Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бекхожина Назгул Абдраситовна
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз. Ғалым. Қайраткер.
Сабақтың мақсаты: Өлкеміздің біртуар азаматы, қоғам қайраткері –Өмірзақ Озғанбайұлының өмір жолымен,
шығармашылығымен таныстыру, тұлғалық қасиеттерін ашып, өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Ө.Озғанбайұлының кітаптары, слайд, бейнежазбалар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Өзінің бітім-болмысымен, азаматтық келбетімен, терең білім, көркем тіл, сұңғыла ойымен бүгінгі қазақ даласына кең
танылған тұлға Өмірзақ Озғанбайұлының шығармашылық жолы танытып, үлгі етуге арналған «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер.»
атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Пайымы келбетіне жарасатын,
Көтерген азаматсың Алаш атын.
Толқындап тебіреніп сөйлегенде
Тәнті етті ақыл менен парасатың.
Жат пиғыл, бөгде сөзге қарамайсың,
Күйбең мен күйкіліктіқаламайсың.
Әділдік, адалдықты қорғар кезде
Қақ жарған қара тасты қарағайсың.
Сөйлейді өзің жайлы өлең бүгін,
Сөйлетпей қоймас сенің кемелдігің.
Өзіңе жұртты тартып тұрады ғой
Кеңдігің, Биіктігің, Тереңдігің, - деп Темірхан Медетбек ақынның тебіренуі тегіннен-тегін емес.
Назарымызды экранға аударайық ! (Ө.Озғанбай туралы бейнебаян көрсетіледі).
Мұғалім:
«Өзін елінің бөлінбес бөлшегі санайтын азамат бақты да, сорды да елімен бірге көруге пейіл болады, ... елінің бейнетін
жеңілдетуге күш салады. Сол жолда қажыр-қайратын аямайды. Сондай өрелі сана иесі ғана азамат атануға әбден лайық.
Мен осындай санаттан табылатындар қатарына өзімнің қанаттас інім Өмірзақ Озғанбайұлын қосар едім...» - деп Әбіш
Кекілбаев ағамыз баға берген болатын. Олай болса, ағамыздың өмір жолымен танысып өтейік.
оқушы
Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ 1941 жылы Маңғыстау облысының Құрық кентінде туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымының кандидаты, тарих ғылымының докторы, академик. 35-тей кітаптың және 200-ден артық ғылыми
мақалалардың авторы. Қазақстан Республикасының ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның тұңғыш
сенаторы, қос палаталы Парламент Сенаты комитетінің төрағасы, Қазақ Білім академиясының президенті, белгілі қоғам
қайраткері. Ел алдындағы еңбегі «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ҚР білім
саласының құрметті қайраткері, Түрікменстан, Қазақстан, КСРО халық ағарту саласының үздік қызметкері, АҚШ-тың және
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, Қарақия ауданының құрметті азаматы.
Озғанбай ағадан қалған тұяқ – Өмірзақ бір адамға жетерлік қиындықты көтере жүріп ержеткен. Түрікмен жерінде
мектеп жанындағы интернаттан тәлім алған ол ел басына түскен соғыс қасіретін көзімен көріп, соғыстан оралмаған әке
жүгін көтерген ананың тәрбиесінде есейіп, базарлы балалық дәуренді соғыс ұрлаған, ашқұрсақ күйде бастан кешірген ұрпақ
өкілдерінің бірі.
Сол 1940-50 жылдардағы қытымыр әлеуеттік жағдай осы тұрғылас ұрпақтың ерте есеюіне, жан-жағына абай, сергек
болып қалыптасуына әсер етті.
Қалай ержетіп, азамат болса да Өмірзақтың көңілінде бір түйткіл кетпей-ақ қойды. Әке қай жерде, қай далада
мәңгілікке көз жұмды, қай жердің топырағы бұйырды?! – деген сұрақтар көңілінде ұялап шықпады, жүрсе де, тұрса да бір
бүйірден соқты да тұрды. Ең болмағанда бір окопта бірге жатқан, қанды жорықта бірге жортқан бір адам кездеспегені, отты
да, ойранды жылдардың кімдерді қай жердің қойнына тапсырғанын білетін болар ма, сірә? Мың сан майдангердің
баршасының Берлинде болу мүмкіндігі бола бермейді. Қанша азамат туған елге оралмады, қаншасы хабарсыз кетті, қай
жердің топырағымен араласты – бұл көптің сұрағы, көптің зары. Өмірзақ ағамыз да «сол көптің бірімін ғой», - деп көбіне
өзіне-өзі тоқтам жасаған екен.
«Адам дүниеден озады, бірақ оның рухы өлмейді. Рух дүниені аралап кезіп жүреді, риза болса – мирасқорына қонады»
- деген бар.
Өмірзақ ағамыздың Алла тағала сыйлаған өз қабілетімен еңбегі өрге басты. «Асқаралы тауға шығу үшін, әуелі тау
етегіне жетіп, өзіңді-өзің сына, әрмен қарай жүре алам ба» деген сөз бар. Дәл осылай өмір баспалдақтарынан өтті. Бәлкім,
сол жаугершілікте қол бастайтын, бейбіт күнде жол бастайтын баласы болса, әкенің арманы орындалғаны болар.
2-оқушы 1959-1977 ж.ж. мектеп мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, аудандық оқу бөлімінің инспекторы,
аудандық, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
3-оқушы 1977-1994 ж.ж. Маңғышылақ облыстық партия кабинеті жанындағы «Білім» қоғамының басшысы, облыстық
мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, облыстық кәсіптік-техникалық және білім басқармасының
бастығы;
4-оқушы 1994-1995 ж.ж. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты;
5-оқушы 1995- 1999 ж.ж. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, сенаттың комитет төрағасы;
6-оқушы 1999-2001 ж.ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті болды.
7-оқушы 2001-2007 ж.ж. Қазақ экономика университетінің проректоры, мұнай компаниялары басшыларының кеңесшісі.
Қазіргі таңда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы.
75
8-оқушы Ағамыздан төрт ұл, бір қыз бар. Ұлдары: Құралбай, Қуанышбай, Абзал, Бердіғали барлығы да жоғары оқу
орындарын бітірген, үйлі-баранды, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбек етеді.
(Интерактивті тақтадан ғылыми дәрежесін растайтын куәліктері мен ордандері, Елбасымен кездесу барысындағы
суреттері көрсетіледі)
Мұғалім: өздерің көріп отырғандай алдарыңызда ағамыздың бірнеше кітаптары тұр. Осы кітаптар туралы атып өтейік:
1-оқушы
«Халықтан асқан ұстаз жоқ» атты кітабын Ұлы Отан соғысынан оралмаған қатардағы жауынгер, ардақты әкесі -Озғанбай
Шопықұлының рухына арнап жазған. Жұртшылыққа ұсынып отырған жинағында осы қымбат тәліми мұрамыздың небір
асылдарын халқымыздың қалыптасу, даму, пайда болуының себеп-салдарын талдап көрсетеді. Байырғы ұстаз ретінде
олардың небір інжу-маржандарын елеп-екшеп қазіргі жас өскінді оқытып тәрбиелеуге пайдаланудың тиімді жақтарын,
мүмкіндік жағдаяттарын ұсынады.
2-оқушы
«Адай көтерілісі» І томында ағамызды тарихшы ретінде тани аламыз. Қазақ тарихы бұралаңдар мен жұмбақтарға,
«ақтаңдақтарға» толы. Тарихшы ғалымдарымыздың, зиялы қауым өкілдерінің зерттеу еңбектері, ой-талғамдары осы
тұжырыммен тоқайласып жатады. Төл тарихымыздың күнгейі кіреукеленуден, беткейі бүркемеленуден ада бола қойған жоқ.
Тарихымыздағы осындай тұстардың біріне 1929-1931 жылдардағы Қазақстанда, соның ішінде Маңғыстауда орын алған
халық наразылығы, бас көтерулері болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және өзге проблемалардың шиеленісуі,
шешілмеуі осы өңірдегі 1930-1931 жылдардағы халық көтерілісінің алғышартын құрады.
Осы уақытқа дейін құпия келген, еш жерде ашық айтылмаған тақырыпты қозғап, архивтерден шаңын қағып жинай
отырып, ақиқатты жазып шығады.
3-оқушы
«Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» кітабы Өмірзақ ағамыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында келген барлық ізгі-тілектер,
құттықтаулар, арнау хаттар жиынтығы десек те болады. Яғни халық арасында осы ұлы үш қасиеті арқылы танылғандығын
дәлелдей түсетін кітап.
4- оқушы
«Отты жылдар» атты кітабында Отан соғысына қатысқан майдангер әкелеріміздің қанды қапаста жүрсе де аузынан әзілі
түспей табан астында тауып айтқан тапқыр сөздері мен ұтқыр жауаптары, өткір де өнегелі әзәл-қалжыңдары
топтастырылған. Сонымен қатар бұл жинақта сол бір қасіретті жылдардың қас-қағым сәттік езу жиғызарлық оқиғалары
мен майдан даласының тыныс-тіршілігін, ерекше жайттарды, қазақи болмыс пен ұлтымыздың биік өресін көрсететін
фотосуреттер топтастырылған.
5-оқушы
«Қара нар керек бұл іске...» атты кітабында Өмірзақ ағамыздың халық алдында азды-көпті атқарған істері, Отанымыздың
бүгіні мен ертеңіне қосқан ой, пікір, ұсыныстары, сүріне жүріп үйренген, үйрене жүріп сүрінген м сәттерінен жазған
мақалалары, еңбектері жарық көрген.
6-оқушы
«Адай жылқысын түлеткендер» атты кітабы жергілікті жердің қатаң табиғи-климаттық жағдайында өмір сүріп, өсіп-
өнуге қолайлы, бейімделген түлік Қазақтың Адай жылқысы туралы бар деректер мен Адай жылқысын бүкіл әлемге
танытушылар туралы жазылған.
7-оқушы
«Жадымда жүрген жақсылар» атты кітабында өлке тарихын кеңінен зерттеген. Құдайкеұлы Ер Қосай, Сүйіндік Қосайұлы,
Есекмерген батыр, Маңғыстаудың Атағозысы, Қонай батыр, Құлбарақ батыр, Сүйінқара батыр, Қармыс, Шабай, Ер Шотан,
Ер Төлеп, Иса-Досан батырлар және Айтуған, Қалнияз жыраулар туралы, Мәтжан би мен Қашаған ақын туралы жазып,
келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.
Мұғалім: Мінеки, оқушылар, кітаптары туралы мағлұмат алып, ағамыздың бойындағы сан түрлі қырларын аша алдық.
Қандай қырларын тани алдық? «Топтастыру» стратегиясы бойынша бетшеге түсірейік.
Өмірзақ Озғанбайұлы
«Кейіпкерге хат» стратегиясы
Өмірзақ Озғанбайұлына хат жазамыз.
Мүғалім: Назарымызды тағы да бейнежазбаға аударайық! Ағамыздың замандасы, бірнеше жыл бірге қызметтес болған,
педагогика ғылымының кандидаты - Мамаева Жантөре Жәкішқызымен болған сұхбат.(Ағамыздың бойындағы жақсы
қасиеттері туралы айтып өтеді).
Мұғалім: Ағамыздың даралығын мойындап, жыр арнаған адамдар да аз емес.
8-оқушы:
Шежіреші ақын – Қаржаубай Рейімбайұлы былай деп жырға қосқан болатын:
Өмірзағым – жанкүйері еліне,
Маңғыстауым – атамекен, жеріне.
Ізденімпаз, самғап білім көгіне,
Рухымен қуат берген еріме.
Өмірзағым – ардагерлер ағасы,
Мәдениет, тарих тану данасы.
Ізеттілік үлгінің дарасы,
Рухымды – қуат берген сағасы.
Зияткерлік қоғам даму панасы,
Азамат! – деп, ардақтаған Алашы.
76
Достарыңызбен бөлісу: |