87
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Мұғалімдер қатты ашуланатын кезде бор
лақтырады немесе кітаппен ұрады. Кейде қолмен
де ұрып қалады». [240]
«Мұғалімдер итере және тебе алады, бірақ,
негізінен, егер оларға бірдеме ұнамай қалса,
айқайлайды. Иықтан итеріп, түртіп, тебеді.
Негізінен, айқайлайды және итеріп қалады». [90]
Кейбір балалар, атап айтқанда, дене шынықтыру
және еңбек мұғалімдерінің ауызбен айтылатын
дөрекі балағаттауларды және денелік жазалау-
ларды қолданатындарын айтты.
«Директор физикалық зорлық-зомбылықты
қолданбайды, ал дене тәрбиесінің мұғалімі.
Спорттық жарыстар уақытында ол бір оқушыны
ол жүгіретін жолды басып кеткені үшін бірнеше
рет аяғынан тепті; осы оқушы тіпті ақсаңдап
қалды». [373]
«Ешкімді ұрмайды, бірақ шертіп алуы мүмкін.
Біздің еңбек пәнінің мұғалімі үнемі бізді мақау,
табын деп және басқа да жаман сөздер айта-
ды. Біздің дене тәрбиесінің мұғалімі де сондай-ақ
үнемі бізге айқайлайды және бізге топас, мисыз
де айтып, білзе тіл тигізеді. Осы мұғалім бізді
әрбір ұсақ-түйек үшін жазалайды. Біз спорттық
формада болмай, спорт алаңының айналасын-
да жартылай қазылып қойылған қаптамаларды
жүре бастадық, сосын ол бізді бүкіл сабақ бойы
тұрып тұруға мәжбүрледі. Ал біздің алаңда
ойнағымыз келіп көлденең бөренелерге мінген кез-
де, ол бізді 100 рет жүрелеп отыруға мәжбүрледі.
Біздің аяқтарымыз ауырып, тіпті жүру қиын
болды». [308]
«Дене тәрбиесі және еңбек пәнінің мұғалімдері ба-
стан немесе иықтан ұра алады. Жалпы алғанда,
олар біздің ата-анамызды шақыртатынын неме-
се мектеп инспекторына апарататындарын ай-
тып айқайлап қоқаңдайды. Егер біз тыңдамасақ,
тебулері мүмкін». [149]
«Дене тәрбиесі мұғалімінің оқушыларды ұруы не-
месе айқайлауы мүмкін. Сондай-ақ арқадан тар-
тып жібереді, итеріп қалады немесе кеудені жер-
ден көтеруге немесе жүгіруге мәжбүрлейді». [110]
«дене тәрбиесінің мұғалімі бізді алаңғасарланатын
немесе оның айтқандарын тыңдамаған кезде
доппен ұрады». [17]
«Дене тәрбиесінің мұғалімі ғана бізді сабақ
уақытында “қаздаңдап” жүруге немесе футбол
алаңын айнала 10 рет жүгіруге мәжбүрлейді».
[270]
Бір мектептегі балалар мұғалімдер сияқты мектеп
директорының да тән жазаларын қолданатынын
айтты. Кейбір балалар мектеп директорының
дәлізде балаларды әдейі итеріп жіберетінін айтып
берді. Осы мектептің үш баласы былай түсіндіреді:
«Мектеп директоры итеріп қала алады
және мұғалім де итеріп қалып, ұрады. Олар
арқадан қатты итереді, түрткілейді және
тақылдатады». [120]
«Мектеп директоры өте күйгелек және өзі
дәлізде келе жатқанда егер оның жолында тұрып
қалсаң түрте салады. Мұғалімдердің де беттен
ұрып, итеріп қалуы мүмкін». [119]
«Мұғалімдер арқадан шапалақпен салып қалады,
ал директор дәлізде келе жатқанда түртіп
қалады. Олар ұрады, итеріп қалады және қатты
түртеді». [115]
Кейбір балалар мұғалімдердің дене жазаларын
қолданбайтындарын айтты; дегенмен, балаларға
қатысты айғай, балағаттау және ұрыс-керісті
қоса алғанда, ауызша ескертулерді пайдалану
теңгерімі бар.
«Мұғалімдер кейде ұлдар тәртіп бұзатын кезде
айқайлап немесе үстелді ұрып жатады». [390]
«Олар жай ғана айқайлайды немесе барлығы ту-
ралы инспекторға хабарлаймын деп қорқытады».
[386]
«Олар бізге жай ғана айқайлап ұрсады; кейде
олардың бізді ата-аналарымызды шақыртамын
деп қорқытуы мүмкін». [330]
«Олар бізге айқайлап ұрсады, бірақ ұрмайды.
Ата-аналарды шақыртуы мүмкін». [328]
«Олар біздерді балағаттайды, бірақ қолдарын
жұмсамайды. Олар жай ғана сөздерді пайдала-
нады». [295]
Қорыта келгенде, балалардың 20,0%-ына
дейін (5-тен 1-і) мұғалімдердің жазаның басқа
88
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
нысандарының мол жиынтығын қолданатыны
туралы хабарлады және 16,0%-ы балаларды
тәртіпке салу үшін үзілістерді (мысалы, бұрышқа
тұрғызу және сыныптан қуып жіберетін кезде)
пайдалантыны туралы айтты. Кейбір балалар жа-
залар мен үзілістердің басқа да нысандары тура-
лы айтты.
«Егер біреу-міреуді қорлайтын болса, мұғалімдер
қатаң жазалап, екілік қояды және мектеп дирек-
торына немесе инспекторға апаруы мүмкін». [380]
«Егер 1-2 рет айтқаннан кейін балалар
тыңдамаса, онда баланы бұрышқа тұруға
мәжбүрлеуі мүмкін немесе кейде сыныптан қуып
жібереді». [362]
Қорытындысында, екі бала мұғалімнің өздерін
әртүрлі жұмыстарды орындауға мәжбүрлей оты-
рып жазалайтынын айтып берді.
«Олар бізді кешіккеніміз үшін мектепті ай-
нала жүгіруге мәжбүрлейді. Егер біз сабаққа
дайын болмасақ, еден жуамыз. Едендегі қара
жолақтарды ұстарамен кетіреміз. Олар
оқушының басына кітап қояды да, оқушы басы-
нан кітапты түсіріп алмауы үшін түзу отыруға
тиіс». [264]
Тән жазаларының себептері
Сұхбат барысында балалардан сондай-ақ
баланың дене жазасына ұшырауы үшін не істеуі
керек екенін және қандай балалардың мектеп
мұғалімдерінің немесе мектеп директорларының
жеке жазалау қаупіне ұшырағандарын
сұрадық. Сұхбат жүргізілген 402 баланың ара-
сында балалардың 55,0%-ы мұғалімдерді
тыңдамағандықтан немесе тыңдағылары
келмегендіктен немесе мұғалімдерге және басқа
оқушыларға құрметпен қарамағаны үшін басқа
балалардың жазаланғанын айтты; балалардың
17,0%-ы оқушылардың үлгермеушілігі үшін
жазаланғанын айтып берді және сегіз бала
балалардың отбасылық жағдайына байланысты
күштеп жазаланғандарын айтты.
«Қадағаланбайтын, сабақтарда кедергі жасай-
тын, сотқар және басқалардың атына теріс
түсінік беретін балалар. Сондай-ақ үлгермейтін
балалар және қиын отбасыларындағы және қиын
жағдайларда тұратын балалар». [168]
«Сабақта өздерін нашар ұстайтын және
қатарластарына тіл тигізетін және
қатарластарын қорлап тіл тигізетін,
мазақтайтын және басқаларды кемсітетін ба-
лалар. Тыңдамайтын және мінезі қиын балалар
мен ата-аналарымен келіспеушіліктері бар бала-
лар және қызба балалар». [163]
«Жаман бір нәрсе істейтін балалар бірдемені
ұрлайды, біреуді ұрады және мектепті тастап
кетеді. Ата-аналары ішкіш, жағдайлары жоқ
отбасының, кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі
инспектордың есебінде тұрған оқушылар». [152]
«Егер кімде-кім алаңғасарланып, шулап,
мұғалімді тыңдамаса немесе үй жұмысын жа-
самаса. Әдетте, алаңғасар және үй жұмысын
жасамайтын әрі көп сөйлейтін ұлдар әрі оларды
мұғалімдер де жақтырмайды». [360]
«Егер сабаққа дайындалмасақ, шуласақ және
тыңдамасақ; онда олар біздерді ұрады». [353]
«Егер олар үй жұмысын жасамайтын болса, егер
шуласа, мұғалімдермен дауласса. Егер біреуде үй
жұмысы болмаса немесе егер ол ерке болса». [189]
«Егер кейбір оқушылар өздерін нашар ұстаса және
мұғалімді тыңдамаса, кейін мұғалім ұрсады. Егер
сен өзіңді нашар ұстасаң, олар ұрсады». [175]
«Өзін сабақта нашар ұстаса, қатарластарына
тіл тигізсе, оларды қорласа, басқаларын
мазақтап, келемеждесе. Тәртіпсіздік,
қызбалықпен және ата-аналармен байланысты
мәселелер және содыр балалар». [163]
Сегіз бала балалардың өздерінің отбасылық
жағдайына байланысты күш қолданудың
құрбандары болғанын айтты. Бір бала былай
түсіндірді: «Мұғалімдер бізге бірдей қарамайды.
Олар оқушыларды отбасы байланыстары мен
отбасылық жағдайына байланысты бөледі»
[355]. Сол мектептің екінші оқушысы былай
толықтырады: «Мұғалімдер балаларды бай, ке-
дей және туыстар деп бөледі» [354]. Бұдан басқа,
басқа мектептің баласы айтады:
«Мен және бірнеше бала басқа ауылданбыз және
бізді әр күні мектепке көлікпен алып келеді.
Біз мұғалімдердің өзімізге басқа оқушыларға
қарағанда нашар қарайтынын байқадық. Олар
Достарыңызбен бөлісу: |