Әуе трассаларында және жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін авиациялық әуе радиобайланысын ұйымдастырудың үлгілік сұлбасы
ӨО, ЖДП
ӨО, ЖДП
ӨО
ӨО, ЖДП
ӨО, ЖДП
Ауқым
Жиілік, МГц
Жабдық
Радиожелінің атауы
ӨЖЖ
ӨЖЖ
ӨЖЖ
ӨЖЖ
ӨЖЖ
ӨО аймағы, ЖДП
ӨО аймағы, ЖДП
ЖЖ аумағындағы ӨО өзара әрекет ету радиожелісі
ӨО аймағы, ЖДП
Апаттық-құтқару
Авиациялық электр байланысы құралдарының шартты белгілері Условные обозначения средств авиационной электросвязи
р.б. №№
|
Байланыс құралдары мен нысандарының атауы
|
Шартты белгілері
|
1
|
Радиостанса
|
|
2
|
Бас радиостанса *)
|
|
3
|
Әуе кемесіндегі радиостанса
|
|
*) - үшбұрыш қара түспен боялады
Пайдаланылатын қысқартылған сөздер: ӘК - әуе кемесі; ЖЖ - жоғары жиілік; ЖДП - жергілікті диспетчерлік пункт; ӘҚҚ - әуе қозғалысына қызмет көрсету; ӨЖЖ - өте жоғары жиілік; ӨО - өңірлік орталық.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша азаматтық авиация кәсіпорнының авиациялық жерүсті электробайланысын ұйымдастырудың үлгілік сұлбасы
Іргелес ӘҚҰА
Өңірлік орталық
ӘҚБ АҚК нысаны
ШРЛ
нысаны
КТЖ
нысаны
ЖҚЖ
нысаны
Қайта таратушылар
АФТН желісі
ӘІБ
желісі
ТОБЖ
ЖНП
Ескертпе: белгі арқылы бөгде операторлар жалға алатын байланыс арналары көрсетілген
Авиациялық электробайланыс құралдарының шартты белгілері
1. Радиобайланыс және радиорелелі байланыс құралдары
р.б.№№
|
Байланыс құралдары мен нысандарының атауы
|
Шартты белгілері
|
1
|
Радиостанса
|
|
2
|
Бас радиостанса
|
|
3
|
Автомобилдегі радиостанция
|
|
4
|
Шағын радиостанция (алып жүретін)
|
|
5
|
Радиотаратқыш
|
|
6
|
Радиоқабылдағыш
|
|
7
|
Радиорелелі станция
|
|
8
|
Радиорелелі станция (бір жартылай жинақ)
|
|
9
|
Спутникті байланыстың жердегі станциясы (СБЖС)
|
|
2. Сымдық байланыс құралдары
*) - шеңбер қара түске боялады
**) - алтыбұрыш қара түске боялады
***) - тікбұрышта жабдықтың атауы көрсетіледі
Пайдаланылатын қысқартулар:
АТИС - (англ.Automatic Terminal Information Service, ATIS).
AFTN - (англ.Aeronautical Fixed Telecommunication Network, AFTN).
ТОБЖ -талшықты-оптикалық байланыс желісі.
ӘІБ -әуежай ішіндегі байланыс.
КГЖ - курстық-глиссадтық жүйе ILS.
ЖНП - жеке навигациялық пункт.
ОРЛ - шолу радолокаторы.
ЖҚЖ - жеке қондыру жүйесі.
ӘҚҚ - әуе қозғалысына қызмет көрсету.
ӨЖЖ - өте жоғары жиілік.
ӘҚҚА - әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы.
АА ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына
24-қосымша
Хабарландыру категориясы және кезектілік тәртібі
1. Апаттық шақырулар, апат туралы хабарландырулар.
2. Шұғыл хабарландырулар.
3. Ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарландырулар.
4. Метеорологиялық хабарландырулар.
5. Ұшу тұрақтылығына қатысты хабарландырулар.
NОТАМ хабарландыруы 2) – 5) қоса тармақшаларында аталып шыққан кез келген категорияларына жату мүмкін. Категория әуе кемесі үшін NОТАМ хабарландыруының мазмұны мен маңыздылығымен айқындалады.
АА ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына
25-қосымша
AFTN желісінде жұмыс істеу технологиясы
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының тіркелген авиациялық электр байланысы желісінде жұмыс істеу технологиясы (бұдан әрі - Технология) осы ережелер, халықаралық стандарттардың және «Авиациялық электр байланыс, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымша, ІІ том» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының негізінде әзірленген.
Технология Қазақстан Республикасының AFTN желісінде байланысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
AFTN желісінде төмендегі хабарламалар өңделеді:
1) апат туралы;
2) шұғыл;
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты;
4) метеорологиялық;
5) ұшу тұрақтылығы туралы;
6) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметтері;
7) авиациялық әкімшілік;
8) қызметтік.
4. Барлық AFTN станциялары Дүниежүзілік үйлестірілген уақытты (бұдан әрі - UTC) қолданады. Түн жарымы тәуліктің соңы – 24 00, ал тәуліктің басы - 00.00 болып саналады.
5. «Күн-уақыт» тобы төрт цифрдан тұрады; алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі – сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді.
6. AFTN желісіне хабарлама мәтінің жіберуге дайындағанда келесіні сақтаған қажет.
Ақпараттарды, индекстерді, қысқаруларды, әріптерді, белгіленген белгілер тырнақшаға алынбайды.
2. AFTN желісін ұйымдастыру
7. Желіні жедел басқаруды кәсіпорынның Бас хабар тарату орталығы жүзеге асырады.
8. Желі Хабар тарату орталықтары мен шеткі станциялар кәсіпорынның филиалдары орналасқан жерге байланыстырылған тұрақты сипатқа ие.
3. AFTN станциясына жеделхаттарды толтыру және тарату 1-параграф. Хабарлама түрлері
9. Хабарламалар өңдеу (AFTN станциясы арқылы өту) сатысына қарай төмендегілерге бөлінеді:
1) шығыс – жіберушілерден қабылдап алынған және осы станциядан желіге таратылатын хабарламалар;
2) транзиттік – осы станция арқылы өтетін және сонда өңделетін хабарламалар;
3) кіріс – желіден осы станцияға келіп түскен және осы станция адресаттарына жеткізілуге тиіс хабарламалар.
10. Жіберуші жасайтын адрестік тармаққа қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:
1) бір мекенжайлы – адрес тармақ құрамында бір адресат индексі болады;
2) көп мекенжайлы – адрестік тармақ құрамында екі не одан көп адресат индексі немесе алдын ала анықтап таратуға арналған адрес индексі болады.
11. Мәтініне және өңдеу тәсіліне қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:
1) нысандалған – қатаң белгіленген нысан бойынша құрастырылған мәтін;
2) қарапайым (мағыналық).
2-параграф. Хабарлама санаттары
12. AFTN желісінде төмендегі санаттағы хабарламалар өңделеді:
1) апаттар туралы («СС» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына тікелей қауіптің төніп тұруы туралы хабарлайтын жылжымалы станция хабарламалары, сондай-ақ апатқа ұшыраған жылжымалы станцияға қажет шұғыл көмекке қатысты басқа хабарламалар жатады;
2) шұғыл («ДД» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына әуе кемесінің, немесе басқа көлік құралдарының, немесе ӘК бортындағы не көзге көрінетін жердегі қандай болмасын тұлғаның қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар жатады;
3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар («ФФ» шұғылдық индексі) төмендегілерді қамтиды:
ICAO PANS-ATM (Doc 4444) құжатында белгіленгендей, қозғалыс пен басқару туралы хабарламалар;
ұшып бара жатқан әуе кемесіне немесе ұшып шығуға дайындалып жатқан әуе кемесіне тікелей қатысы бар ұшу-пайдалану агенттігі толтырған хабарламалар;
«SIGMET» ақпаратымен, борттан келіп түскен арнайы хабарламалармен, «AIRMET» хабарламаларымен, вулкан күлі мен тропикалық циклондар туралы ақпаратпен және нақтыланған болжамдармен шектелген метеорологиялық хабарламалар.
4) метеорологиялық («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
ауа райы болжамы, мәселен, әуеайлақ, аудан, маршруттар бойынша болжамдар туралы;
бақылаулар мен хабарламаларға қатысты, мысалы, METAR, SPESI;
5) ұшу тұрақтылығы туралы хабарламалар («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламалардан тұрады:
салмақтық және орталықтандыру параметрлерін анықтау үшін әуе кемелерінің тиелуі туралы;
әуе кемелерінің ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы;
әуе кемелеріне қызмет көрсету туралы;
қалыпты кестеден ауытқу себебінен жолаушылар, экипаж және жүкпен байланысты ұжымдық қажеттілік туралы;
жоспарланбаған қону туралы;
ӘК тұрақты емес ұшуына аэронавигациялық және пайдалану қызметтерін көрсетуге қатысты ұшу алдындағы шаралар туралы. Мысалы, ұшып өтуге рұқсат сұрау;
ұшу-пайдалану агенттіктері құрастырған, әуе кемесі ұшып келген немесе ұшып шыққан уақыты көрсетілетін хабарламалар;
әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде қажет қосалқы бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламалар;
6) ААҚ хабарламалары («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
NOTAM-ға қатысты хабарламалар;
SNOWTAM-ға қатысты хабарламалар;
7) авиациялық әкімшілік хабарламалар («КК» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:
қауіпсіздікті, әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құралдарды пайдалану немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге қатысты;
аэронавигациялық ақпарат қызметінің жұмысына қатысты;
азаматтық авиацияның өкілетті органдары алмасатын және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты;
шұғылдық дәрежесіне қарай авиапошта немесе басқа желілер арқылы жіберілмейтін хабарламалар;
8) қызметтік хабарламалар (жағдайға қатысты қолданылатын шұғылдық индексімен). Хабарламалардың бұл санатына ақпаратты немесе AFTN станциясы дұрыс таратпады деп болжанған басқа хабарламаларға қатысты растауларды, арналардағы нөмірлер ретінің растауын және т.б. алу мақсатында AFTN станциялары құрастырған хабарламалар.
AFTN станциялары қызметтік хабарламаларды орыс тілінде де, латын тілінде де жасауды және тануды қамтамасыз етеді. Қызметтік хабарламалар тіркелімі шектес AFTN станцияларының келісуі арқылы белгіленеді.
«СС» («SS») шұғылдық индексі бар хабарламалардың алғандығын растайтын хабарламаларды қоспағанда, басқа қызметтік хабарламалар мәтіндегі бірінші топ секілді СЖЦ (SVC) қысқарған сөзімен белгіленеді.
Қызметтік хабарламадағы алынған хабарламаға сілтеме жасау тиісті таратылымды белгілеу топтарының немесе дереккөздің көмегімен жүргізіледі.
Хабарламаны кешіктіру немесе алмау себептерін анықтауға қатысты қызметтік хабарламалар осы Технологияның 1-қосымшасына сәйкес хабарламаларды кешіктіру немесе алмау себептеріне тексеру жүргізу ретімен сұралған хабарлама сонда өңделген AFTN станцияларына жіберіледі.
3-параграф. Таратылым кезектілігі
13. AFTN станциялары хабарламалардың бұрмалаусыз өтуін қамтамасыз етеді.
14. Көлемі 160 белгіге дейінгі шығыс жеделхаттар үшін желіге таратудың төмендегі уақыт нормативтері белгіленген:
1) «СС» («SS») шұғылдық индексімен кезектен тыс, кідірмей;
2) «ДД» («DD»), «ФФ» («FF») шұғылдық индекстерімен 5 минутқа дейін;
3) «ГГ» («GG») шұғылдық индекстерімен 10 минутқа дейін;
4) «КК» («KK») шұғылдық индексімен 30 минутқа дейін.
Көлемі 160 белгіге дейінгі жеделхаттарды тарату уақыты әрбір қосымша 100 белгіге 1 минутқа көбейеді.
Көп мекенжайлық жеделхаттарды тарату уақыты осы Технологияның 26-тармағына сәйкес белгіленеді.
15. Транзиттік хабарламалар үшін AFTN станцияларында хабарламалар таратылымының (қайта таратылуының) төмендегідей кезектілігі белгіленеді:
Таратылым Шұғылдық
кезектілігі индексі
1 «СС»;
2 «ДД ФФ»;
3 «ГГ КК».
Бірдей шұғылдық индексі бар хабарламалар AFTN станциясына келіп түскен ретпен таратылады.
4-параграф. Жеделхаттарды құрастыру және AFTN станциясына беру
16. Технологияның 12-тармағында көрсетілген санатқа жататын хабарламалар ғана AFTN желісіне тарату үшін қабылданады.
17. Хабарламаларды желіге таратудың тиімділігін анықтау және мәтіннің дұрыс жазылуы хабарламаны құрастырған жіберушіге жүктеледі. AFTN станциясының қызметкерлері желіге тарату үшін станцияға жеткізілген жеделхаттың мәтінін өзгертпейді және түзетпейді.
18. AFTN желісіне таратуға арналған жеделхатты жіберуші құрастырады және адрестік жолы, дереккөз, мәтін және қызметтік мәліметтер болуы және олар төмендегі нысанға сәйкес келуіді:
«00 ХХХХХХХХ»;
«000000 YYYYYYYY»;
«МӘТІН»
___________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні және қолы
Орынд.: тұлғаның лауазымы, аты-жөні;
Телефон № (міндетті емес);
Күні (саны, айы, жылы);
ондағы, «00 ХХХХХХХХ» – адрестік жол (00 – шұғылдық индексі, «ХХХХХХХХ» – адрес индексі). Адрестік жолда бірнеше адресаттың индексі болуы мүмкін;
«000000 YYYYYYYY» – дереккөз («000000» – жеделхатты беру уақыты,
«YYYYYYYY» – жіберушінің индексі);
«Мәтін» – жеделхаттың мәтіндік бөлігі. Мәтіндік бөлігі қызметтік мәліметтерден тұтас көлденең сызықпен бөлінеді.
19. Хабарлама төмендегідей құрастырылуға тиіс:
1) егер адрестік жолдағы адресаттардың барлық индекстері «У» («U») әрпінен басталса, орыс немесе латын әліпбиінде;
2) егер адрестік жолдағы адресаттардың біреуі болса да «У» («U») әрпінен басқа әріптен басталатын болса, латын әліпбиінде.
Жеделхатта латын әріптерімен орыс сөздерін жазу қажет болса, осы Технологияның 2-қосымшасына сәйкес хабарламаларда латын әріптерімен орыс сөздерін жазу үшін пайдаланатын орыс алфавитінің латын әріптеріне сәйкестік кестесі қолданылады.
20. AFTN жіберу станциясы желіге тарату үшін желіге төмендегі жеделхаттарды қабылдайды:
1) осы мақсатта пайдалануға рұқсат етілген тізбек арқылы алынған;
2) жіберуші станцияға жеткізген және осы Технологияның 18-тармағында көрсетілген нысанға сәйкес келетін, көлемі жазу парағының жартысынан кем болмайтын қағазға немесе арнайы дайындалған бланкіге сиямен немесе қара түсті пастамен қолдан жазылған, немесе басып жазылған және қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қойған.
AFTN станциясы бар азаматтық авиация ұйымымен (филиалмен) келісу белгісі бар жеделхаттарға қол қоюға құқығы бар лауазымдық тұлғалардың тізімінің түпнұсқасы осы Технологияның 3 қосымшасына сәйкес, жөнелтушіге қызмет көрсетілетін станцияда сақталады.
21. Қызметтік мәліметтерде қол жеделхат бланкісінде көрсетілген лауазымдық тұлға сәйкес болуы тиіс.
Лауазымдық тұлға уақытша болмаған жағдайда, рұқсат етілген шұғылдық категориясы мен индексімен жеделхатқа оның міндетін атқарушы қол қояды. Бұл жағдайда жеделхатқа қол қоюшының уақытша лауазымы көрсетіледі.
Егер жеделхат бланкісінде, қызметтік мәліметтерде бірнеше лауазымдық тұлғалар көрсетілсе, онда көрсетілген тұлғаларлың қолдары болуы тиіс. Осы жағдайда жеделхат жөнелту үшін желіге, тек қана бұл жеделхаттағы шұғылдық категориясы мен индексі көрсетілген лауазымдық тұлғалардың біреуіне қол қою құқығы бар лауазымдық тұлғалардың тізімінде рұқсат етілген болса ғана қабылданады.
22. Жөнелтуші жеделхатқа түзетулер жасауға, қосымшалар енізуіне, бөгеуге немесе оны жібермеуіне болады. Жөнелтушінің барлық іс-әрекеті осы жеделхат бланкісінде расталады. Егер жеделхат жөнелтілген болса, онда түзету, қосымша енізу үшін немесе жою үшін жөнелтуші бөлек жеделхат жібереді.
23. AFTN шығыс станциясы арқылы жіберілген шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары және барлық хабарламалардың толық көшірмелері жөнелту AFTN станциясында күнтізбелік 30 күн ішінде сақталады.
24. Желіге беру үші жеделхаттар AFTN станциясына бір данадан ұсынылады. AFTN станциясында өңдеуге қабылданған жеделхаттардың түпнұсқалары жөнелтушілерге қайтарылмайды.
25. Жеделхат төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1) мекенжайлық жолға индекстер кіреді:
шұғылдылық;
мекенжай (жолданушы).
Шұғылдылық индексі тиісті екі әріпті топтан тұрады және мекенжайлардың бірінші жолында көрсетіледі. Жеделхаттың шұғылдылық индексі оның мазмұнына байланысты жеделхатқа қол қойған тұлғамен анықталады.
Жолданушының индексі сегіз әріптен тұрады және, алдын ала анықталған беру мекенжайының индексін қоспағанда төмендегілерден тұрады:
белгіленген пунктің орналасқан жерінінің төрт әріпті көрсеткіші;
хабарлама жіберілетін мекемені/ функционалдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агентігі) көрсететін екі немесе үш әріпті шартты белгі;
қосымша хабарлама жіберілетін бөлімді, бөлімшені немесе мекеменің/ функционалдық бөлімшенінің аясындағы үрдісті белгілейтін әріп(тер). Алушы мекенжай индексі жеті немесе алты әріптерімен анықталған болса немесе тура белгілеуді қажет етпейтін болса «Ь» әріпі («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») қолданылады.
AFTN станциясы бір жерде немесе әр жерде болса да, әрбір мекенжай индексі үшін жолданушының бөлек индексі қолданылады.
Мекенжай жасау үшін қолданылатын индекстер тізбесі төменде көрсетіледі:
индекстер жинағы;
Doc 7910 ICAO – «Орналасу көрсеткіштері (индекстер)»;
Doc 8585 ICAO – «Ұшу-пайдалану агенттіктердің, авиациялық өкілеттік органдар мен қызметтердің шартты белгілері».
Егер хабарлама үш әріпті белгі берілмеген мекемеге немесе ол мемлекеттер индекстерінің жинағында көрсетілмеген мекемеге жіберілсе, онда орналасу белгіленген пунктінен кейін ICAO «ЫЫЫ» («YYY») (немесе үш әріпті шартты белгі ICAO «ЫЬЫ» («YXY») жүреді, қызмет/мекеме болса). Бұл жағдайда мекеменің-жолданушының атауы жеделхат мәтіннің бірінші элементіне кіреді. Осы Технологияның 4 қосымшасына сәйкес Хабарламалардың форматында көрсетілген «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») жүретін сегізінші «Ь» («Х») толтырушы -әріп болып табылады.
Егер хабарлама әуедегі әуе кемесіне жіберілетін болса, осыған байланысты оған жіберілетін жолдың бөлігі авиациялық электрбайланыс каналдары арқылы ретрансляцияға дейін AFTN желісі арқылы өтеді, әуе кемесіне хабарлама беруі тиіс авиациялық станцияның орналасу индексінен кейін ICAO «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріпті шартты белгі жүреді. Сегізінші «Ь» («Х») толтырушы -әріп болып табылады. Бұл жағдайда осы Технологияның 4 қосымшасына сәйкес Хабарламалар форматында көрсетілген ӘК тану белгісі жеделхат мәтінінің бас жағына кіргізіледі.
Жеделхатты жетіден астам жолданушыға беру қажеттілігінде осы Технологияның 26 тармағын басшылыққа алынады;
2) дереккөзге кіреді:
жеделхатты беру уақыты;
жөнелтушінің индексі;
қосымша мекенжай (қажеттілік болған жағдайда).
Жеделхатты беру уақытына 6 саннан тұратын «күн-уақыт» топ кіреді, алғашқы екі сан күн мен айды білдіреді, ал соңғы төртеуі сағат және минутты білдіреді (UTC). Уақыт 24-сағаттық есеппен есептеледі.
AFTN станциясының қызметкері бланкіде көрсетілген жедедхат беру уақытын станциядағы шынайы уақытпен сәйкес келуін тексереді. Уақытта айырмашылық болған жағдайда, бұл осы Технологияның 14 тармағының талаптарын орындауға мүмкіндік бермеуге алып келетіндіктен, AFTN қызметкері жөнелтушіге жеделхатты беру уақытын өзгертуді қажет екенін хабарлайды.
Жеделхаттарды AFTN станциясына жеделхатты беру уақытын көрсетпей беруге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда жеделхатты беру уақытын AFTN қызметкері жазады және жеделхатты қабылдау уақытына сәйкес келеді.
Жөнелтушінің индексі «БОС ОРЫН» позициясынан кейін тікелей жүретін сегіз әріптен тұрады және оған төмендегілер кіреді:
хабарлама жасалған, орналасу пунктінің төрт әріптік көрсеткіші;
жеделхатты жасаған шартты мекемені/функционалды бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агентігі) білдіретін екі немесе үш әріптік таңба;
қосымша хабарлама жіберілетін бөлімді, бөлімшені немесе мекеменің/ функционалдық бөлімшенінің аясындағы үрдісті белгілейтін әріп(тер). Алушы мекенжай индексі жеті немесе алты әріптерімен анықталған болса немесе тура белгілеуді қажет етпейтін болса «Ь» әріпі («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») қолданылады.
Егер хабарлама үш әріпті белгі берілмеген мекемеге немесе ол мемлекеттер индекстерінің жинағында көрсетілмеген мекемеге жіберілсе, онда орналасу белгіленген пунктінен кейін ICAO «ЫЫЫ» («YYY») (немесе үш әріпті шартты белгі ICAO «ЫЬЫ» («YXY») жүреді, қызмет/мекеме болса). Бұл жағдайда мекеменің-жолданушының атауы жеделхат мәтіннің бірінші элементіне кіреді. Осы Технологияның 4 қосымшасына сәйкес Хабарламалардың форматында көрсетілген «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») жүретін сегізінші «Ь» («Х») толтырушы -әріп болып табылады.
Егер әуедегі хабарлама әуе кемесіне жіберілетін болса, осыған байланысты оған жіберілетін жолдың бөлігі авиациялық электрбайланыс каналдары арқылы ретрансляцияға дейін AFTN желісі арқылы өтеді, әуе кемесіне хабарлама беруі тиіс авиациялық станцияның орналасу индексінен кейін ICAO «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріпті шартты белгі жүреді. Сегізінші «Ь» («Х») толтырушы - әріп болып табылады. Бұл жағдайда осы Технологияның 4 қосымшасына сәйкес Хабарламалар форматында көрсетілген ӘК тану белгісі жеделхат мәтінінің бас жағына кіргізіледі.
Жеделхаттағы ақпаратты қосымша мекенжайға дереккөз және тағайындау станциясымен алмасу қажет болған жағдайда, оны міндетті емес мәліметтер жолына (ODF) енгізу керек. Бұл жағдайда жөнелтушінің индексінен кейін төмендегілер қосылады:
Бос орын, бір және нүкте (1.) – қосымша мекенжайдың қызметінің параметрлік кодын белгілеу үшін;
модификатордың үш белгісі «СЖЦ» немесе «SVC», жөнелтушінің мекенжайы жазылған алфавитке байланысты), бұдан кейін теңдік белгісі (=) және ICAO белгілеген 8-мәнді мекенжай жүреді;
және сызықша белгісі (-) – қосымша мекенжай жолының параметрінің соңын таңбалау үшін.
Қосымша мекенжайды қосу мысалы:
«121312 LGGGZTZX 1.SVC=UAAAOEGX-»
Осы хабарламаның қосымша AFTN станциялары арқылы өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін, жөнелтушінің жолына қосымша мекенжайды қосуға тек жөнелту AFTN станциясымен келіскен жағдайда ғана рұқсат етіледі.
«СС» («SS») шұғылдылық категориясымен апат туралы хабарламаны жіберу кезінде жөнелту AFTN станциясы жөнелтушінің индексінен кейін, дереккөз жолына осы Технологияның 34 тармағының 4) тармақшасына сәйкес шұғылдылық белгісін қосады;
3) жеделхат мәтіні қысқаша, түсінікті түрде, көпшілікке түсінікті сөйлемдерді, сондай-ақ қысқартуларды пайдалана отырып жазылады.
Жеделхат мәтінінде орыс немесе латын алфавитін, сандарды және төмендегі белгілерді қолдануға болады:
- (сызықша);
? (сұрақ белгісі);
: (қос нүкте);
( (ашық дөңгелек жақша);
) (жабық дөңгелек жақша);
. (нүкте);
, (үтір);
' (апостроф);
= (теңдік белгісі);
/ (бөлгіш қиғаш сызық);
+ (қосу белгісі).
Мәтінде басқа белгілер қолданылмайды. Басқа белгілерді қолдану қажет болған жағдайда, мәтін түсінікті болу үшін әріптермен толық көрсетуге болады (% - пайыз).
Жеделхат мәтіні белгілердің үздіксіз бірізділігіннен құралуы тиіс:
«ЗЦЗЦ»;
«ZCZC»;
«+:+:»;
«НННН»;
«NNNN»;
«,,,,».
Қажет болған жағдайда осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілгендей жеделхаттың бас жағына мекеменің атауы енгізіледі.
Хабарламалардағы ICAO «ЫЬЫ» («YXY»), «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріптік шартты белгілер екі немесе одан көп мекемелерге жататын болса, мәтіндегі белгілердің бірізділігі мекенжайды және хабарлама дереккөздерін көрсететін белгілердің бірізділігіне сәйкес болады. Мұндай жағдайда әрбір мекенжай жаңа жолда көрсетіледі. Хабарламаны жасаған мекеменің алдында («ЫЬЫ», «YXY», «ЫЫЫ», «YYY», «ЗЗЗ», «ZZZ»), «КІМНЕН» («FROM») сөзін қоса. Бұл белгілердің соңында мәтіннің басқа бөлігінде «ТОҚТА» («STOP») сөзі кіреді. Жеделхаттың қалған бөлігі жаңа жодан басталады.
AFTN желісі бойынша жіберілетін хабарлама мәтіні 1500 баспа белгілерінен аспауы тиіс.
1500 баспа белгілерінен асатын жеделхат мәтінін AFTN желісі арқылы жіберу қажет болған жағдайда, осы тармақта жазылған ережелерге сәйкес, жөнелтуші жеделхаттың 1500 баспа белгілерінен аспайтын бірнеше бөлімін жасай алады (бір дереккөзден).
Бөлімдердің саны минималды болып табылады. Жеделхаттың әр бөлімінің бірдей мекенжайы мен дереккөзі болуы тиіс және төмендегі үлгі бойынша толтырылады:
Жеделхат мәтінінің соңғы жолында әр бөліктің реттік саны төмендегідей көрсетілуі тиіс:
(бірінші хабарламаның соңы) «//01 БӨЛІМНІҢ СОҢЫ//» («//END PART 01//»);
(екінші хабарламаның соңы) «//02 БӨЛІМНІҢ СОҢЫ //» («//END PART 02//»); ... және с. с;
(соңғы хабарламаның соңы) «//ХХ/XX БӨЛІМНІҢ СОҢЫ //» («//END PART XX/ХХ//»).
«XX» - соңғы бөлімнің нөмірі, бөлім саны.
Жөнелтушіге 1500 баспа белгілерінен асатын жеделхат мәтінінен асатын бір жеделхатты тарату AFTN станциясына ұсынуына рұқсат беріледі. Бұл жағдайда AFTN қызметкері өз бетінше, келісімсіз осы тармақшаның жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес бір дереккөзбен бірнеше хабарлама жасайды.
Жөнелтуші AFTN станциясы үшін әр жасалған бөлім шығыс жеделхат болып табылады. Әр бөлікті жіберу уақыты осы Технологияның 14 және 26 тармақтарымен анықталады.
Жеделхат блакісінің мәтіндік бөлігін толтыру кезінде бір жолдағы бос орындарды ескере отырып белгілердің саны 69 аспауы тиіс екенін ескеру керек.
Мәтінді келесі жолға ауыстыру, оны бөлмей бүтін тобымен (екі бос орындар арасында) ауыстыру ғана рұқсат етіледі;
4) қызметтік мәліметтерге төмендегілер кіреді:
қолымен расталатын жөнелтушінің лауазымы және аты-жөні;
жеделхатты орындаушының аты-жөні және қажет болған жағдайда телефоны;
жеделхатқа қол қою күні (күн, ай, жыл);
қажет болған жағдайда түзетуді растау және жөнелтушінің қолы.
26. Жөнелтуші AFTN станциясына ұсынылған көп мекенжайлы жеделхат желіге қосалқы AFTN станциясының хабарламаларды өңдеу алгоритміне сәйкес беріледі. Жөнелтуші AFTN станциясы берген бір дереккөзді хабарлама саны қосалқы AFTN станциясында өңделетін бір хабарламада мекенжай көрсеткіштерінің санымен анықталады (максималды жеті немесе жиырма бір).
Осы жағдайда:
1) AFTN қызметкері жөнелтушімен келіспей, өз бетінше бір дереккөзді қажетті минималды хабарламалар санын жасайды. Хабарлама жасау барысында әр хабарламаның бір мекенжай жолына (мекенжай тобы) мекенжай индекстері қолданыстағы ұйымдастырылған желі сызбасына сәйкес енгізіледі;
2) жөнелтуші AFTN станциясы үшін хабарламаның барлық мәліметтері шығыс жеделхаттар болып есептеледі. Бірінші хабарламаны беру осы Технологияның 14 тарауына сәйкес анықталады, кейінгі әр хабарламаның беру уақыты алдыңғы жеделхатқа қатысты бес минутқа ұлғайып отырады.
4. AFTN желісіндегі хабарлама форматы
1 параграф. Жалпы қағида
27. Хабарламаларда төмендегі белгілер қолданылуы мүмкін:
1) № 2 халықаралық телеграф коды үшін («ITA-2»):
латын тіркелімінде:
«A B C D Е F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z»
орыс тіркелімінде:
«А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ы Ь Я»
сан тіркелімінде:
«1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 Э Ю Щ Ш Ч»
қосымша белгілер:
- (сызықша);
? (сұрақ белгісі);
: (қос нүкте);
( (ашық дөңгелек жақша);
) (жабық дөңгелек жақша);
. (нүкте);
, (үтір);
' (апостроф);
= (теңдік белгісі);
/ (бөлгіш қиғаш сызық);
+ (қосу белгісі).
келесі белгілер осы Технологияның 6 қосымшасына сәйкес МТК-2 («ITA-2») халықаралық телеграфтық кодқа сәйкес жүреді:
№ 1 – 3 белгілері – әріптік және сандық көрсеткіште;
№ 4 белгі – тек әріптік тіркелімде;
№ 5 – 32 белгілер - әріптік және сандық көрсеткіште;
2) № 5 («IA-5») халықаралық код үшін:
«0/1 – 0/3»; «07» белгілері – шұгылдылық белгілерінде; «0/10»; «0/11» – бірізділіктің аяқталуында; «0/13»; «0/14» және «0/15» – орыс және латын шрифтін таңдау үшін;
«2/0», «2/8 – 2/9», «2/11 – 2/15» белгілер;
«3/0 – 3/10», «3/13», «3/15» белгілер;
«7/15» белгісі;
осы Технологияның 6 қосымшасына сәйкес № 5 («IA-5») халықаралық кодтың 7Н0 кестесіне сәйкес латын шрифті;
«4/1 – 4/15» белгілер;
«5/0 – 5/10» белгілер;
осы Технологияның 6 қосымшасына сәйкес № 5 («IA-5») халықаралық кодтың 7Н1 кестесіне сәйкес орыс шрифті;
«6/0 – 6/15» белгілер;
«7/0 – 7/14» белгілер.
28. Хабарламаға төмендегілер кірмеуі тиіс:
1) № 2 («ITA-2») халықаралық телеграф коды үшін:
№ 26, 3, 26, 3 белгілерінің кез-келген үздіксіз бірізділігі (әріптік және сандық тізілімдер – «ЗЦЗЦ +:+:») белгіленген тәртіпте, тақырыптағы бірізділікті қоспағанда;
№ 14 белгісінің кез-келген үздіксіз бірізділігі (әріптік және сандық тізілімдер – «НННН ,,,,»), аяқталудағы бірізділікті қоспағанда;
2) № 5 («IA-5») халықаралық коды үшін:
«0/1» («SOH») белгісі, жеделхаттың тақырыбында пайдаланудан басқа;
«0/2» («STX») белгісі, «дереккөз» жолында пайдаланудан басқа;
«0/3» («ETX») белгі, оны жеделхаттың аяқталуында қолданудан басқа;
«5/10», «4/3», «5/10», «4/3» белгілердің мына реттегі («ZCZC»), орыс нұсқасында «7/10», «6/3», «7/10», «6/3» («ЗЦЗЦ») кез-келген үздіксіз бірізділігі;
«2/11», «3/10», «2/11», «3/10» белгілердің мына реттегі (+:+:)кез-келген үздіксіз бірізділігі;
«4/14» белгісінің («NNNN») төрт рет қайталанған, орыс нұсқасында «6/14» («НННН») кез-келген үздіксіз бірізділігі;
«2/12» белгісінің (,,,,) төрт рет қайталанған кез-келген үздіксіз бірізділігі.
29. бақылау хабарламалар мен бақылау арналық хабар беурден басқа барлық хабарламаларға, осы Технологияның 7 қосымшасына сәйкес «ITA-2» хабарлама үлгісінде және осы Технологияның 8 қосымшасына сәйкес «ITA-5» хабарлама үлгісінде көрсетілген компоненттерін құрайды.
30. Осы Технологияның 9 қосымшасында көрсетілген қысқартулар мен AFTN желісінің хабарламаларында қолданылатын нөмірленбеген белгілер.
2 параграф. № 2 («ITA-2») халықаралық телеграф коды
31. МТК-2 («ITA-2») халықаралық телеграф кодында кейбір белгілерге берілген қызметтерді көрсету үшін осы Технологияның 5 қосымшасына сәйкес төмендегі белгілер қолданылады:
Белгі Мәні
«<» КҮЙМЕШЕНІҢ ҚАЙТУЫ (№ 27 белгі);
«≡» ЖОЛДЫҢ АУЫСУЫ (№ 28 белгі);
«» ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСУ (№ 29 белгі– латын; № 32 белгі – орыс);
«» САНДЫҚ ТІЗБЕГЕ АУЫСУ (№ 30 белгі);
«» БОС ОРЫН (№ 31 белгі);
«» БОС ОРЫН БЕЛГІСІ;
«<≡» ТҮЗЕТУ ҚЫЗМЕТІ;
«≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡» ОРАМДЫ БІР ПАРАҚҚА БЕРУ (№ 28 7 белгі);
«» ХАБАРЛАМАНЫ БӨЛУ БЕЛГІСІ (№ 2912 белгі).
Тақырыпқа төмендегілер кіреді:
хабарлама басының белгісі - «ЗЦЗЦ» («ZCZC») белгілері;
арна таңбасын және арналық реттік нөмірді қосатын хабарлама беру таңбасы;
бір «БОС ОРЫН» позициясы және құрамында оннан асатын белгілерімен мәліметтері бар қосымша қызметтік ақпарат (қажет болған жағдайда);
бос орын белгісі;
жөнелтуші жеделхат жазған латын алфавитіне сәйкес келетін (орыс, латын) тіркелім хабарламаның басталу белгісінің алдында болуы тиіс;
хабарлама беру таңбасы жөнелтуші AFTN станциясы таңдаған және берген үш әріптен тұрады. Әдетте бірінші әріп жөнелтуші тарапты, екінші –қабылдайтын тарапты және үшінші арнаны білдіреді. Бір арнада бұл – А әріпі, егер арналар біреуден көп болса, онда келесі арналар – «Б, В .... В» хабарламаны беру таңбалауда орыс алфавитінің әріптері «Ч, Ш, Щ, Э, Ю», сондай-ақ мынадай үйлесімдер «ЗЦ» («ZC»), «ЖЖ» («VV») и «НН» («NN») қолданылуы керек. AFTN станцияларында байланыс арналарының бірдей таңбалануы болмауы тиіс;
AFTN станцияларында AFTN станциясынан басқа станцияға тікелей берілген барлық хабарламаларға үш саннан тұратын 001- ден 000-ге дейін (000 осы серияда мыңға сәйкес келеді) бірізді арналық реттік нөмір беріледі. Әр арнаға осы нөмірлерден бөлек серия беріледі (001-ден 000-ге дейін). Бірінші серия күн сайын 00.00 сағатта басталады;
қосымша AFTN станциялардың өзара келісу шартымен, олардың арасында төрт мәнді арналық реттік сандарды қолдану рұқсат етіледі;
хабарламаны беру таңбасы төмендегі тізбекті бірізділікпен жіберіледі:
«БОС ОРЫН» [];
жөнелтуші AFTN станциясы берген әріп;
қабыддаушы AFTN станциясы берген әріп;
арнаны белгілеу әріпі;
«САНДЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ []»;
Арналық реттік нөмір;
Хабарламаны беру таңбасынан кейін бірлен «БОС ОРЫН БЕЛГІСІ» беріледі;
Қосалқы AFTN станцияларының арасындағы өзара келісімі болған жағдайда, тарату таңбасынан кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты қосуға рұқсат етіледі (беруді бастау уақыты, РПТ қайталауының идентификаторы және с.с.). Мұндай қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы жүреді, одан кейін он белгіден көп емес болады. Қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы жүреді.
33. Мекенжайға кіреді:
шұғылдылық индексі;
мекенжай индексі (жолданушылардың);
түзету қызметі (қызметтері) [<≡].
Жөнелтуші немесе AFTN станциясыны берген шұғылдылық индексі тиісті екі әріптік топтан тұрады сұрату кезінде (орыс тіркелімінде – «СС», «ДД», «ФФ», «ГГ», «КК» латын тіркелімінде – «SS», «DD», «FF», «GG», «KK»).
Жөнелтуші индексі осы Технологияның 25 тармағының 1) тармақшасымен анықталатын өзіне сегіз әріпті кіргізетін жолданушылардың екінші немесе үшінші жолында бірінші индексі болған жағдайдан басқа, шұғылдылық индексінен кейін тікелей жүретін «БОС ОРЫН» позициясынан кейінгі индекс.
Жолданушылардың индекстері «БОС ОРЫНМЕН» бөлінеді.
Толық мекенжай орамдық (парақтық) аппаратпен басылған бір хабарламада мекенжайлық үш жолды алуы тиіс (жолда мекенжайлардың 7 индексі).
Егер қабылдайтын AFTN станциясы үш мекенжайлық жолды өңдей алмаса, онда қосалқы AFTN станциясы немесе хабарламаны жөнелту AFTN станциясы мұндай хабарламаларды олар берілгенге дейін бір мекенжайлық жолы бар екі немесе одан көп болып түрлендіреді.
Әр мекенжай жолдарының индекстерінен кейін теңестіру функциясы жүреді [<≡].
34. Дереккөзге төмендегілер кіреді:
Хабарламаны беру уақыты;
жөнелтушінің индексі;
шұғылдық белгісі (егер қажет болса);
міндетті емес мәліметтер жолы (егер қажет болса);
теңестіру функциясы [<≡];
1) хабарламаны желіге беру үшін күн мен уақытты (UTC) көрсететін «күн-уақыт» тобынан 6 саннан тұратын хабарламаны беру уақыты.
Хабарламаны беру уақытынан кейін «ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ» бір позициясы жүреді;
2) «БОС ОРЫН» позициясынан кейін жүретін жөнелтушінің индексіне осы Технологияның 25 тармағының 2) тармақшасы анықтаған сегіз әріп кіреді;
3) AFTN желісімен берілетін басқа желілерде жасалған хабарламаларда сыртқы желісі бар AFTN желі аралық интерфейсті және хабарламаларды ретрансляциялау үшін қолдануға келісілген жөнелтушінің қолданыстағы индексі пайдаланылады;
4) шұғылдылық белгілер тек апаттық хабарламаларда ғана қолданылады (шұғылдылық индексі «СС», «SS»). Мұны қолданған жағдайда ол төмендегі ретте орналасқан элементтерден тұрады:
«САНДЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ»;
№ 10 (сандық көрсеткіш) белгісінің «БЕС» позициясы;
«ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ».
«ITA-2» Халықаралық телеграфтық кодының №10 белгінің сандық көрсеткіші орыс көрсеткішті жабдықтың «Ю» әріп белгісіне және орыс көрсеткіші жоқ жабдықта «BEL» белгісіне сәйкес келеді.
5) қосалқы AFTN станциялары өзара келіскен жағдайда, белгілердің жалпы саны 69 аспайтын болса, дереккөз жолына қосымша мәліметтер қосуға рұқсат беріледі. Қосымша мәліметтер жолының қатысуы бір «БОС ОРЫН» белгісімен көрсетіледі және теңестіру қызметімен аяқталады;
6) қосалқы AFTN станциялары өзара келіскен жағдайда, осы Технологияның 25 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ережеге сәйкес дереккөз жолына қосымша мекенжай қосуға рұқсат етіледі;
7) дереккөз жолы теңестіру қызметімен аяқталады [<≡].
35. Мәтінге кіреді:
1) мәтінің бас жағында осы Технологияның 25 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мекеменің атауы көрсетілуі мүмкін;
2) мәтіннің әр баспа жолының аяғында, соңғы жолды қоспағанда теңестіру қызметімен беріледі;
3)мәтіннің әр жолының аяғында, мәтін соңының төмендегі белгісі беріледі:
бір «ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ БЕЛГІСІ []», «ТЕҢЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІ [<≡]»;
4) хабарламаның қалған бөлігін растау дұрыс болса, мұндай хабарлама мәтіннің соңғы тобының теңестіру қызметімен бөлінеді [<≡] және «CFM» («ЦФМ») (ағылшын тілінің confirmation қысқартылған түрі - растау) белгіленеді, «БОС ОРЫН», хабарламаның расталатын бөлігі;
5) телетайп тізбегімен беру кезінде, мәтінде қате анықталған болса, түзету мәтіннің немесе бар болса растаудың соңғы тобынан теңестіру қызметімен [<≡] бөлінеді. Одан кейін «COR» («ЦОР») (ағылшын тіліндегі correction сөздің қысқарған түрі - түзету), «БОС ОРЫН», мәтіннің түзетілген бөлігі;
6) AFTN станциялары мәтіндегі көрсетілген түзетулерді хабарламаны беруден бұрын жасайды.
Соңына төмендегілер кіреді:
1) «ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ [≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡]» 7 позициясынан тұратын орамды беру бірізділігі;
2) үздіксіз бірізділікпен төрт рет қайталанатын «Н» («N») әріптерінен тұратын (№ 14 әріптік белгі көрсеткіші) хабарлама соңының белгісі. Бұл компонент хабарламаны алғашқы беру сәтінен бастап ақырғы жеткізілуіне дейін өзгермеген түрде беріледі.
Бұдан басқа хабарлама трафигін AFTN ретрансляциялау станцияларымен беру жыртпалы таспа қондырғысын - «ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ» (№29 белгі) позициясынан 12 рет үздіксіз бірізділікпен берілетін хабарламаларды бөлу белгісінен тұрады.
Бір хабарлама белгісінің соңы мен келесі хабарлама белгісінің басының хабарламар трафигі «ӘРІПТІК КӨРСЕТКІШКЕ АУЫСТЫРУ» позициясынан басқа ешнәрсе кірмеуі керек.
Бұл хабарлама серия бөлігі болса және қабылдайтын орамдық (парақтық) телетайпта жұмыс істейтін оператор, хабарлама алдындағы басылған «НННН» («NNNN») белгіден кейін бірден қағазды қолмен бермесе, ол жерде келесі қабылданғанның тақырыбы болады.
Таратқыш AFTN станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзындығы 2100 белгіден аспауы тиіс. Белгілерді есептеу кезінде барлық баспа белгілер және («ZCZC» немесе «ЗЦЗЦ») белгісінен бастап («NNNN» немесе «НННН») хабарлама соңының белгісін қоса баспа емес белгілер де есепке алынады.
Хабарламалар жасау кезінде қателерді түзету:
Хабарламаның қандай да бір бөлігінде қате болған жағдайда, аяқталмаған хабарлама «<≡ЩТАЩТА <≡ (<≡QТАQТА<≡» бірізділігімен жойылады, осының артынан осы Технологияның 38 тармағына сәйкес толық аяқталу жүреді;
Хабарламаның мәтін бөлігінде қате болған жағдайда, түзету қатеден кейін «ЕЕЕ» тобын қосу жүргізіледі, содан кейін түзетілген сөз (немесе топ) қайта басылады, осыдан кейін хабарламаны беру жалғастырылады;
егер мәтіндегі қателер хабарламаны жасау үрдісінің аяғында анықталған болса, осы Технологияның 35 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген іс-әрекет орындалады;
Осы Технологияның 35 тармағының 5) тармақшасы және осы тармақтың 1), 2) тармақшалары әрекеті жыртпалы таспалы ретрансляторлық қондырғылардың жұмысына қатысты;
Егер хабарлама толық жіберілгеннен кейін жөнелтуші AFTN станциясы мәтін немесе дереккөз бұрмаланғанын анықтаған болса, ол барлық қызығушылығы бар жолданушыларға төмендегі мәтінде қызметтік хабарлама жібереді (егер AFTN станциясында осы хабарламаның бұрмаланбаған көшірмесі болса):
«СЖЦ ТҮЗЕТУ» (дұрыс емес хабарламаның дереккөзі);
«ТОҚТА» (бұдан кейін дұрыс мәтін жүреді).
Латын көрсеткішінде:
«SVC CORRECTION» (дұрыс емес хабарламаның көзі);
«STOP» (бұдан кейін дұрыс мәтін жүреді).
3 параграф. № 5 («IA-5») халықаралық код
38. № 5 («IA-5») халықаралық кодта берілген кейбір белгілердің функцияларын көрсету үшін, осы Технологияның 6 қосымшасына сәйкес төмендегі символдар қолданылады:
Символ Мәні
«<» КҮЙМЕШЕНІҢ ҚАЙТУЫ (0/13 белгісінің позициясы);
«=» ЖОЛДЫҢ АУЫСУЫ (0/10 белгісінің позициясы);
«» БОС ОРЫН (2/0 белгісінің позициясы);
«SO» ОРЫС (0/14 белгісінің позициясы);
«SI» ЛАТЫН (0/15 белгісінің позициясы);
«SOH» ТАҚЫРЫПТЫҢ БАСЫ (0/1 белгісінің позициясы);
«STX» МӘТІН БАСЫ (0/2 белгісінің позициясы);
«ETX» МӘТІН СОҢЫ (0/3 белгісінің позициясы);
«BEL» ШҰҒЫЛДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ (0/7 белгісінің позициясы);
«VT» БІР ПАРАҚҚА БЕРУ (0/11 белгісінің позициясы).
39. Тақырыпқа төмендегілер кіреді:
хабарламаның түрін бір мағынаға теңестіретін (ұлттық немесе халықаралық) түрі және 0/1 белгі тақырып басы («SOH»), «SO» немесе «SI» белгісі бар хабарлама басының белгісі;
арнаны және арналық реттік нөмірді белгілеу кіретін тарату белгісі;
бір позицияға оннан асатын белгілері бар «БОС ОРЫН» және мәліметтерді кіргізетін қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса).
Тарату және реттік нөмірлер беру бірізділігі осы Технологияның 32 тармағының 3)-5) тармақшаларына сәйкес анықталады.
Тарату белгісі арна бойынша төмендегі бірізділік бойынша жіберіледі:
«БОС ОРЫН [ ] белгісі»;
жөнелтуші AFTN станциясы берген әріп;
қабылдаушы AFTN станциясы берген әріп;
белгілеу әріпі;
арналық реттік нөмір.
Екі қосалқы AFTN станциялар арасындағы өзара келісім болған жағдайда, олар арасында міндетті емес қызметтік ақпаратты тарату белгілерінен кейін қосу рұқсат етіледі (уақыт, таратуды бастау уақыты және с.с.). Мұндай қосымша қызметтік ақпарат алдында «БОС ОРЫН» позициясы болады «ПРОБЕЛ», одан кейін оннан аспайтын белгілер жүреді.
Мекенжай осы Технологияның 33 тармағына сәйкес жасалады.
41. Дереккөзге төмендегілер кіреді:
хабарламаны беру уақыты;
жөнелтуші индексі;
шұғылдылық белгісі (қажет болса);
міндетті емес мәліметтер жолы;
теңестіру функциясы [<≡];
мәтін басындағы белгі («STX» 0/2 белгі).
Хабарлама беру уақытына 6 саннан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді, хабарлама тарату күні мен уақытын көрсетеді (UTC).
Жөнелтуші индексі осы Технологияның 25 тармағының 2) тармақшасына сәйкес.
Шұғылдылық белгісі тек апат туралы хабарламаларда қолданылады(шұғылдық индексі «СС», «SS»). Оны қолданған жағдайда ол бірінен кейін бірі жүретін бес белгіден «BEL (0/7)» тұрады.
Осы Технологияның 34 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес міндетті емес мәліметтер жолы.
Дереккөз жолы теңестіру функциясымен [<≡] аяқталады және мәтін бас белгісімен («STX» (0/2).
Хабарлама мәтіні «STX» мен «ETX» арасында орналасқан барлық мәліметтерден тұрады.
Соңына төмендегілер кіреді:
мәтіннің соңғы жолынан кейін жүретін теңестіру функциясы [<≡];
парақты ауыстыру белгісі - 0/11 «VT» белгі;
мәтінді аяқтау белгісі - 0/3 «ETX» белгі.
Таратушы AFTN станциясынан келіп түсетін хабарлама ұзындығы 2100 белгіден аспауы тиіс. Белгілерді есептеу кезінде барлық баспа белгілер және «SOH» басынан бастап оны қосып және мәтін соңына дейін «ETX» оны қоса баспа мәні жоқ белгілерді де ескеру керек.
4 параграф. AFTN арналарындағы бақылау рәсімдері
Беру және қабылдау желіні тексеру және жөндеу мақсатында AFTN арналары бойынша таратылатын бақылау хабарламар төмендегі элементтерден құралуы керек:
Хабарлама басының белгісі;
«QJH» үрдісінің белгісі;
жөнелту көрсеткіштері;
«ITA-2» немесе «U(5/5)» кодында «R» және «Y» және «IA-5» кодында «*(2/10)» белгілерінің толық үш жолы (69 белгі) орамдық (парақтық) аппаратпен бірізділікпен басылған;
хабарламаның соңы туралы белгі.
Бақылау хабарламаларының нышанында мыналар бар:
«ITA-2» кодында:
«ZCZCQJH<≡»;
«UAAAYFYX<≡»;
«RYRY……………….RY<≡»;
«RYRY……………….RY<≡»;
«RYRY……………….RY<≡»;
«NNNN»;
«IA-5» кодында:
«(SI)(SOH)QJH<≡»;
«UAAAYFYX<≡»;
«U*U*……………….U*<≡»;
«U*U*……………….U*<≡»;
«U*U*……………….U*<≡»;
«(VT)(ETX)».
Бақылау хабарламалырын жіберу кезінде AFTN жіберу стансасы жіберудің реттік нөмірлерін ұлғайтпайды, ал қабылдаушы AFTN стансасы қабылдау бойынша реттік нөмірлерді ұлғайтпайды.
5 - параграф. Бақылаушы арналық жіберулер
Арна жай-күйін үздіксіз бақылау қамтамасыз етілмеген және/немесе
аралас AFTN стансаларының сәйкес келетін келісімдері болмаған жағдайда, тізбек бойымен бақылаушы арналық жіберулер дүркін-дүркін жүргізіледі.
AFTN стансалары бақылаушы арналық жіберулердің орыс, сондай-ақ латын регистрінде өндірілуі мен танылауын қамтамасыз етеді. Бақылаушы арналық жіберулер регистрі AFTN аралас стансаларының келісімімен анықталады.
Бақылаушы арналық жіберулерге келесі компонеттер кіреді:
1) «ITA-2» кодында:
атауы (осы Технологияның 32-тармағына сәйкес);
тегістеу атқарылымы [<≡];
үдерістік белгі «ЦХ» («СН»);
хабарлама соңы туралы белгі «НННН» («NNNN»);
хабарламаларды бөлу туралы белгі - № 29 12 белгі (қажет етілсе).
Егер AFTN стансаларына арасында келісімдер болса, «ЦХ» («СН») үдерістік беліглерде кейін [<≡] тегістеу атқарымына дейін «ЛР» («LR») үдерістік белгісі болуы мүмкін, бұдан кейін соңғы қабылданған хабарламалардың жіберілу шартты белгісі мен реттік нөмірі болады;
2) «IA-5» кодында:
Атау жолы (осы Технологияның 39-тармағына сәйкес);
Мәтіннің басталуының белгісі «STX»;
үдерістік белгі «ЦХ» («СН»);
тегістеу атқарылымы [<≡];
мәтіннің аяқталуының белгісі «ETX».
егер AFTN аралас стансаларының келісімі болса, онда:
«ЦХ» («СН») үдерістік белгі мен [<≡] тегістеу атқарылымы арасында «ЛР» («LR») үдерістік белгісі болуы мүмкін, бұдан кейін соңғы қабылданған хабарламалардың жіберілу шартты белгісі мен реттік нөмірі болады;
«IA-5» кодында [<≡] тегістеу атқарылымы мен «ETX» мәтіннің аяқталуының белгісі арасында парақты аудару белгісі, 0/11 («VT») белгісі болуы мүмкін.
AFTN аралас стансаларының келісіміне тәуелсіз осы тармақтың 1( және 2) тармақшаларында көрсетілген міндетті емес мәліметтердің болуы бақылаушы арналық жіберулерді қабылдаудан бас тартуға негіз болмауы керек.
3) бақылаушы арналық жіберулер нышаны:
«ITA-2» кодында:
«ЗЦЗЦБАА163<≡»;
«ЦХ[ЛРАБА120]*<≡»;
«НННН[]»;
«IA-5» кодында:
«(SO)(SOH)БАА163<≡»;
«(STX) ЦХ<≡»;
[VT]*;
(«ETX»);
* - [ ] міндетті емес мәліметтер.
AFTN қабылдаушы стансалары кіретін жіберулердің шартты белгісін осы кіріс арнасы арқылы алынған барлық хабарламалардың дұрыс бірізіділігіне күмәнданбау үшін тексеруі керек, ал қабылданған арналық жіберуде «ЛР» үдерістік белгісі болған жағждайда – шығыс арнасы арқылы жіберілген барлық хабарламалардың дұрыс бірізділігін тексеру қажет.
Егер арна бос болса, осы Технологияның 47-тармағында көрсетілген жіберу әр сағаттың 00, 20 және 40 минуты сайын жүзеге асырылуы керек (бақылау уақытынан + 2 минут ауытқушылықтар рұқсат етіледі).
Осы Технологияның 47-тармағында көрсетілген жіберу бақылау уақытында арнаға хабарлама жіберілген кезде жүзеге аспауы мүмкін.
Осы Технологияның 47-тармағында көрсетілген жіберу немесе хабарлама осы Технологияның 48-тармағында көрсетілген уақыт шегінде алынбаған жағдайда, AFTN стансасы жіберу күтіліп отырған AFTN стансасына қызметтік хабарлама жолдайды. Бұл қызметтік хабарлама мәтініне мыналар кіреді:
қысқарту «СЖЦ» («SVC»);
үдерістік белгі «МИС» («MIS»);
үдерістік белгі «ЦХ» («CH»);
егер қабылдау күтілген уақытта AFTN аралас стансаларыныңкелісім болған болса;
үдерістік белгі «ЛР» («LR»);
жіберудің шартты белгісі және соңғы қабылданған хабарламаның реттік нөмірі;
мәтін соңының белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |