Мазмұны
Кіріспе . 3
|
1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді
ұйымдастыру әдістері.
1.1 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың
ерекшіліктері 9
|
1.2 Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі» танымдылық
қызығушылықгың рөлі 28
|
1.3 Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі былғары
өңдеу технологиясында "тері бүйымдарын модельдеуді"
оқытудың әдістері мен формалары 32
2. Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері.........................................................................................................
2.1. Үйірме жұмыстарында сабақ түрлері және жасалу жолдарын
оқушыларға үйрету 40
|
2.2. Тандаған бүйымның техникалық нобайымен сырт көрінісін
суреттеу 43
|
2.3. Былғарыдан жасалған бүйымдардың формасы мен ою-
өрнектерінің тәсілі 46
|
3. Техникалық-технологиялық мәліметтер
3.1. Теріден жасалатын қазақ ұлттық бұйымдары 49
3.2. Бұйымды даярлау технологиясының сипаты 54
3.3. Құрал-жабдық дайындаудың технологиялық ерекшеліктері
3.4. Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы
және олардың жабдықгалуы 58
|
Қорытынды 65
|
Қолданылған әдебиеттер 66
|
КІРІСПЕ
Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиьазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.
Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету қолға алмағандықтан болып табылады.
Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.
Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болып табылады.
Ою - халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнермен терезесі тең, қатар дамыған. Мұны сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырғанынан байқауға болады.
Ұлттық үлгіде бүйымдар жасаудың технюлогиясын жетілдіріп, бүл жұмыстар негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен өрнек үлгісін сызу, біріне-бірі ұқсамайтын әсем нақышты оюлар ойылған түс-киіздер, сырмақтар, текемет, алаша, сандық т.б. киіз үй жасаулары мен тұтыну бұйымдары күні бүгінге дейін өзінің қолмен жасалу маңызын жоғалтпай келеді. Алдағы уақытта да оның қиындығы мен қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбек жемісті болуына кәміл сенеміз.
Киіз үйді сәулеттендіріп, оған салтанатты сипат беру, оның әр бөлшегінің бір-бірінің ұнасым табуы, сәндеу халық шеберлерінің машықтанған ісіне айналған. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Және де қолөнерінің түрлерімен, оларды дайындау технологиясына даму тарихына қалам тартқан зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тоқталмасқа болмас.
С. Қасимановтың «Қазақ халқының қол өнері» /Алматы, Қазақстан 1995 жыл толықтырылып шыққан/ атты кітабы. Кітапта қолөнерінің барлық түріне: киіз басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнеріне, зергерлік өнеріне, сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор қолөнерінің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігін береді.
Ә. Тәжімүратовтың «Шебердің қолы ортақ» /Алматы, Қазақстан, 1997. ж./ атты кітабы. Бүл кітапта автор қолөнерінің барлық салаларына қалам тартқан. Сондай-ак әр ғасырдағы туындылармен толықтырылған. «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»,-дейді халық. Бүл кітапта санғасырлар сынынан өтіп шираған. Қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес, халық өнерімен, түрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қолөнерінің әсем үлгі-нұсқалары, өнер байлығы әсерлі әңгімеленеді.
Қ. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» /Алматы. Өнер, 1987 жылы/ атты ғылыми зерттеу кітабында қол өнерінің қызықты да маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туын қалыптасу мэселелері төңірегінде кеңірек баяндалған. Автор кітапты иллюстрациялық материалдармен толықтырып, этнографиялық материалдармен, архивтік жэне жазба әдебиеттер негізінде жазған.
Қазіргі кезде халықтың қолөнерін оқыту мәселесі республикамызда етек алып, толығымен бүгінгі күн талабына сай шешілді деуге болмайды. 1993 жылдың 21 қаңтарындағы жарық көрген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында «... оқушыларың еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы көркем өнерін, халық зергерлерінің мүрасын, мал-шаруашылығын үйрету кеңінен өріс алған жоқ » деп біздің мектеп өміріндегі осал жақтарды көрсетеді.
Қолөнерін үйретуде соңғы оншақты жылдың көлемінде бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың жарық көруі ұлттық қол өнердің мектеп өнерінің жандануына себепші болады. Олардың бірі:. С.Жолдасбекованың «¥лттық сәндік - қолтаңбалы өнерге үйрету» бағдарламасы І-ІУ сыныптарға арналған бағдарлама, осы мақсаттарды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға бағытталады.
Балаларды қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың өз туған жеріне, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын зергерлердің немесе оюшының өзіндік қол таңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көмектеседі.
Ұлттық қолөнердің негізіне сәндік қолтанбалы өнер туындылары жатады.
1992 жылы жарық көрген «Тұрмысқа қызмет көрсету» бағдарламасының мазмұны негізінен оқушыларды іс жүзінде жүмыс істеуге бағытталады, ол үшін берілген уақыттың 75-80 % дейін жұмсалғаны орынды, қалған уақыт теориялық мақсатқа жеткілікті.
Іс- жүзінде жүргізілген жүмыстардың маэмұны қазақтың қолтаңбалы өнеріне баулу, мамандыққа қажетті еңбек дайындығын шыңдауға, түрлі заттарды: жүн, мата, ши, т.б. қолмен немесе машинамен өңдеуге жэне одан пайдалы өнім шығаруға жүмсалады. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін, эстетикалық сезімін шыңдауға бағытталған.
Ш. Әбдуалиеваның «Халық қолөнері» атты әдістемелік құралы У-ІХ сыныптарды еңбекке баулу пәні мүғалімдеріне арналған. Бүл әдістемелік құралда сәндік қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізу әдістемесі мен ұйымдастырудың жалпы жағдайлары жазылған. Сондай-ақ сәндік-қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізудің жылдық үлгі жоспарлары берілген.
Құрастырушылыр: С.А. Жолдасбекова мен А.А. Жолдасбековтың «Ұлттық сәндік-қолтаңбалы өнерге үйрету» атты әдістемелік нұсқауда бастауыш сынып оқушыларын қолтаңбалы өнер түрлерін үйрету жөнінде сабақ және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу жөнінде мысалдар келтірілген.
Оқушылар нұсқау бойынша ою-өрнек, бастырмалау, тігіс тігу жэне кестелеу, қүрақ құрау, қуыршақ жасау, зергерлік жүмыстар, өру жүмыстарын жасайды.
Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне жазылған әдебиеттер қазіргі уақытта көптеп саналады. Солардың бірі Ю.К. Бабанскийдің, А.Н. Ильинаның «Педагогика» атты педагогикалық институттарының студенттеріне арналған, педагогика курсы бойынша бағдарламаға сай жазылған оқу қүралы. Оқулық мектептегі оқушылардың
оқу-тәрбие жүмыстарын ұйымдастыру, жоспарлаудың әдістемелік жэне теориялық негіздерін ашып көрсетеді.
Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістерін, мазмұнына, принциптеріне, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі оларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарына қалам тартқан педагогтардың /В.А.Поляковтың, Д.А.Тхоржевскийдің, С.А.БатЬішевтің т.б./ еңбектері студенттер мен /еңбекке баулу пәні/ оқытушылардың қолынан түспейтін оқулықтар.
Соңғы уақытта халықтық педагогиканы мектеп өміріне негіз ету көп сөз болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мэселелері туралы қарастырған студенттерге оқу қүралы ретінде үсынылған кітаптың бірі -Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың «Қазақ тэлім-тэрбиесі» атты /Алматы, «Санат», 1995 ж./ кітабы. Авторлар мүнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғап, тебірене әңгімелейді.
Жоғарыдағы еңбектердің маңыздылығын тұжырымдамадағы көрсетілген кемшіліктерді ескере келіп, бйымдарды дайындауды үйретуді қолға алу мақсатында, біздер дипломдық жүмыстың тақырыбын: «Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясы» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясын дайындауды үйрету мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын анықтау.
Зерттеу объектісі - жоғары сынып оқушыларын еңбек сабағында ұлттық қолөнерге баулу.
Зерттеу нысанасы - ұлттық қолөнердегі теріден жасалатын бұйымдарды дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формалары.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық, әдістемелік және ұлттық қолтанбалы өнерге
арналған арнайы оқу құралдарына шолу.
Қолөнер бұйымдарының тәрбиелік мәнін анықтау.
Еңбекке баулудағы теріден бүйымдарды дайындауды үйрету
мазмұнын анықтау.
І-ТАРАХ ІХ-Х СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕККЕ ҮЙРЕТУ САБАҒЫНДА, БЫЛҒАРЫ ӨҢДЕУДІ ¥ЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСІ.
1.1. Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері.
Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласында болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар өзінің көне замандардан бері белгісіз болып қалғанымен олардың асқан дарынды, үлкен өнер "болғаны анық . Ол шеберлері ғасырлар бойы үй тұрмысында қалданыатын әр түрлі бұйымдар жасап , олардың көркемдеп сәндеумен болған . Ол бұйымдарды әдемілігіне, шебер жасағандығына қазір де қарап көз тоймайды . Қазақ қол өнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар . Ол тарих сонау көне замандардан басталады.
Қазақ халқының ертеден келе жатқан жақсы қасиеті - өз балаларын жас кезінен еңбекке баулу. Қыз баланы үй сыпыру, су экелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, төсек жинау, ыдыс- аяқ жуу, шай құю, ас пісіру, іс тігу сияқты шаршылықтың алуан түріне үйретсе, ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, ағаштан әр түрлі күбі, астау, келі- келсан, домбыра, кебеже, жүк-аяқ, ал теріден жүген, ноқта, ат әбзелдерін жасауға, ер шабуға, құс ұстауға, ат мінуге, отын жаруға, таудан ағаш әкелуге, тас қалауға т.б.үйреткен.
" Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие " қүралы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне және ата- аналарға арналады.
"Технология" бағдарламасы білім стандартына, жалпы білім берудің базалық негізіне енгізіледі. Енді еңбек пәні "технология" пәні болып оқытылатын болады.
"Технология" - грек сөзі . "Техно "-өнер,шеберлік,іскерлік және "логия"-дайын бұйымдар алу үшін өндіріс процесінде пайдаланатын шикізаттың ,материялдық немесе жартылай дайын өнімнің пішінін,қасиетін ,күйін өзгерту ,оларды дайындау және өңдеу тәсілдершің жиынтығы.
Ауыл шарушылығы жағдайында шикізатқа, материалға және шала өнімдерге өндіріс құралдары арқылы әсер ету тәсілі. Мәселен : егін үшін оны жер айдаудан бастап дәнін жинап алып, өңдеп нан жасауға дейінгі үзіліссіз процесс.
Сол себепті "технология" жалпы білім беретін ауылдық мектептер үшін мына бағыттарды қамтиды.
1. Ауыл шарушылығы техникасы мен технологиясы.
Машинатану элементтері негізіндегі конструкциялық материалды
өңдеу техникасы.
Элекротехникалық және радиотехникалық аспаптармен жұмыс істей
білу.
Қоғамдық өндіріс және қызмет көрсету, экология жэне кәсіптік бағдар
салалары.
Үй мәдениеті, тұрмыстағы техника.
Үй экономикасы мен кәсіпкерлік элементтері.
Ақпараттық технология элементтері.
Жоба.
Осы көрсетілген бағыттарда технология жэне оны оқыту әдістемесін зерттеу, мұғалімдерге әдістемесін нұсқау тркырымдалды.
Нарық қатынасы жағдайында мектепке бастап оқыушылардың өзін-өзі басқару проинципіне негізделіп, шарушылылық есеп, бизнес жоспар, экономика, сауда, табыс кқзі, еңбекақы оны төлеу әдістерін, базар бағасы, құн, өзіндік құнын, айырбас, тасымалдау, делдалдық, менеджмент, маркетинг т.б. жөнінде білім беру де осы мақсатқа негізделеді.
Бағдарлама жасау кезінде ауыл мектептеріндегі еңбек сабағына және ауыл шаруашылық еңбегінде ерекше назар аударылды.
Қазіргі кезде заман талабына сәйкес оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламасын әзірлеу және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар да белгіленді.
Еңбек - белгілі мақсатты істі орындауда адамның ақыл - ойы дамуының маңызды факторы болып табылады . Балаларға әсіресе, еңбек әрекеті үлкен әсер етеді . Еңбектену барысында заттар мен материалдың қасиеттерін аша отырып, өндірілетін бұйым туралы түсініктерін кеңейте, байыта түседі.
Еңбек әрекеті баланың қоршаған дүниені, нақтылы заттарды тануына -оны тұрмыста, тіршілікте пайдалана білуге үйретеді, санасын байытады.
Педагогика ғылымының оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі міндеттері мыналар болып табылады:
1. Ең алдымен еңбек - адам игілігінің қайнар көзі.
Балаларды өзінің жеке басының пайдасы үшін ғана емес, жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету, өз қолымен жасаған еңбектерін сыйлауға, басқалар жасаған заттарды ұқыптылықпен ұстауға, күтуге ,дағдыландыру -еңбекке тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі.
2. Оқушының жас ерекшелігіне қарай,еңбек етуге қажеттілікті сезіну
санасының қалыптасуы еңбекке деген әдеттің пайда болуымен
заман мен жекешелендіру кезінде өте қажет. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын бастаған іске үлкен табандылық керек.
3 .Еңбекке қызықтыру, еңбекте шынығу сияқты мэселелердің маңызы зор. Оқушылардың осындай қасиеттерді дамыту еңбек тәрбиесіне ерекше назарда болуы керек.
4 .Қазіргі қоғамда барлық еңбек құралдары жеке адамның немесе бірлестік, не үжымдардың, тіптен жеке адамның өз меншігінде .Бұл меншікті ұқыптылықпен ұстау ,дұрыс пайдалану ,күту жеке адамның сапалы ісі болып табылады .сондықтанда өсіп келе жатқан баланы әрбір отбасы әрбір пайдалы затты өзімдікі деген мақсатта тәрбиелеуге міндетті.
5.Мектепке келген оқушылардың еңбекке қабілетін дамыту, оған деген сүйіспеншілік, дамытушылық көзқарасқа тәрбиелеу мектептің негізгі міндеті.әрбір оқушы тапсырылған жүмысқа бар ниетімен беріліп ,орындау кезінде оның пайдасы мен қажеттілігін түсінгенде ғана еңбек ету ол үшін
пайдалы болып шығады .Олай болса еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мүғалімнің терең біліміне ,оны жеткізе ,меңгерте білу әдісіне байланысты.
6. Еңбекке тәрбиелеу процесінде балаларды ұжымшылдыққа дағдыландыру аса маңызды .Еңбектегі бірлескен күш -жігер ,бірлескен
жұмыс ,оқушылардың бір -біріне деген өзара қарым-қатынасының
қалыптасуына мүмкіндік туады . А.С Макаренко жазғандай :"оқушыларды тәрбиелеуде еңбектің әр алуан ұжымдық формаларын қолдап ,достық,
жолдастық сезімдері, оқушылардың арасындағы өзара көмекті дамытып
отыру керек".еңбекке тәрбиелеу ісін осындай жолға қоюдың нәтижесінде
жолдасқа деген дұрыс көзқарас орын алуы да мүмкін .егер оқушы қоғамға
барлық күшін жұмсаған болса ,ол өз қатарындағы арамдыққа төзеді ,ол
жалқауларға қарсы батыл күреседі.
7. жас ұрпақты болашақта белгілі бр кәсіпкер үйретуде, үйрену жолына
тәрбиелеуде де еңбек тәрбиесінің маңызы зор. Тоғыз жылдық мектепті
аяқтаған соң ,оқушы өз талғамын жасайды . осы кезде кәсіптік бағдар берудің
мәні ерекше өлшеусіз.Еңбекке тәрбиелеуде (У-ІХ сынып ) оқушылардың
жеке қабілеттеріне қарай еңбектің әр түрімен кеңінен таныстырып, олардың
білімінің белгілі бір саласын қабілетіне және іс- жүзіндегі бейімдігіне қарай
дұрыс бағыт беру керек.
Еңбекке тәрбиелеу міндеттерінің бірі - мектепте білім беру барысында отбасымен бірлесе отырып тәрбиелеу.
Егер біз оқытып тәрбиелеп шығарған оқушылардың міндеттерін жеке тізіп оның сипатына ұқыпты түрде қарасақ, онда балалардың оқу процесі, еңбек сабағы ,сыныптан тыс алу түрлі жұмыстар,өз бетінше орындаған еңбектері сияқты барлық тәрбие құралдарын ойдағыдай шешу мүмкін болғанда ғана нәтижесі айқын байқалады.
Еңбек әдеттегідей балалардың жасаған жұмысы нәтижесінде аяқталады. Еңбек үйренумен бірге өзіне де өзгеге де мектепке де пайдалы іс болуы қажет. Оның қорытындысы — сол затты жасауға кеткен шығын ақтала, пайда
түсу керек. Оның сатылу құны, сапасы оқыушыларды қызықтырса, базарда бағалы болса, оны жасауға ынта туады.
Сондықтан қазіргі нарықтық экономика жағдайында әрбір мектеп өз мүмкіндігін пайдаланып, шеберханада мектеп және отбасы үшін пайдалы әрі қажетті заттар жасап шығарады. Ондай пайдалы еңбек балаларды қызықтырады, оларды ұйымдастырып, тәртіптендіреді.
Жалпы білім беретін мектептердегі еңбекке тәрбиелеу жүйесінде ұжымдық, еңбектің жетекшілік мәні зор. Балалардың бірлескен еңбегі ұйымдастыруда тобасы тәрбиесінің көптеген талаптары орындалады. Тек бірлесіп дұрыс ұйымдастырылған еңбекте ғана болашақта нағыз бірлескен ұжым құрылуы мүмкін. Балалар жаппай жұмыс істегенді жақсы көреді. Ұжымдық бірлескен еңбек ұқыптылық пен тапқырлықты арттыруғ, бос уаққыиа қызығушылық туғызады. Балалар осындай көпшілік болып істеген еңбектің арқасында көптеген пайдалы істі меңгеріп алады:
өйткені тапсырылған жұмыс белгілі бір уақытта (сағатта, минутта)
басталады жэне оның басталуынан кешігуге болмайды.
Орындамаған немесе дұрыс орындалмаған жұмысты мұғалім
қабылдамайды;
жұмыс барысындағы икемділік, орындауға ынталылық және
тапқырлық көтермеленіп отырылады
өзің орындай алмаған жұмысыңа қасыңдағы жолдасы көмектеседі,
үйретеді.
Осындай бірлескен жұмысты бақылаусыз, өз бетінше жіберуге болмайды. Ұжымдық, бірлескен жүмыс сапалы болу үшін оларды жеке топқа бөліп жэне жеке -жеке тапсырма беру арқылы олардың орындау шеберлігін бақылауға болады. Тапсырманың барынша тыңғылықты орындалуын тексеріп отырады. Сонда ғана оқушылар өзінің орындаған жеке жүмысы арқылы бірлкскен ұжымдық жұмысқа қосқан өз үлесін біледі, сапалы орындауға тырысады.
Оқушылар ұжымдық жұмыстық қазіргі нарықтық заманда қоғамға және отбасына тигізетін пайдасын сезінеді.
Еңбекті орындау деген сөз - оның жеке қабілетімен бірге ол жұмысты орындау үшін белгілі мөлшерде күш жэне қуат жүмсауды талап етеді. Бала үнемі даму, жетілу үстінде болады. Бұлшық еті жүйке әлі толық дамып жетілмеген, тез шаршауға бейім болады. әлі келмейтін тапсырма алса, қаншалықта көп күш жұмсаса да, оны орындауға шамасы келмейді. Мүғалім осындай жағдайда балаға өзі орындай алатын жұмыс беруі керек, немесе жақсы орындай алатын баланың қасына көмекші жасау қажет. Онсыз баланың ынтасы жоғалады. "Орындай алмаймын " деген өзіне өзінің сенімсіздігі пайда болады. Оған жол беруге болмайды . Еңбек әрекетінде шамада тыс артық күш жұмсауы, балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру емес, керісінше, еңбекке деген жиркеніштігін туғызады. Бала өзінің шаршағандығы туралы айтысымен, оны жұмыстан босатып жіберу керек деген сөз емес. Еңбектен жеңіл - желпі жұмыс істегенде шаршау зиянды емес, қайта пайдалы. Ол балаларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бала жұмысты орындау кезінде өз еңбегінің немен тынатынын білуге тырысады. Алда істелгелі тұрған жүмыстың мақсатын білу көбінесе балалар еңбегін ұйымдастыру кезінде қажет. Балаларға мақсаты түсінікті, әлі жететін және тілегене сай жұмысты тапсыру қажет.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мен оқытуға еңбектің адам өмірінде алатын орын, қоғамдағы еңбекті орындау шеберлігі, сондай- ақ орындалған еңбек сапасын да түсіндіру қажет. Еңбекті орындауда ұйымдастыру мен орындай білуге үйретудің өзі балалардың еңбек ете білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың қайнар көзі деп қарау дұрыс нәтиже береді.
Оқушылар жылдық әр мезгілінің еңбек сипаты туралы, табиғаттағы маусымдық өзгерістерге байланысты ұйымдастырылатын еңбек түрлері туралы түсінік алуы керек. Осының бәрі мұғалімнің оқытуы арқылы берілетін теориялық білімнің терендігінде тікелей байланысты. Егер қызықты болса қызығады.
Оқулықта көрсетілген көне еңбектің даму тарихы, қауымдық қоғамдық кезінен - ақ адам қалпына келуді алғашқы сатысы сол еңбектің нәтижесі. Табиғи орта, ондағы тіршілік адамда еңбек етуге, сол арқылы күн көруге мәжбүр етті. Еңбектің түрленуі қоғамның, адамның санасының дамуына эсері. Еңбек арқылы ой, қабілет дамиды. Ойлау қабілеті неғүрлым жоғары болса, онда еңбектің жаңа түрлері пайда болып жетілдіріле түседі. Еңбексіз адам да, қоғам да дамымайды. Осындай табиғат пен адамның байланысы, табиғат байлығын игеру, оны пайдалану жөніндегі жетістіктерді оқушыларға айту, түсіндіру — мүғалім міндеті. Оқу еңбегі педагогтік жолмен ойластырып ұйымдастыру маңызы онан да зор.
Еңбек түрі дене күшін жұмсаумен байланысты. Еңбекті оқыту барысында шаршап- шалдығуды уақытында байқамаса, онда денсаулықты бұзады да оқушының еңбекке деген селқостығын туғызады.
Оқудың табысы болуы оқу мақсатының балалар үшін қаншалықты түсінікті де тартымды болуына байланысты және оның маңызы да зор.
Оқудың, іс - әрекеттің түрі сияқты, кейбір ерекшеліктері болады. Мұнан оқу еңбегін ұйымдастырудың бірқатар ережесі щығады.
Біз оқыту мен тәрбиенің тұтастығын кішкентай адамға әлемді көру, қобалжу мен қамқорлықтан басталуын, баланы тебірендірген алғашқы құ-штарлық - " Бұлай болмау керек " деген ойда басталуын көреміз. Осы ой-салғырттық, қырсыздық, ысырапшылыққа төзбеушілік сезімін оятып ,кішкентай адамды білек сыбанып іске кірісуге жұмылдырса ұрпақ болашағы зор болады.
Кішкентай балаларға, біздің заманымызда табиғат байлығы сарқылмас қазына болмай қалатындығын жете түсіндіріп ,ұғындыру қиын. - Бүл ой кейін есейген кездерінде біртіндеп қалыптасады. Қазір олар табиғат байлығын таусылмастай көреді. Сондықтан мұғалім оқушыларға кішкентай кездерінен - ақ ойланып тебіренетіндей тәрбие беру керек. Біз баланы азамат етіп қалып қалыптастырудың бірінші сатысына баланың жан дүниесінегі жағымсыз сезімінін өзі қара басының қамынан туғандай, қоғамдық мүддеден
үшін, оны орындау жолдары мен әдістерін де басқа сабақтардай айтып, көрсетіп, орындатып үйреткенде ғана нәтижелі болады.
Сондықтан оқытудың алғашқы қадамынан - ақ балаларды еңбекті оқуға, үйрене білуге баулу керек.
Еңбек пәнінен сабақ беретін мұғалім өзі оқытатын сыныптардағы сабақтың мазмұнына талдауды дұрыс анықтап алу қажет. Оның негізі сол сыныпқа арналған бағдарлама. Бағдарлама сабақ оқытудың түп нұсқасы. Алайда, бағдарлама мұғалімге тек қана бағыт - бағдар береді. Мұғалім сол бағдар бойынша мектептің ішкі мүмкіндігіне, мектеп орналасқан өндіріс немесе шаруашылықтың жағдайын ескеріп, орындауға мүмкіндігі бар еңбекті үйретуге бағытталу керек. ( Қалалық мектептер қала, ауылдық мектептер ауылдық жердің жағдайын қарай, бағдарламаны 40 - 45 пайызға өзгертуге рұқсат етіледі ). Мүнан бөлек, тағы да мына бір маңызды жағдайда да еске ұстаған жөн:
еңбек сабақтары тынымсыз білім мен балаларды қоршаған өмірмен
байланыстыратын буын болуға тиіс.
сабақты ұйымдастырудың өзі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің
негізгі қүралы.
Мүғалімдерді көпшілігі сабақты ұйымшылықпен бастау қажет деп санайды. Онда балалар өздерін еркін сезінуі керек. Оған басқа сабақтардай; ұйымдастыру, өткен материалды қайталау; оны қорыту, содан кейін ғана жаңа сабақ өтудің қажеті жоқ, деп есептейді. Ол да дұрыс та шығар. Мұғалім оның алдында берілген тапсырма немесе жасалған зат бітпей қалса, оны қайта түсіндіріп, ұйымдастыру жасаудың қажеті жоқ. Өткен жұмысты оқушылардың өздері әрі қарай жалғастыра береді. Бұл кезде балалар өздері еркін ұстайды. Тапсырманы орындаудан басқа назар аудармайды. Оны тезірек орындауға ұмтылады. Осы кезде қозғалыс та көп болады. Оған тиым салудың да қажеті шамалы.
Олар бір - бірмен еңбек қүралдарын алмастырады. өзара пікірлеседі. Орындау жолдарын көреді. Сондықтан оқушылар сабақ басталғанда бірден
жұмысқа кірісе алмай сөйлесіп, көршілерінің жүмысына аландап жүруі де мүмкін. Бүл сабақтың ерекшелігі оқушылардың берілген тапсырманы орындаудағы іс - әрекеттерінің сипатына байлнысты.
Еңбек сабағын ұйымдастырғандағы тағы бір ерекшелік, олардың жеке жұмыс орындауы мен ұжымдық жүмыс. Егер үжым болып жүмыс орындаса, ортақ мүдде, ортақ іс. Оны орындау әдісін көп шолып талқылап келісіп алады да, орындауға бірлесіп кіріседі. Ал жеке тапсырмада әрбір оқушының қабілетін дамыту, орындау шеберігін байқау. Бұл кезде оқушылар арасында ұжымдық бірлік емес, жеке істі орындау мақсаты қалыптасады. Жеке жұмыста жеке қабілет дамиды. Мұғалім басқа пәндер сияқты еңбек сабағында мәдениеттілікке, адамгершілік қарым - қатынасқа, жолдастық өзара көмекке тәрбиелеуді де ұмытпауы керек. Еңбек сабағында " Пайдаланған еңбек құралдарының өз орны бар " деген ережені сақтап, оқушылар еңбек құралдарын алу, пайдалану, жинау әдістерін кезекші жауапкершілігі арқылы жүзеге асырады. Оны міндетті түрде орындату, оқушылардың еңбек тәртібін нығайтады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен оған қызықтырудың тағы бір жолы, өмірде, түрмыстық пайдаланып жүрген, әсемделген, өрнектелген заттарды өздеріндей адамның, үлкен ағалары мен әпкелерінің қолдарынан жасалғанын айтып, дәлелдеп оған қызықтыра білуі керек.
Балалар негізгі білімді оқу процесінде жэне еңбек әрекеті үстінде ( мектепте және үйде ) алады. Кітап оқу, радио тыңдау, телехабар көру арқылы күнделікті өмірде болып жатқан үлкендер еңбегінің жақсы жақтарында байқау, еңбек туралы білімдерін тереңдете түседі. Оны өмірдегі іс-әрекетпен, сарамандық дағдармен ұштастыру нәтижесіндегі еңбек озаттарының еңбек нәтижесін көреді. Сондай дәрежеде еңбек істеуге қызығады. Егер әрбір сабақ еңбек озаттарының қызықты іс- тэжірибелері жөнінде түсірілген диафильмдер мен видиофильм, видиокассеталарды көрсетіп отырса, экскурсия жасау, еңбек озаттарымен кездесу ұйымдастыру еңбекке деген қызығушылығының қайнар көзі болып табылады.
Еңбек туралы білімді жетілдіру мен жинақтауда, оны тереңірек меңгеруде, белгілі бір кәсіпке бағыттауда сыныптан тыс тақырыптық оқу, кітап оқушылардың конференцқяларының да маңызы зор.
Балалардың сол оқыған кітаптарындағы білгендерін, көргендерін қабылдап, оған қызығушылығын арттыру үшін, жеке еңбек озаттарының игілікті істерін дәріптеу, мәнерлеп оқыту, олардың сол озаттар еңбегіне еліктету, еңбекке деген жақсы көзқарастарын қалыптастырады.
Еңбек адамдары туралы білімді жинақтаудың қайнар көзі өндіріске , еңбек адамдары жұмыс істейтін шаруашылық орындарында топ серуендеу. Топ серуендеу балалар еңбек адамдарының еңбекті ұйымдастыру жолдарымен жан - жақты танысады. Еңбек нәтижелерін өз көздерімен көреді. Соған қызығады. Мұндай топ серуенді озат мектептердің шеберханаларындағы, өндірістік бригадаларындағы, еңбек тынығу лагеріндегі, сияқты кейбір халыққа пайдалы қызмет істейтін ( байланысты бөлімі, дүкен, дәріхана, мода ателесі, радиобайланыс торабы, электр желісі, телефон - телеграф орындары т . б .) орындарға да жасауға болады.
Егер осындай игі шаралар оларға ұнаса, олар өздерінің шығармашылық, суретшілік, радиохабарлаушы, эр түрлі сурет альбомдарында пайдалана алады.
Тәрбиелік тұрғысынан қарасақ, қазіргі нарықты жағдай мектеп оқушыларына берілетін еңбекке баулуды мектеп қана емес, жеке өндіріс иелері, акционерлік қоғам басшылар, еңбек колекктивтері мен жеке шаруа қожалықтары қолға алса артық болмайды. Өйткені олар оқушыларды жас кезінен сол шаруаға қажетті маман ретінде қалыптастыра алады, үйретеді, өзіне қажетті мамандыққа баулиды.
Балалардың еңбекке тәрбиелеуге мектеп жұмысының табысы болуы көбінесе олардың ата -аналары мен келісу арқылы жүргізілетін жұмыстарға да тікелей байланысты . Қазіргі мектеп ата-аналарсыз жұмыс істей алмайды. Мектеп шеберханасында керекті еңбек-құралдарын да оқушылар өздері әкеледі. Мектепті өздері жөндеиді(ремонттайды). Олай болса оқушылар ата-
анаға да мектепте қажетті пайдалы жасау керек. Соңында,біріншіден,оқушылар сол бұйымдарды үйренсе ,екіншіден өндірілген өнімге құн қойып сатуды ұйымдастырады.
Қазақ бай мәдени мұрасы бар халық. Еңбек болмаса , қоғамдық прогресс те болмас еді. Адам өмірі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан еңбек жолының дамуы үлкен қуанышқа әкелді .Сол еңбектің нәтижесінде өзін-өзі қорғайтын құралдар жасап, оны пайдалану арқылы қоғамға ірі-ірі өзгерістер жасады. Бүгінгі адамзат ие болып отырған игіліктің бәрі ғасырдан- ғасырға ұласып, келе жатқан ұрпақты еңбегінің нәтижесі.
Қазақ ертеден - ақ тым еркінсітпей, ұл болса әкесі, қыз болса шешесі тәрбиелеген. Өнерге, шеберлікке жетелген. Баланың қабілетін, бейімділігін , қызығушылығын анықтау үшін жиын - тойға, ас - мәзірге, өлең - жыр, айтыс кештерінде, тіпті билер билік айтатын алқалы топқа да апарған, баласына өнер қонысын деп тілеген. Атақты әнші - жыршы, ақын - термешілердің сарқытын ішкізген, аузына түкірткен. Дана билер мен шешендердің, күйшілердің батасын алғызған. Басқасын айтпағанның өзіңде, бір Абайдың өзі - ақ көп нәрсені терең ойлануға жетелейді. Абайдың туған анасы - Ұлжан да, адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі - Зере де өз аймағындағы атары аңыз боп кетен ,аса аяулы ,инабатты жандар болғандығын білеміз .Осындай аналардың бауырында өскен зергерлі сәбидің ақыл тэрбиесі де бесік жырынан бастау алып, халқымыздың ұлан-ғайыр фольклорлық әдебиетінің айдынында құлаш ұрған. Абайдың балалық шағында ерекше эсер еткен, сол тұстағы халқымыздың сөз өнерінің асқар шыңы - Даулат жыраудың берген төлімі де аз болмаған. Кейінірек даналыққа жеткен Абай мен Дулат щығармашылығы үнестіктерінде ғажайып үлкен сыр жатыр. Әлемге аты әйгілі Ибн Сина мен Әл- Фарабидей ғұлама ғалымдар бар шығыста мектеп пен тәрбие болмады дегенге ешкімнің де аузы бармайды.
Қазақтар ағаштан үй жасады, жүннен мата тоқыды, терідін былғары иледі,металдан ыдыс -аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз басты ,кілем
тоқыды. Бұл бұйымдары бэрі айырбас үшін тауар үшін де шығарылатын болды.
Біздің тарихи қол өнеріміз расында да оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда мекендеген халықтарда ұзақ уақыт бойы сақталып қазір өркендеп дамып келеді.
Қазіргі шеберлердің ағашшылығы, тоқымашылығы,ою -өрнегі, тігіншілігі ,қол өнері әр түрлі заттардан жасалған әсемдік заттарды күн көріс көзіне айналды. Домбыраның ,қамшының кілемнің,алашаның текеметтің ,түз киіздің неше түрлерін жасап, базарға шығарып пұлдауының өзі нарықтық эканомиканы дамытады.
Осындай өнер адам баласың өзін - өзі танып қана қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбелік, білімділік әдістерді кеңінен қарастыруда. Бүгінгі мақсат - өздерінен бұрынғы өмір сүрген аға буының тәрбие мэселесіндегі жинақталған бай тәжірбиесіне сүйене отырып келер ұрпақты өнер - білімге баулу, өмірге, белгілі бір кәсіпкер бейімдеу, отбасы, ауыл - аймақтың ізгі адамгершілік негізі.
Бала тәрбиесі үшін ата - ананың жауапкершілінін арттыру бүгінгі күнде өте өткір мәселе. өйткені жасөспірімнің білімді, мэдениетті азамат болып өсуі ата - ананың қамқорлығына тікелей байланысты.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық жэне телекоммуникациялық технологияның кенінен қолданылуына байланысты, балалар бір ғана мамандық түрімен шектелмей, бірнеше мамандықтан хабардар болу жолдары қарастырылуда. Соның ішінде басымырағы қазақ халқының ертеден кәсіп еткен ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына, сәндік - қолданбалы өнер элементері негізінде материалдарды көркемдеп-өңдеу, кәсіпкерлік және үй экономикасының элементтері, үй мәдениеті сияқты мәдени мұраларына көңіл аударылуда. Оқылатын сабақ мөлшеріде көбейтілді. Бұл әсіресе ауылдық мектептерге негіз етіп алынды.
Зеттеу мақсатында бесінші сынып оқушыларынан бастап қандай кәсіпке бейімділігі, нарықтық жағдай, үнем жэне үнемділік, жекешелендіру базар
бағасы, сатушы мен сатып алушы сияқты мэселелерді зерттеу үшін Алматы қаласының №167 қазақ орта мектебінің бесінші сыныбының оқушыларына тәжірибе жүргіздік. Бесінші сыныбының аптасына екі сағатан сабақ өткіздік. Сабақты бастамас бүрын кәсіпке бейімдеу жөніндегі тәжірибені әр сыныптағы оқушылардың құрамын, білім дәрежесінде анықтадық. 5 "е" сыныбының 12 оқушысының ата - анасының басым көпшілігі саудамен, біреуі Ішкі істер бөлімінде, 5 "в" сыныбындағы 13 оқушының ата -анасының арнайы мамандығы бар, инженер, құрлысшы, бухгалтер, мұғалім, журналист, суретші, 5 "д" сыныбындағы 12 оқушының ата - анасының көбіне жұмыс істемейді, сауда - саттық, күн көріс әрекеті бар, 5 "ғ" сыныбының оқушылардының тәрбиесінде жүргендер, біразы қызметте істеді.
Осы оқушыларға талдау жасап, болшақта кім болашақта кім болғысы келеді, не нәрсеге икемділігі барлығы жөнінде жазбаша бақылау алғанда әлі де ешбір бағдардың, икемділіктің белгісі байқалады. Бірлі - жарым оқушылар ғана "космонавт", "үшқыш", "милиционер" боламын деген жауап жазды.
Қалған басым көпшілігі "бизнесмен" "саудагер" боламын деп көрсеткен. Ұлттық өнер, ауыл шаруашылығы, егіншілік және мал жөнінде ешкім де дазбады. Оқушылармен алғашқы сабақты қазіргі базар, саудадағы тағам өнімдері, олардың сатылу бағасы дегегн мазмүнда бастадым. Оқушылардың базар бағасының әр түрлі болуынан хабары жоқ. Тек ата — анасының айтқаны бойынша алып — кел, барып — кел міндетін атқарған.
Оқушылар еңбек сабағында " Ағай, біз жүмыс істейікші, ағаш кесейікші?" деген өтініштер жасады. Оқушыға ағаш кесуді тапсырғанда, қалай кеседі, не үшін кеседі, кесу эдістері дегенмен жүмысы болмады. Берілген ағашты ортасынан бөліп тастады.
" Болды ма? - Болды. Не үйрендің? - Ештеме. Неге кестің ? - Білмеймін " деген жауап береді. Осының өзінен - ақ баланың болашақ өмірге белгілі бір табиғи икемділікке бағытталмағандығы байқалып түрды.
Екінші күні " Базардағы бағаның әр түрлі болу себебеі не?" деген тақырыпқа сабақ өттім. Оқушылар әкесі мен шешесі не әкел десе, соны
Осыдан келіп базар және баға жөнінде оқушылардың ойы, сезімі ,түсінігі, әрқилы екенін байқауға болады. Бірақ бәрі де сауда жасап пайда тапқысы келеді. Сөз жоқ, бала өзі қызыққан істі ғана саналы деңгейде үйренуге тырысады. Олай болса, сабақ өткізу әдістерін қайта қарап шығудың өзі де шешімін , күтіп түрған елеулі мәселе екенін түсінуіміз керек.
Қашанда болмасын ұстаз мақсатты —тәрбиеленушіге өзінің , қоғамның,өзінің икемділігіне деген жақсы қасиеттерін дамыта білу.Мүндай жағдайда келешек ұрпақ тәрбиесіне ат салысатын ата-аналар мен ұстаздар ,ағарту саласындағы азаматтар мен халықтың зиялы қауымы бірлесе кіріскенде ғана, балаланың ойы түзеліп кетудің мүмкіндігі бар. Келешек ұрпаққа оның тәрбиесіне қатысты жандардың меиірімділігі мен сергектілігіне көп нәрсе тікелей байланысты. Бала тәрбиесіне пайдаланатын екі түрлі әдісті , олардың кішірек кезінде үйрету (дидактикалық), ал естияр тарттқанда ойлануға ерекше күш -жігерімізді салуымыз керек.
Ғылыми-техникалық прогресс және қоғамды болып жатқан саяси әлеуметтік өзгерістер адам әрекетіне әсер етіп, жоғары білімді мамандарға қойылатын талаптар жүйесін өзгертуде. Қоғамды оқу-ағарту,білім беру салаларындағы ізілендіру мен демократияладыру үрдістері, ең алдымен, жоғары мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарап, бүл бағыттағы қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды , жастардың шығармашылық әлеуетін, эдістері мен нысандарын іздестіруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы "Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастырып дамыту , кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру мен жеке адамның шығармашылық, рухани жэне дене мүмкіндіктерін күшейту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру , жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту міндетін көздейді. Демек жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз ісін заман талабына сай ұйымдастыруа білуі, психалогиялық
әкелген. Базардағы бір түрлі нанның немесе көкөністің бағасының эр түрлі болуының себебіне назар аударма-ғаны байқалады
Үшінші күн "Үнем және үнемдеу, ұқыптылық " деген тақырыпта сабақ өткіздік . Оқушыларға үйде немесе мектепке кетерде жарықты өшірудің , газды жауып қоюдың ,электір қоздырғыштарды мезгіл-мезгіл қосудың себебін ,үйдегі ыстық және суық суды қалай болса солай ағыза бермеудің қажеттілігін айттық. Бірақ оқушыға үнем ,үнемдеу ,ұқыптылық дегендердің не екенін ,не үшін қажеттігін айтпадық. Оқушылар сұрамады. Мен ойландым.Неге оқушылар қызықпайды. Кез-келген тапсырманы мағынасыз, мазмұнсыз қалай болса солай қабылдайды .Сонда бұлардың үй -ішінде , басқа сабақтарда қазіргі коммуналдық төлемдермен базардағы баға ,азық -түліктің қымбаттауы, оның сатылу құнының әр түрлі болуы неге ойлантпайды- деген ой туды.
Расында да балалардың саналы ойлау қабілетін ашу ең маңызды мәселе, шешуші тұтқа болуы керек.Балаларды өзінің жеке басының пайдасы үшін ғана емес , сонымен қатар жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге уйрету, еңбек адамдарын бар-лық ьқыласымен сыйлауға , өзінен улкен адамдардың еңбегімен жасалған заттарға ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру - өсіп келе жатқан ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің маңызды міндеті.
Өзіміздің тарихымызда қазақ халқы базар мен бағаны басқа ұлттар мен ұлыстардан кем білмеген . Өздерінің ата кәсібі мал өсірумен бірге оның өнімдерін айырбас арқылы саудаға салған . Даяр киімге ,эр түрлі әсем бұйымдарға (кілем ,түскиіз, жамылғы т,б) айырбастаған.Осындай ұзақ уақыт жүрген сауда айырбасы бірте -бірте бағаның шығуына экеліп соққан .Егер сен базарға барып бір зат алғың келсе оның бағасы қанша болады.Осындай түсініктен кейін мен оларға мынадай сұраққа жауап жаздырдым. Егер сен ескі әдіспен бір қойға бір етікті айырбастасаң , қазіргі ақша бойынша кім ұтады , кім үтылады.
даярлық , сондай-ақ жеке басының танымдық ізденімпаздығы сияқты қасиеттері болуы тиіс.
Жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер бойынша студенттердің танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру үшін студенттердің өздері белсенді болуы жэне оқытушы тарапынан дұрыс басшылық қажет деп есептейді.
Ғылыми әдебиеттердің мәліметтеріне және өзіміздің тәжірибелерімізге сүйенсек, студент өзінің жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оның қажеттілігін сезінуі жэне оның мазмұны туралы білуі әрі зерттеу тәжірибесі қажет. Бүл қасиеттерінің ерекшелігін білуде психалогиялық —педагогикалық пәндердің ерекше ролі зор . Ол барлық оқу-танымдық үрдісте жүзеге асуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл күнделікті оқу үрдісінде жүзеге асырылмайды. Себебі , оқушы өз пәнінің жетік маманы болмағанымен , психалогиялық- педагогикалық жағына көп мән бермейді. Мұндай жағдайда оқу жэне ғылыми таным үрдісі туралы психалогиялық, жалпы дидактикалық білім негізгі үрдістен бөлініп қалады. В.Вергасов өз зерттеуінде тәжірибелі оқытушылардың ақпараттық-логикалық дәрістерін талдай отырып , олардың 10 пайызы дәрісті 5 бөлік бойынша құрастыратынын анықтаған :мақсаты, талдау, ең негізгісін бөліп көрсету, қорытынды ,жалпылау. Сонымен дәрістерде ізденімпаздықтың қалыптасуына оқушылардың жеткілікті мән бермейтіндігі байқалады. Кейбір талантты оқытушылардың қабілетімен біліктілігі арқасында өз пәнін оқытуда студенттердің танымдық ізденімпаздығы дамытуда ілгерушілік байқауға болады, бірақ бұл жалпы қалыптасқан жағдайда өзгерте алмайды.
Танымдық ізденімпаздықтың даму білгірлігінің тарихи жэне әлеуметтік түп тамыры бар екені , оған диссертациялар мен монографиялар, мақалалар жазылғаны белгілі. Заман ағымығ,уақыт талабы бүл мәселені жаңаша шешуді , оны зерттеудің жаңа баспалдағына көтерілуді талап етеді.
Жалпы болашақ мамандардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру-өзекті мэселелердің бірі. Олай дегеніміз , қоғам мүшелерінің
білімдарлығы , түрлі жағдайларға бағдарлану , алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білу, көбінесе, олардың дайындығына тікелей байланысты болады.
Төмендегі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы керек.
Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы қүрылады :
-мүғалім мақсатты қарастырады , бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді;
-мүғалім алдына қойған мэселелерді,қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
-қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды , яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін үсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көп нұсқалығы туралы айтуымызға болады ;
-жаңа тапсырманы меңгеріп ,қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды ;
-мұғалім орындалған жүмыстарды бағалап , оқушылардың білім деңгейін тексереді, ары қарай бүл цикл жалғаса береді.
Осындай нобайды талдап , біз мынадай қорытындыға келдік:қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу-тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады(дағдылар ,шеберліктер). Ал бүл білім жүйесінің заңды нэтижесі ретінде қажет болған жағдайда алған білімін қолдана алатын жеке тұлға болып табылады.
Алайда , адамзаттың бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр , тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып , олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мүны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмайды, керісінше , ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп , қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс.
Мұндай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп , жақсы баға алу үшін не өз бетінше ,не өзінің сыныптасы мен ,не топта(3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік . Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалды негізгі еске сақтаудан өзге тағы да басқа еске сақтаудың түрлері қосылады- көзбен көру, есту, қайталау, т,т.
Біздің ойымызша , төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек
-мақсатты қоя алу
-мақсатты жүзеге асыра білу
-нәтижені жүзеге асыру
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буынды- орындалатын бөлім ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірибесінде кең таралған , өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсаты қоя біліуге тоқталсақ , онда біз ол мақсаттың тек қана жекеленген , бөлік , бір -бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап , оған баға беріп , нәтижесінің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда , оқушының танымдыққа емес , тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асыруы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне , яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына , сонымен қатар әр оқу пәні - жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ . Яғни , қазіргі заманға оқу үрдісінің мазмұнына деген көз қарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда,пәндік білім беру жүйесінің негізінде диалектикалық қайшылық , яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білш беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретін қозғаушы күш деп қарастырлады.
Түсініктерді қолдану үшін , адам , алдымен, білімінің негізін үйрену керек. Егер түсінігі жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек , нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді . Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, құбылыстардың жалпы қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде қарастырады.
Біздіңше ,төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып , көптеген жаттығулардың ондағанын емес,оларды түсіну арқылы ғана болады. Мотивацияның өсуімен белсенділену барысында логикалық ойлауы дами бастайды, сөздік қоры ұлғайады , ғылыми -публистикалық әдебиетке деген қызығуы пайда болады.
Танымдық қабілетті арттыру үшін мүғалім оқу үрдісінің негізінде төменгі сынып оқушыларының мотивациясының арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеті , белсенділігі жэне тілі де дамып , логикалық ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында бастауыш мектепте орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз .
Соңғы жылдары кәсіптік орда оқу орындарының іс- тәжірибесінде мәселелік оқыту , саралап жэне жекелеп оқыту енгізіледі, оқытудың түрлі техникалақ құралдары гаудиовизуалдық техниканың электронды есептеуіш техниасына алмасып жатыр . Студенттердің өзіндік танымдық іс- эрекеттерін дамытуға жэне кэсіптік тәжірибелік білекті қалыптастырған бағытталған әдісте кең тарала бастады.
¥стаздың мақсаты-осы эдістерді қажінетіне қарай дұрыс пайдалана білу
Достарыңызбен бөлісу: |