Сыныпқа мінездеме
Саламатсыздар ма. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында Жібек жолы трассасының бойында Алғабас ауылы орналасқан. Алғабас ауылында Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебіне 20 жылы 1 сыныпқа 17 оқушы қабылданды, сыныпта 6 ұл оқушы және 11 қыз оқушы бар.
Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Магзамова Мейірім,
6 сынып белсенділері Сынып белсенділері өз міндеттерімен танысты.
Топ басшы - Магзамова Мейрим
Оқу секторы - Усипбекова Асылай
Мәдениет секторы - Мұрат Айғаным
Спорт секторы - Алден Жанай
Тазалық секторы- Ибаділда Ақбөпе
Редколлегия мүшелері- Құрманбек Абзал, Сайлау Іңкәр, Сайлаубек Айша
Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балалардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген оқушылар бар. Оқушылардың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Дегенмен сыныпта өте қозғалғыш оқушылар да жоқ емес, олармен үнемі жеке жұмыстар жүргізіліп, ақыл-кеңестер беріліп отырылады.Сынып оқушылары бір-біріне қамқоршы.Әр уақытта сынып жетекшісіне қолқанат.Қоғамдық жұмыстардан , мектепішілік іс -шаралардан қалыспайды . Әр бір оқушы өтіліп тұратын іс –шараларға белсене қатысады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 5, орташа оқитын балалар саны – 7, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға жақсы. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |