Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» 
VII — ЖИНАҚ
Ұстаз шығармашылығы 45minut.org топтамасы
Редактор: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы
Алматы, 2015


УДК 37.0
ББК 74.00
Б 94 
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ»: VII — ЖИНАҚ /Редактор Нағиев. І. Б – Алматы, 
2015. – 144 б.
Б 94 
ISBN 978-601-7579-12-8
«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,
жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —
дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Жер бетінде қанша ел болса, әр елдің мәдениеті, салт - дәстүрі мен білім беру жүйесі
болады. Біздің мемлекетіміздің де білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізілуде. Жаңа
заман   –   қай   кәсіпте   болмасын   жаңашылдықты   талап   етеді.   Басты   мақсат   –   жас
ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Оқушыларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ
жаңалық болуы керек. Сондықтан, мұғалім үнемі ізденісте, жаңашыл және әрқашан білімін
жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс.
Білім   саласы   мен   кәсіпорын   мамандары   арасындағы   байланыс   ғылым,   білім   және
өндіріс   ықпалдастығының   арта   түсуіне   қызмет   етеді.   Ал   басты   басымдылық   ретінде
адам   капиталы,   тәжірибелік   білім   мен   біліктілікке   инвестиция   салынатын   болады.
Өйткені, заманауи маманға оның білімі, кәсібилігі, оқып-білуге деген қабілеттілігі құнды
қасиетке баланады.
УДК 37.0
ББК 74.00
ISBN 978-601-7579-12-8
© Нагиев И.Б., 2015
2


БІЛІКТІ БАСШЫ- ҰЖЫМ ЫРЫСЫ
  Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы 
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің директоры Адхамов Икрам 
        
     Ұстаз- ұлағатты есім.Шәкірттерін  білім нәрімен сусындатқан, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік   рухта   бағыт-   бағдар   беруде   ұстаздың   еңбегі   зор.   Сондықтан   да   ол   әрдайым   қасиетті   тұлға   ретінде
ерекшеленеді. Сондай ұстаздың бірі  де бірегейі еңбек жолын сонау 1994жылы бастаған, өзі жас болса да көргені де көңілге
түйгені де көп, білім беру ісінің нағыз майталманы, алтын- ұя мектеп табалдырығынан талай талантты  шәкірттерін түлетіп
ұшырған   мектебіміздің   басшысы   Адхамов   Икрам   мырзаны   әңгімемізге   арқау   еткім   келеді.   Бұл   кісінің   жетістіктеріне
салиқалы да сындарлы  жылдармен өріле өткен еңбек жолына көз салсақ куә боламыз. Еңбек жолын алғаш орыс тілі пәнінің
мұғалімі     болып   бастаған   ол   кісі,бертін   келе   мектептегі   Алғашқы   Әскери   Дайындық     пәнінің   мұғалімі   болып,   кейін
2005жылдан бері мектебіміздің басшылық қызметіне  тағайындалып, содан бергі 10 жыл ішінде  білім ұясын бірлік пен
ынтымақта басқарып келеді. Ол кісінің жасалған   еңбектеріне   берілген марапаттау санында сан жоқ солардың ішіндегі
бірегейлеріне  мысал келтіре кетсем:  «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық  ұлттық университетінің ректоры Е. Сыздықов
тарпынан , «Алтын белгі» иегері Мавланкулова Ділбардың білімі мен тәрбиесі үшін алғыс хатпен марапаттаса, Сайрам
ауданының әкімі У. Хайназаров тарапынан да оқушылары « Алтын белгі» иегері атанғаны үшін марапатталды. Облыстық,
аудандық білім бөлімдері тарапынан  алынған сансыз марапаттаудың барлығы да үздіксіз ізденімпазддық пен біліктілік пен
еткен еңбектің арқасы екені сөзсіз. Қашанда жаңалыққа жаны құмар жан, 2015жылы заман ағымынан қалмастан   Астана
қаласындағы     «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» орталығында   білімін жетілдіріп келді. Іс- тәжірбие   барысындағы
бірінші күннен бастап өзінің білгенін, үйренгенін өз ұжымымен бөлісе  отырып «Оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау»
тақырыбындағы коучинг  сабақтарын өтумен қатар көптеген сұрақ- жауаптар арқылы қызықты әдістерімен бөлісумен  қатар
тәлімгерлікті   қолға   алып     сындарлы   оқыту   бағдарламасының   ұстанымдарымен   таныстырып,   оқу   үдерісіне   7   модуль
элементтерін енгізу жолдарын жоспарлап, көшбасшылық пен диологтік оқыту арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін
дамыту   мақсатында   7-8-   сынып   оқушыларын     тәжірбиеге   алып,   пән   мұғалімдеріне   «LESSON   STUDY»         сабақтары
жоспарланып, қазақ тілі маманы Қуралова Ділдара 8- сынып оқушыларымен зерттеу сабақтарын өтсе,  «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығы ,АҚ филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалыққызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты»   аясында үшінші (базалық)  деңгей бағдарламасын оқып жаңа форматты  мұғалім атанған Жолдасова
Баян   ,   Торегелдиева   Жанат,   Базарбаева   Гулнара,   Закирова   Наргиза   сынды   ұстаздар   қауымы     апталықтар   мен     ашық
сабақтарды   үзіліссіз өткізіп өз білгендерін әріптестерімен бөлісуде. Атап айтап болсақ: Торегелдиева Жанаттың ұстаздар
қауымымен өткен «Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі » тақырыбындағы коучинг,  «Етістіктің райларын қайталау»,
«Монолог» тақырыбындағы сабақтары, Жолдасова Баянның бастауыш сынып оқушыларымен өткен «Мен(пен, бен) және
шылаулары » тақырыбындағы , орыс тілі пәнінің мұғалімдері Базарбаева мен Закировалардың ұйымдастыруымен тамаша
түрленген   апталықта   атқарылған   жұмыстардың   барлығы   да     оқушылардың   жаңа   әдіс-   тәсілдер   арқылы   сабаққа   деген
қызығушылықтарын арттыра түскендей.   Әрбір әдіс алмасу барысында ұстаздар қауымы  өздеріне керек тамаша ақпараттар
алғанын айтып ризашылықтарын білдіруде. Әрине бұл мен тілге тиек етіп отырған жұмыстардың бірнешеуі ғана, жалпы
мектебімізде басшымыздың қадағалауымен жаңаша үлгідегі сабақтар жүйелі жоспарланып жұмыстар атқарылуда. 
  Ия, шын ұстаз атану екінің бірінің қолынан келе бермесі сөзсіз. Бұл ұлы есім иесі атану үшін ең алдымен балаға деген 
шексіз махаббат, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, адалдық, білімділік, парасаттылық деген сияқты қасиеттер керек- ақ. 
Ал аталған қасиеттердің барлығы  бүгінгі әңгімемнің арқауы болған басшымыз Икрам мырзамыздың бойынан табылады. 
Адам өмірінің мазмұны оның ұзақтығымен емес, өзгеге жасаған жақсылығымен артына қалдырған өшпес мұраларымен 
мағыналы  екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені адам баласының негізі, әрі басты мұраты өзі өмір сүріп отырған 
қоғамға, сол қоғамда өмір сүріп  жатқан жандарға қызмет ету арқылы өлшенеді. Ендеше, саналы құмырын ел ертеңі жас 
ұрпаққа ізгілік нұрын шашып, білім нәрін сепкен Икрам Рахматуллаұлына деніңіз сау, отбасыңыз аман болып, білім 
шыңының биік белестерін бағындыра беріңіз дегім келеді!
* * * * * 
 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ТІЛДІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта 
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Омарова Гулжамал Оразовна
    Білім   сапасын   арттыру   ,   бүгінгі   күннің   өзекті   мәселесі   болып   отыр.   Осы   мәселені   шешу-   білім   беру   мазмұнын
жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру.Білім беру мақсаты мен нәтижесіне
ерекше мән берумен тығыз байланысты. Қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары- оқушылардыңдұрыс сөйлеу, сауатты жазу
дағдыларын қалыптастырып, қазақ тілін түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. 
    Қазіргі   заман   оқу   бағдарламалары   мен   оқулықтары   бастауыш   сынып   оқушыларының   сөздік   қорын   дамытып,
адамгершілік   құндылықтарын   қалыптастыруды   көздейді.   Оның   теориясын    жүйелі   түрде   практикада   дұрыс   бағыт  бере
отырып қолдану, салыстыру арқылы шығармашылық әрекет жасауға бейімдейді.
  Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда өте кең тұрғыда, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек. Мұғалім
оқу материалын  мазмұн жағынан қанша  терең түсіндірсе   де,оқушылар өздеріне  толық  мағлұматтар  ала  алмаса,      онда
көздеген   мақсатқа   жетуге   болмайтыны   белгілі.   Сол   себепті   мұғалім   сыныптағы   әр   баланың   ерекшеліктерін   жете
біліп,пайдаланатын әдістерін түрлендіріп, оқыту үрдісінің алға басуына мүмкіндік тудыратындай амал табу қажет.
   Сабақ түрлері арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабаққа әртүрлі белсенді тапсырмалар
енгіземіз.   Сонымен   қатар,тапсырманы   берген   соң   оқушылардың   білімін,   іскерлігін   ,   дағдысын   тексеру   және   бақылау
жолдарын қарастырамыз. Оқыту барысында тіл материалдарын үш бағытқа  бөлеміз:
  І  Лексикалық бағыт- айтылуын меңгертіп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру.Жаңа сөздер 
үйрене отырып,сөздік қорлары молаяды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.Меңгерген 
3


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау