79
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
олар сонда да тыңдамады да, ол оларды ұрып та-
стады. Осыдан кейін маған ешкім тиіскен жоқ».
[247]
«Мен үлкен ағама айтып бердім. Ол сол балалар-
ды тауып алып, өзінің достарымен бірге онымен
сөйлесті. Осыдан кейін бірден олар мені жайыма
қалдырды». [231]
«Мен ол туралы үлкен ағама айттым, менің
араласқым келмейді. Ағам егер олар маған
тиісетін болса, өзіне айтуды және өзінің оны
шешетінін айтты». [331]
Кейбір балалар өздерінің апаларына мектептегі
зорлық-зомбылық туралы айтып берген; алай-
да апаларының жандары ашуы және оны қалай
жеңуге болатыны туралы кеңес беруді жалғастыру
ықтималдығы жоғары болған. Бір бала былай айт-
ты: «менің апам менімен сөйлесіп, көмектеседі».
[366] Апалар арасында жеке содырлық арқылы
немесе жеке содырлық қаупімен өздерінің іні/
сіңлілерін мектептегі зорлық-зомбылықтан
қорғау ықтималдығы аз болған.
3.21-кестеде сондай-ақ кейбір балалардың
өздері куә болған және/немесе тап болған
мектептегі зорлық-зомбылық туралы айтып
бергендері көрсетілген. Балаларда мектептегі
зорлық-зомбылық туралы мектеп директо-
рына және/немесе мектеп инспекторына
хабарлағаннан гөрі өздерінің мұғалімдеріне ай-
тып беру ықтималдығы аса басым. Өз мұғаліміне
айтып бергендері туралы айтқан көптеген балалар
мектепте зорлық-зомбылық жасаған адамдарға
әдетте мұғалімдерінің әрекет еткендерін және
жазалағандарын түсіндірді.
«Біздің сыныпта бір бала қыз баланы боқтайтын.
Біз мұғалімімізге айтып қойдық. Мұғалім оған
айғайлап, егер осы тағы қайталанатын болса, оны
мектеп инспекторныа жіберетінін айтты». [396]
«Мен бір күні бұл туралы мұғаліміме айттым, ол
сосын оны [жәбірленушіні] тіл тигізген қыздармен
бірге директорға апарып, олар мәселені шешті.
Ол [мұғалім] қатты ұялды; ол оларды бірден мек-
теп директорына алып кетті». [381]
«Мен сол жағдай туралы мұғалімге айтып
бердім. Мұғалім ренжіткендерді жазалады. Бұл
туралы мектеп жиналысы уақытында барлық
мектепке айтылды». [380]
«Мен бұл туралы мұғалімге айттым және ол
оларға ұрысып, осындайды тағы қайталап
көретін болса, директорға немесе мектеп ин-
спекторына хабарлайтынын айтты». [328]
«Мен мұғалімге бұл туралы айттым. Ол оларға
ұрыса бастап, мұндайдың қайталанбауға тиіс
екенін айтты». [210]
«Мен мұғалімге бұл туралы айттым. Ол мені ұрған
балалардың ата-аналарын шақыртты. Олар қазір
мектеп инспекторында есепте тұр». [42]
«Мен мұғалімге бұл туралы айттым. Мен ол
туралы мектеп инспекторына айтып бердім,
ол бала енді есепте тұр. Мұғалімдердің оны
шығарғысы келеді». [6]
Кейбір балалар келешекте зорлық-зомбылық
жасаудан зорлық-зомбылық жасайтын адамдар-
ды тоқтату үшін мұғалімдерден немесе мектеп
директорынан ауызша сөгіс алудың жеткіліксіз
болғанын айтты. Төменде берілген үш дәйексөзде
зорлық-зомбылық жасаған тұлғалардың өздеріне
мұғалімдер және мектеп директорлары ауызша
ескерту жасағаннан кейін озбырлық әрекет жаса-
уын жалғастырғаны көрсетілген.
«Мен мұғалімге бұл туралы айттым. Мұғалім
оған ұрысты және ол енді бұлай жасамай-
мын деп уәде етті, бірақ ол солай жасауын
жалғастыруда. Мұғалімдер және директор оған
үнемі ұрысып, оны қорқытады, бірақ олар оны
қатаң жазаламайды». [329]
«Мен үйдегілердің бәріне, мұғалімге және
директорға шығамдандым. Олар оның ата-ана-
сын шақыртып алып ұрысты, бірақ бәрі бекер,
ересектер көрмейтін кезде ол маған аламандау-
ын жалғастырып келеді». [63]
«Достарым мені қорғады және мен мұғалімдерге
айтып берген кезде олар оның мектептен
шығарылатынын айтқан болатын; дегенмен оны
шығарған жоқ және ол қорлауын жалғастырып
жүр». [391]
Балалар кейде мұғалімдердің зорлық-зомбылық
жасаған адамдардан қорыққандарынан,
мектептегі зорлық-зомбылықпен
күреспейтіндерін сезінген.
80
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Егер шамамен 8 жоғарғы сынып оқушысы болса,
оның біреуі – көшбасшы. Олар барлық мектепті
өз уыстарында ұстайды және олардан бәрі
қорқады. Мұғалімдер оларға ештеңе жасай ал-
майды, ал ата-аналарға бәрібір. Олар мектеп-
ке мас болып келіп немесе сабақтардан кете
береді». [90]
Кейбір жағдайларда балалар тағы бір қадам жа-
сап, мектептегі полиция инспекторына мектептегі
зорлық-зомблық туралы хабарлаған. Кемінде бала
өздері тап болған мектептегі зорлық-зомбылық
туралы біреу-міреуге айтуға қаншалықты
қорыққандарын айтты, сондықтан «сосын олар
басқа сыныптың ұлдарымен бірге мектеп инспекто-
рына өтініш жазуға уағдаласып, оны арыз-шағымға
арналған жәшікке қалдыруға уағдаласқан; әрі сонда
оқиғаны түсіндірген» [180]. Осы бала түсініктемесін
жалғастырды: «біз мектеп инспекторы сол балалар-
мен жұмыс жасайды деп ойладық, бірақ ол [мектеп
инспекторы] өзін ештеңе болмағандай ұстап жүр».
Осылайша, басқа екі бала мектеп испекторына
қалай домалақ хат жазғандарын, алайда ешқандай
жауап болмағандықтан, көңілдері қалғандарын
түсіндірді.
«Бұл топ туралы барлығы біледі; тіпті мұғалімдер
де, бірақ ешкім ештеңе істемейді. Бұл топ ақша
талап етеді. Мұғалімдер ештеңе істемейді. Мен
мектеп инспекторының осы топ туралы білетінін
немесе білмейтінін білмеймін. Біз бұл туралы
мектеп директорына шағым жаздық та оның
үстелінде қалдырып кеттік, бірақ бұл жайында
ешкім ешқандай шара қолданған жоқ». [190]
«Біз жай ғана мектеп инспекторына хат жазып,
оны арыз-шағымдарға арналған жәшікке қалдырып
кеттік, бірақ бұл жайында ешкім ештеңе жасаған
жоқ. Ешқандай жауап жоқ». [177]
Қатарластар тарапынан
көрсетілетін қолдау
Сауалнамалар сондай-ақ балалардың өздері
соған зәру болған кезде құрдастарынан қандай
деңгейде қолдау алатынын сезетінін анықтау
мақсатында әзірленген болатын, мысалы, оларға
көңілсіз болған немесе ашуланған кездерде.
3.22-кестеде балалардың 38,4%-ының (3-тен 1-і)
оларға бұл қажет болатын кезде мектепте оларға
мектептегі басқа баланың “өте жиі” көмектескенін
хабарлағаны және балалардың 51,9%-ының (2-
ден 1-і) өздеріне қажет болған кезде мектептегі
басқа баладан өздерінің “кейде” көмек алатынын
хабарлағаны көрсетілген. Балалардың 9,6%-
ы ғана өздеріне қажет болатын кезде мектеп-
те басқа баладан “ешқашан” көмек алмағанын
хабарлаған.
3.22-кестеде сондай-ақ балалардың 41,3%-
ының өздеріне көңілсіз болған немесе ашуланған
кездерінде оларды мектептегі басқа баланың
“өте жиі” дем бере алатынын атағандары және
балалардың 43,5%-ының өздеріне көңілсіз
болған немесе ашуланған кездерінде оларға
мектептегі басқа баланың “кейде” дем бере ала-
тынын хабарлағандары көрсетілген. Салыстыру
үшін, балалардың 15,0%-ы өздеріне көңілсіз
болған немесе ашуланған кездерінде оларға
мектептегі басқа баланың “ешқашан” дем
бермейтінін мәлімдеді.
Қорытындысында, 3.22-кестеде біраз
балалардың мектепте өздері туралы уайым-
дайтынын білдіретін басқа баланың бар екенін
атап айтқандары көрсетілген. Шындығында,
балалардың 37,2%-ы (3-тен 1-і) мектепте
өздері үшін бәрібір емес екенін/уайымдайтынын
3.22-кестесі. Қатарластар тарапынан
көрсетілетін қолдау (сауалнама жүргізу)
Іріктеме
N=4207
n
%
Сен оған зәру болған кезде саған мектепте
басқа бала қалай жиі көмек көрсетті?
Ешқашан
402
9,6
Кейде
2182
51,9
Өте жиі
1617
38,4
Саған көңілсіз болған немесе сен ашуланған
кезде мектептегі басқа бала сені қалай жиі
жұбатты?
Ешқашан
633
15,0
Кейде
1831
43,5
Өте жиі
1739
41,3
Басқа бала саған сен туралы өзінің қаншалықты
жиі уайымдайтынын білдірді?
Ешқашан
1567
37,2
Кейде
1676
39,8
Өте жиі
959
22,8
Достарыңызбен бөлісу: |