Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



жүктеу 2,51 Mb.
Pdf просмотр
бет8/72
Дата07.01.2020
өлшемі2,51 Mb.
#26013
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72

Тәрбиеші:Балалар мынау не?
Балалар:Бұл жұмыртқа.
Тәрбиеші: Біз жұмыртқаны қайдан аламыз?
Балалар:Бізге жұмыртқаны тауық береді.
Тәрбиеші: Осы сияқты біз жылқыдан қымыз, түйеден шұбат алады екенбіз, олардың құрамында көптеген дәрумендер 
бар, адам баласының денсаулығына өте пайдалы екен. Және де балалар біз жануарлардың, құстардың  етін жейді екенбіз.
Тәрбиеші: Балалар біз бойымызды сергітіп алайқшы. Кәне барлығымыз шеңбер жасайық.
Сергіту сәті 
Алтын айдарлы әтеш оянды .
Тым ерте тұрыпты. 
Ойқастап жүріпті
Жан-жаққа қарапты
Айдарын тарапты.
Қо-қо-қо ,  қо-қо-қо депті
Қорада ойранды салыпты
Бір тауық қайран қалыпты
Секіріп, секіріп айғайлап,
Шарбаққа қоныпты.
 «Ғажайып сәт : 
Қонаққа топқа тауық келеді
Тәрбиеші: Сен кімсің?
Тауық: Мен тауықпын. Балалар мен балапандарыммен серуендеп жүр едім, балапандарымды жоғалтып алдым. 
Көрмедіңдер ме? Маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Мына алдарыңда жатқан қағазға балапандарды жапсырайық. Балалар біздің жапсырған балапандарымыздың 
түсі қандай?
Балалар: Сары түсті.
Тәрбиеші:Балапандардың дене пішіні, құйрығы, ауызы, аяғы   қандай геометриялық фигураларға ұқсайды.
Балалар:Денесі домалақ пішінге, ауызы, құйрығы, аяғы үшбұрышқа ұқсайды. 
Ал енді балапандарды тауыққа берейік.
Тауық:Рақмет саған балалар сау болыңдар.(тауық шығып кетеді).
Тәрбиеші: Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Қошақан біздің балалар  
сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап, шықты саған ұнады ма?
Қошақан: Маған ұнады, рахмет балалар, жануарларды құтқарғандарың үшін Олар сендерге рахмет айтып жатыр. Балалар
сендер өте алғыр балалар екенсіңдер. Жарайсыңдар! Балалар сонымен  біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
* * * * * 
   №32 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
            Ақпанбетова Зухра Тұяқбайқызының
                   шығармашылық  жұмысы
Тақырыбы:  Химия сабақтарында жаңа технологияларды қолдану
                   Ұстаздың алдына қойған мақсаты: ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде
жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
          Бүгінгі таңда  білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар,
окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты   жолдауында   да   «Білім   беру   реформасы   –   Қазақстанның   бәсекеге   нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп
атап көрсеткен еді. Осы кезге дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің ауызша түсіндіруін  немесе оқулықты пайдаланып
келдік,   алайда   ол   әдіс     қазіргі   заман   талабына   сай   емес.   Қазіргі     заман   талабына   сай   сабақ   өткізу  мақсатында   жаңа
технологиялармен сабақ өткізу арқылы айтарлықтай    нәтижеге қол жеткізуге болады.    
       «Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра
алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ»,-деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиетін негізге алып
әрбір өткізген сабағымды оқулықпен ғана шектемей, қосымша ақпараттар беру арқылы, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды
қолдана отырып өткізіп келемін.
        Сондықтан да күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдаланып отырамын.
    Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын  арттырып, зейін қойып тыңдауға 
және алған мәліметтерді нақтылауға   мүмкіндік береді.
         Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының
ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.  
16


           Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр
оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты
дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше
қайталап оқуына, тыңдауына көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Көптеген   жаңа   технологиялармен   қатар   соңғы   кездері   химия   пәні   сабақтарында   ақпараттық   технологиялар   жиі
қолданылуда. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге
жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты  арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман  ағымына
қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Әсіресе,оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар     жинақтап, білімдерін кеңейтіп,
танымдық   белсенділігін   арттырып   қана   қоймай,   қисынды   ойлау  жүйесін   қалыптастырып,шығармашылығын   дамытады.
Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек
компьютермен   дұрыс   жұмыс   істей   білу   ғана   емес,   кез-келген   ақпарат   көзін:   анықтамаларды,   химиялық   формулалар,
сөздіктерді,   теледидар   бағдарламаларын   т.с.с.   дұрыс   пайдалана   білу   деген   сөз.Менің   ойымша,   сабақты   сәтті
ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. 
 Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау.  Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет.
Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп
ала білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды
мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.

Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына
зерттеу,   салыстырып  жүргізіп отыру қажет  деп  ойлаймын.   Сонымен  бірге   оқушының  бастапқы  білім   деңгейін,  жаңа
технологияны пайдаланубарысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да
артық   болмайды.  Өйткені   мұғалім   тарапынан   білімі   мен   іскерлігі   тексерілмеген   оқушылар   біртіндеп   үлгермеушілер
қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды. Ақпараттық технологиялардың бірі –
интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті
тақтамен   жұмыс   жасау  тиімді.   Қазіргі   уақытта   Қазақстанның   жалпы   орта   білім   беретін   мектептерінің   барлығы   дерлік
интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын мектепте     жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
кеңінен қарастырылған. Мектептің химия  кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты
қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын,интеллектуалдық
танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан
зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.
Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар
бір   тестілеуден   жақсы   нәтижеге     жеткеншебірнеше   қайтара   өтеді.   Бұл   тестілердің   барлығы   химия   бойынша   минимум
талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын
сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық
технологияларды   қолдана   отырып  өз  бетінше   жұмыс   істеу  факторы   –  есептерді   шығара   білу,   шапшаңдылық,   шеберлік
дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.
Осындай   ақпарат   құралдарын   пайдалана   отырып,   мен   сабақ   барысында   оқушылардың   қабілетіне,   білім   деңгейіне,
ынтасына   қарай   топқа   бөліп,   өз   бетімен   еңбектенуге,   ізденуге,   шығармашылыққа   баулып,   қорытынды   жасауға
машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып,
тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.
Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын
дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Химия ғылымға қызмет етеді!», «Білгір  химик», «Жүзден жүйрік», «Не?
Қайда?  Қашан?»   сияқты  танымдық  ойындарын  қолданамын.   Алынған  өзекті  тақырыпты  басшылыққа   ала   отыра   және
істелінген   жұмыстарды   қорытындылай   келе  өзін-өзі   бағалай   білетін,   шығармашылық   деңгейі   жоғары   жан-жақты   тұлға
қалыптастыра   отыра,   оқушының   білім   сапасын   көтеремін,   алған   білімдерін  өмірмен   ұштастыруға   бағыт   беріп   оқушы
кұзырлығын   дамытамын.   Осындай   тәжірибем   арқылы   оқушылардың   білімін,   дағдыларын,   ойлау   қабілеттерін,
шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 9 сыныпқа «Металдар» тақырыбында өткен
ашық   сабағым       өте   сәтті  өтті.   Сабаққа   тірек   сөздер,   инсерт   кестесін   қолдандым.  Темірдің   химиялық   қасиеттерін
видеоролик   арқылы   көрсеттім.   Ақпарат   құралдарын   пайдаланып   деңгейлік    тапсырмалар   арқылы   танымдық
қызығушылығын арттыру мақсатында өткізген 8 «А» сыныбы бойынша «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары»
тақырыбындағы сабағым оқушыларды ынтымақ-бірлікке, тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтірді. 
Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан
тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау
үшін   сыныптан   тыс   жұмыстар   жүргізіп,   оқушыны   қызықтыратындай   химиялық   ойындар   викторина   шешу,   кроссворд
құрастыру,   логикалық   есептер   шығарту   арқылы   ой-өрісін,   пәнге   қызығушылығын   арттырып,   пән   аралық   байланысты
нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа
байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып,
сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік
тапсырмалар   өткізу   арқылы   тақырыпты   қаншалықты   меңгергенін   тексеріп,   тақырыпты   толық   меңгере   алмаған
оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға,
жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға
жағдай   жасайды.   Тестік   тапсырмаларды   оқушылардың   білім   деңгейіне   байланысты   құрастырып,   нәтижесін   кілтімен
17


жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау