Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет46/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95

96 
 
тәжірибесінде  білім  кӛлемін  жинақтай  отырып,  оқу  материалын  жеңілдетуді,  сондай-ақ 
құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр.  
Бүгінгі  таңдағы  еліміздің  білім  ұйымдарының  басты  міндеті  -  баланың  денсаулығына 
жағымды  ықпал  етуді  кӛздейтін  білім  беру  ортасын  құру.  Біз  ӛмір  сүріп  отырған  уақыт 
алдыңғы  толқынның  заманына  мүлдем  ұқсамайды.  Бала  болашағы  оның  жаңа 
тұжырымдарды  түсінуі  мен  қабылдай  білуіне,  дұрыс  таңдау  жасауына,  бүкіл  ӛмір  бойына 
ӛзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты 
мұндай  тұлғаға  қойылатын  бірінші  кезектегі  нақты  талап:  ойлылық,  салмақтылық, 
белсенділік,  әлеуметтік  жауапкершілік,  терең  білімділік,  кәсіби  сауаттылық  т.б.  Бұл 
оқушының  бойында  қалыптасатын  түпкілікті  мақсат,  міндеттерін  айқындауға  тікелей 
мұрындық  болады.  Оқу  іс-әрекеті  бүкіл  болмыстың  қозғалыстың,  дамудың  бір  сӛзбен 
айтқанда тіршіліктің кӛзі. 
Оқу  іс-әрекетінің  бірінші  сатысында  шығармашылық  кӛңіл-күйдің  тууы  жатады  яғни 
мұндағы кӛрінетін қабілет қасиеттер мынадай жаңаны, ӛзгеше тың дүниені сезе білу; қарама-
қайшылықтарды  түсіне  білу,  сезімталдық  ой  талдауға  бейімділік,  жан  дүниесінде  ішкі 
тартысты  оята  білушілік,  танымдық  қызығушылығын  тудыру;  Екінші  сатыда  оқиға,  образ 
жасаудың бағыт бағдар ұстанар кезеңі анықталады. Мұнда интуиция, шығармашылық қиял 
әдемілікті  сезіне  білу,  ой  ұшқырлығы    қайшылықты  түсіну,  ой  қызметінің  ерекшелігі, 
батылдық,  шығармашылыққа  деген  ішкі  құштарлықты  тудыру.  Үшінші  сатыда  (сын 
дәлелдеме  сатысы)  ӛзіндік  сын,  бастаған  ісін  аяғына  дейін  жеткізу,  дәлелдемелер  ұсынып 
білу, оның формаларын табу, тың қасиеттерді ӛз бойына қалыптастырады. 
Оқу  іс-әрекетінде  еңбек  етуге  бейім  тұлға  жас  ерекшелігіне  қарамастан  ӛзгелерден 
даралығымен ерекшеленеді. Баланы балабақша кезінен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей 
жүйелі  сатылы  түрде    шығармашылыққа  баулып,  қиял  фантазиясын,  ақыл-ойын,  жаңалық 
ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттерді  дамытып  отыру  қажет.  Бастауыш  сынып  (6-9  жас 
кезеңі) – ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең, алғырлығы, шапшаңдығы, 
сезімталдығы басым кезең. Тӛменгі сынып оқушылары  шығармашылықпен еңбек етуге ӛте 
бейімділік  кӛрсеткенімен,  оны  тек  ойын  ретінде  қабылдайды.  Олар  бастаған  ісін  аяғына 
дейін жеткізуге шыдамсыз болып келеді. Ақыл-ой қабілетін тек ӛзін қызықтырған іске ғана 
бағыттайды, ал ӛзін қызықтырмаған іске қалыпты білік, дағдылармен шектеледі. 
Сыныпта,  ұжымда  ӛзара  қарым-қатынас,  оң  ахуал  орнату,  енжар,  салғырт  балаларды 
белсендіріп,  шығармашылыққа  араластырады.  Жалпы,  мамандардың  пікіріне  қарағанда, 
шығармашылықты тежейтін үш кедергі бар: біреуі  –  «сәтсіздікке ұшырайтын қолымнан еш 
нәрсе келмейді», деген үрей қорқыныш сезімі болса, екіншісі - ӛзіне ӛзі риза болмаушылық 
сезімі  (не  жазса  да  ӛзіне  ұнатпайды).  Ал  үшіншісі  –  жалқаулық.  Шығармашылық  іске  ден 
қойып,  басын  бастау  бала  үшін  қиын  іс.  Бұл  әрине,  жалқаулық  не  қызықпаушылық  емес, 
ӛнер  адамына  тән  мінездердің  бірі.  Сондықтан  да  жазушылыққа    бейім  оқушының  жазуды 
қолға алуына, тастап кетпеуіне қолайлы жағдайлар туғызу – ең бастысы. 
Оқу  іс-әрекетінің  оқушыға  шын  ләззәт  қуаныш  сезімін  әкелуі  тиіс.  Бұл  жаңаны  жасау 
қуанышы,  ӛзі  жасаған  тың  дүниедан  алған  жан  ләззәті.  Ой  шапшаңдығына  еліктеп, 
шығармашылық    үрдіс  жанданып,  ұшқыр  шешім  табуға  жетелейді.  Соның  бір  формасы 
ретінде  дайын  ұйқас  ұсыну  арқылы  ӛлең  жолдарын  құрғызуға  болады.  Мысалы:  «Ана» 
тақырыбын ӛткенде шығармашылық  еңбекке ойын элементтерін қосу  – оқушының ой қиял 
ұшқырлығын кӛрсетеді.  
Эстетикалық  тәрбие  алған  оқушының  оқу  іс-әрекетінде  тәжірибесін  игеру  процесінде 
ақыл-ойы  толысады,  дамиды.  Оны  баланың  ӛзінің  танымдық  іс-әрекетінен  туындаған 
мәселеге орай ұйымдастыра алу қабілетінен кӛреміз.  
Оқушының  танымдық  шығармашылық  іс-әрекетінің  табысты  ӛтуі  мұғалімге  оның 
ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Алғашқы педагог – ұстаз Ы. Алтынсарин 
мұғалім  туралы:  «Мұғалім  балалармен  істес  болады:  егер  олар  нәрсені  түсінбесе,  онда 
мұғалім  шәкірттерді  кінәламай,  оларға  дұрыс  түсіндіре  алмағаны  үшін  ӛзін-ӛзі  кінәлауы 
керек.  Мұғалім  балалармен  сӛйлескен  кезде,  ашуланбай,  күйгелектенбей,  сабырлылықпен 


97 
 
сӛйлеп, шұбалаңқы сӛздер мен керексіз терминдерді  қолданбастан, әрбір  затты ықыласпен, 
қарапайым  тілмен  түсіндіруі  керек»  -  деп  ұстаздың  бала  алдында  биіктен  кӛрінетін  тұлға 
болу  керектігін  ескертеді.  Ұлт  ұстазының  бұл  пікірінің  оқушыны  әдеби  шығармашылыққа 
баулу  үрдісіндегі  бастауыш  сынып  мұғаліміне  тікелей  қатысы  бар.  Оқыту  үрдісінде  әрбір 
пәнге  байланысты  іс-әрекет  те  әр  түрлі  болады.  Мысалы,  әдебиеттік  оқуда  сӛз 
шығармашылығында  балалар  әр  түрлі  теңеулерді  ұйқастарды  әңгіме  желістерін  табуға 
тырысады. Жапсыру, илеу, құрастыру, сурет салу әрекеттерінде  форма, композиция түстерді 
іздейді.  Ән  салуда  балалар  толғанысын  жеткізетін  әуен  интоннациясын,  қарапайым 
қайырымдарды  іздейді.  Ойындарда  кейіпкерлерге  тән  қимылдарды  іздеп  табады.  Мәнерлік 
құралдарды  жете  меңгеру  балалардың  ӛздерін  шығармашылықта  кӛрсете  білудің  алғы 
шарты. 
Кӛркемдік  шығармашылықты  қалыптастыру  жолдарының  ӛзіндік  ерекшелігі  бар. 
Маңызды  педагогикалық  жағдай  балалардың  қоршаған  ӛмірді  бақылаушы  ұйымдастыру, 
іздегенді  таба  білу.  Бейнелі  ӛмір  дүниесін кӛріп,  тыңдай  алу  амалдарын  дамыту.  Сӛз  ӛнері 
бұл  ретте  ерекше  рӛл  атқарады.  Кӛркем  туындыларының    мәнерлі  бейнелік  құралдарының 
кешенімен тұтас қабылданатыны баршамызға мәлім. Мұнымен қоса кӛптеген шығармаларда 
автордың ойын жеткізетін мәнерлік құралдар ашық кӛрініп тұрады. 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуде.  Қазір 
педагогикалық  қауымдастықтың  алдында  білім  берудің  жаңа  моделін  құрудың,  сынақтан 
ӛткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан 
Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» кӛрсетілген. 
Сонымен,  бастауыш  сыныптарда  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  қалыптастыруда  оқытудың 
педагогикалық технологиясын пайдаланудың тиімділігіне кӛз жеткізілді. Атап айтсақ:  
Оқушы ӛздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;  
Оқушының жеке қабілеті айқындалады; 
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін арттырады; 
Оқушыларды деңгейіне қабілетіне айқындауға болады. 
Даму  мониторинг  құрылады,  ол  арқылы  оқушылардың  дамуын  қадағалауға  мүмкіндік 
туады. Сынып оқушылары сабаққа толық қатысып, бағаланады. 
Негізінде бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыратын 
тапсырмаларды 
іріктеп 
және 
жүйелеп, 
жаңа 
педагогикалық 
технологияларды  оқу-тәрбие  үрдісінде    пайдаланудың  тиімді  жолдары  арқылы    оқу  іс-
әрекетінде оң нәтижеге жетуге болады. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2014  жылғы  17 
қаңтардағы  «Қазақстан  жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауы. 
2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  /  Электрондық  құжат: 
www.edu.gov
.  kz/fileadmin/user_  upload 
/npa/2011-2020_zhzh 
3.  Әбілқасымова А.Е.  12 жылдық  білім беру методологиясы, – Алматы, 2004.  
4.  Әмірова  Ә.С.    12  жылдық  білім  беруде  бастауыш  сынып  оқушыларының 
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру, - Алматы, 2011. 254 б. 
                                               
Аннотация 
Берілген  мақалада  оқушылардың  орыс  тілі  сабағында  коммуникативтік  құзырлығын 
қалыптастыру  проблемалары  қарастырылған.  Потенциалды  шығармашылық  мүмкіншіліктерді 
дамыту,  ойлау  қабілетін,  ӛз  бетінше  білім  алу  дағдыларының  қажеттілігі  анықталып,  негізделген. 
Сонымен  қатар  автор  орыс  тілі  сабақтарында  оқушылардың  ауызша  сӛйлеуін  дамытуда  мақсатқа 
жету үшін коммуникативтік технологиялардың рӛлін кӛрсеткен.  
 
 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау