Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет36/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73

77
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
3.21-кесте. Мектептегі зорлық-
зомбылыққа қатарластарының жауап 
қайтаруы (сұхбат)
Іріктеме  
N=402
Куә
Құрбан
n
%
n
%
Хабарлаған жоқ
147 36,6% 92 22,9%
Достарына айтқан
54 13,4% 34
8,5%
А т а - а н а л а р ы н а 
айтқан
49 12,2% 61 15,2%
Ағалары мен апа-
ларына айтқан
16
4,0%
18
4,5%
Мұғалімге айтқан
41 10,2% 28
7,0%
Мектеп инспекто-
рына айтқан
4
1,0%
3
1,0%
Мектеп директо-
рына айтқан
3
1,0%
2
0,5%
Мұғалім оқиға 
куәсі болған
16
4,0%
3
1,0%
Барлығы білген/ 
куә болған
31
7,7%
6
1,5%
Зорлық-зомбылық 
жасаған адамдарға 
қарсы тұрған
11
2,7%
6
1,5%
араласпайтынын сезетіндіктен, өздері мектеп-
те көрген зорлық-зомбылық туралы ешкімге 
айтпаған. Осы балалар оқшаулануды және 
жалғыздықты жиі сезінген.
«Жоқ, мен үйде мектепте өзіме не болып 
жатқаны туралы айтпаймын әрі менің ата-ана-
ма менімен не болып жатқанын білудің қажеті 
жоқ. Мен сырымды ішімде сақтаймын және 
ешкімге айтпаймын». [228]
«Мен ешкімге айтпаймын әрі менің ата-ана-
ма бәрібір, ал мектепте менің достарым жоқ. 
Балалар бар, мен олармен сөйлесемін, бірақ олар 
дос емес. Мен ешкімге айтпаймын».[90]
«Ешкім білмейді. Мен ешкімге қызық емеспін. 
Мен өзіммен-өзім жүремін». [79]
«Жоқ, мен ешкімге айтқан емеспін. Мен 
туыстарымның өзімді әлсіз деп санағанын 
және өзімді қорғай алмайтын етіп санауларын 
қаламаймын. Тіпті егер мен айтсам да, олар 
ешқандай әрекет етпейді. Менің әкем жоқ, ал 
менің анам мен үлкен ағам үнемі ішеді». [34]
Бірнеше бала мектепте балалардың арасын-
да болатын зорлық-зомбылық туралы ешкімге 
айтуға болмайтынын және балалардың өздерінің 
мұндай мәселелерді шешетіні туралы жазылмаған 
ереженің бар екенін растады. 
«Істі шешу кезінде олай етуге болмайтындықтан, 
достары да, бөтендер де, ешкім араласпайды». 
[152]
«Біз, жалпы, өз ісімізге мұғалімдерді де, үлкендерді 
де араластырмауға тырысамыз». [279]
«Мұғалімдерге мұндайды айтпайды және 
оқушылардың өздері бұл мәселелерді шешеді». [128]
Қорыта айтқанда, кейбір балалар мектептегі 
зорлық-зомбылық мәселелері туралы мектепте 
барлығының білетіні туралы пікір қалыптастырды; 
алайда, мектептегі зорлық-зомбылыққа ешкім 
ештеңе істей алмайды, ал кейбір жағдайларда 
ересектер балалардың мектептегі және 
қоғамдастықтағы осындай мәселелер туралы 
айтпауын көтермелеп отырады.
«Жоқ, мен үлкендерге айтқан жоқпын. Мен бұл 
туралы мұғалімдер біледі деп ойлаймын, бірақ 
ештеңе істей алмайды. Олар ұлдарға ұрысады, ал 
олар оны тағы істейді». [94]
«Бұл туралы бәрі біледі, тіпті ата-аналары-
мыз да. Ауылда бәрі-бірін-бірі біледі, бірақ ешкім 
ештеңе айтпайды». [360]
«Біз бұны тек сыныптастарымызбен ғана 
талқыладық. Директор және мұғалім ешкімге 
айтпауды және бұл туралы мектептен тыс 
жерлерде таратпау керек екенін тапсырды. 
Сондықтан біз ешкімге айтқан жоқпыз». [316]
Егер балалар өздері куә болған немесе өздері 
көрген мектептегі зорлық-зомбылық тура-
лы айтатын болса, олардың өз ата-аналары-
на, ағаларына/апаларына және/немесе до-
старына айтуы барынша ықтимал. Дегенмен, 
3.21 кестеде көрсетілгендей, мектептегі 
зорлық-зомбылық туралы айтатын болса, 
олардың өз ата-аналарына, ағаларына/апа-
ларына және/немесе достарына нақты айтқан 
балалардың пайызы едәуір төмен. Мектептегі 


78
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық куәлары болған балалар 
бұл туралы ата-аналарына, көп жағдайларда 
мектепте өздері куә болған зорлық-зомбылық 
туралы аналарына айтқандары және мұндай 
жағдайлардан қалыс қалуға кеңес берген ата-
аналарының іс-әрекеттері туралы айтты. 
«Мен анама төбелес туралы айттым. Анам: 
«Төбелесетін ұлдардан алысырақ жүр және ара-
ласпа» деді. [344]
«Мен анам мен әкеме айттым; мен ата-ана-
ма өзімнің қиындықтарым туралы үнемі айта-
мын. Менің ата-анам маған осындай жағдайда 
қалмау үшін абай болуымды қалайды». [314]
«Мен анама айттым, ол сосын маған олар-
мен араласпа деді. Анам мені ондай балалармен 
араласпауға үйретеді». [151]
«Мен үйде не болып жатқаны туралы айтпай-
мын да, бірақ ата-анам, негізінен, теріс көреді. 
Олар маған өзімді дұрыс ұстауым және ешкіммен 
ұрыспауым қажеттігін айтады». [119]
Мектепте зорлық-зомбылық көрген балалар 
сондай-ақ ата-аналарына өздерінің басынан өтіп 
жатқандары туралы айтты; дегенмен, ата-аналары 
балаларына берген кеңестер “бұзақылардан өзін 
алыс ұстаудан” бастап балаларды зорлық-зомбылық 
жасайтын адамдардан өздерін қорғауға және жауап 
беруге дейін айтарлықтай ерекшеленеді.
«Мен осы оқиғаны анама айтып бердім. Ол 
– менің ең жақсы көретін құрбым. Анам 
жағдайды түсініп, менің ол қызды елемеуге және 
араласпауға тиіс екенімді айтты». [370]
«Мен өз ата-анама айтып бердім және олар осы 
қызбен достас деп айтты. Олар маған сабырлы бо-
луды және оған назар аудармауды айтты». [368]
«Мен әкеме немесе анама айтамын, бірақ си-
рек. Әкем маған: «Өзіңді қорғауың керек, бірақ ең 
жақсысы ұстамды болып, бәрін бейбіт жолмен шеш. 
Ал содан соң ештеңе көмектеспесе, жұдырықты 
пайдалануды, бірақ ұрмай, оның қолын немесе аяғын 
ұстап тұруды, сол кезде қарсыласыңның сені өзінің 
жіберетінін» айтты. [308]
Одан басқа, жәбірленген басқа балалар өздерінің 
ата-аналарының мәселені шешу үшін мұғаліммен 
және/немесе мектеп директорымен кездесуге 
мектепке барғандары туралы айтты. Жәбірленген 
бір бала тіпті өзінің әкесінің оған қоқан-лоққы 
көрсеткен баланы қорқытқанын да айтты.
«Мен ата-анама айттым, сосын олар мектеп-
ке барып, мектеп директорымен сөйлесті, со-
дан соң сол баланың ата-анасын шақыртып бірге 
талқыға салды». [392]
«Мен анама айтып едім, ол бәрін әкеме жайып 
салды. Әкем мектепке барып, сол баламен және 
мұғаліммен сөйлесті. Енді ол маған тіл тигізбейді. 
Менің әкем егер осындай тағы қайталанса, оның 
тілін жұлып алатынын айтты». [217]
«Мен анам мен ағама шағымдандым. Олар мені 
құптап, анам тіпті мұғалімге келіп кетті, ал ол 
сол қыздармен сөйлесем деп уәде берді». [65]
Қорытындысында, бір бала анасының кеңесіне 
және мектеп директорымен бірлесіп мәселені 
шешуіне қарамастан, зорлық-зомбылықтың 
жалғасқанын айтып берді; сондықтан оның ана-
сы ақырында көшіп кетіп, өзін басқа мектепке 
ауыстырған. 
«Мен анама айттым. Алдымен ол маған бұған на-
зар аудармауды айтты, содан соң мектеп дирек-
торымен сөйлесті, бірақ бұл ештеңені өзгертпеді. 
Сондықтан біз осында көшіп келдік». [9]
Мектептегі зорлық-зомбылық куәлері және 
құрбандары болған балалар сондай-ақ мектептегі 
зорлық-зомбылық туралы ағасына немесе апасы-
на айтқаны туралы айтып берді. Көп жағдайларда 
балалар өздерінің туған үлкен ағаларына/апа-
ларына айтып берген, сондықтан егер олардың 
үлкен ағасы болса, мектептегі зорлық-зомбылық 
туралы үлкен ағаларына айтып берген. Балалар 
үлкен ағаларының зорлық-зомбылық жасаған 
адамдарға қарсы тұруға және зорлық-зомбылықты 
тоқтатуға көбіне жиі ниет еткендерін айтты. 
Төменде берілген дәйексөздерде жәбірленген 
балалар үлкен ағаларының араласқандары және 
оларды өкпелетушілерден қалай қорғағандары 
туралы әңгімелейді. 
«Мен ағама айтып бердім. Ағам өзінің достарын 
жинап, мәселені шешетінін айтты» [357]
«Мен ағама айтып бердім. Ағам бірінші жолы 
оларға жай ғана ескертті [үлкен ұлдар], бірақ 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау