4
кӛрсетеді. (1-2 сурет, И. Кулибиннің арқалы кӛпірінің жобасы және И. Ползуновтың бу
машинасы құрылысының схемасыныың суреттері кӛрсетіледі).
XVIII ғасырда гимназияларда сызу пәні оқытылды. Бұл кезеңде Петербург (1725),
Москва (1755), Қазан (1758) гимназиялары ашылды. Гимназияларда геометрия пәнінің
ішінде оқытылды. Оқушылар сызу құралдары және оларды қолданумен танысты, әртүрлі
фигуралардан қиып, олардан кӛпбұрыштар жасады, география сабағында масштабын сақтап
жоспар және карта сызды. Геометриядан алынған сызу білімі кӛбіне қамал бекіністер салуда
қолданылды. Оқыту кӛбіне, механикалық жаттау және сызбаларды кӛшірмелеу түрінде
жүрді.
1828 жылы сурет пен сызуға ортақ бағдарламалары жасалып, оны сурет пәні мұғалімі
оқытуы тиіс болды. 1828 жылы сызу пәні енгізілген жыл болып есептелді. Гимназия
бағдарламаларында сурет дағдысын циркуль және сызғыш қолдана отырып, бейнені үлгіден
кӛшірмелеу жолымен дамыту болды. Сызу бағдарламасының жекелеген тапсырмалары жалпы
сурет салу міндеттері ішіне сіңіп кететін, оқушылар осы себептен сызу туралы үздік-үздік
қана білім алды.
Жылы сурет (сызу) міндетті емес мектеп пәні қатарына жатқызылды. Сабақ тек кӛңілі
қалаған адамдарға жүргізілді. Кейін сызу гимназияларда толық алынып тасталынды. Жылы
гимназиялармен қатар училищелер де ашыла бастады. Егер гимназияларда сызу суретке
қосымша пән ретінде оқытылса, училищелерде сурет сызудың негізгі саласы ретінде
жүргізілді. Дегенмен сызу әлі де пән қолданбалы пән санатында болып, геометриялық сызу
пәнін математика пәні оқытты. Сызба геометрия да математиканың бір саласы ретінде
оқытылды.
Қазақстан және Орта Азия елдеріндегі ағартушылық саласында сызуды оқыту немесе
пайдаланған жазба әдебиет дерек кӛздерін тауып делелдеу қйын. Дегенмен сызбаның даму
тарихында, адам баласы жануарлардың, ӛсімдіктердің, құрлыстардың және басқада
заттардың суреттерін салуда ӛте ерте заманда басталған. Түрлі мәліметтерден кейінгі
ұрпаққа жеткізу үшін кескіндер пайдаланған. Ескіден сақталған Қаратау жотасындағы және
Тамғалыдағы жартасқа салынған кескендер кӛпшілікке мәлім. Кейінрек мысыр
иероглифтерін пайдаланып, маңызды оқиғалар туралы баяндауға мүмкіндік туды.
Қытай,Жапон иероглифтері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сонымен, жазу ӛнері
иероглифтерді жетілдірудің нәтижесінде пайда болған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші
ғасырда жазылған Рим архитекторы Марк Витрувийдің ―Архитектура туралы 10 кітап‖атты
трактатында нәрсенің горизонталь және фронталь проекциялары туралы айтылған.
Шығыстың Аристотелі атанған, Отырар қаласында (Арыс ӛзенінің жағасында салынған,
Туркстаннан 10-15 шақырымдай қашықтықта орналасқан) туып, қыпшақ руынан шыққан
Әбунасыр әл-Фараби (870-950) ―Музыка туралы үлкен тракатат‖ атты еңбегінде музыканың
теориясын жасап, дыбыс интервалдарын графиктік жолмен тағайындалған, ӛзі ойлап тапқан
музыкалық аспаптардың Ахмет Иассауидің сәулет ғимараты сол кезде салынған дүние
жүзіндегі ең үлкен құрлыс, Маңғыстаудағы жер астына салынған Шопан-ата (12 ғ.),
Қараман-ата (13 ғ.) және Бекет-ата (18 ғ.) мешіттерін салуда олардың жобалары мен
сызбалары болғаны сӛзсіз [1].
Ертеде және орта ғасырда сызба мен суреттің арасындағы айырмашылық шамалы
болатын. Сызбалар да сурет сияқты қолдан кӛз мӛлшерінде орындалған. Қазан
революциясынан соң жаңа еңбек мектебі құрылды. Сызу пәнінің барлық негізгі бӛлімдері
геометриялық, проекциялық, техникалық, аксонометриялық проекциялау және техникалық
сурет - кеңестік мектеп бағдарламасына енгізілді. Бірақ ол жылдары сызу пәні жеке пән
ретінде маңызы болмады. Мысалы, техникалық сызу тақырыбы бойынша материал, еңбек
және физика пәніне енгізілді т.б.
1932 жылы ӛз алдына жеке пән ретінде бӛлініп шықты, оқу бағдарламасында:
«Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриялық сызу», «Денеге қарап
орындау сызуы» секілді 4 негізгі бӛлім оқытылды. Орта мектеп үшін алғашқы оқулық 1934
жылы жарыққа шықты. Оның авторы В.О. Гордон, ол «Техникалық сызу негіздері» деп
5
аталды. Оқулыққа проекциялық сызу элементтері жүйелі түрде кӛрсетілді. Осылайша
мектептерде сызуды оқушылардың политехникалық даярлығын қамтамасыз ететіндей
оқытуға жағдай жасалды. Дегенмен кейін оқыту әдісі мен мазмұнында айтарлықтай ӛзгеріс
болды. 1935-1936 жылдары оқу бағдарламасы бойынша сызу VI-Х сыныптар арасында
оқытылып, негізгі мақсаты әр түрлі геометриялық денелер салу, сызу техникасында
дағдысын жинау секілді революцияға дейінгі дәстүрлерге қайта оралды.
Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары сызуды оқыту мазмұны
ӛзгермеді. Сызуды оқыту әдісін ӛзгертуге қадам 1947-1948 жылдарында жасалды. Сызу пәні
екі бӛлімге бӛлінді: VII және VІІІ-Х сыныптар. VII сыныпта оқушылар сызу құралдарын
пайдалануды үйренді, геометриялық суреттер салды, заттарды жазықтыққа бейнелеу
тәсілдерімен танысты.
VІІІ-Х сыныптар сызу пәні негізінде сызу геометриясы элементтерімен танысу арқылы
геометриялық және проекциялық сызу жұмыстарын жүргізу болады. Сызу пәні кӛбіне сызу
геометриясы және жоғарғы оқу орындарындағы техникалық сызуға дайындық ретінде қарала
бастады.
1958 жылы КСРО жоғарғы кеңесі КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту
туралы заң қабылдады. Техникалық сызуда қолданылатын ережелер, сонымен қатар
бӛлшектердің қосылыстарының кең тараған түрлерімен танысу болды.
1960 жылы мектептегі білім беру әдістері мен мазмұны қайта қаралды. Сызуды VI- VIII
сыныптарда оқытылу туралы бағдарлама жасалды. 1972-1973 жылы оқу жылынан оны
жүзеге асыру кӛзделді. Дегенмен 1980-1981 жылға дейін сызу VІІ-VІІІ сыныптарда
оқытылып келді. Десе де сызу пәнінің жалпы мақсаты мен міндеті ӛзгермеді және оның мәні
оқушының техникалық сызба мен эскиздерді орындау және оқи білу дағдысы болды.
1980-1981 жылдардағы оқу жылында енгізілген оқу бағдарламасына сәйкес сызу пәніне
VП-VІІІ сыныптарға 68 сағат қана уақыт бӛлінді. Пән бағдарламасынан кӛптеген тақырып
алынып тасталды.
1986-1987 жылдары мектеп реформасына байланысты сызу пәнін оқытудың бұрынғы
жолы қайта іске асты. Сондықтан сызу пәнінің бағдарламасы ӛзгерді. Оқушының жас
ерекшеліктеріне байланысты жаңа оқулықтар жазылды. Бағдарламаларда кӛрсетілген
күрделі, орындалуы қиын тақырыптар алынып, оқушының шығармашылық қабілетін
дамытатын тапсырмалар енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептегісызу пәніндегі
үлгілер мен күрделі емес сызбаларды оқушылардың ӛздігінен орындауына және оны оқи
білуіне қажетті білім, тәжірибелік дағды мен іскерлікті игеруді мақсат етеді.
Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында жетілдіре түсті. Елдерді
индустрияландыру, машина жасау мен басқа да ӛнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт
фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға қойды
(3-сурет, жеңіл автомобильдің сызбасын кӛрсету). Ал бүгінгі постиндустриалдық заманның
басты ерекшеліктері, ақпараттың шамадан тыс ұлғайып отыру себебі, ғылым мен
техниканың дамуы сызуға айтарлықтай жаңалықтар қосты. Қазіргі кезде «Бейнелеу ӛнері
және сызу» мамандығын дайындайтын жоғары оқу орындарының жұмыс оқу жоспарларында
сызуды оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын қолдану мақсатында «Компьютерлік
графика» және «Инженерлік графика» деп аталынатын жаңа таңдау пәндері аталып қана
қоймай, оқу үрдісіне енгізіліп кенінен оқытылуда [2].
Ғылым мен техниканың дамуымен бірге әртүрлі мамаңдықтағы адамдардың, сонымен
қатар мекемелердің және мемлекеттердің арасында ақпарат алмастырудың маңызы арта
түседі. Ақпаратты тарату үшін радио, теледидар, кітаптар, газет-журналдар, сызбалар және
т.б. пайдаланылады. Аталған ақпарат тарату құралдарының ішінде сызба ерекше орын
алады. Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ
құрылыстардың суреттерін бейнелеген. Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті
тұрмыста пайдаланатын заттардың сыртына бейнелеу орын алатын болған. Алғашқыда
сызбалар кӛз мӛлшерімен қолмен салынды. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да
нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды. Сызба
Достарыңызбен бөлісу: |