тексертіп өздеріне бағалатамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-«жақсы»,-50%-ға дейін «қанағаттанарлық»,-50%-дан
төмен-білім деңгейі «төмен» көрсеткішпен бағаланады. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі
мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның
психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың
нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып,
қорытынды бағасын шығарып отырамын.
Химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты
химиктердің өмірбаяны жөнінде ақпарат құралдарынан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар,
оқушылармен сабақта «Химик анықтамалығы» журналына шығатын СD-де ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі
пайдаланамын. Журналға шығатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын құндылық және оқушылар
кеңірек мәліметтер алады.
Жалпы оқушылардың жаңа ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер
барысында анықтайды.
7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі-оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап,
түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, «Мұғалім әрдайым оқуын
тоқтатпау керек, тоқтатқан жағдайда ол мұғалім болуын да тоқтатады» деген пікірді қолдап, алдағы уақытта да өз-өзімді
жан-жақты дамытып, жұмысымды одан әрі жандандыруды мақсат етемін.
* * * * *
ОҚО. Қаратау ауданы. Таскен тұрғын алабы
№103 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікбаева А.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.
1. Білімділігі:Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру,
кіріккен сөздер туралы түсіндіру, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
2. Дамытушылығы: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу. Оқуға,білім алуға деген санасын
қалыптастыру,төзімділікке баулу.
Көрнекілігі: суреттер,кестелер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру, СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, сабаққа қатысын түгендеу.
Топтарға бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Семантикалық картамен жұмыс.
ә) Үш қадамды сұхбат стратегиясы (сұрақ)
III.Жаңа сабақты түсіндіру
а) Ой қозғау стратегиясы
ә) Мағынаны тану
б) Топтастыру стратегиясы
ІV. Оқулықпен жұмыс
Сергіту
V .Сабақты пысықтау
VІ.Сабақты қортындылау.
VII. Үйге тапсырма. Бағалау.
Топтарға бөлу:
І топ – Болашақ
ІІ топ – Талап
ІІІ топ – Достық
Психологиялық дайындық
Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да! (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да! (қасындағы балаға қарайды)
Сәлем деймін достарға!
Сәлем барша ұстазға!
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!.
Мысалдар
Қос сөз
Біріккен сөз
Тіркескен сөз
Қысқарган сөз
Жүзбе-жүз
+
Еңбеккүн
+
18
Күн сәулесі
+
ТМД
+
Суық су, суық хабар
+
Бүгін
+
Көзбе-көз
+
Қолбасшы
+
Жер серігі
+
Қаз МУ
+
Абай көшесі
+
Қызылорда
+
Қарама-қарсы
+
Үй тапсырмасы
Дара сөз бен күрделі сөз (ереже )
Үш топ бір-бірлеріне сұрақ қойып өтілген сабақтарды пысықтайды.
"Ой қозғау" стратегиясы
6.
Біз бір-бірімізбен не арқылы қатынас жасаймыз?
7.
Сөздер қалай жасалады?
8.
Тілдің негізгі байлыгы не?
9.
Сөзге жұрнақ жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді?
10.
Етік+етікші—аяқкиім—етікБұл сөз жасаудың қандай түрі?
11.
Жұрнақтан басқа жолмен сөз жасауға болама?
Мына сөздерді салыстыр: тігетін адам.
Еңбекші - еңбекақы
Жаңа сабақ Мағынаны тану Орынбасар, Қызылорда, Жетіқарақшы,ақсақал, тасбақа,күнбағыс,
Талдықорған,аққу,алтыбақан. (сөздерді оқытып,мағынасын анықтау ,қалай жасалып тұр?)
Біріккен сөз дегеніміз не? Біріккен сөздің анықтамасын айтқызу. Ережені аудиожазбадан тыңдату
Кейбір сөздер екі түбірден құралады.Екі түбірден жасалған сөзбіріккен сөздеп аталады. Біріккен сөзді құрайтын
түбірлер бірігіп жазылады. Өйткені екі түбірден құралғанымен бір ғана мағынаны береді, бір ғана сұраққа жауап береді.
Оқулықпен жұмыс. 42-жаттығу
Берілген сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер. Біріккен сөздердің мағыналарын айтыңдар
(ауызша орындау)
43-жаттығу Түбірлері өзгермей біріккен сөзді бір бөлек, кіріккен сөзді бір бөлек жазыңдар
Сергіту сәті:
6-00 Таңшолпан
8-00 Хабар
8-20 Тілашар
9-15 Спорт
10-00 Көзайым
10-35 Дидар
11-30 Жетісаз
12-45 Еркетай
13-50 Екі жұлдыз
15-30 Ақ жүніс
18-10 Сегіз қырлы
20-15 Ботагөз
Жұмбақ
1.Бірінші түбір сөз 2.Бірінші түбір сөз
Түс. Жеті қазынаның бірі.
Екінші түбір сөз Екінші түбір сөз
Құс. Сезім мүшесінің бірі.
Екеуін қосып оқысаң, Екеуін қосып оқысаң
Ол да құс. Пайдалы өсімдік түрі.
Қара+торғай ит+мұрын
3.Біріккен сөздің бірінші түбірі
тағам сөзі,
Екінші түбірі тағам пісіретін
ыдыс аты.
Екеуін қосып оқысан,
Ағзаның бірі.
ас+ қазан
Кім көп біледі? Ойыны
Аң,құс,жәндік аттары : Тасбақа,****
Кісі аттары: Ботагөз,****
Жер,су атаулары: Қызылорда,****
Қорытынды Үйге тапсырма 44-жаттығу Біріккен сөздерді бір бөлек, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді бір
бөлек теріп,жазыңдар. Бағалау
19
Достарыңызбен бөлісу: |