Бекітемін:
Мектеп директоры А.И.Жамансарина
« » қыркүйек 20 жыл
Тамды орта мектебі қызметкерлерінің
ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және мектеп Жағысына сай құрастырылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және мектеп қызметмімен байланысты т.б сұрақтарды ретке келтіреді.
Қызметкерлердің міндеттереі лауазымдық нұсқаулықтары мен еңбек шартымен анықталады.
Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады.
Мектеп қызметкерлерінінң жалпы міндеттері
.Мектеп қызметкерлеінің міндеттері:
мектептің Жарғысында,ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындау;
еңбек тәртібін сақтау-жұмысқа уақытында келу,белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау,әкімшіліктің бұйрықтарын уақытылы орындау;
еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын,өндірістік санитарлық,өртке қарсы ережені және алдын ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау;
жұмыс орнының таза және ұқыпты ұстау,белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды ретпен сақтау;
мектептің оқушыларын мектептің мүлкіне ұқыпты қарауды үйрету, жылу, электр қуатын,материалдарды үнемдеу қолдану;
медициналық тексерістер туралы нұсқаулықтарында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен,қажетті егілуден өту.
. Мектептің педагог қызметкерлері еңбек және үзіліс уақытанда оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Оқушылардың жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде жабарлау тиіс.
. Оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға тыйым салынады.
Педагогтар оқушыларды сабақтар аяқталғаннан кейін келесі жағдайларда қалдыруға болады:
сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілгенде;
қоғамдық,сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар және дайындалғанда;
сыныптар,қосымша сабақтар;
мектепішілік кезекшілкте;
1.5. Педагогикалық кадрлардың аттестаттау туралы ережесіне сай педагогтар бес жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.
1.6. Мектептің әкімшілігі мұғалімнің шығармашылық жұмыстарына жағдай жасайды.
2.Педагогтар мен қызметкрелрің жұмыс уақыты және оны қолданылуы
2.1. Мектепте жұмыс апталығы 6 күндік белгіленген,жалпы жұмыс уақытты ұзықтылығы аптасына 40 сағаттан аспайды.
2.2 Педагогтардың сабақтарының жүктемесін мектеп директоры әдістемелік бірлестік пен кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша белгілейді.Жүктеменің көлемі,ережеге сай,оқу жылының барысында тұрақты.
2.3 Штаттық кестеде енгізілген қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзықтығы-9.00 ден бастапе 17.00 дейін орнатылған.
2.4 Директордың,оқу-тәрбие,тәрбие,шаруашылық жөніндегі директордың орынбасарларының жұмыс уақыттары 7 сағатпен асуы мүмкін.
2.5. Мұғалімдер сабақтың басталуына дейін 15 минут бұрын келулеріне міндетті.
2.6 Мұғалімдер қоңыраумен жұмысқа кіріседі.
2.7 Сынып жетекшісі өзіне сеніп тапсырылған сыныптың оқушыларын ыстық тамақпен ұйымдастыруына жауапты.
2.8. Апта сайын мектепішілік кезекшілік өткізіледі.Кезекші сыныптың міндетіне:
- келмеген оқушылар туралы мәлімет жинайды;
- тамақтануды ұйымдастыруға көмектеседі;
- гардеробтың реттілігін қамтамасыз етеді.
Бастауыш 1-4 сыныптарына өздері кезекшілік ұйымдастырады.
2.9.Каникул күндері жұмыс уақыты болып есептеледі. Каникулдық уақытында келмеген жұмыскерлер жұмысқа шықпаған болып саналады.
2.10. Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:
- өзінің көзқарасына қарай сабақ кестесін өзгертуге;
Мұғалімсіз оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға.
2.11. Оқу меңгерушісі мұғалімдер мен оқушыларды уақытында сабақ ауысуы туралы ескертеді.
2.12. Мұғалім сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда алдын-ала ескертуге міндетті.
2.13. Мектепте бірқалыпты педагогикалық ереже белгіленеді.
Осы Ереже бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер тәртіпті орындауларына міндетті.
Барлық қызметкерлер, осы Ереже бекітілгенге дейін жұмыс атқарған және жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде қолы қойылып таныстырылады.
Осы Ереже мектептің ішкі құжаты болып есептелінеді және ісжүргізу бөлімінде сақталады. Бір данасы мұғалімдер бөлмесінде болады.
КЕЛІСЕМІН:
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Кулбаева К.А.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |