Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет54/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95

112 
 
Міне,  бұл  адамзаттың  даму  тарихынан  келе  жатқан  тәрбие  үғымы,  олай  болса,  ол 
тәжірибесімен, ӛмірімен, шежіресімен байланысты атадан балаға тарап келе жатқан процесс. 
Педагогтардың  айтуынша  әр  түрлі  іс-әрекеттер  бар:  танымдық,  еңбек,  ӛнер, 
қоғамдық, спорттық, соның ішінде ойын әрекеті мектеп ӛмірінде маңызды орын алады. 
Бүгінгі  таңдағы  мектептерде,  ғалымдар  балалардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып 
ойын  процесінде  адагершілікке  тәрбиелеу  мәселесін  міндет  етіп  қойып  отыр.  Біздер 
осы  мәселелердің  "ойын",  "ойыншық",  ойыншық  түрлері  түсініктерінің  керектігін 
айтуды  жӛн  кӛрдік,  сондықтан  да  жаңа  мәселенің  теориялық  мәнін  анықтау  қажеттігі 
туындап отыр. 
Біріншіден,  ойын  әрекеті  шығармашылықпен  байланысты,  екіншіден  жеке  тұлғанаң 
шығармашылық қабілетін жан-жақты дамытады. Бұл қасиеттер әр адамда әртүрлі, жеке 
тұлғаның  психикалық  қалыптасуы  белгілі  бір  қоғамдық  тәрбиенің  әсерінен  болады.  Әр 
баланың  психологиясы,  физиологиялық  тұрғыдан  даму,  жеке  басының  ерекшеліктерін 
ескеріп, ойын процесінде тәрбиелеу, білім беру жұмыстарын соған сәйкес ұйымдастыра 
білу бағдарламасын жасау. 
Жеке  бастың  дамуы  үшін  қажетті  жағдай  —  ұжымдағы  ойын  үшін  жасалатын  еңбек. 
Мысалы,  біздің  қоғамымызда  әр  адамның  жеке  қабілеті  дамуына  толық  жағдай  жасалған. 
Аудандардың  ӛндірістік  қатынасында  түбірлік  ӛзгеріс  болып  отырған  тәуелсіз  мемлекетте 
адамның  жеке  басының  жаңа  психологиялық  жеке  ерекшеліктері  қалыптасып  отыр.  Олар 
мысалға қандай дейтін болсақ? 
Ойын  әрекетіне  деген  кӛзқарас,  қоғамдық  белсенділік, 
ӛзара  кӛмек, 
шығармашылық ойлау т.б. 
"Адам адамға дос және жолдас " деген сӛздер арқылы балаларды ойын процесінде 
адамгершілікке  тәрбиелейміз.  Балалар  арасында  ерте  басталған  қарым-қатынас  барған 
сайын біртіндеп күрделене түседі. 
6-7  жаста  балалар  кӛбіне  бірігіп,  шағын  топ  болып  қосылып  ойнайды.  Егер  тәрбие 
жұмысы  дұрыс  ұйымдастырылса,  олар  бір-бірімен  жақындасып,  достасып  кетеді.  Бастауыш 
сыныпта бірігіп ойнау,  еңбек ету, сабақ, серуен кезінде мұғалім жеке балалардың ғана емес, 
сонымен қатар тату балалар ұжымын тәрбиелейді. 
8-9  жастағы  бала  кӛпшілік  ойындарға  қатысады.  Мұнда  бірлесіп  ойнаудың  жеңілге 
түсінетінін  ұға  бастайды.  Мысалға  "Бағдаршам"  ойын  арқылы  ұжым  болып  ойнайды,  кино 
кӛріп болған соң "бәрі бірлесіп " - деп мұғалім ұжым күшін баса айту керек. 
10-11  жасар  балада  жауапкершілік  сезімі  басым,  жолдастарына  қолайсыз  нәрсе 
жасаудың  ұят  екенін  бала  түсінеді.  Мысалға  "Басқа  баладан  ойыншықты  тартып  алуға 
болмайды", "ойыншықпен бірлесіп ойнау керек", - деген сияқты ӛзіне-ӛзі талап қояды. Бұл 
жаста  балалар  арасында  достық  қарым-қатынас  анағұрлым  нығаяды.  Досына  қамқорлық 
жасайды. 
12-13 жаста ұжымдық сезімі бұдан былай да дами түседі, әсіресе ойында бір-біріне ӛзара 
кӛмектеседі,  келіспей  қалушылық  болса,  бірігіп  шешеді,  сондай-ақ  балалар  арасындағы 
достық  анағүрлым  нығаяды,  ондай  достық  кейде  мінез  ерекшеліктеріне  сәйкес  келмесе  де 
бола береді.  
Ойын  барысында  балалардың  айналадағы  дүние  жайында  мағлұматтары  кеңейіп 
(таным  белсенділігі  артып)  алған  білім-машықтарының  негізінде  бір  сюжетке  орай  басты 
кейіпкерлерге  еліктеу  (шығармашылық  белсенділік)  ойын  ойнауға  ӛзіне  серік  тауып  алуы, 
онымен  шынайы  қарым-қатынас  орната  отырып,  таңдап  алған  рӛлдеріне  деген 
жауапкершілігі арта түседі. Соныменен, ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір  күнде 
қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, ӛмір баспалдақтарын да 
шыңдалып, біртіндеп  қалыптасатын қасиет. 
Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы 
кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин ӛмірге компьютерлік техниканың келуімен және 
білім  беру  саласында  жаңа  компьютерлік  технологияның  енуімен  сипатталады.  Ғылымда 
дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт ӛмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық 


113 
 
бағыттың  пайда  болуы  және  оның  педагогикада  тереңірек  зерттеле  басталуы  кездейсоқтық 
емес.  Себебі  педагогика  ғылымы  ежелден-ақ  білім  беру,  тәрбиелеу,  оқыту  саласындағы  ең 
тиімді  әдіс-тәсілдірді  табуға,  оны  ӛмірде  пайдалануға,  жоғары  нәтиже  алуға  талпынады, 
оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады. 
«Технология»  ұғымының  мағынасы  не?  Технологияға  негізделген  оқытудың  мақсаты 
неде?  Педагогикалық  технологияның  құрылымы  қандай?  Педагогикалық  технологияның 
оқу-тәрбие  үдерісіне  қалай  ендіруге  болады?  Оның  нәтижесі  қандай  болмақ?  Міне,  осы 
сұрақтарға жауап іздеп кӛрелік. 
«Технология» сӛзі грек тілінен енген және 2 сӛз тіркесінен құралған:  

 «techne» - ӛнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе; 

 «logos»  -  ғылым,  ілім  дегенді  білдіреді  және  «ӛнер  туралы  ілім»  немесе  «шеберлік 
туралы ілім».  
Ал  осы  технология  ұғымына  оның  қолдану  саласын  қоссақ,  онда  нақты  технологияны 
қарастыруға  болады.  Мысалы,  «педагогикалық  технология  педагогикалық  ӛнер  жайлы  ілім 
немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім» дегенді білдіреді.  
«Технология»  ұғымына  әр  түрлі  анықтамалар  беріледі.  Ойын  технологиясы  –  жеке 
тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытуына  толық  мүмкіндік  беретін  біртұтас  педагогикалық  үдерістің 
барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарын ойын барысында  қолдану реті 
мен жиынтығының жүйесі, жобасы [8.14б].  
Ойын  технологиясы  -  оқушы  іс-әрекетін  белсендіруге  негізделген  педагогикалық 
технология.  Сабақ  үстінде  мұғалім  мен  балалар  арасындагы  қалыптасатын  қарым-
қатынастар стилінің орасан зор тәрбиелік маңызы бар. Бұл жастағы оқушылар педагог пен 
ӛздерінің  арасындағы  қарым-қатынастарына  талдау  жүргізіп,  оларды  ӛздерінше  бағалай 
алады.  Педагогтың  балалармен  қарым-қатынас  жасау  стилі  сабақтың  қолайлы  немесе 
қолайсыз  ӛтуінемикроклимат  туғызады,  шәкірттің  оқу  қызметінің  дұрыс  ӛтуіне  әсер 
етеді,  оқушының  кӛңіл-күйін  жиі  анықтайды,  оның  қуануына,  ӛкінуіне,  қорқыныш 
күйіне түсінуге тура келеді.  Сабақ үстінде балалар  мен  мұғалім  арасындағы қарым -
қатынастар  ең  жоғары  адамгершілік  қарым-қатынастар  типі  бойынша  құрылуының,  бұл 
қарым-қатынастардың балалар арасында да үстем болуының маңыздылығы да міне, осында. 
Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-ықыласын арттырады. Ойын 
арқылы  ұйымдастырылатын  сабақ  балаларға  жеңіл  әрі  тартымды,  түсінікті  болады. 
Оқытудың  түпкі  мақсаты  -  оның  сапалы  болуы,  яғни  сабақтың  түрлері  мен  әдістерін, 
мазмұнын  жетілдіруге    оның  әдіскерлік  танымдық,  білімдік,  тәрбиелік  жағынан  сапалық 
жаңа  деңгейге  кӛтеру.  Оқытудың  тәрбиелік  қызметі  мен  практикалық  бағытын  күшейту  де 
осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрін пайдалану – сабақтың әдістерін жетілдіру 
жолындағы  ізденістердің  маңызды  бір  буыны.  Ойын  түрін  оқу  үдерісінде  пысықтау,  жаңа 
сабақты  қорытындылау  кезеңінде,  қайталау  сабақтарында  пайдалану  тиімді.  Ойын  түрі 
сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  неғұрлым  сәйкес  алынса  оның  танымдық,  тәрбиелік 
маңызы  да  арта  түседі.  Оны  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын 
күшейтеді,  оқушылардың  сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығын  арттырады.  Дидактикалық 
ойындар барлық сыныптарда қолданылады. 
Бұл  жүйені  бастауыш  мектепте  оқыту  процесінде  басшылыққа  алуда  мұғалімге 
әдістемелік  талаптар  қойылады.  Мұғалімге  қойылатын  бірінші  талап-ойынның  нақты 
мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары тӛмендегідей: 
-  Бастауыш  сынып  оқушыларына  әрбір  пән  бойынша  меңгеруге  тиісті  білім  мӛлшерін 
саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру; 
- бала қабілетінің қырларын жан-жанқты дамыту; 
- ой-ӛрісін, дүниетанымын кеңейту; 
-  еңбек,  дене  тәрбиесін  жетілдіру,  оның  ӛмірге  кӛзқарасын,  адамгершілік  қасиеттерін 
қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру; 
- есте сақтау қабілетін дамыту. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау