Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет84/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95

176 
 
Әр  пәннің  оқушыларға  берер  танымдық  тәрбиесі  мол  десек,  соның  ішінде  биология 
пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға 
танымдық  тәрбие  берудің  алғашқы  баспалдағы  деп    оқытудағы  саналық  принципін  атауға 
болады,  себебі  табиғатты,  сыртқы  ортаны,  жалпы  тіршілік  оқыту  барысында  тәрбиелік 
міндеттердің  де  шешілетіні  белгілі.  Табиғи  құбылыстардың,  қоғамдық  -  әлеуметтік  ӛмірдің 
мәнін,  заңдылықтарын  терең  түсінудегі  ӛздігінен  ӛзінің  білім  дағдалары  мен  іскерлігін 
жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте түседі. 
Биологияны  оқыту  барысында  оқушылардың  танымдық  қызметін  белсендіру  -  білім 
мазмұнын  тереңдетеді,  қоғамдық  әлеуметтік  ӛмір  мен  ғылым  -  білімді  ұштастыра 
келіпшәкірттің  дүниетанымын  кеңейтеді,  ӛзінше  ой-пікір  түйіндеуге  үйретеді.  Таным 
үдерісі,  біріншіде,  ұстаз  бен  оқушының  бірлескен  әрекеті  арқылы  іске  асса,  екіншіден, 
олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бӛлінеді. 
Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселерді қамтиды: 
1.  Биология  пәнінің  білім  мазмұнын  бағдарламаға  сәйкес  тіршіліктің  қағидаларын 
басшылыққа  ала  отырып,  сабақтың  білімді  мақсатымен  қос  танымдық  мақсатын  жүзеге 
асыруға  ықпал  етеді.  Бұл  оқушыны  сыртқы  орта  мен  тірі  ағзаның  арасындағы 
байланыстықты түсінуге, табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді. 
2.  Сабақ  барысында  жеке  тұлғаның  психологиялық  жай-күйін  ескере  отырып,  есте 
сақтау қабілетін, жадасын, кез-келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре 
алу  қабілетін  жетілдіру  табиғатқа  бақылау  жүргізе  білуімен  байланысы.  Берілген  тақырып 
ішінен  ең  қажетті,  ең  пайдалы  нәрсені  сұрыптап,  таңдап  білу  оқушының  ойлау    қабілетін  
ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді. 
3.  Сабақтағы  материал  сынып  шеңберінен  шығып,  табиғи  ортамен  тығыз  байланысты 
болып  келіп,  одан  әсер  алатын  күнделікті  қоғамдық  ӛмірмен  астасып,  ұштасып    жатса, 
теориялық  білім  практикамен  жалғасып,  баланың  ой-ӛрісін,  сана-сезімін  кеңейтеді. 
Оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады. 
Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен  ажыратқысыз. Оқушының 
таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін сипаттайды. Ал басқа қабілет қасиеттері іс-
әрекет  барысында  айқындалып  дамиды.  Тиісті  жағдай,  мүмкіндік  болмаса  белсенділік  те 
ӛркен  жая  алмайды.  Сондықтан  да  белсенділіктіарттыратын  әдістерді  мейілінше  дамыту 
тәжірибелік  іс-әрекеттің  ӛркендеуіне,    ақыл-ойға  қозғау  салады.  Мұның  ӛз  білім  сапасын 
кӛтерумен қатар оның ӛмірде пайдаланудың жолын кеңейтеді.  
Таным үрдісі – ӛте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным 
белсенділігін  арттыру  биология  пәнінің  қосар  үлесі  ерекше.  Ал,  оқушылардың  таным 
белсенділігі артуының негізгі шарты прблемалық оқыту. Іздену – оқу - таным проблемасын 
шешуге  бағытталған  оқушылардың  іс-әрекеті.  Оны  ұйымдастырудың  тәсілдері 
жиынтығынан  зерттеу  әдісі  туады,  ал  одан  прблема  шешіледі.  Алдымызға  қойған 
проблеманың  басты  мақсаты-оқушылардың  таным  белсенділігін,  ойлау  қабілетін  сабақ 
үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, ӛз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру. 
Жеке оқушының таным белсенділігін арттыра түсуге болады.  
Нәтижесінде: 
1. Оқушылардың таным деңгейі кеңейе түседі. 
2.  Оларға  қиын,  түсініксіз  болып  кӛрінетін  тақырыптың  ӛзіне  бейімділік  белсенділігі 
артады. 
3.  Оқушылардың  бойында  «Басқа  сыныптасымнан  кеммін  бе,  мен  де  оқимын»  деген 
сияқты намыс белсенділігі артады. 
Оқушылардың  таным  белсенділігін  арттырудағы  ӛз  дәрежесінде  жабдықталған 
кабинеттік  жүйенің  әсері  мол.  Кабинетте  оқушылар  да,  мұғалімдер  де  ӛз  жұмыс  орнына 
қалыптасады.  Мұғалім  жұмыс  жүргізуге  қажетті  құрал-жабдықтарды  жинақтайды,  оны 
оқушылар алдында дұрыс дересіне кӛрсете білуге дағдаланады. Білім беру негізгі сатысында 
биологияны  оқытудың  мақсаты-тілдің  қызметін  жүйелі  меңгерген,  коммуникативтік 


177 
 
біліктілігі  дамыған,  сӛйлеу  мәдениеті  қалыптасқан,  бәсекеге  қабілетті  дара  тұлға  даярлауға 
мүмкіндік тұғызу. 
 Биология пәнін оқытуда оқушының жан-жақты жұмыс істеу  мүмкіндіктеріне жол ашу 
үшін  мұғалімнің  алдына  мынадай  міндеттер  қойылады.  Қазіргі  заман  мұғалімімен  тек  ӛз 
пәнінің  білгірі  емес,  жаңалыққа  жаны  құмар,  оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер 
меңгерген, білім мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі. 
 Оқу  құрылысын  жүйелі  талдау  негізінде  оқушылардың  танымдық  әрекетінде  екі  іс-
әрекет тобын бӛліп шығарады. 
- оқушының мұғаліммен бірге араласа орындаған әрекеті; 
- оқушының дербес іс-әрекет элементтері. 
 Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  дамытпай  оқыту  үрдісін  жізеге  асыру 
мүмкін  емес.  Сабақты  тартымды  әрі  сәтті  ӛткізе  білу  мұғалімдер  қауымынан  кӛп  ізденуді, 
білімділік,  қабілеттілікті  және  тапқырлықты  қажет  етеді.  Менің  ойымша  сабақты  сәтті 
ұйымдастырудың бірнеше шарттары бар. 
Олар: 
- сабақты тақырыбына сай жоспарын жасау; 
- тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілідерін түрлендіріп отыру; 
- қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп алу; 
- дидактикалы, техникалық құралдарды, электронды оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы 
сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану; 
- сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану. 
Қазіргі таңда оқыту үрдісінің интерактивті әдіс-тәсілдері ӛте кӛп. Педагогикалық ғылым 
мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де 
еркін  игеріп,  нақтылы  жағдайға  орай  ең  тиімдісін  таңдап  алу  және  оларды  түрлендіре 
үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану-сабақтың сәтті ӛтуінің кепілі. Биология сабағында 
мен тақырып сайын окушылармен түрлі шығармашылық жұмыстарды ӛз шеберлігіме ақрай  
ұйымдастырып, түрлендіріп отырамын. 
 Әрбір  сабақ  -  мұғалімнің  шығармашылық  жұмысы.  Сондықтан  да  әр  сабақты 
оқушының есінде қалатындай етіп тірлендіріп отырған жӛн. Қазіргі ғылым мен техниканың 
дамыған  заманында  оқушылардың  білім  деңгейін  тереңдету,  ғылыми  тұрғыда  дамыту,  ӛз 
бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  ойлау  қабілетін  дамыту,  сӛйлеу  шеберліктерін 
арттыру, ӛз бетімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана 
білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану-ұстаз шеберлігінің белгісі. 
Білім  –  теніз,  оның  тереңіне  құпиясын  аша  алатындар  ғана  бойлай  алады.  Ондай 
адамдарды  дайындайтын,  білім  беретін,  бала  жанының  бағбаны  -мұғалім.  Мұғалім  білімді 
оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру - табиғат пен қоғам жайында ғылымда 
жинақталған  білім  жүйесін  жеке  адамның  меңгеруі  және  оны  ӛмірде  тиімді  етіп  қолдана 
білуі»  -  дейді  Ж.Қоянбаев.  Ендеше  келер  ұрпаққа  тәрбие  мен  білім  берудің,  білім  сапасын 
жақсартудың бірден-бір жолы - жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог - 
ғалымдар,  тәжірибелі  мұғалімдер  ойлап  тапқан  сабақты  түрлендіре  ӛткізудің  неше  түрлі 
жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау 
мәселесімен  айналасып,  ғылым  мен  практиканы  қоса  алып  жүрген  отандық  ғалымдарымыз 
баршылық. 
ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зердері,  дарынды,  талантты,  адамды  қалыптастыру 
бағытындағы  білім  беру  мәселесі  мемлекетіміздің  басты  назарында.  Егеменді  ел  болып, 
таңдаулы  елу  елдің    қатарына  ену  басты  мақсатымыз  болған  соң,  білім  мен  ғылым  саласы 
дүние  жүзілік  деңгейге  сай  болуы  керек.  Елімізде  болып  жатқан  ӛзгерістер  мектеп 
жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. 
 
Әдебаеттер тізімі: 
1.Мырзабаев А.Б. Биолгияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы, Қарағанды, 2006 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау