65
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
ұрмаймын, шамалап қана, бірақ көгертпеймін.
Менің командам немесе тобырым бар, бізді
мектепте сыйлайды, ал кейбір оқушылар
бізден қорқады. Иә, мектептегі балалар менен
қорқады». [132]
Басқа балалар ашулы болғандықтан немесе
көңіл-күйлері болмағандықтан, мектепте күш
қолданғандықтарын айтты.
«Көңіл-күйім болмаған кезде мен 5-сыныптың
баласын ұрдым. Достарыммен бәстесіп, жеңіліп
қалғандықтан, көңіл-күйім қатты бұзылып,
ашуландым. Біздің жай ғана кімнің күштірек
екенін білгіміз келді. Мен өз сыныбымның баласы-
мен төбелес бастадым». [42]
«Мен ашулы болғандықтан, бір баланы ұрдым.
Ол 3-сыныптан еді. Мен қатты ашулы едім.
Бұл таза төбелес болды, біз компьютер ойы-
ны бар дискіге таласып, келісе алмадық. Мен
өз сыныбымның баласымен төбелестім. Ол осы
дискі үшін төбелес бастады». [17]
«Мен асханаға келе жатқанда, бір бала мені
итеріп жіберді. Біз төбелесе кеттік. Бұл
қыркүйектің ортасында болды. Бұндай кейде
болады, бірақ жиі емес. Бұл бір балақай бола-
тын. Мен ашуланып, оның сазайын бергім келді.
ол мені бірінші болып ұрды. Біз бір-бірімізді ұрып
тастадық». [112]
Бұдан басқа, көптеген балалар өздерін сынып-
тастары қорлап, мазақтап немесе ренжіткені
үшін жауап ретінде күш қолданып, зорлық-
зомбылыққа жүгінгендері туралы айтты. Алайда
мұндай жағдайларда бұл міндетті түрде өзін-
өзі қорғау болып есептелмейді, себебі қарымта
ретінде күш қолданып, зорлық-зомбылық
көрсетуді мазақтаумен және қорлаумен өлшеуге
келмейді.
«Мен бір ер баламен төбелестім. Ол мені
мазақтап, итерді. Мен оны кітаппен ұрдым.
Маған бір қыз көмектесті. Ол да оны кітаппен
ұрды». [11]
«Мен сыныптасыммен төбелесе бастадым. Оған
тіл тигіздім, екеуміз төбелестік, бірақ қатты
емес. Біз бір-біріміздің мұрнымызды бұздық та,
үйге қайттық». [22]
«Иә, менің сыныптастарыммен бірге төбелеске
қосылған жағдайларым болды. Мен өзімнің сы-
ныптасыммен мені тілдеген соң төбелесе баста-
дым». [301]
Ақырында, кейбір балалар мектепте басқа
балаға қарсы күш қолданып, зорлық-зомбылық
жасағандарын айтты, себебі ол олардың
досының/құрбысының дәптерін алып, үй
жұмысын көшіріп алуға тырысқан.
«Менің 5 не 6 сыныпта бір қызбен төбелескенім
есімде. Ол ұқыпты болатын, маған күлетін, содан
соң біз төблестік. Ол маған өзінің үй жұмысын
көшіріп алуға бермейтін және маған күлетін, со-
дан мен оны ұрып жібердім. Бәрі жай ғана қарап
тұрды, ешкім араласқан жоқ». [34]
«Мен кеше сыныптасыммен төбелесіп қалдым,
өйткені ол үй жұмысын көшіріп алу үшін менің
дәптерімді алды, мен сосын дәптерімді бермей,
төбелестік. Сыныптастарымыздың жарты-
сы жай ғана қадағалап тұрды, содан соң біреуі
мұғалім келе жатыр деп айқайлаған соң, біз
орнымызға жүгіріп кеттік». [149]
Бір бала өзін бір күні мұғалімнің сыныпқа бас-көз
болуға тастап кеткенін және сабақтан қашып кеткісі
келген сыныптасына қарсы күш қолданып, зорлық-
зомбылық көрсетуге тура келгенін түсіндірді.
«Мен сыныптасымды ұрдым. Еңбек сабағының
мұғалімі мені сабақта сыныпқа бас-көз болуға
қалдырды, ал оның мені тыңдамай сабақтан
қашып кеткісі келді. Ол мені тыңдамағандықтан,
менің оны ұруыма тура келді». [21]
Өзін-өзі қорғау мақсатында күш қолдану
Жоғарыда айтылғандай, сұхбат жүргізілген
балалардың кемінде 10,0%-ы басқа баланың
немесе балалардың күш қолданып, зорлық-
зомбылық көрсетуінен қорғану үшін күш
қолданып, зорлық-зомбылық көрсеткендерін
айтты. Бір бала былай деп түсіндірді: «Мен өзімді
қорғау үшін жәбірлеушіге қарымта қайтардым»
[370]. Сонымен қатар, басқа балалар өздерін-
өздері қорғау мақсатында күш қолданып,
зорлық-зомбылық жасағандарын айтты.
«Мен ешқашан төбелесті бірінші болып бастаған
емеспін, бірақ егер кімде-кім тиісетін болса,
66
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
зорлық-зомбылық көрсеткендерін немесе сөзбен
қорлағандарын айтып берді.
«Бұл кейде болады. Мен басқа қыздарды
әжуалаймын. Мен оларды ақымақ деп айта ала-
мын. Басқа сыныптағы қыз өзін басқалардан
артық секілді тәкаппар сезінеді. Ол менен және
өзге қыздардан жақсы киінеді. Мен оны өзім
мазақтаймын». [276]
«Мен мектепте қыздарды күлкіге айналды-
ратынмын және жаман сөздер айтатынмын;
олар өздерін өздері өте ыңғайсыз жағдайға
қалдыратын. Мен бұны маған ұнамайтын және
мені ұнатпайтын сыныптастарыма, адамдарға
жасадым. Мен мұны өзім жасадым». [244]
«Мен оның барлық кемшіліктеріне күлетінмін.
Мысалы, оны “салпаң құлақ” дейтінмін. Одан
шертік алатынмын. Мен ешқашан төбелеске
қатыспайтынмын, тек қана қарап тұрамын.
Әдетте, жаңадан келгендерді олар сенімен
төбелесуден қорқу үшін бірден қорқытатынмын».
[398]
Өзге балалар өзара балалар арасында болатын
мазақтау, келемеждеу мен тіл тигізудә сипаттады;
дегенмен, осы тараудың алдыңғы бөлімдерінде
көрсетілгендей, көптеген балаларға тіл тигізіп,
оларды қорлап, қағытуды бастан кешіреді,
сондықтан “мені арандатқан кезде” деп жауап
береді [387]. Балалар көбінесе тіл тигізіп, қорлап
жауап қайтарады , ал кей жағдайларда күш
қолданып, зорлық-зомбылық көрсетеді.
«Мен дөрекі сөздер айтатынмын. Оқушылардың
өздері кінәлі, ал менің дөрекі сөйлеуіме тура келді;
олар өздері бастайтын». [355]
«Әдетте оқушылардың өздері кінәлі, ал менің
ұрысуыма тура келді. Олардың өздері бастайды.
Ал егер олар доғармайтын болса, менің оларға
ұрысуыма тура келеді». [354]
«Егер маған біреу тіл тигізетін болса, мен де оған
тіл тигіземін, себебі олар тіл тигізуді бірінші бо-
лып бастайды». [312]
«Мен солай бір рет қана жасадым. Ол қыз мені
арандатты және мен өзімді қорғау үшін жауап
қайтардым». [370]
мен жауап қайтарамын. Мен сыныптасыммен
төбелестім. Ол бірінші болып бастады, мені
мазақтап, ұрып, киімімді жыртты». [391]
«Мен ешқашан төбелеспеймін. Мен тек қана
қарымта қайтарамын. Бір бала мені бірінші
болып итеріп жіберді, сосын мен де қарымта
ретінде оны ұрдым». [272]
«Мен ешқашан төбелесті бірінші болып ба-
стамаймын, бірақ егер маған тиіссе мен үнсіз
қалмаймын. Мен бірден жауап беремін, әйтпесе,
олар мені қорықты немесе жалтақ деп ойлайды,
ал егер дәл солай қарымта қайтарсам, бірден
жайыма қалдырады. Мен өзімді қорғау үшін,
келесі жолы ешкім тиіспеуі үшін осылай жасай-
мын. Біз төбелесіп жатқан кезде ешкім арала-
спайды». [151]
«Мен өзімді қорғау үшін төбелес бастадым. Менің
сыныптасым мені мазақтап, тебеді». [216]
Кейбір балалар жоғары сыныптағы балалардың
кішкене оқушыларды бір-бірімен төбелесуге
мәжбүрлейтінін айтып берді. Кейде балалар
сондай-ақ олар өздерін басқа мектептің неме-
се ауданның балаларына арандататындарын
сезгендерін және өздерін әрі мектебін қорғау
үшін төбелесуге тура келгендерін айтты.
«Жоғарғы сыныптың балалары бізді төбелесуге
мәжбүрлейді. Біздің төбелесуімізге тура келеді.
Жоқ, мен олай жасамаймын. Мен бұны бұрын
жасамағанмын. Жоғарғы сыныптың балалары
мені достарыммен төбелесуге мәжбүрледі. Мен
төбелесті бірінші бастаған жоқпын. Олар мені
мәжбүрледі». [346]
«Біз бірде аудан мен ауданға бөлініп, топ болып
төбелестік. Басқа ауданның балалары баста-
ды. Олар бізді төбелесуге мәжбүрлеп шығарды
және төбелестірді , ал біз ештеңе айта алмай,
төбелесуге мәжбүр болдық». [236]
Психологиялық зорлық-зомбылық
Сұхбат жүргізілген 402 баланың арасында 32,0%-
ы (3-тен 1-і дерлік) мектепте психологиялық
зорлық-зомбылық жасағандарын айтты. Кейбір
балалар өздерінің басқа балаларға, басқа
баланың жанын ауырту үшін психологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |