Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет80/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95

168 
 
13-16 метрге дейін артып, қарлы борасындар соғады. Ұлытау – Кішітау сілемдері тӛңірегінде 
ауаның температурасы жазық даламен салыстырғанда 2-3 ºС жоғары болып келеді. Ӛйткені 
тау  қырқалары  желге  қалқан  болып  ішкі  бӛліктерге  ӛткізбейді.  Бұл  ӛңірде  қар  жамылғысы 
желтоқсан  айының бірінші  жартысында  тұрақталады.  Оның  қалыңдығы  әртүрлі  –  негізінен 
15-25  см  болып  келеді.  Тоңның  орташа  тереңдігі  (қалыңдығы)  30-40  см,  кейбір  қыс  қатты 
болған жылдары жер 150 см тереңдікке дейін қатады. Ол наурыз айының екінші жартысынан 
бастап  ери  бастайды.  Әдетте  тоңның  қалыңдығы  күзгі  жауын-шашынның  мӛлшеріне 
байланысты болады [5,17б.].  
Кӛктемгі ауа райы Ұлытау жерінде ӛте құбылмалы. Кӛктем бұл ӛңірде тез ӛтеді. Кӛктем 
айларында  үсік  әрбір  10-15  күн  сайын  қайталанып  тұрады,  оның  ең  кейінгісі  мамырдың 
соңғы  аптасында  соғуы  ықтимал.  Бұл  аймаққа  жылдық  ылғал  мӛлшерінің  40  пайызы  осы 
кӛктем айларында түседі. Жаз келісімен ауа температурасы шұғыл кӛтеріліп, жердің беті тез 
қызады. Бұл кезеңде ылғалдың кӛпшілік мӛлшері маусым айының үлесіне келеді. Бірақ күн 
қызуы күшті болғандықтан, ылғал жерге сіңіп үлгермей, буланып кетеді.  
Ауаның  құрғақшылығы  аңызақ  желдер  соққан  уақытта  тіпті  күшейеді.  Секундына 
жылдамдығы 15 м, кейде одан да кӛп жел бұл аймақта жазда жиі соғады. Жерден шаң-тозаң 
кӛтеріліп, дауыл тұрады. Мұндай құбылыстар әсіресе Қарсақпай мен Жезқазған айналасында 
үнемі  қайталанып  отырады.  Аңзақ  желдер  мен  солардың  әсерінен  туындайтын  қуаңшылық 
зардабы  жаз  айларында  жазық  далаларға,  олардың  ӛсімдіктер  әлеміне  зардабын  молырақ 
тигізеді. Дала сарғайып, ӛсімдіктер қурап, табиғат шӛлдік рең алады. 
 
Кесте -1. Ҧлытау ӛңіріндегі жыл мезгілдерінің ауысу ерекшеліктері 
 
Кӛктем 
Жаз 
Кҥз 
Қыс 
басталуы  ұзақтығы  басталуы  ұзақтығы  басталуы  ұзақтығы  басталуы  ұзақтығы 
5 сәуір 
45 күн 
20 
мамыр 
117 күн 
15 
қыркүйек 
45 күн 
1 қараша  155 күн 
 
Күз  айларын  да  жылдам  ӛте  шығуын  Ұлытау  ӛңірі  табиғатының  ерекшелігіне 
жатқызуға  болады.  Бұл  кезде  түн  салқын  болса  да,  күндіз  жылы.  Қыркүйектің  екінші 
онкүндігінен  күзгі  үсіктер  басталады.  Қазан  айында  циклондар  соғып,  аспанды  әлсін-әлсін 
бұлт  басып,  жауын-шашын  жиі  жауады  да,  қарашаның  басында  жаңбырдың  арты  қарға 
айналады.  Ұлытау  ӛңіріндегі  жыл  мезгілдерінің  ауысу  ерекшеліктерін  жоғарыдағы  1  - 
кестеден  байқауға  болады.  Су  қорлары.  Құрлықтың  ортасында,  Еуразия  кіндігінде 
орналасқандықтан  Ұлытау  ауданының  ішкі  суы  тұйық  алабта  жатыр.  Тек  Терісаққан  ӛзені 
ғана  Солтүстік  Мұзды  мұхитқа  құятын  ӛзендердің  саласы  болып  табылады.  Сулары  жазда 
тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын ӛзендер кӛп. Алпыс тӛрт сала Торғай 
мен  отыз  тӛрт  сала  Кеңгір  ӛңір  халқының  суға  деген  қажетін  ӛтеп  отыр.  Сондай-ақ  аудан 
аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы кӛлдер де аз емес. 
Ұлытау  жерінің  ӛзендері  қар,  жер  асты  суларымен  және  атмосфералық  жауын-
шашынмен  қоректенеді.  Ӛзен  арналары  негізінен  қар  еріген  кезде  толығып  тасиды.  Су 
тасқыны  сәуірдің  екінші,  мамырдың  бірінші  жартылары  арасында  болып  ӛтеді.  Осы  кезде 
ӛзендердің жылдық су  қорының 80-90 пайызы ағады. Ӛлкедегі  ең үлкен ӛзен  – Қаракеңгір. 
Оның  ұзындығы  –  350  км,  алқабының  ауданы  –  16700  км,  орташа  жылдық  ағын  мӛлшері 
секундына  2,1  текше  метрге  жетеді.  Терісаққан  ӛзені  Желдіадыр  тауынан  бастау  алып,  әрі 
қарай  кӛршілес  Ақмола,  Қостанай  облыстары  аумағымен  ағады.  Ұлытау  жерінде  жағалары 
тік,  тау  шатқалдарының  арасы  болып  келеді  де,  әрі  қарай  Теңіз-Қорғалжын  ойпатынан 
ӛткеннен соң, аңғары кеңейе бастайды [8,92б.].  
Ұлытаудың  оңтүстік-батысынан  басталатын  үлкенді-кішілі  ӛзендердің  барлығы  Арала 
алабына  жатады.  Тау  шатқалдарынан  басталатын  осы  ӛзендерді  тау  жоталары  бірненше 
тұйық  алабтарға  бӛліп  тастайды.  Торғай  ӛзенінің  ең  басты  салалары:  Сарыторғай, 
Қараторғай,  Жалдама  Торғай,  Сабасалды  Торғай,  Қарынсалды  Торғай,  Ашудасты  Торғай, 


169 
 
Ақтасты Торғай және т.б. Қарсақпай қыратының әр жерінен басталатын ӛзендер: Байқоңыр 
(Бұланты), Білеуті, Қалмаққырылған, Қияқты, Қимықы, Жимықы және т.б., біразы тасығанда 
Шұбар-Теңіз кӛліне құяды. Ұлытау жерімен  Сарысу секілді  үлкен ӛзеннің орта ағысы ғана 
ӛтеді. Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді ӛзендері  
Жезқазған  қаласының  маңында  қосылып,  Сарысуға  сала  болып  құяды.  Оның  ағысына 
елеулі екпін береді. Ұлытау ауданының ӛзендері табиғатқа айрықша оң әсер етеді. Шӛл және 
шӛлейт  даланы  жарып  ӛтетін  ӛзен  аңғарларында  табиғи  кӛкорайлар  (оазистар)  кӛптеп 
кездеседі.  Тал,  терек,  қайың,  шіліктен  тұратын  шоқ-шоқ  шағын  тоғайлар,  қамыс,  қоға, 
шӛптесінді ӛсімдіктердің кӛптеген түрлері ӛсіп, жердің кӛркін кіргізеді. Мұндай алқабтарда 
жан-жануарлар  әлемі  де  айтарлықтай  бай.  Ӛзендер  Ұлытау  ӛңірінде  қандай  кӛп  болса, 
кӛлдер  саны  жағынан  да  Ұлытау  басқа  аудандардан  кемшін  түспейді.  Орталық 
Қазақстандағы ең үлкен кӛл Балқаштан кейінгі ауданы 50 шаршы км-ден асатын Қарақойын 
мен Шұбар-Теңіз кӛлдері осы Ұлытау ауданында. Аудан жерінде бұлардан да басқа Ащыкӛл, 
Барақкӛл,  Дәнсары,  Обалы,  Қоскӛл,  Бозбайтал,  Бұршақтыкӛл  және  т.б.  ондаған  кӛлдер  бар 
[6]. 
Кӛлдердің барлығы тұйық, сондықтан олардағы су деңгейі жыл маусымына сәйкес тез 
ӛзгеріп  отырады.  Кӛлдер  шаруашылық  маңызға  ие.  Кӛпшілігіне  олардың  жағалаулары 
шабындық  болып  келеді.  Балық  пен  су  құндызын  (ондатра)  ӛсіруге,  оларды  аулауға 
мүмкіндік береді. Ұлытау шатқалдарында таудың таңғажайып табиғатын танытатын кішкене 
кӛлдер бар. Олар таудың сымбатына сымбат, кӛркіне кӛрік қосады. Сералы қыстағы тұсынан 
басталатын сүрлеу жол апаратын кӛлді халық ежелден Шайтанкӛл деп атайды.  
Аудан  аумағында  жер  асты  суларының  да  мол  қоры  бар.  Олар  –  тұщы  судың  сенімді 
кӛзі. Ӛңірдегі жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Ұлытау ӛңірінде бірнеше үлкен-
үлкен  артезиан  алабтары  (жерасты  сулары)  бар.  Сарысу-Бетпақдала  (қоры  206  млрд  текше 
метр),  Мыңбұлақ  (180  млрд  текше  метр)  және  Ұлытау  (30  млрд  текше  метр)  әлсіз 
минералданған таза судың теңдессіз кӛздері болып табылады. Тек әзірге оларды пайдалану 
деңгейі ӛте тӛмен [14,209б.].  
Ӛңірдегі  су  қоймалары  кӛктемгі  қар  суын  жинап,  оны  шаруашылық  қажетке  тұрақты 
түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың ең ірісі  – Кеңгір су қоймасы (суының кӛлемі 
319  млн  текше  метр).  Сонымен  бірге  Жезді  (60  млн  текше  метр),  Қумола  (4,5  млн  текше 
метр)  және  Қарсақпай  (1,2  млн  текше  метр)  су  қоймаларының  аумақтағы  шаруашылықтар 
үшін маңызы зор. 
Ӛсімдіктер мен жануарлары. Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 
ӛсімдіктің  түрі  есепке  алынған.  Оның  92  пайызы  шӛптесінді,  7  пайызы  бұталы,  қалған  1 
пайызы  ағаштар  болып  келеді.  Бетпақдалада  306  түрлі  ӛсімдік  ӛседі.  Ұлытаудың  байтақ 
даласында жазық пен шӛл ӛсімдіктерінің араласуынан шӛлейтке бейімделген ӛсімдік түрлері 
кӛбірек  таралған.  Далалықтарда  ӛсімдік  жамылғысы  сирек,  маусымдық  ӛзгерістер  анық 
байқалады. Ерте кӛктемде, топырақта ылғал мол, жауын-шашынды кезде ӛсімдіктер барлық 
жерлерде қаулап ӛседі де, жаз шыға жылдам қурайды. Күзде салқын түсіп, жаңбыр кӛбейген 
кезде кӛптеген ӛсімдіктер қайта кӛгереді.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Чупахин. Физическая география Казахстана. Алматы: - Мектеп, 1998. - 255с. 
2. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М. Джаналиевой – Алматы: 
- Қазақ университеті, 1998. – 341с. 
3. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002. 325 
б. 
4. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы. – Алматы: Рауан, 2004. - 
462 б. 
5. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. М:  - Высшая школа, 
1996. – 522с. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау