мен рәсiмдерiне ;
бiлiм алушылардың даярлық деңгейiне;
бiлiм алушылардың белгiлi бiр бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiн куәландыратын құжаттардың нысандарына
қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары белгiленедi.
2. Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үщiн мiндеттi.
3. Бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбi мен олардың қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
11-бап. Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату.
Бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады
Бiлiм беру ұйымдарының филиалдары бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларының келiсiмiмен құрылады.
Құрылтайшылар таратылатын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларына басқа бiлiм беру ұйымдарында оқу жылын аяқтап щығу үшiн шаралар қолдануға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы
№1168 4 қараша, 2002 жыл
Бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң типтiк штаттарын бекiту жайлы
1999 жылғы 7 маусымындағы Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы” Заңының 41 статьясы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы қаулы етедi:
Ұсыныс бекiтiлдi:
Мектепке дейiнгi ұйым қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Жалпы орта бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Бастауыш кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдердiң арнайы коррекциялық ұйымдары қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Мектептен тыс мекемелер қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Балаларға психолого-медико-педагогикалық консультация беру мекемесi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары;
Жеке қызмет көрсетужәне жалпы бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң типтiк штаттары.
Қаулы 2003 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Достарыңызбен бөлісу: |